Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2012 в 14:38, реферат
Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялык. ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды. Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай.
1. Курстық жұмыстың тапсырмасы .......................................................................3
2. Курстық жұмыстың орындау графигі............................................................... 4
3. Кіріспе..................................................................................................................... 5
3.1 Паскаль программалау тілі.................................................................................. 5
3.2 Паскаль тілінің негізгі элементтері.................................................................... 6
3.3 Мәлімет типтері.................................................................................................... 8 3.4 Паскаль тілінде программа дайындау жолдары..............................................10
3.4.1 Программа құрылымы.....................................................................................10
4. Turbo Pascal - дағы енгізу және шығару операторлары .................................12
4.1 Сандық мәліметтерді енгізу операторы ..........................................................12
4.2 Символдық мәліметтерді енгізу операторы..................................................... 16
4.3 Мәліметтерді шығару операторы .....................................................................22
5. Блок схема құрылымы......................................................................................... 25
6. Программаның түсінігі.........................................................................................27
6.1 Алгоритмнің түсінігі...................................................................................27
7. Қолдану ережесі....................................................................................................28
8. Программа.............................................................................................................29
9. Программаның нәтижесі..................................................................................... 33
10. Қорытынды .........................................................................................................34
11. Қолданылған әдебиеттер................................................................................... 35
3.5 Паскаль
тіліндегі программа дайындау
жолдары.
3.5.1 Программа
құрылымы.
Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы - мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі.- сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс - әрекеттерді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.
Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімінің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып саналады. Ал блок ішіндегі блок - жергілікті (локальді) блок деп аталады.
Негізгі блок - негізгі программа блогы, сондықтан ол басқа блоктарға кірмеуі тиіс. Жергілікті блоктарға процедуралар мен функциялар кіреді, олар кейбір программаларда болмауы да мүмкін.
Программалардың негізг объектілері болып саналатын айнымалы, тұрақты және oлapдың типтері орналасқан блогына байланысты басты немесе жергілікті деп аталады. Программа объектілерінің де жұмыс істеу, ықпал ету аймағы сол өздері орналасқан блокпен шектеледі. Блоктық құрылым программа мәтінін тиянақты түрде қатесіз құрастыруға мүмкіндік береді.
Турбо Паскаль программасының тақырыбын (атауын) жазбай кетуге де болады, бірақ жалпы Паскаль тілінің стандарты бойынша программада тақырып болуы қажет.
Сонымен Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек.Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
тізімі (ол uses түйінді сөзімен басталады);
2) Белгілерді (lаbеl) сипаттау;
3) Тұрақтыларды (const) сипаттау;
4) Мәліметтер типтерін (true) анықтау;
5) Айнымалыларды (var) сипатгау;
6) Процедураларды (procedure) сипатгау;
7)
Функцияларды (function)
сипатгау;
4. Turbo Pascal-
дағы енгізу және шығару
4.1 Сандық
мәліметтерді енгізу операторы.
Берілген мәндерді айнымалыға беру ушін меншіктеу операторы пайдалануға болады. Мысалы, А:= -15; ВЕС:=16,4; тағы басқалар. Бірақ бұл жағдайда программада жалпылық қасиет болмайды, яғни ол тек көрсетілген мәндер үшін ғана есептеу жұмысын жүргізіп, қалған кез - келген мәндер үшін дұрыс нәтиже бермейді. Программаны дұрыс әрі әмбебап етіп жасay үшін айнымалылардың мәндері өзгерілетін түрде жасалып oлap пернетақтадан енгізілуі қажет, мұндайда программа айнымалының әр түрлі мәндері үшін дұрыс жұмыс атқара алады.
Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу және шығару үшін, яғни адам мен компьютер арасында мәлімет алмасу мақсатында алдын ала анықталған Input, Output файлдары қолданылады. Программа берілген мәндерді Input файлынан алады да, алынған нәтижені Output файлына орналастырады. Стандартты енгізу файлы болып пернетақта, ал шығару файлы болып дисплей экраны саналады. Ол үшін енгізу операторы пайдаланылады.
Паскаль тілінде мәлімет енгізетін READ ( READ - ағылшынша оқy )
операторының
жалпы турі (пішімі) төмендегідей:
READ (а1, а2 ... ап);
READLN (а1, а2, ... , ап);
READLN;
Мұндағы а1, а2, ..., аn - айнымалы атаулары, оларды енгізу операторының параметрлері деп те атайды. Алғашқы оператор көрсетілген айнымалылардың мәндері пернелер арқылы араларына бір бос орын қалдыру арқылы енгізілген соң, курсорды келесі қатарға көшірмейді. Ал readln ( read lіnе - «қатарды оқу» деген сөздің қысқартылуы) алдыңғы оператордағыдай пернетақтадан мәндер енгізілгеннен кейін курсорды келесі қатарға көшіріп жібереді. Соңғы қатарда жазылған параметрсіз оператор ешбір мән енгізбей, тек курсорды келесі қатарға көшіруді ғана атқарады.
Енгізілетін
айнымалылардың мәндері integer,
reаl, char немесе stгіпg (сөз тіркесі)
типтеріне жатуы мүмкін. Логикалық айнымалылардын
мәндері өз типтеріне сәйкес Паскаль тілінің
ережесі бойынша енгізіледі. Егер ол шарт
бұзылса (мысалы, а1
типі integer болса, ал енгізгенде сhаг
типтес мән терілсе), онда экранға енгізу-шығару
қатесі шығады, оның пішімі мынадай болып
келеді:
І/О error
ХХ,
мұндағы
ХХ - бүтін сан түріндегі қaтенің сипатына
сәйкес коды.
