Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2015 в 21:57, реферат
Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ.
Кеңес өкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар — сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.
I.Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
1. Соғысқа дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы.
2. Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар.
3. Соғыс жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы.
4. Екінші дүниежүзілік соғыстың халық санына тигізген әсері. Еңбек армиялары.
III. Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиет
1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына орналастырылды.
Фашистік Германия басып алынған аумақтар азат етілген сайын сол жерлердегі халықтарды депортациялау ісі де жалғаса берді. 1944— 1945 жылдары азат етілген Украина, Беларусь және Балтық өңірінде бұрыннан мекендеп келе жатқан немістер Сібір мен Қазақстанға көшірілді. 1945 жылдың соңына қарай Қазақстанға 9 мың неміс отбасы орналастырылды.
Ел басшылығындағы шовинистік пиғылдардың ұлт саясатындағы белгілері жекелеген халықтар мен ұлт азшылықтарын «жағымсыз элемент» ретінде көшірудің белең алуынан көрінді. Әңгіме бірінші кезекте Қырым және Грузия аудандарындағы халықтарды тарихи Отандарынан көшіру туралы болып отыр.
1921 жылы құрылған Қырым АКСР-інде орыстар, украиндар, қырым татарлары, гректер, болгарлар, армяндар мекендеді. 1944 жылы Берияның бұйрығымен Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазартуға 2000 жүк машинасы өзірленді. 1944 жылы мамырда 50 эше- лонға тиелген татар үлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен гректер әкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы қарашада Қазақстанға өкелінді. Жалпы, 1943—1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың
халық санына тигізген әсері.
Еңбек армиялары
Екінші дүниежүзілік соғыстың дауылынан Қазақстан аумағына көшіп келушілер тасқыны шұғыл артты. Қазақстанға елдің батыс бөлігінен 536 мың адам көшіп келді.
Майданда 410 мың қазақстандық жауынгерлердің мерт болуы мен 125 мың адамдардың хабар-ошарсыз кетуі, концлагерьлерде азаппен көз жұмуы сияқты соғыстың әкелген зардабы орасан зор болды. Белгілі демограф М.Тәтімовтың болжамы бойынша, мұндай соғыстың зардабы 125 жылға дейін созылады екен. Мыңдаған отбасылардың шаңырағы ортасына түсіп, балалар жетім қалды. Қазақ балаларының табиғи тууы мен өсімінің карқыны төмендеп кетті.
Соғыс жылдарында Қазақстаннан 1 млн 200 мың адам майданға шакырылды. Бұлардың 630 мыңы алғашқы аттанғандар болды. Сондай-ак еңбек колонналарына шақыруды қоспағанда, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға әрбір бесінші қазақстандық шақырылды.
Соғыс басталған кезден бастап 1941 жылдың соңына дейін, 1942 жылдың жазы мен күзінде әскери қимылдар болып жатқан аймақтардан шығыска өнеркөсіп орындары мен ұжымшар, кеңшар, МТС-ің дүние-мүлкі мен малы, 312 өнеркәсіп өндірісі мен жарты миллионнан астам адам Қазақстанға көшіріп өкелінді. Бұл өндіріс орындарының 142-сі ғана іске косылды.
Өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек армиялары басқа республикалардан келгендермен қатар, соғысқа дейінгі арнайы қоныстанғандар мен Қазақстанға депортацияланған халық өкілдері контингентімен толықтырылып тұрды.
Тұтастай алғанда, моральдық-саяси белгілері бойынша майданға шақырылмаған халық өкілдерінен еңбек армиясы құралды. Еңбек армиясының арнайы жұмыс колонналары неміс, фин, румын, корей халық өкілдерінен тұрды. Соғыс жылдарында еңбек армиясына 121 мың неміс, 30 мың корей ұлты өкілдері шақырылды. Еңбек армиясында тек арнайы қоныстандырылғандар ғана болған жоқ, негізгі бөлігі ұжымшар тұрғындары болып табылатын 200 мыңдай қазақтар да шақырылды. Олардың барлығы Орал жөне Сібір зауыттары мен Ақмола—Павлодар, Қарағанды—Ақмола, Орынбор—Арыс, Басқұншақ—Мақат темір жол құрылысында еңбек етті. Мыңдаған тұтқындар Доссор—Астрахан, Ор—Қандыағаш мұнай құбырлары қүрылысына терін төкті.
Соғыс жылдарында барлығы 700 мыңнан астам қазақтар, немістер, украиндар және т.б. еңбек колонналарына шақырылды. Соғыстың соңғы 1,5 жылында еңбек армиясының қатарына Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым, Қалмақ елдерінен көшіріп-қоныстандырылған бөлігі қосылды. Еңбек армиясындағы адамдардың тұрмыстық-материалдық жағдайы өте ауыр болды. Арнайы қоныстандырылғандардың көп бөлігі ауру мен аштықтан қырылды.
Сонымен, еңбек колонналарында екі категориядан тұратындар, біріншілері — азаматтық тұрғындардан тұратын еңбек армиясы, екіншілері — тұтқын жағдайындағы арнайы қоныстандырылғандар болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға және қорғаныс өнеркәсібіне әрбір төртінші қазақстандық алынды. Екінші дүниежүзілік соғыс майданында 350 мың қазақ жауынгерлері қаза тапты, 150 мың адам жау колында тұтқында болды немесе хабар-ошарсыз кетті. Соғыстың ауыр жылдарында демографиялық, депопуляциялық жолмен (туудың төмендеп, өлімнің артуы) 100 мың адамға кеміді.
Сөйтіп, Екінші дүниежүзілік соғыс тек қазақ халқының ғана 600 мың адамға азаюына әкеліп соқты.
1939 жылғы санақ бойынша
Жергілікті халықтың үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.
Сталин қайтыс болғаннан кейін 1954—1956 жылдары заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар, таптар және басқа кеңес азаматтарын ақтау басталды
Пайдаланылған әдебиет
1.Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері.
2.Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлык бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1
Информация о работе Соғысқа дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы