Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:02, лекция
Жүйелік блок. Компьютер өте маңызды бөлімімен келеді , дәл осылай жүйелік блокта құрылғылар орналасады, және олсыз ЭВМ жұмыс жасамайды . Жүйелік блок дене үлгісі арнайы компьютер түріне тәуелді болады, жүйелік блокта қондырғыны орналастыру және қондырылған компоненттерінің санын анықтайды . Столға қоятын арнайы компьютерлердің ең көп таралған түрі столға қоятын ( desktop ) немесе мұнара түрінде ( tower ) келеді. Жүйелік блок ішінде келесі міндетті компоненттер орналасқан , компьютер жұмыс қамтамасыз етуші: жүйелік плата ; микропроцессор ; компьютер жады ; жүйелік шина ; электрондық схемалардың терімі ; электр коректену одағы ; индикация панелі ; порттар және кеңейту слотысы ; кеңейту платалары ; сыртқы жад.
Қолдану аймақтарының ерекшеліктері
Көптапсырмалы ОЖ оларды өндіруде қолданылған эффективтілік критерияларына сәйкес үш түрге бөлінеді:
Пакеттік өңдеу жүйелері нәтижелерінің тез шығуын талап етпейтін, негізінен есептеуге арналған тапсырмаларды орындауға арналған. Пакеттік өңдеу жүйелерінің басты мақсаты және эффективтілік критерийі –оның максималды өткізу қасиеті, яғни максимал санды тапсырманы бірлік уақыт ішінде шығару қасиеті. Пакеттік өңдеу жүйелерінде бұл мақсатқа жету үшін фнкцияланудың келесі сызбасы қолданылады: жұмыстың басында тапсырмалар пакеті құрылады, әр тапсырманың жүйелік ресурстарға талабы бар; осы тапсырмалар пакетінен мультибағдарламалық қосылыс жасалады, яғни бір уақытта орындалатын көптеген тапсырмалар. Бір уақытта орындалу үшін ресурстарға айрықша талаптары бар тапсырмалар таңдап алынады. Осылайша, тапсырмалар пакетінен жаңа тапсырма таңдап алу жүйеде орныққан ішкі оқиғаға тәуелді. Бұдан шығатыны, мұндай ОЖ-де тапсырманың белгілі уақыт аралығында орындалуына кепіл беру мүмкін емес. Пакеттік өңдеу жүйелерінде бір тапсырманы орындаудан басқасын орындауға ауысу тек тапсырманың өзі процессордан бас тарса ғана орындалады, мысалы, енгізу-шығару операциясын орындаудың қажеттілігі кезінде. Сондықтан бір тапсырма процессорды көп уақытқа ұстап тұруы мүмкін, бұл жағдай интерактивті тапсырмаларының орындалуына мүмкіндік бермейді.Тұтынушының пакеттік өңдеу жүйесі орнатылған есептеу машинасымен қарым-қатынасы мынадай түрде: тұтынушы тапсырманы әкеледі, оны диспетчер-операторға береді, ал күн аяғында нәтижесін алады. Мұндай тәртіп тұтынушы еңбегінің өнімділігін кемітетіні көрініп тұр.
Уақытты бөлу жүйелері пакеттік өңдеу жүйелерінің негізгі кемшілігі –тұтынушы-программисттің тапсырмаларды орындаудан аластатылуын жоюға арналған. Уақытты бөлу жүйесінің әр тұтынушысына терминал табысталады, сол арқылы ол өз бағдарламасымен диалог жүргізуіне болады. Уақытты бөлу жүйелерінде әр тапсырмаға тек квант процессорлық уақыт берілетіндектен, ешқандай тапсырма процессорды көп уақыт пайдаланбайды, және жауап уақыты да ыңғайлы. Егер квант аса үлкен емес болып таңдалса,бір машинада бір уақытта жұмыс істеп отырған тұтынушыларға олардың әрқайсысы машинаны бөлек пайдаланып отырғандай болып көрінеді. Уақытты бөлу жүйелерінде өткізу қасиеті азырақ, себебі орындауға тұтынушы жіберген әр тапсырма қабылданады, және процессордың тапсырмадан тапсырмаға жиі ауысуына көп шығындалады. Уақытты бөлу жүйелерінің эффективтілік критерийі –максималды өткізу қасиеті емес,тұтынушы жұмысының ыңғайлылығы мен нәтижелігі болып табылады.
Шынайы уақыт жүйелері станок, спутник сияқты техникалық объектілерді немесе гальваникалық сызық, доменды процесс сияқты техникалық процесстерді басқару үшін қолданылады. Осы жағдайлардың бәрінде шектеулі уақыт беріледі, осы уақыт аралығында объекіні басқаратын бағдарлама орындалуы тиіс, олай болмаған жағдайда авария болуы мүмкін: спутник көріну зонасынан шығып кетеді, датчиктардан келетін тәжірибелік ақпараттар жоғалады, гальваникалық жамылғының қалыңдығы дұрыс болмайды. Осылайша, шынайы уақыт жүйелерінң эффективтілік критерийі – бағдарламаны қосу мен нәтижені алу арасындағы алдын-ала тағайындалаған уақыт интервалдарына төзу . Бұл уақыт жүйенің әсер уақыты деп талады, ал сәйкес қасиет –әсер етушілік.