READ
операторы орындалtанда
Мысал.
var
І: real;
J: integer;
К: cҺar;
begin
Read (І, J, К);
...
Программаға мынадай бастапқы мәндер енгізіледі 212.5 38 ‘п’. Осыдан кейінгі келесі мәндер енгізілсін: 'л' 121.35 25.
Алғашқы нұсқасында мәлімет енгізу дұрыс орындалады, өйткені енгізілетін мәндер өз ретімен орналасқан айнымалылар типтеріне (І, J. К) сәйкес келіп тұр. Екінші нұсқа коды 10 болып келетін қате бар екенін айтады, себебі real типтес 1 айнымалысы үшін char типіндегі мән енгізіліп отыр.
Егер
енгізу пернетақта арқылы емес, дискіден
немесе файлдан жүзеге асырылса, онда
жақша ішіне алдымен файл аты жазылады.
READ (FN, аl, а2 ... ап);
READLN (FN, аl, а2, ... , ап);
READLN
(FN);
Мұндағы FN - енігізілетін мәндер жазылған дискідегі файлдың аты; а1- айнымалылар идентификаторлары, файлдарда да мәндер бір қатардан немесе келесі қатардан оқыла береді, сол себепті мұнда да жоғарыда көрсетілген операторлардың үш түрі қолданылады. Файлдағы мәліметтер де бір-бірінен «бос орын» немесе «енгізу» пернесін басу арқылы бөлінуі тиіс, яғни файлға енгізілгеннен кейін «_», ал енгізу соңында «Enter» пернесі басылады.
Файлдардан мәлімет енгізу мысалдары кейінірек қарастырылады.
READ операторы кез келген сандармен, символдармен және сөз тіркестерімен жұмыс атқара алады.
Сонымен, параметрлердің сандық мәндері бір - бірінен бос орын арқылы
ажыратылып жазылады. Мәндерді беріп болдық дегенді білдіру үшін Enter (енгізу) пернесі басылады. Мысалы, енгізу операторы READ (А,В,С); түрінде берілсе, парметрлерге мәндер былай беріледі: 5 _ 6.2 _ 4.5 Enter. Бұл жағдайда
А=5, В=6.2, С=4.5 мәндер қабылдайды. Осы мәндер арқылы программа орындалып болған соң, басқа мәндер үшін программаны қайталау қажет болса, онда программа басынан бастап қайта орындау қажет.
Бүтін айнымалыларға бүтін, нақты айнымалыларға нақты мәндер берілуі қажет.
Айнымалы сипатталғанда нақты ретінде көрсетілсе, оған нақты да, бүтін де мән беруге болады, себебі нақты сан құрамына бүтін сан енеді. Ал машина «өзі» бүтін санды нақты сан түріне келтіріп алады.
Мысалы:
VAR
А, В: REAL;
BEGIN
READ (А, В);
...
END.
түрінде беріліп А,В айнымалылары үшін 4 5 Enter орындалса, онда машина оларды А= 4.0, В=5.0 түрінде қабылдайды.
Сандар арасында бір немесе бірнеше бос орын қалдыруға болады, себебі сан енгізілгенде бос орын есепке алынбайды.
Мәндерді
енгізгенде мән енгізілген жолдан келесі
жаңа жолға өту үшін параметрсіз немесе
параметрге сәйкес READLN; READLN (аl, а2, ... ,аn);
операторларын пайдалану қажет. Сонымен,
READ (аl, а2,...,an); READLN; операторларының орнына
бір ғана READLN (аl, а2,...,an) операторын пайдалануға
болады.
4.2 Символдық
мәліметтерді енгізу операторы.
Символдық деректерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы
арқылы жүргізіледі, оларды енгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар.
1. Бос орын таңбасы - '_' Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен,
символдық айнымалылардың мәндері (символдар) бос орынсыз жазылады.
2.
Бір айнымалыға бір ғана
программа үзіндісін қарастырайық:
......................
VAR А, В, С: CHAR;
.......................
READ (А, В, С);
.......................
Бұл мысалдағы
READ операторы орындаларда
3.
Символдық айнымалыларды
пернесі басылса да, оны READ операторы бос орын символы ретіндe қабылдайды. Мысалы, айнымалыларға: А=3, В=4, C='W', D='F' ,мәндерін меншіктеп, оны экранға шығару қажет болса, онда оған мынадай программа жазу керек:
VARA, В: INTEGER;
С, D: CНAR;
BEGIN
WRlTELN (' А, В, С, D мәндерін енгізіндер :');
READ (А, В);
READ (С, D);
WRlTELN (А, В, С, D);
END.
Бұл программа орындалу кезінде пернетақтадан мынадай мәндер енгізілген болса:
3 4
WF
онда
А = 3, В = 4, С=' "
D = 'W' болады, себебі 4 санынан соң басылған
Enter пернесі бос символ ретінде меншіктеледі
де, соңғы F символы ешқайда енгізілмейді.
Программадағы айнымалылар мәнді дұрыс
қабылдауы үшін екі оператордың арасына
параметрсіз және бір енгізу операторын
мына түрде жазу қажет:
READ (А, В);
READLN;
READ
(С, D);
Осылай
жазылған уш оператор А = 3, В = 4, С = ' W "
D = 'Р' мәндерін дұрыс меншіктеуді қамтамасыз
етеді. Символдарды енгізу операторының
алдына міндетті турде READLN операторын
қою қажет. Егер жоғарыдағы программа
үзіндісін десимволдарды енгізу операторын
(READ (С. D);) 1- орынға шығарсақ та, оның
алдына READLN операторын қою қажет, яғни
айтылған ерекшелікке байланысты жоғарыдағы
жолдарды былай да жазуға болады: