Оралмандардың көші-қонындағы кейбір мәселелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 19:19, статья

Краткое описание

В данной статье автор рассматривает вопросы миграции репатриантов. К тому же автор указывает количество и особенности расположения репатриантов по области.

Файлы: 1 файл

Макала 3 (2).docx

— 29.88 Кб (Скачать)
 

Оралмандардың көші-қонындағы кейбір мәселелер  

      Әлеуметтік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болған Қазақстан  Республикасы өркениетті қоғам сипатына сай шет елде тұрып жатқан қазақтарға қамқорлық жасауды  мемлекеттік  саясаттың құрамды бөлігіне айналдырды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев дүниежүзі  қазақтарының құрылтайында «...Өз жерімізде  өзіміз қырғынға ұшырап, өз жерімізде  өзіміз қуғынға түстік. Мыңдаған жандар қырылып, мыңдаған жандар атажұртын  тастап кетуге мәжбүр болды, 1932 -1933 жылдарда қазақ даласында болған адам айтса  нанғысыз ашаршылық, 6  миллиондай халықтың 2,2 миллионы айдың – күннің аманында опат болған, сталиндік репрессия  жылдарында аяулы да абзал азаматтарымыздың  жойылғаны – большевизмнің бетіне басылар қара таңба, біздің ғасырлар бойы ұмытпайтын қасіретіміз», - деп  көрсетті. Осыған орай Қазақстан Тәуелсіздігін  жариялаған күннен бастап өзінің әлеуметтік – экономикасын қалыпқа келтіре  бастаған уақытта алыста жүрген қандастарын  өз еліне шақыра бастады. Шеттен келген қандастарымызды ғылыми тілде  «репатрианттар»  деп атай бастады. Бұл терминге қысқаша  түсінік беріп кететін болсақ. «Репатриация» дегеніміз - шетел территориясында өмір сүріп жатқан отандастарымыздың өзінің тарихи Отанына оралуы. 1997 ж. қабылданған «Халықтың көші-қон туралы» заңында алғаш рет шеттен келген отандастарымызға оралман анықтамасы қолданылды. Бұл заңда айтылғандай: «Репатриант (оралман) – кезінде саяси қуғын-сүргін актілері заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат – өзге де іс-әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған және азаматтығынан айырылған, Қазақстан еліне  қайтадан тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған қандастардың тобы жіне олардың ұрпақтары» . Ал 2003 ж. наурызда «Халықтың көші – қон туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Заңның 1-бабына сәйкес оралман дегеніміз ұлты қазақ, азаматтығы жоқ, Қазақстанда тұрақты мекендеуге келген шетелдік қазақтар болып табылады[1].  

      Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша  отандастарымыздың тарихи отанына  оралу үдерісі, яғни репатриация  үдерісі еліміздің тәуелсіздікке  қол жеткен алғашқы кезінен бастау алады.

      Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан тағдыр тәлкегімен шетелге шашырап кеткен қандастарымызды  еліне оралтуға жағдай жасап, мемлекетіміз бұл бағытта ерекше үрдісті саясатты жүзеге асырды. 1991 жылдан бері бүгінгі  есеп бойынша елімізге 1 млн.- ға жуық этникалық қандастарымыз келген. Бұлардың 790 мыңы Көші-қон комитетінің  тізіміне еніп, тіркеуден өтіп, оралман  мәртебесін алды. Ал қалған 200 мыңдайы  өз күшімен көшіп келгендер. Жалпы, Қазақстан әлемдегі өз қандастарын Отанына қайтаруға күш жұмсап, жағдай жасап, арнайы саясатқа басымдық беріп отырған 5 мемлекеттің біреуі болып табылады[2].

      Енді  Оралмандардың көшінің бастапқы кезеңіне көз жүгіртіп көрсек. 1992-1993 жылдары екі мыңнан астам оралман отбасыларына жергілікті басқару органдары, шаруашылықтар мен тұрғындар тарапынан әжептәуір көмек көрсетілді. Бұл ретте әрбір оралман отбасына 10 басқа дейін қой, бір-бір жылқы мен сиыр, бір жолғы жәрдемақысы және көшкендегі көлік шығындарына өтемақылар берілді. Бұрынғы ұжымшарлар мен кеңшарлар,  сонымен қатар Еңбек министірлігінен бөлінген қаражат есебінен тұрғын үйлер сатып алынды.

      Ал  1993 – 1996 жылдары көші – қон шаралары Қазақстан Республикасының Еңбек министірлігі жанындағы халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қоры арқылы қаржыландырылды. Одан кейінгі 1997 – 1998 жылдары бұл міндет жергілікті бюджетке жүктелді. Ал 1999 жылдан бастап оралмандарға көмек республикалық бюджеттен берілетін болды.

      Негізінен 1992 жылы Түркістан қаласында өткізілген бүкіл дүниежүзі қазақтарының алғашқы Құрылтайы үлкен тарихи оқиға болды. Сол кезден бастап тарихи отанына оралуды армандаған қандас бауырларымыздың тобы молая түсті. Бүгінгі таңда 5 миллионнан астам қазақ республикамыздан тысқары жерлерде жүрсе, соның 180 мыңы туған топырағына тәуелсіздік алған кезеңнен бері қадам басты[3]. Әрине, жағдайлары мәз болмағанымен, басым көпшілігі табанды түрде тұрақтап қалды. Қазіргі кезеңде репатрианттардың қоныстану бойынша еліміздің облыстарын  ішінен Оңтүстік облыс бірінші орында. Ата - баба жеріне аңсап жеткен оралманның 36.200 7900 отбасы Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Мәселен Мақтарал ауданына – 2782 отбасы, Сары –Ағаш ауданына – 2506 отбасы, Шымкент қаласына – 677 отбасы, Түлкібас ауданына – 495 отбасы, Түркістан қаласына – 412 отбасы, Шардара ауданына – 308 отбасы, Қазығұрт ауданына – 336 отбасы, басқа да қала мен аудандарға – 372 отбасы бөлінген. Түркістан қаласын алып қарайық. Қазіргі кезде қала халқының саны – 175 мың. Оның ішінде қазақ халқы – 93 мың, 54% құрайды. өзбек халқы – 42,7 %, орыстар – 1,5%, қалғаны өзге ұлт өкілдері [6]. Негізінде Оралмандар қалаға 1993 жылдан көшіп келе бастаған. Бүгінгі таңда 2066 оралман Түркістан, Достық, Ынтымақ елді мекендеріне орналасқан. Қандастарымыздың басым көпшілігі Иран, Түркия, Ауғанстан, Моңғолия, Қытай мемлекеттерінен келгендер. (Бұл мәліметтер Түркістан қаласындағы «Статистика» және «Көші – қоны және демография» бөлімдерінен алынды).   Қазіргі уақытта, Президентіміздің Жарлығымен бекітілген көшіп келу квотасы жылдан жылға өсіп келе жатыр. Мысалы, 2000 жылы 500 отбасына; 2001 жылы 600 отбасына; 2002 жылы 2655 отбасына; 2003 жылға 5000 отбасына бекітілсе, ал 2004 жылға 10000, 2005 жылға 15000 отбасына квотаны кобейту жоспарланған. Мемлекет елдің экономикалық хал-ахуалын есептей келе әр жылға сырттан кошіп келетіндердің квотасын белгілейді. Квота деген-заң. Ол мемлекеттік тапсырыс. Орындалуы міндетті. Сонымен, кейбір дерек бойынша, Қазақстанға бір миллиондай қазақ қоныс аударса оның 200 мыңы квота бойынша, 800 мыңы өз күшіне сүйеніп жеткен. 2003 жылы Қазақстан 5 мың отбасын квота бойынша қабылдады. Оның ішінде Өзбекстаннан-4096; Ресейден-492; Түркменстаннан-91; Қытайдан-76; Ауғанстаннан-65; Моңғолиядан-52; Түркиядан-40; Йраннан-38; Қырғызстаннан-10; Тәжікстаннан-10; Пәкістаннан-10; Түркиядан-40, Моңғолиядан-52, Ресейден-492 отбасын көшіріп алу белгіленіп, бұл шын мәнінде ұлтымыз үшін, ұлысымыз үшін елең етерлік оқиға болды[2]. Өйткені бұған дейін квота тым аз бөлінетін еді. Осылардың ішінде көріп отырғанымыздай Орта Азиядан келетін оралмандардың саны біршама қомақты.

