Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 16:17, реферат
Жапонияның сурет өнері бірнеше ғасырлар бойы дамыды. Сол уақытта қазіргі заманның сурет өнерінің алтын қорына енген шығармалар дүниеге келді. Бұл суреттерде жапон халқының өмірі, олардың шаруашылығы мен табиғаты, наным-сенімдері, қоршаған дүниесі бейнеленді.
Жапонияның сурет өнері бірнеше ғасырлар бойы дамыды. Сол уақытта қазіргі заманның сурет өнерінің алтын қорына енген шығармалар дүниеге келді. Бұл суреттерде жапон халқының өмірі, олардың шаруашылығы мен табиғаты, наным-сенімдері, қоршаған дүниесі бейнеленді.
Әр халықтың тарихын, сол елдің географиялық орналасуы, табиғи және климаттық жағдайларға байланысты да болатыны белгілі. Жапонияның аралдарда орналасуы өзіндік бөлек ерекшеліктері бар мәдениеттің дүниеге келуіне әсер етті. Жапонияның сурет өнерінің дамуына Дзэн буддалық сектасы ерекше әсерін тигізген еді, бұл ілім 12-13 ғасырларда кеңінен таралған еді.
Жапон өнері өзінің көне заманнан 19 ғасырға дейінгі дамуында қоғамдық қатынастардың эволюциясымен байланысты, көптеген маңызды сатылардан өткен еді. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы мен алғашқы мемлекеттің пайда болуымен байланысты феодализмнің ұзақ кезеңі басталды, оның өзін бірнеше сатыға бөлінеді. Ерте орта ғасыр Камакура заманымен (12 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың басы) сәйкес келеді, орта ғасыр 14-17 ғасырларға, Муромати мен Момояма замандарына келеді. Және кейінгі орта ғасыр 17-19 ғасырдағы Эдо немесе Токугава заманымен белгіленеді.
Осы замандардың әрқайсысында шығармашылықтың әр қилы түрлері мен жанрлары белгіленеді. Наро ерте дәуірінде (7-8 ғасыр) буддалық монастырьлердің сәулетшілік-мүсіндік ансамбльдері, 12 ғасырда (Хэйан заманы) діни ескерткіштер мен қолөнердің дамуы, 13 ғасырда өзіндік мүсіндік және көркем портрет, 14-16 ғасырларда ландшафтты сәулет туындылары, әйгілі жапон бақтары, сарайлардың қабырғаларындағы жазулар болған. Мәдениеттің дамуы қалалардың өсуіне септігін тигізді, оның ішінде Кабуки театрының қойылымдары, хайку атты өлеңдер жинақтары ерекше көзге түседі.
Жапон әдебиетінің ерекшелігі оның әртүрлілігінде, өйткені Жапония әр түрлі діндердің әсерінен туындады, оның ішінде синтоизм (құдайлар жолы), буддизм, даосизм және конфуций ілімі де жапон мәдениетінде өз көрінісін тапты.
«Хайку» жанры: жалпы түсінігі, жанрдың дамуы
Жапония әдебиетінің классикалық үлгісі тұрмыстық өмірге байланысты болды. Әдебиет жапон қоғамында үлкен рөл атқарды. Танымал жанрлардың бірі «хокку, хайку және хайкай» 17 ғасырдан бастау алады. Ол алғаш Хэйан заманында дүниеге келген және оларды тек қана халықтың өмір сүру тарихын оқып қана түсінуге болады. «Хайнай» рэнга стиліне ұқсас болады, 16 ғасырда өз алдына бөлек қалжың аралас стильге айналды, ауыз әдебиетінде көп қолданылады.
Орта ғасырларда жапон әдеби жанрлардың ішіндегі ең көп қолданылатыны – танка («қысқа өлең») болған. Танканың мазмұны белгілі бір тәртіптегі схема түрінде жиі кездеседі: бір шумағы белгілі бір табиғи бейнені суреттесе, екіншісі соған сәйкес адамның сезімін, көңіл-күйін суреттейді.
Әрбір хайку – кішігірім ұйқас өлеңге сыйғызылған сезім туралы өлең. Негізгі екі ерекшелігі:
А) Өмірлік тәжірибеден алынған: өмірдің кейбір кезеңдері, ерекше жаңалықтар, қуанышты, кейде күлкілі шақтар, есте қалған ерекше оқиғалар немесе көңілімізді құлазытатын оқиғалар, жалғыздық, тіпті кейде аты жоқ себептер.
Б) Олар сөзбен жазылса да, жазушының оқырманға сезімін, әсерін тигізетіндей нәтижеге жеткізу керек. Міне осы екі себеп оның негізгі ерекшелігі болып келеді.
Мерзімдік сөз (киго). Бұл сөз іс-әрекеттің қай уақытта болып жатқанын көрсетеді. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы әдебиетте көп көрініс тапқан. Оның ішінде жыл мезгілдерінің ауысуы негізгі тақырып болып келеді. Киго хайкуды сезінуге мүмкіндік беретін «табиғи фонды» жасайды.
Дәстүрлі болып келетін көптеген мезгіл сөздер бар. Жапон мәдениетімен таныс емес адамдар, тіпті қазіргі жапондықтардың өздері де қай мезгіл айтылып тұрғанын түсіне алмайтын жағдайлар болады., сондықтан «сайджики» деген арнайы сөздіктер қолданылады. Мысалы, «тұман арасындағы ай» деген – көктемді, ал «бетперде киген маймылдардың шеруі» деген – Жаңа жылды білдіреді.
Хайкуны атамайды, оны көрсету керек; оны түсіндірмейді, оны сезіммен білдіру керек.
Хайку - өзгерістер әдебиеті болып саналады. Бірақ, өзгерістерге әр түрлі көзқарастар болады. Мысалы, Шығыс фәлсафасына сүйенсек, біздің әлемнің барлық бөлшектері бір-бірімен тығыз байланысты және де Жалпы немесе Үйлесімді жағдайда болады. Және де өзгерістер осы жүйенің бір бөлшегі болып келеді. Сол себепті өзгерістер әдебиетке жат нәрсе емес. Кез келген жақсы жазылған хайку – бұл үйлесімділік пен жақындастықтың нышаны және ол көбіне көңілсіздеу түрде болады.
Хайкудың тағы бір түрі өмірдің шытырман шақтарына арналған. Олар «сенрю» деп аталады немесе оны кейде «екінші сортты хайку» деп те атайды, ол қалжың аралас түрде жазылады.
17-18 ғасырлардағы сурет өнері (кескіндеме)
17-19 ғасырлар арасында көптеген танымал мектептер жабылып, оның орнына жаңа мектептер ашылады, мысалға, укиё-э ағашында өрнектеу мектебі, Маруяма-Сидзе мектебі, Нанга, еуропалық кескіндеме, т.б.
Орта ғасырдағы мәдениет және өнер орталықтары Нара және Киото сияқты көне қалалармен бірге, жаңа астана – Эдо (қазіргі Токио), Осака, Нагасаки, т.б. қалалар болады. Қала мәдениетінің дамуы 17-19 ғасырларда өнердің жаңа түрлерінің пайда болуына әкеп соқты. Әсіресе, сурет өнерінде декоративті интерьерлер, жазбалар көбейді, ағаш бетінде өрнектеу де кең тарады, олар 17-19 ғасырлардағы Жапониядағы өнердің ең негізгі түріне айналды.
Эдо заманындағы (1615-1868) шығармашылық пен әрекеттілік үйлесім тапты. Ширмадағы суреттер соның айқын дәлелі бола алады. Бұл тұрмыста жиі қолданылатын зат, ал сол кездегі суретшілер оны сурет-әшекей ретінде қолданды. Ұлы суретші Огата Коринаныі (1658-1716) ең атақты шығармаларының бірі «Өріктің қызыл және ақ гүлдері» ширмаларда жазылған болатын, ол тек Японияның ғана емес, жалпы дүние жүзі мәдениетінің бір бөлігі болып табылады.
Қолдан жасалған бұйымдардың қатарына «нэцкэні» жатқызуға болады. Ол күнкөріс қажеттілігінен туған. Жапондықтардың ұлттық киімдерінде қалталар болмағандықтан, барлық қажет ұсақ заттар кішкене брелоктардың – нэцкэнің көмегімен белбеуге бекітілген еді.
Нэцкэ тек қана күнкөріс үшін қажет зат қана емес, уақыт өте келе кішігірім скульптураның бір түріне айналды. Олар әр түрлі материалдан: ағаш, піл сүйегі, металл, асыл тастар, лак, фарфордан жасалған. Небәрі 10 см ғана болатын затты, ұсталар кейде жылдап жасайтын, онда адам, жан-жануарлар, құдайлар бейнесі, тарихи тұлғалар, аңыз-әңгіме кейіпкерлері дейін бейнелейтін.
Ағаш бетіндегі өрнектеудің түрі – укиё-э-нің тарихы қызық. «Укиё-э» термині буддалық көріністермен байланысты. Буддизмде оны жалған әлем ретінде түсінген. Уақыт өте келе бұл философиялық термин – күнделікті өмір әлемі ретінде түсініле бастады. Токугава заманындағы қалалық мәдениетте «укиё» сөзімен ғанибет және алданыш әлемін атаған еді.
Укиё-э өнерімен көптеген атақты шеберлер әлемге танымал болды. Бастапқы дамуы Хисикава Моронобумен (1618-1694) тығыз байланысты. Түрлі түсті гравюраны алғаш салған 18 ғасырдың өкілі Судзуки Харунобу болған. Өз суреттерінде қарапайым адамдарды, сатушы, әртістер, гейшалары бейнеледі. Бір қызығы, оның мақсаты – іс-әрекетті бейнелеу емес, сезім, жабырқау, көңіл-күй, махаббаты сезіндіру еді. Бір кездері гравюраларға әйел бейнелері салына бастады. Және олар хэйандық ақсүйек отбасынан шыққан ханшалар емес, Эдо аумағындағы гейшалар болатын. Утамаро деген суретші (1753-1806) әр кезде әйел бейнесін салуда ерекше көзге түскен болатын. Оның ең атақты еңбектерінің бірі – «Гейша Осама» деп аталады. Бұл сурет қазіргі кезде Мәскеу қаласындағы Пушкин атындағы көркемсурет мұражайында сақталған. Кейіпкердің бет пішінін суретші шебер үйлестіре білген.
Кацусика Хокусая (1760-1849) еңбектерінің саны 30 мыңға, суреттелген кітаптар саны 500-ге жетеді. Атақ-даңққа тек қартайған шағында, әбден шынығып, өнердің қыр-сырын үйренген кезде ғана бөленген еді. 70 жасқа келгенде «Фудзидің 36 түрін», одан кейін «Көпірлер», «Үлкен гүлдер», «Елдің сарқырамаларына саяхат», «Фудзидің 100 түрі» атты альбомы дүниеге келеді. Әр гравюра – қолөнер әлемінде өзінше бағалы, барлығы қосылып терең мағынаны, өзіндік ерекшелікті көрсетеді.
«Фудзидің 36 түрі» бір таудың әр түрлі бейнелерін: алыстан, жақыннан, теңіз деңгейінен, бамбук ағашының арасынан, бұл туған жер табиғатының көрінісін бейнелейтін суреттердің алғашқыларының бірі.
«Қысқы пейзаж» суреті Хокусайдың 19-20 ғасырдағы өнеріне бастау салып, француз импрессионистері мен постимпрессионистеріне (Ван Гог, Гоген, Матисса) ықпал еткен. Солардың қатарында орыс суретшілері де бар.