Кейбір операциондық жүйелер қасиеті жағынан әр түрлі типті ОЖ болуы мүмкін. Тапсырма жартысы пакеттік өңдеу режимінде орындалса, жартысы реалды уақыт немесе уақыт бөлу режимінде орындалуы мүмкін. Осындай жағдайда пакеттік өңдеу режимін фондық режим деп атайды.
Құрастыру тәсілдерінің ерекшеліктері.
Базалық концепцияларға жатады:
VI-тарау
Интернет ғаламторы.
Интернет тарихы және қайнар көзі. Интернеттің теориялық негіздері. Интернет қызметтері.
Компьютерлік желілерді құрастыру негіздеріне құрылғыларды электрикалық және механикалық сипаттамалары бойынша сәйкестеуді қалыптастыру және ақпараттық қаматамасыздандыруды кодтау жүйесі мен деректер форматы бойынша үйлестіру жатады. Бұл есепті шешу стандарттаудың OSI деп аталатын моделіне жүктелген (Ашық жүйелер әрекеттесуінің моделі). Бұл модель ISO - стандарттаудың халықаралық институтының техникалық ұсыныстары негізінде құрылған.
ISO/OSI моделі бойынша компьютерлік желілер архитектурасын жеті деңгейде қарастыруға болады. Ең жоғарғы деңгей – қолданбалы. Бұл деңгейде пайдаланушы есептеу жүйесімен әрекеттестікте болады. Ең төменгі деңгей – физикалық. Ол құрылғылар арасында сигнал алмасуды қамтамасыз етеді. Байланыс жүйелерінде деректер алмасу жоғары деңгейден төменге қарай жүргізіледі, содан соң тасымалдау, ақырында клиент компьютерінде төменгі деңгейден жоғарыға ауысу нәтижесінде қайтадан қалпына келтіріледі. Жеті деңгейдің әрқайсысында қажет сәйкестікті орнату үшін хаттама деп аталатын арнайы стандарттар қолданылады. Олар екі түрге бөлінеді:
Қолданылатын хаттамаларға сәйкес компьютерлік желілер бөлінеді:
Локальды желідегі компьютерлер барлық қатысушылар үшін хаттамалардың бірыңғай комплектісін пайдаланады. Локальдық желілер бір ғимараттың, этаждың, ықшам орналасқан ғимараттар топтарының компьютерлерін қоса алады. Глобальды желілердің географиялық өлшемдері үлкен болады. Олар жеке компьютерлерді де, сол сияқты жеке локальды желілерді де, оның ішінде әртүрлі хаттамаларды пайдаланушыларын да қоса алады.
Компьютерлік желілердің барлық түрлері келесі екі функцияны орындауы тиіс:
Егер желіде қатысушылар үшін бірігіп қолдануға бөлінген арнайы компьютер болса, онда ол файлдық сервер деп аталады. Бөлінген сервері жоқ компьютерлік желілер біррангілік деп аталады. Локальды компьютерлік желіде қатысушылар жұмысын ұйымдастыруды басқаратын адам жүйелік администратор деп аталады.
Әртүрлі хаттамалармен жұмыс істейтін бірнеше локальды желілерді байланыстыру үшін шлюздер деп аталатын арнайы құралдар қолданылады. Шлюздер аппараттық және программдық болуы мүмкін. Желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін локальдық және глобальдық желіліер арасында брандмауэрлар қондырылады. Брандмауэр ретінде, желілер арасында деректердің санкцияланбаған қозғалысына қарсы тұратын, арнайы компьютер не компьютерлік программа болуы мүмкін.
Интернет.Негізгі түсініктер. Интернеттің теориялық негіздері.
Ұлттық масштабтағы бірінші желі ARPANET АҚШ-тың қорғаныс министрлігінде 1969 ж. құрылды. Бұл желі бірнеше ірі ғылыми, зерттеу және оқу орталықтарын байланыстырды. Интернет 1983 ж. пайда болды. Бұл дата TCP/IP – хаттамасының стандартталу күніне сәйкестелді. TCP/IP – бұл желілік бір хаттама емес, әр деңгейде жатқан екі хаттама. TCP хаттамасы – транспорттық деңгейдегі хаттама. IP хаттамасы – адрестік, ол желілік деңгейде болады және хабар қайда баратынын көрсетеді.
TCP хаттамасына сәйкес, жіберілетін деректер кішігірім пакеттерге «бөлінеді», содан соң әр пакет таңбаланады(маркирленеді). Әр пакет ішінде алушының компьютерінде құжатты дұрыс жинақтауға қажет деректер болуы тиіс.
