«Өзбек» этноқауымдастығының пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 16:15, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі.”Өзбек” этносаяси бірлестігінің қазақстан тарихындағы орны ерекше болып келеді.Себебі XIV-XV ғасырда өмір сүрген бұл бірлестіктің немесе басқаша“Әбілқайыр хандығының”құрамында қазақ халқын құрап отырған тайпалардың бәрі кездеседі.Яғни сол кезеңді зерттей келе біз өз шығу тегімізді жақсылап біле аламыз.Тақырыптың ғылыми маңыздылығы.Бұл тақырып несіменмаңызды деген кезде,мен былай жауап беремін,”Көшпелі өзбектер” қазақстан тарихы ғылымында қазіргі күні маңызды тақырыптардың бірі.

Оглавление

I.КІРІСПЕ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1)“Өзбек” атауының шығуы
1.2) Өзбектердің этникалық құрамы
1.3) Өзбектердің саяси тарихы
III.ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

ЖОСПАР (Автосохраненный).docx

— 58.07 Кб (Скачать)

     Деректемеде  бұл қалалардың кімнен тартып  алынғаны туралы ештеңе айтпайды.Оның  бір бөлігін өз дұшпандары  Ақ Орда хандары ұрпақтарынан,екіншісін  Темір әулеті мирасқорларынан  алуы мүмкін.Әбілқайыр хан өзінен  бұрынғы Барақ хан сияқты,Ақ  Орданың экономикалық жағынан анағұрлым қуатты оңтүстік аудандарын өз қол астына кіргізудің маңызын жақсы түсінді.Ол үшін Сырдария қалалары,бұрынғы Ақ Ордадағы сияқты,бірігудің,мемлекеттің далалық аймақтарын өз билігінде ұстаудың факторы бола алатын еді.Қазақстанның далалық көшпелі аудандар тұрғындары үнемі ұмтылып келген кәсіпшілік пен сауда орталықтары саналатын Сырдария қалаларын алу Әбілқайыр хандығын нығайтуға айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз болатын.

     Әбілқайыр  Дешті-Қыпшақтағы өз жақтастарының  қыруар күшіне,далаға диырма жыл  бойы үстемдігін жүргізген өз  қуатына сүйенгендіктен де Сырдария  қалаларын тез басып алды.Бұл  жерде мәуеранахр билеушілерінің Шығыс Дешті-Қыпшақ иелерімен арадағы ұзаққа созылған тынымсыз қақтағыстардың бар зардабын тартумен келе жатқан бұл қалалардағы билеуші тап бір жағынан екінші жағына тайқып шығып,бақталастар арасында бұлталақтап үйренгендерін,соның арқасында өз қалаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырғандарын да айта кету қажет.

     Қалалар әмірлер  мен сұлтандардың басқаруына  берілді:Созақ өзіне қарасты барлық  жерлерімен Бақтияр сұлтанның  (ол 1451ж. қалмақтарға қарсы шайқаста  қаза тапқан соң,Созақ оның  ұлы Әлеке сұлтанның билігіне  көшті),Сығанақ-Мане оғлан табғұттың,ал  Үзкент-Уақас би маңғыттың қол  астында болды.Отырар,Ясы,Сауран  мен Сайрам Ұлықбек мирасқорларының,кейін басқа Темір әулетінің (Абдаллахтың,Әбу-Са’идтың) қарамағында қалды,Сығанақ Әбілқайыр ханның астанасына айналды.

     Әбілқайырдың  Сырдария бойындағы аймақтарға  бет бұруы өзара ағайындас  Шайбани ұлысы мен Орда ұлысы  тайпалардың арасындағы қырғи  қабақ қатынастарды бұрынғыдан  бетер шиеліністіре түсті.Өйткені  Әбілқайырдың қалалармен оның  төңірегіндегі алқаптарды алуы  Жәнібек пен Керейдің және  оған тәуелді,Сырдария бойы мен  Қаратау өңірінде көшіп қонып  жүрген қазақтардың мүдделеріне  қайшы келді.Бұл олардың арасындағы  күрестің қайта жанданып,қазақ  сұлтандары мен оларға қарасты  рулар мен тайпалардың көшіп  кетуіне әкеліп соқтырған аса  маңызды себеп болды.

Әбілқайыр бұдан кейінгі  уақытта Мәуеранахрға өз адамын отырғызу үшін Темір әулеті арасындағы әулеттік қырқыстарға белсене араласты.Ол орта Азия билеушілеріне әскери түрде  де (Хорезмге жорықтар,1446ж. Түркістан  қалаларын басып алу,1451ж. Самарқандқа  жорық),жауласып жүрген Темір әулетінің  біреуін қолдау жолымен де бірнешен әрекет жасап көрді.Әбілқайыр экспанциясының табысты болуына оның жергілікті феодалдармен келісімге келуі қолайлы  жағдай тудырды,ол Темір ұрпақтарыееың  бірі Әбу Са’идтың 1451ж. Самарқандта  өкімет билігін өз қолына алуына көмектесті.

1456-57ж. Сығанақ түбінде  қалмақтардан күйрей жеңілген  Әбілқайыр Түркістанның талан-таражға  түскен қалаларын тастап шығып,  «кейін өзін-өзі ұзақ жұбатып,жауынгершіліктен  әбден титықтап қалған  даладағы  істерін тәртіпке келтірумен  айналысқан» Дешті-Қыпшаққа кетуге мәжбүр болды.Тек 60-шы жылдардың басында ғана Әбілқайырдың Сырдария бойына қарай қайта қозғалып,мұнда бұрын өзі жаулап алған қалаларға енуіне мүмкіндік туды.

     Әбілқайырдың  қалмақтардан жеңілуінің басты  себебі оның мемлекетінің ішкі  әлсіздігінде жатыр еді.Шыңғыс  әулеті арасындағы толассыз қырқыстар  мен алауыздықтар,рулар мен тайпалардың  көшпелі ақсүйектерінің оқшаулыққа  ұмтылуы (сепаратизм),феодалдық жоғары  топтар мен қатардағы көшпелі  және жартылай көшпелі бұқара  арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі,ішкі  және сыртқы соғыстар мемлекеттің  шаңырағын шайқалтты,күйреу дәрежесіне  жеткізген еді.1468ж.Жетісу жорығы  кезінде Әбілқайыр қаза тапты.Ол өлгеннен соң хандық ыдырады.Қазақ хандығының құрылып,нығаюына байланысты Шайбани әулетінің Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі тоқтады.

     Өзі Шығыс  Дешті-Қыпшақта билік құрған 40 жыл ішінде Әбілқайыр хандығының мемлекеттік аумағы бірнеше рет өзгеріске түсіп,оның билік құру кезеңінің аяғына қарай Батыс Сібірдің оңтүстік шептерінен өзі Сығанақ,Үзкент,Аққорған,Созақ қалаларын қолында ұстаған Сырдария жағалаулары мен Қаратау бөктерлеріне дейінгі және Жайықтан Ертіс пен Балқаш жағалауының солтүстік бөлігіне дейінгі,яғни көшпелі өзбектер мен қазақтардың этникалық аумағындағы ұлан-байтақ жерлерді алып жатты.Мырза Хайдар Тарих-и рашидида сол кезде Дешті Қыпшақта оның хандығынан мықты ел болған жоқ деп хабарлайды.Бұл мемлекеттің астанасы соңғы жиырма жыл бойы Сығанақ болды,ал одан бұрын Тура (Чимги-Тура)қаласы,кейінірек Орда Базар болатын.

     Ал Әбілқайыр  құрған мемлекеттің атауына келетін  болсақ,деректемелерде ол әдетте  дәстүр бойынша «Өзбек ұлысы»,сондай-ақ  «Шайбани ұлысы», «Әбілқайыр ұлысы» деп аталған. «Ұлыс» атауы деректемелерде ел атауымен, «ел және Әбілқайыр ұлысы» деген түрде жеке адам есімімен бірге аталады немесе «ел және өзбек ұлысы» деген түрде тәуелді халықтың этносаяси жалпы атауы ретінде айтылады.Бұл соңғы ат сонымен қатар географиялық «дийар»-ел(Дийар-и өзбек) ұғымымен қоса қолданылады.Тарихи әдебиетте Әбілқайыр мемлекетін «Өзбек хандығы», «Көшпелі өзбектер мемлекеті», «Әбілқайыр хандығы» деп атайды.Соңғы атау неғұрлым бейтараптау көрінеді,өйткені Орта Азиядағы өзбек халқының болашақ компоненті ретінде хандық аумағында тек көшпелі өзбектер ғана өмір сүрген жоқ,солармен қатар көп нәрседен хабардар XVI ғасыр авторы Рузбихан Исфаханидің жазбаларына қарағанда негізінен қазақтар,маңғыттар тұрған.Осы аумақты мекен етіп,Әбілқайыр мемлекетінің құрамына кірген аса үлкен этникалық топтардың бірінің атауы осы Қыпшақ хандығы деп атауға да толық негіз бар.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыда айтылған бүкіл деректерді қорытындылайтын болсақ «Өзбек этноқауымдастығының» аты қайдан шықты,құрамы,саяси тарихы туралы біле келе бұл мәселіні жақсы зерттеп ашу ең алдымен қазақ халқының этногенезін түсінуге көмек береді.Сонымен «Өзбек» атауының шығуы туралы бірнеше пікірлерді келтіре келе мен мынадай ойға келдім, Алтын Орда заманындағы Мұхамет Өзбек ханның  1312-1340 жылдар билік құрған кезінде,бастапқыда тек оны қолдағандарды бірақ билігі күшейе келе бүкіл Дешті-Қыпшақтағы түркі тектес және түркіленген моңғол тайпалардың “өзбектіктер (узбекийан)” деп аталып кеткен деген пікірді жақтаймын.Сол кездегі Дешті-Қыпшақ тайпалары (Өзбектер) батысы Қырымнан Шығысы Сібір-Алтай аймағында көшіп қонып жүрген.Олардың тек көшпелі болды деуге де болмайды,яғни қалалы жерде отырықшылық,далада көшпелі шаруашылық болды.Тайпалар шығу жағынан әртүрлі болғанын Ахсикентидің «Маджму-ат-таварих» еңбегінен байқадық,яғни жергілікті түрік және Шыңғыс хан жаулаушылығы заманында келген кейін түркіленіп кеткен моңғол тайпалары. «Өзбектердің» саяси тарихы XIV-XV ғасырларда өрбіген.Алтын Орданың ыдырау кезеңінде бір мемлекет бірнеше хандықтарға бөліне бастады (Қырым хандығы,Ноғай ордасы,Астрахан хандығы,Қазан хандығы,Ақ Орда).Бірақ бөлінгенде бір нақты қағида Еділдің оң және сол жағымен бөлінді.Кейін Еділдің оң жағында «Өзбектер» атауынан бөлек «Татар» этносының қалыптасуы орын алса,сол жағында,яғни далалық аймақта «Өзбек» атауы сақталып «Көшпелі өзбектер» деген атауға ие болады.Олар кейін «Қазақ» этносының қалыптасуына маңызды рөл атқарады.Бүкіл айтылғанды қорытындылай келе «Өзбектер» мәселесін ашу біздің тарихымыз үшін өте маңызды және өзекті екенін айта кеткім келеді және оны әрі қарата зерттеу қазақ тарихының сырларын ашуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1) Сборник материалов,относящихся к историй Золотой Орды.том I.Извлечения из арабских сочинений,собранные В.Г.Тизенгаузеном,Подгатовка к новому изданию,введение,дополнения и комментарий Б.Е.Кумекова,А.К.Муминова.А.,2005.

2)Махмуд ибн Вали.Бахр-ал-асрар фи манакиб ал-ахйар.Мына кітапта:Материалы по историй Казахских ханств XV-XVIII вв.:Извл.Из персидских и тюркских сочинений/Сост. С.К.Ибрагимов,Н.Н.Мингулов,К.А.Пищулина,В.П.Юдин.А.,1969.

3) Мұхамемед Хайдар Мырза Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди.А.,2002.

4)Мас’уд ибн Усман Кухустани.Та’рих-и Абу-л-Хайр-хани.Мына кітапта:Материалы по историй Казахских ханств XV-XVIII вв.:Извл.Из персидских и тюркских сочинений/Сост. С.К.Ибрагимов,Н.Н.Мингулов,К.А.Пищулина,В.П.Юдин.А.,1969.:

5) Б.Б.Кәрібаев Қазақ хандығының құрылуы туралы(Тарих ғалымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация).А.,2009.

5) Б.А.Ахмедов.Государство кочевых узбеков.М.,1965.

6) Т.И.Сұлтанов.Кочевыеплемена приаралья в XV-XVIIвв.А.,1982.

7) Қазақстан тарихы.Көне заманнан бүгінге дейін.Бес томдық.II том.А.,2010.

8) Кляшторный С.Г.,Султанов Т.И. Казахстан:летопись трех тысячелетий.А.,1996

 

 


Информация о работе «Өзбек» этноқауымдастығының пайда болуы