      Оның  ішінде Орта Азиядан келген репатрианттардың Оңтүстік Қазақстан облысы ең көп  қоныстанып жатқан облыстардың бірі. 1991 жылдан 2008 жылдың 1 қаңтарына дейінгі  мәліметтерге сүйенсек 21 алыс және жақын  шетелдерден қоныс аударған оралмандардың  саны 44545 отбасына жеткен. Ендеше осы  бірнеше облысқа жеке тоқталып өтсек. 

      Біріншіден  Оңтүстік Қазақстан облысына көшіп  келушілер негізінен Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан  және Қырғызстандағы ағайындар. Олардың ішінде Өзбекстаннан келетін ағайындар басымдық танытып  отыр. Енді осы аталған мемелекеттерден  келген репатрианттарға жекеше тоқталып өтсек.

      Ал, енді Өзбекстаннан көшіп келушілер  неліктен көп? Мұның басты  себебі   Көші-қон және демография  агенттігінің түсіндіруі бойынша, Қазақстан мен  Өзбекстанның арасындағы шекара түпкілікті айқындалып,   даулы   елді   мекендер   мәселесі   шешіліп,   екі  жақтың мемлекет аралық келісімге  қол қоюына байланысты.  Осыған орай Өзбекстанға   өткен   Оңтүстік   Қазақстан   облысындағы   Сарыағашқа іргелес   Түркістандық   қалашығының   төменгі   бөлігінің,   соңдай-ақ бұрын   Қызылорда   облысына   қараған    Нысан-1,    Нысан-2   және Баймұрат аудандарының тілек білдіруші  түрғындары бірінші кезекте көшіріліп  алынады.

      Өзбекстандағы жартылай өзбекке айнала жаздаған қандастарымыздың Қазақстанға ат басын бұрғаны күннен-күнге көбейе түсуде. Қазақтар ғана емес кейбір ұсақ ұлт өкілдері де қазақ болып жазылып Қазақстанға өткісі келеді. Өзбекстаннан келіп жатқан қазақтардың негізгі бөлігі, көбіне өзінің үйренген жылы климаттық жағдайына байланысты, бірінші Алматы облысына, екінші Оңтүстік Қазақстан облысына, үшінші Жамбыл облысына, төртінші Маңғыстау облысы жерлеріне қоныстанған. Мысалға, 1989-1998 ж.ж. аралығындағы статистикалық мәлімет бойынша; Оңтүстік Қазақстан облысында барлығы, 13605,    оның ішінде қалаға 3841, ауылға 9764 оралман; Жамбыл облысына барлығы 11149, оның ішінде қалаға 2648, ауылға 8501 оралман; [6].

      1999-2004 жылдардағы шараларды мысалға  келтірер болсақ, облыс аумағына  құрамында 13479 адамы бар 2749 оралман  отбасы көшіп келіп, өмір сүруде. Олардың 964 отбасы көшіп келу  квотасымен, 1785 отбасы квотадан тыс  өз беттерімен келгендер. 2002 жылы  Оңтүстік облысымызға Өзбекстаннан  көшіп келетін оралмандар үшін 100 отбасына квота белгіленген  еді. Ал, бірақ, сол жылы 1000 отбасы  өңірімізге көшіп келді. Олардың   көбісінің хал жағдайы мәз  емес. Еңбекке жарамдылары мамандықтары  бойынша жұмысқа орналаса алмаса, тұрғын үйдің тым қымбаттап  кетуіне байланысты баспаналы  болуы да қиындық туғызды. Сонымен  қатар 2004 жылдары аралығында облысымызға  13 алыс және жақын шет мемлекеттерден 6164 отбасы, яғни, 29 мыңнан астам оралман қоныс тепті. Олардың 79 пайызын Өзбекстаннан  келген қандастарымыз құрайды. [6]. Жалпы Тәуелсіздік алғаннан осы күнге дейін есеп бойынша Өзбекстаннан 122 771 отбасы көшіп келген. [4].

