XIX ғасырда ресми іс қағаздардың қалыптаса бастауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 19:59, реферат

Краткое описание

XIX ғасырдың бірінші жартысы патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетінің ең бір шешуші кезеңі болды. Қазақ даласының көптеген жері Ресей империясының құрамына кірді. Ел басқару билігін патша өз қолына алды. Орта жүз бен Сібірді мекендеген қазақтар үшін 1822 жылы "Сібір қазақтары туралы Устав" шығарылды. Бұл Устав 1860 жылға дейін күшінде болды. 1831 жылы Кіші жүз қазақтарын билеу үшін "Ел басқарудың дистанциялық системасы" деген құжат шығарылды.

Файлы: 1 файл

19ғ ресми іс қағаздардың қалыптасу белгісі.docx

— 38.73 Кб (Скачать)

    1847 жылғы 20 тамыз. Жанқожа Нұрмұхаметов батырдың Райым бекінісінің бастығы подполковник Ерофеевке Хиуа феодалдарының қазақтарға шабуылы туралы хаты


   Аса қадірлі подполковник Ерофеев! Мен Сізге аса тағзым ете отырып, мыналарды хабарлаймын: Қожа Нияз бастаған хиуалықтар, Жанғазы және Ілкей сұлтанды жақтайтын қырғыздар бекіністе көп болып жиналып, осы жақка өтті; менің қырғыздарымды талап, тонап жүр; оларды бәріңді қырып тастаймыз деп қорқытады. Қырғыздар бұдан өте қорқады, сондықтан да көпшілігі арғы бетке көшіп жатыр, мен оларды еш тоқтата алар емеспін. Маған адал болып қалған 1000 шаңырак, болатын қырғыздарға хиуалықтар мен Жанғазының адамдары шабуыл жасады, олардың барлық мүлкін тонап алып, барлық малын айдап, балалары мен қарттарын тұтқындап жетті. Сөйтіп, 1000-нан астам үй күйзеліске ұшырады, олардан 21 әйел мен бала айдап әкетілді, 30 баласы мен қызы суға тасталды. Мен қарауылға жіберген 5 адамды олар ұстап алыпты; олардың 4-і өлтірілген; олардың басын шауып алып, суға тастапты, ал бесіншісі — Жақанай бидің баласын тірідей тұтқындап, Хиуаға әкетіпті.

   Егер Сіз, подполковник Ерофеев, маған дос болсаңыздар және осында шын мәнінде бізді қорғау үшін келіп, өз патшаңыздың әмірімен сол үшін бекініс салсаңыздар, онда маған көмектесіңіздер және тонаушылыққа тыйым салыңыздар, ал оның іздерін менің ауылдарымнан өз көзіңізбен көре аласыз. Осы бір қанқұйлы адамдардың әрекеттері, міне, мынадай: олар киіз үйлерді өртеп, барлық нәрестелердің бесіктерін талқандап, ал өздерін суға тастаған. Егер Сіз көмек бермесеңіз, онда мен өз қырғыздарыма кепіл бола алмаймын. Бір жағынан тонауға ұшырап және Сізден қорған көрмеген соң бәрі Сырдария өзенінің арғы бетіне өтіп кетеді де, сонда біздің халқ-ымыздың қайғы-қасіреті күшейе түседі; толассыз өзара қырқыспайды, өйткені осында орыстар келіп, бекініс салған кезден бастап, ол жақта көшіп жүрген қырғыздар менің қырғыздарыма көп ашулы. Мен мұны Сізге бұрын да хабарлағанмын және Жанғазының өзі маған жазған хаттарында Сізбен достығым үшін мені қорқытқан еді. Мен губернатор мырзада болғанымда, менің орыстармен достығым мені Ілкей мен Жанғазыға ғана емес, сонымен қатар хиуалық пен қоқандықтарға да қарсы каруландырады. Сондықтан да Сізге өз өтінішімді қайталаймын: мені жауларымнан қорғаңыз; менде сіздерден, орыстардан басқа дос қалған жоқ.

   Жанкожа батыр әз мөрін  басты, оның хатшысы Төлеген  қолын басты.

   1823 ж. Ұлы жүз сұлтандарының, билерінің және атақты қазақтарының Ресей бодандығына берген анты


   "Төменде аталатын мен өзімнің асқан мархабатты ұлы тақсырым император, бүкіл Ресейдің самодержеці және ұлы мәртебелі император атағымен бүкіл ресейлік тақтың заңды мұрагері ұлы мәртебелі Александр Павловичке алдағы уақытта бұйырса адал, ізгілікті және айтқанынан шық-пайтын боданы болуға, адал боданға лайықты ұлы мәртебеліге ынта-ықыласпен қызмет етуге және ашық та, жасырын да ешқандай қарсылық жасамауға, қайта барлық, нәрседе ұлы мәртебелі императордың жарлығы бойынша іс істеп, жан-тәнімді аямай орындауға; ал өзіме бағынышты халықты әділ сот бойынша тыныштықта ұстауға және ұлы мәртебелі императордың мүдделеріне және өз боданым қырғыз-қайсақ халқының пайдасына қарсы қандай болса да іс-әрекеттен аулақ ұстауға; ал егер өзім мұны істей алмасам, ол жөнінде Ресей шекара командирлеріне дер кезінде хабарлауға тиіспін және солай істеймін деп құдіреті күшті құдайдың атымен уәде беріп ант етемін.

   Өзімнің осы антымның қорытындысында құранды сүйіп, өз мөрімді басып отырмын ".

   (Бұдан әрі Ұлы жүз сұлтандарының, билері мен атақты қазақтарының 33 мөрі мен таңбалары бар).

   Сұлтандар мен билерден Ресей бодандығына ант алған —губерниялық хатшы Тасболат Бекболатов.

   Сұлтандар мен  билерден ант алған — заңды имам Мұхамед Мұхамедов.

   Ант алуды аударғанда  губерниялық хатшы Кринкин аудармашы  болды. [7]

   1845 жылғы 5 мамыр. Ұлы жүздің барлық рулары мен бөлімшелері сұлтандарының, билерінің, құрметті қазақтарының өздерін Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініші


   Үйсін болысының сұлтандарынан, жалайыр, албан, дулат, суан, шапырашты, ысты, андас руларының, көшек, мырза, сүбітай, қалқа, ақбұйым, арықтыным, байшігір, сиыршы, қарасыбан, балғалы бөлімшелерінің; албан руының, айтбозың, сегізсары, қызылбөрік, қоңыр бөрік, әлжан бөлімшелерінің; дулат руының, сыйқым, жаныс, шымыр, бот-бай, сары үйсін бөлімшелерінің cyaн руының, байтөлеу, тұрдымбет, мұрат бөлімшелерінің; шапырашты руының, асыл, шыбыл, әпкіш, екей, есқожа бөлімшелерінің; ысты руының ойық,, тілік бөлімшелерінің билері мен атақты қырғыздарынан:

   ӨТІНІШ

   Сізден біздің Ресей үкіметінің адал бодандығына өткіміз келетінін, егep бастықтарға қолайлы болса, биылғы жазда Каратамда округ ашуды сұрайтынымызды жоғарыдағы бастықтардың назарына жеткізуіңізді сұрайды.

   Сондықтан мөріміз бен таңбамызды басамыз (Бұдан әрі 31 мөр мен таңба басылған). [8]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөздер


  1. ↑ "18-X1X ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары", құжаттар жинағы, 179-бет.
  2. ↑ В. Ф. Шахматов. Ішкі орда және Исатай Тайманүлының көтерілісі, 139- 140-беттер.
  3. ↑ В.Ф. Шахматов. Ішкі Орда және Исатай Тайманұлының көтерілісі, 157-бет.
  4. ↑ "18-19 ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары (1771—1867жж.)", қүжаттар жинағы, 262-бет.
  5. ↑ "161-19 ғасырлардағы қазақ,-орыс қатынастары (1771—1868 жж.) " құжаттар жинағы, 262—263-беттeр.
  6. ↑ "18—19 ғасырлардағы казак-орыс катынастары (1771—1867 жж.) ", қүжаттар жинағы, 339—340-беттер.
  7. ↑ "18-19 ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары (1771—1867жж.)", құжаттаржинағы, 207-бет.
  8. ↑ "18—19 ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары (1771—1867жж.) ", құжаттар жинағы, 305—306-беттер.

Информация о работе XIX ғасырда ресми іс қағаздардың қалыптаса бастауы