Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 16:22, реферат
"Тоқырау" кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай-химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті.
1. "Тоқырау" жылдарындағы республиканың өнеркәсібі
2. Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтар
3. Республиканың қоғамдық-саяси және мәдени дамуындағы жағдай
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
Сөйтіп, тоқырау кезіндегі келеңсіз процестер әлеуметтік саланы мықтап шарпыды. Әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға қаржы бөлудің "калдықтық принциптері" қалыптасты, яғни ол салаға таза өндірістік мақсаттардан артылған қаржы ғана бөлінді. Әлеуметтік мәселелер жөнінде "кереңдік" пайда болды, ал өндірістің техникамен жабдықталуы, кадрлардыц біліктілігі, ең бастысы - жұмыс сапасы артта қала бастады.
Қалыптасқан басқару жүйесінің демократиялық негіздерінің тар шеңберлігі де жаңа жағдайда мейлінше ке-леңсіз көрініс берді. Онда еңбекшілердің өзін-өзі басқаруының өрісі тарылды. Қоғамдық меншік өзінің шынайы иесі - еңбекшілерден бірте-бірте оқшаулана түсті. Оны ведомстволық пен жершілдік, әр жаққа тартқылаған жайлар аз болған жоқ, нақты қожайыннан айырылып, "иесіз", тегін жатқан дүниедей көрінді. Шаруалардың бүкіл халықтық игіліктен сырт қалуы. қоғамдық мүдденің еңбеккерлердің жеке мүддесімен ұштастырылмауы барған сайын көбірек байқалды. Шаруашылықты жүргізудің өткен кездегі қалыптасқан жүйесі дамыту факторынан, оның ілгерілеуін тежейтін тұсауға айналды.
Осы жылдарда индустриялық дамудың, кәсіпорындардың көптеп салынуының нәтижесінде қоршаған ортаға орны толмас зиян келтірілді. Сырдария және Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы азайды. Бұрынғы жағасынан 60-120 шақырымға дсйін төмендеген, құрғап қалған жерлерінен құм, шаң, тұз көтеріліп, бұл өңірдегі халыққа өлім ұрығын септі. Ересек халық пен бала өлімі кобейді. Осындай жағдай Семей өңірінде де орын алды.
Семей және басқа полигондарда барлығы 500-ден аса ядролық қарулар жарылды. Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген зияны мен зардабы туралы ондаған жылдар бойы айтылмады. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары ионды радиацияның тұрақты сәулесіне ұшырады, әсіресе онкологиялық сипаттағы аурулар көп шықты. 1975-1985 жж. бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе өсті, бала туу азайғаны, жынданып ауру және өзін-өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей полигонынан басқа әр жылдарда Республика территориясында 27 жерде қуаты әртүрлі 38 ядролық жарылыс жасалды. Бұндай жарылыстар, әсіресе, Атырау облысында көбірек болды, мұнда жап-пай қырып-жоятын қарудың 17-сі сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндсгі полигондарда, қалғандары Ақтөбе, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жарылған. Бактериологиялық қарулар сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында жүргізілді.
Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық-техникалық негізін нығайтуда біраз жұмыстар істелді. Республикада мәдени объектілердің құрылысы жаңа типтік жоба бойынша, мектеп пен мәдени мекемелерінің алдына өмірдің өзі қойған жаңа талаптар ескеріле отырып жүргізілді.
Тоғызыншы және оныншы бесжылдық кезінде жана баспалар құрылды. Бұлар: "Қайнар", Қазақ Совет Энциклопедиясы, жастарға арналған "Жалын", "Өнер" баспалары. Республикада жылма-жыл қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей тілдерінде 30 миллиондай дана таралыммен 2 мыңға жуық кітап шығып тұрды. 70-80 жж. бес томдық "Қазақ ССР тарихы", он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі", он бір томдық монографиялық жұмыс - "Қазақстанның металлогениясы", тоғыз томдық "Қазақстанның өсімдіктері" және диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар жарық көрді. Бір жолғы тиражы 5 миллион дана мен 415 газет, ондаған журнал шығарылды.
Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көрсетті. Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар ұжымы істеді. Ондаған халық театрлары, ән-би ансамбльдері, қазақ ұлт аспапты халықтық оркестрлері, халық хорлары құрылды.
Қазақстан селоларында мәдени-бұқаралық жұмыстың мәдениет университеттері мен мектептері, көшпелі өнертану кафедралары, көркемдік шығармашылық бірлестіктер, атеизм автоклубтары және т.б. сол секілді жаңа формалары кеңінен тарады.
Село тұрғындарының тұрмысына телевизия, радио, баспасөз, кино бұрынғыдан да көбірек ене бастады. Ауыл мен деревняның мәдени дәрежесі Қазақстанның село зиялыларының сан және сапа жағынан едәуір өсуімен сипатталды. Орта есеппен бір колхоз бен совхозға 70-ші жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта білімі бар маманнан келді.
1970 жылға қарсы телевизия республиканың барлық облыстарына дерлік енді. Қазақстанда телевизияның 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ телевизия бағдарламасын тарататын және қабылдап алып қайта тарататын жүйелер істеді. 4 республикалық және 19 об-лыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орьтс, ұйғыр, корей тілдерінде жүргізілді.
1976 жылдың аяғында республикада 10282 кино қондырғысы болып, олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті. Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты. Мәселен, республиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 миллион 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 миллион 266,1 мың бала оқыды.
1970 жылы Қазақстанда 46 жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент білім алды. Студенттерді 160 мамандық бойынша әзірледі. Республиканың техникумдарында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986 жылы республикада жоғары оқу орындарының саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары оқу орындары мен техникумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбір 10 мың адамына 160 студенттен келді.
XX ғ. 60-80 жж. қазақ әдебиеті I.Есенберлиннің, Ә.Нұршайықовтың, М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, О.Сүлейменовтың, М.Шахановтың, Қ.Мырзалиевтің, Ф.Оңғарсынованың, Ә.Кекілбаевтің, О.Бөкеевтің және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш.Қалдаяқовтың, Л.Хамидидің, Н.Тілендиевтің, Ә.Еспаевтың, І. Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді. Ә.Қашаубаев негізін салып кеткен он өнеріндегі игі дәстүрді Б. Төлегенова, Е. Серкебаев, Ә.Дінішев, Р. Жаманова, Р. Бағланова, Р. Рымбаева т. б. жалғастырып байыта түсті. "Ботагөз", "Аққан жұлдыз", "Менің атым Қожа", "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі", "Бейбарыс сұлтан" кинофильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды. Бірақ экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да салқынын тигізбей қоймады. Республика экономикасының орталық ведомствоға бағыныштылары, мәдени сала-лардың мәселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны қалдық принцип бойынша бөлу көпұлтты Қазақстан мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің әсерін тигізді.
Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері мен кемшіліктері ұлттық қатынасқа да ықпалын тигізбей қойған жоқ. Мемлекет басшылығы ұлт мәселесінде ешқандай проблема жоқ, ол мүлтіксіз шешілген деп санады. Сөйтіп, ұлт мәселесін шешудегі табыстарды асыра бағалау орын алды. Ал іс жузінде ұлт мәселелері жүйесінде қайшылықтар, келеңсіз жағдайлар қордалана түскен еді. Оған 1922 жылы федерациялық мемлекет болып құрылған КСРО-ның іс жүзінде унитарлық мемлекетке айналып кетуінің үлкен әсері тиді. Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретіндс дамыды. Ұлттардың өзі-өзі билеуі өмірлік тәжірибеде ұмыт болды. Оған нақты дәлел ретінде 1937 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға 100 мыңға жуық корейлерді, 1939ж. КСРО-ның батыс шекарасынан 102 мың поляктарды күштеп қоныстандырылуын айтуға болады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы қызып тұрған кезде Еділ бойынан, Украинадан, Солтүстік Кавказдан жарты миллионға жуық немістер Қазақстанға жер аударылды. 1944ж. Кавказдан жарты миллионнан астам шешендср, ингуштар, қарашайлар, балкарлар, қалмақтар, қырым татарлары, ал 1948 ж. Грузиядан 27,7 мың месхеттік түріктер рсспублика жеріне күштеп көшіріліп келтірілді.
Бұл жылдары интернациоиализм түсінігі жаттанды идеологиялық құрсауда болатын. Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдалды. Міне, осымен байланысты интернационалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді, немесе оны бүтіндей алмастырды. XX ғ. 70-80 ж.ж. ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді, ұлт республикаларында тұратын халықтар мен ұлттардың дамуында орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау процесі жүрді.
Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеп соқтырды. Республикада кеңінен насихатталғап қос тілділік екі тілге бірдей қараған жоқ. Орыс тілін республика қазақтарының 60 пайызы меңгерсе, қазақ тілін орыстардың 1 пайызынан азы ғана меңгерді. Казақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық және әскери өмірде, сол сияқты жоғары мектептерде қолданылмады. Республикада шыққан кітаптардың 95 пайызы орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 пайызы эфирге орыс тілінде берілді.
Ұлт саясатындағы бұрмалаулар, саяси ахуалдың қаталдандырылуы, еркін ой-пікір айтуға өкіметтің төзбеушілігі республикада өзінің көлеңкелік жақтарын да көрсете бастады. Атап айтқанда, 1979 ж. жазда Ақмолада қазақтардың неміс автономиясын құруға қарсы шығуы ұлттық қатынастардағы қоза түскен қарама-қайшылыктың көрінісі еді. Мұнда жергілікті халықтың мүддесін есепке алмай, 1979 жылы көктемде Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитеті Саяси Бюросының мәжілісінде Қазақстанда неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылданды. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудандары беріліп, Ерейментау қаласын оның орталығы жасалмақ болып белгіленді. Неміс автономиялық облыс құру туралы мәлімет республикаға тез таралып, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. 1979ж. маусымның 16-күні Ақмолада қала жастары орталық алаңға жиналды. Олар «Қазақстан бөлінбейді», «Неміс автономиясы болмасын!» - деген ұрандар жазылған транспаранттар алып шықты. Мау-сымның 19-ы күні Ақмолада тағыда бір демонстрация болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 4 мыңдай адам қатысты. Демонстрацияға қатысушылар облыстың басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Ақмоладан кейін шағын митингілер мен демонстрациялар Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті. Сөйтіп, неміс автономиясын құру мәселесі аяқсыз қалды.
XX ғ. 70-80-ші жылдарында партияның жоғары эшелондарында сөз бен істің бірлігіне шақырған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі барып тұрған екіжүзділік үндеу еді. Өйткені оны басшы органдарында отырғандардың орындауы міндетті болмады. Талап тек қана республиканың төменгі буындағы коммунистерге бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Сондықтан Қазақстандағы төменгі партия органдарының қызметі де барған сайын жасандылыққа бой ұрды.
Сонымен, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеологияда да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде бұл жағдай барған сайын өрши түсті.
1.История
Казахской ССР с древнейших
времен до наших дней в 5-
2.Назарбаев Н.А. В потоке истории. Алматы: «Атамұра».1999ж.
3.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994ж.
4.С.У.Жауымбаев. Қазақстан археологиясы. Қарағанды 2004 жыл.
5.К. Ақышев.
Қазақстанның көне алтыны.
Информация о работе Республиканың қоғамдық-саяси және мәдени дамуындағы жағдай