IP хаттамасы – бұл Дүниежүзілік желіде қатысушының бірегей адресі. Ол төрт байтпен беріледі, мысалы 195.38.46.11. Желідегі қандай компьютерлер бір-біріне «жақын» немесе «алыс» орналасқанын шешетін арнайы құралдар - маршрутизаторлар деп аталады. Маршрутизаторлар ролін арнайы мамандандырылған компьютерлер немесе желідегі серверде жұмыс істейтін арнайы программалар атқарады.
Microsoft Internet Explorer және онымен жұмыс жасау
Интернет – ол бүкіл әлем бойында
миллиондаған компьютерлерді қосатын
сансыз көп компьютерлік желі. Интернетте
жұмыс істеу үшін аса маңызды деректер
қорына жетуге арналған желіге қосу құралы
– браузер бағдарламалары қолданылады.
Бірнеше браузер-бағдарламалары бар (Netscape
Communicator, Mozilla, Firefox, Opera), бірақ қазіргі кезде
аса танымалы Internet Explorer бағдарламасы
болып табылады.
Шолушы панелі деген не?
Internet Explorer бағдарламасының басты
мәзірінің төменгі жағында
Батырма – рус./engl. |
Сипаттамасы |
Назад/Back |
Алдыңғы Web-параққа ауысу |
Вперед/Forward |
Келесі Web-параққа ауысу |
Остановить/Stop |
Web-парақтың жүктелуін тоқтату |
Обновить/Refresh |
Ағымдағы Web-парақты жаңарту (ағымдағы парақты қайтадан жүктеу) |
Домой/Home |
Басты параққа көшу |
Поиск/Search |
Іздеуге болатын құралдар тізімінен тұратын Web-парақты ашу |
Избранное/Favorites |
Таңдаулы Web-парақтар тізімін шығару |
Журнал/ History |
Кейіннен қарастырылған Web- |
Почта/Mail |
Outlook Express немесе Internet News бағдарламасын іске қосу |
Печать/Print |
Ағымдағы Web-парақты басып шығару |
Адрестік жол деген не?
Адрестік жол Web-парақ адресін енгізу
және шығару үшін қолданылады. Адрестік
жолдың көмегімен Сіз жай ғана find, go, немесе
? командаларын және Сіз іздеп отырған
сөзді теріп, web-түйінді іздей аласыз.
Адрестік жол
Сонымен, Интернеттің қандай-да бір парағына көшу үшін адрестік жолда оның адресін (доменді) енгізіп, ENTER пернесін басу керек. Біраз уақыттан кейін бұл парақ Интернет шолушысының жұмыс өрісіне шығады. Интернет сайттардың барлық адрестері тек латын әріптерімен және кіші әріптермен теріледі.
Домен деген не?
Домен (ағылш. тілінен domain - область, территория) – ол Интернеттегі сайттың символдық (мәтіндік) адресінің құрамдас бөлігі.
Домендер әр түрлі деңгейлерден тұрады: бірінші деңгей (оны «зона» деп те атайды; мысалы ru, com, org), екінші деңгей (yandex.ru), үшінші деңгей (hosting.rbc.ru) және т. б.
Internet’тік адрестегі оң
.com – бұл доменнің аса кең тараған түрі. Негізінен коммерциялық құрылымдармен қолданылады.
.edu – университеттер қолданады.
.net - әр түрлі компьютерлік желілерге қатысты.
.org – негізінен коммерциялық емес ұйымдар қолданады.
.gov – үкіметтік мекемелер қолданады.
.mil - әскери мекемелер қолданады.
.ru, uk, .kz және т. с. с. – географиялық жерін анықтайды.
.firm, .shop, .web, .arts, .rec, .info, .nom – бекіту сатысында тұрған және әзірше кіруге рұқсат жоқ, бірақ кейбір компаниялар доменді осы кеңейтілудің біреуімен кейінге сақтап қалуды ұсынады.
Интернетте ақпараттар іздеу және іздеуші жүйелер.
Интернетте ақпаратты іздеу үшін іздеуші машиналарды қолданады. «Google Казахстан» іздеуші машинасының мысалында, ақпаратты іздеу барысында кездесетін қажетті бірнеше кеңестерді қарап шығайық:
Адрестік жолда іздеуші машина адресін көрсету керек (мысалы www.google.kz). Іздеу жолында Сіз өзіңіздің сұранысыңызды енгізесіз.
Егер жүйе іздеу аймағын тізбектей анықтауға мүмкіндік берсе, онда Сіз ақпаратты іздеу шекарасын анықтайтын бөлімдерге өтесіз (мысалы, Картинки бөлімінде графиктік объектілерді іздеу немесе ақпаратты тек Қазақстан бойынша іздеу). Осылайша, Сіз алдымен іздеу жүргізілетін шекараны анықтап аласыз, содан кейін Поск в Google батырмасын басып, ақпаратты іздеу туралы сұранысты жібересіз.
Егер табылған нәтижелер (сілтемелер) көп болса және олар бір параққа сыймайтындай болса, онда Сіз бірінші парақты қарап шыққаннан кейін, параққа көшу батырмасымен келесі парақтарға көше аласыз.
Егер сілтемелер саны аса үлкен
болса және сұраныс параметрі
бойынша Сізді