Но театрында дүниеге келген. Дәстүрлі жапон драматургиясы: Но театрының драматургиясы (ёкёку и кёген), қуыршақтар театры – дзёрури, Кабуки театры мен сингэки деп бөлінеді. Сонымен қатар театр қойылымдарының 5 түрлі жанры бар: бугаку, но, кёген, бунраку және кабуки. Бүгінгі күнде де олар өз жалғасын табуда. Өзгешеліктерге қарамастан, түпкілікті ойы бір жерден шығады.
Каьуки театры 17 ғасырда пайда болып, 18 ғасырдың соңына қарай өркендеді. Сонау кездегі қалыптасқан ерекшеліктер бүгінгі күнге дейін сақталған. Но театрынан ерекшелігі – тек қана көне заман өнерін ғана көрсетіп қана емес, неғұрлым көп көрерменге арналған. Кабуки театрының атауы Киотодағы будда діні храмының қызметшісі О-Кунимен (1603) тығыз байланысты. О-Куни ашық алаңдарда діни бағыттағы нэмбуцу-одори – халық билеріне ұқсас көрсететін. Қазір әзіл-қалжың аралас биге айналды.
1629 жылы әйел адам билеріне қоғамды сақтандыру мақсатында тыйым салынады. Соған байланысты, олардың орнына көйлек киіп, беттеріне гримм салған жас жігіттер өнер көрсеткен. Оны вакасю-кабуки деп атаған. Бірақ ішінде ұятты мезеттер болған соң, 1651 жылы оған да тыйым салынады. Саката Тодзюро, Йосидзава Аямэ, Итикава Дасдзюро және басқалар сол кездегі аты шулы әртістер еді. Көрермендер дзерури театрына кетіп қалмас үшін, арнайы көрермен төбесінен шатыр тігілді.
Кабуки әртістері қуыршақтар театрына еліктей отырып, киімді сахнада, көрермендердің көз алдында тез ауыстыруды үйренген еді.
Би қойылымдары – сёсагото құрылған. Кабуки қойылымдары арнайы жабдықталған кең, терең емес залдарда өткізіледі. Әдетте әйел адам рөлінде ер адамдар ойнайды. Кабуки қойылымдары әдетте бірнеше пьесадан тұрады: тарихи (дзидаймоно), тұрмыстық (сэвамоно) және би (сёсагото).
19 ғасырдың 70-жылдарында Жапония капиталистік даму жолына түсті. 1886 жылы (Театр реформаларының қоғамы құрылды («Энгэки кайрёкай»).
Каватакэ Макуами жаңа тарихи қойылымдарды жазды. Өкінішке орай олар бүгінгі күнге дейін сақталмаған.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл өнер орталықтандырылды, қойылымдар тек қана үлкен қалаларда ғана көрсетілді. Токиода осындай театрлар саны үшеу, Осакада – екеу, Киото мен Нагояда – біреуден. Әдетте күніне екі рет қойылым беріледі.
Кабуки труппасының көбісі «Сётику» компаниясына жатады. Бұл компанияға тек Каварадзаки Тёдзюроның бастамасымен Кабуки прогрессивті театрлық труппа «Дзэнсиндза» және «Тохо» компаниясының қол астындағы труппа жатпайды.
Токиода Но театрының қойылымдары берілетін бірнеше театр мекемелері бар: «Кандзе капкан», «Суйдобаси», «Хосё», « Умэвака», т.б.; Киотода – «Конгокай», «Кандзэкай», «Ниси Хонгандзи» сценалық храмы; Осакада – «Оцуки» және «Ямомото».
19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында театр өнерінің жаңа түрлері: симпа, сингэки, синкокугэки пайда болды.
1. Кіріспе
2. Жапон әдебиеті
3. «Хайку» жанры: жалпы түсінігі, жанрдың дамуы
4. Стиль ерекшеліктері
5. 17-18 ғасырлардағы сурет өнері (кескіндеме)
6. Жапон драматургиясы
7. Кабуки театры