      Ал  енді, Түркіменстаннан 1989-1998 жылдардағы статистикалық мәліметтерді Қарастыратын болсақ, қазақтардың басым Көпшілігі  осы елмен көршілес Маңғыстау  облысы территориясына қоныстанған. Мұнда  барлығы 22746 адам келген. Оның ішінде қалаға 22118, ауылға 628 оралман орналасқан. Ал, Алматы облысына барлығы 1779, оның ішінде қалаға 238, ауылға 1541; Жамбыл облысына барлығы 1886, оның ішінде қалаға 622, ауылға 1264; Оңтүстік Қазақстан облысына 1011, оның ішінде қалаға 296, ауылға 715; Қызылорда облысына 38, оның ішінде қалаға 22, ауылға 16; Атырау облысына барлығы 35, оның ішінде қалаға 28, ауылға 7; Қарағанды облысына барлығы 35, қалаға 33, ауылға 2; Ақтөбе облысына барлығы 187, оның ішінде қалаға 77, ауылға 110; Қостанай облысына барлығы 26,  оның ішінде қалаға  10,  ауылға  16;  Түркменстаннан келген оралмандар қазіргі күнге дейін  жалпы алғанда 15 312 отбасын құрап отыр[4].

      Ал  Тәжікстаннан келен қандастарымыздың Қазақстанға орналасуына, санына келетін  болсақ, Қазақстанға Тәжікстаннан келген оралмандардың жалпы саны 5337 адам. Оңтүстік Қазақстан облысына барлығы 4357 қазақ келіп, оның ішінде қалаға 574, ауылға 3783; Жамбыл облысына барлығы 581, оның ішінде қалаға 97, ауылға 484; Алматы облысына барлығы 94,  оның ішінде қалаға  31,  ауылға 63; жалпы осы аталған елден келген қандастарымыздың саны қазіргі күнге дейін 2735 отбасын құрайды.

      Осы жағдайларға байланысты Қырғызстаннан  көшіп келіп жатқан оралмандар санына келетін болсақ, 1989-1998 жылдардағы статистикалық  мәлімет бойынша төмендегідей көрсеткіштерді көреміз, сонымен; Жамбыл облысына барлығы 1224 адам келген, оның ішінде қалаға 428, ауылға 796; Алматы облысына барлығы 390, оның ішінде қалаға 133, ауылға 257; Оңтүстік Қазақстан облысына барлығы 101, оның ішіңде қалаға 58, ауылға 43; Қарағанды  облысына барлығы 105, соның ішінде қалаға 89, ауылға 16; Шығыс Қазақстан облысына барлығы 90, оның ішінде қалаға 69, ауылға 21; Ақтөбе облысына барлығы 17, оның ішінде қалаға 12, ауылға 5; Ақмола облысына барлығы 33, оның ішінде қалаға 15, ауылға 18; Батыс  Қазақстан облысына барлығы 13, оның ішінде қалаға 8, ауылға 5; Атырау облысына барлығы 3 адам келіп, олардың барлығы  да қалаға орналасқан. Ал, Солтүстік  Қазақстан облысына барлығы 16, оның ішіңде қалаға 4, ауылға 12; Қостанай облысына барлығы 19, оның ішінде қалаға 10, ауылға 9; Қызылорда облысына барлығы 37, оның ішінде қалаға 20, ауъшға 17; Маңғыстау  облысына барлығы 21 адам келген, оның түгелі қалаға орналасқан; Павлодар облысына барлығы 24, оның ішінде қалаға 20, ауылға 4 оралман көшіп келген . Қазақстанға  Қырғызстаннан барлығы 2093 оралман  жоғарыда көрсетілген жылдар аралығында қоныстанған[6].

      Сонымен Екіншіден Алматы облысына тоқталатын болсақ  1991 жылдан   бастап   алыс  және   жақын шетелдерден    Алматы  облысына  30 мыңнан астам  отбасы  немесе 100 мыңнан  астам адам  көшіп келді.    Тек  қана  былтырдың  өзінде  облыстың түрлі   аймақтарына  4 598  отбасы  немесе 12 мың адам    қоныс тепті,  олардың дені   Өзбекстан,  Қытай, Моңғолия,  Ресей, Қырғызстан  және  Тәжікстаннан   оралған    оралмандар. 

      Ал  Батыс Қазақстан облысына келетін  болсақ, бұл облыс  бойынша көші-қон  департаментінің директоры Ғабдырашит Қарменовтің ҚазАқпарат тілшісіне  хабарлағанындай, өңірге оралмандар 1993 жылдан бастап келе бастаған. Бастапқыда 44 отбасы немесе жүзшақты адам ғана елге оралса, 2006 жылы 632 отбасы немесе 3542 адамға жеткен. Оралмандардың дені Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан елдерінен болғанымен, Украина, Қырғызстан, Тәжікстаннан да ат арытып жеткендер бар. Оралмандардың  басым көпшілігі, атап айтқанда, 2169 отбасы немесе 9786 адам Орал қаласына орналасқан. Сондай-ақ 768 отбасы немесе 4056 адам қалаға жақын Зеленов ауданын қолай  көрген. Қала маңындағы Теректі, Тасқала, Бөрлі, Ақжайық аудандарына қоныстанушылар баршылық. Сондай-ақ облыс орталығынан  алыстағы Шыңғырлау, Жәнібек аудандарына  сіңісіп кеткендер де бар.

      Жалпы 2007 жылы қоныс аударған 3820 отбасылардың құрамындағы 11327 адамның 1851 мектеп жасына дейінгі ( балабақшамен қамтылғаны 65), 3023 мектеп жасындағы балалар (барлығы  оқумен қамтылған), 5845 адам еңбекке  жарамды жаста (4091 жұмысқа орналасқан), 608 зейнеткерлер (601зейнетақы алады). Ал кәсіби дайындығы және білім деңгейіне  келгенде 506 жоғары білімі бар, 1007 кәсіби және 4298 жалпы орта білімі бар қандастарымыз  елге қайтқан. 2690 отбасы тұрған үймен  қамтылған: оның ішінде 1823 отбасы көшіп  келу квотасы арқылы, 840 отбасы өз қаржысына, 27 отбасына әлеуметтік тұрған үй берілген. 801 отбасына тұрғын үй салу үшін жер  телімдері бөлініп берілді.

   Қорыта келе жалпы алғанда, комитеттің деректеріне қарағанда, 2010 жылғы қаңтардың 1-індегі мәліметтер бойынша, Қазақстанда 201 мың 309 оралмандар отбасы немесе 789 мың 339 этникалық қазақтар өмір сүріп жатыр. Көшіп келген репатрианттардың көбі еліміздің Оңтүстік облысы және Алматы облысында қоныстанған.   Отанына оралған этникалық қазақтардың барлығы Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған мемлекеттік көмектерге ие болған[5]. 

      Ал 2011 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша  тәуелсіздік жылдарында елімізге 835491 адам көшіп келген. Оның ішінде 74 ғылым докторы, 213 ғылым кандидаты, 40777 жоғары білімді, 2509 аяқталмаған жоғары білімді және 93600 орта-арнаулы білімі бар азаматтар бар. Сонымен қатар Қазақстанның жоғары және орта-арнаулы оқу орындарында 5508 студент, дайындық курстарында 160 жас оқып жатыр. Ал 620 адам Қазақстанның Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарып жүр. Бұл деген үлкен күш[4].

Информация о работе Оралмандардың көші-қонындағы кейбір мәселелер