КСРО-да тоталитарлық режимнің орнауы, қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 15:16, реферат

Краткое описание

Ресейдегі Ақпан революциясы монархияны жойғанымен, елдің өміріндегі түпкілікті мәселелерді шешуге асыға қойған жоқ. Соғыста ақырына дейін жеңу ұстанымын көздеген Уақытша буржуазиялық үкімет майданға миллиондаған солдаттарын жіберіп жатты. Соғыстан титықтаған Ресейдің селолары мен қалаларының еңбекші бұқарасы 1917 жылдың күзінде Уақытша буржуазиялық үкіметтің саясатына жаппай наразылықтарын білдірді. Майдандағы солдаттардың басым көпшілігі және Ресейдегі халық бұқарасы: Барлық билік Кеңестерге! Деген большевиктік ұранды қолдады. Сондай-ақ большевиктердің қатары да жылдам өсті

Оглавление

Жоспар:
Қазан төңкерісі және Ресейде большевиктердің билікке келуі.
Кеңес үкіметінің алғашқы жүргізген шаралары.
«Жер туралы»Декрет.
Азамат соғысының және интервенцияның басталуы.

Файлы: 1 файл

000.docx

— 19.21 Кб (Скачать)

КСРО-да тоталитарлық режимнің орнауы, қалыптасуы.

 

Жоспар:

  1. Қазан төңкерісі және Ресейде большевиктердің билікке келуі.
  2. Кеңес үкіметінің алғашқы жүргізген шаралары.
  3. «Жер туралы»Декрет.
  4. Азамат соғысының және интервенцияның басталуы.
  5. Большевиктердің ұлт саясаты.

 

Қазан төңкерісі  және Ресейде большевиктердің билікке  келуі.

Ресейдегі Ақпан революциясы  монархияны жойғанымен, елдің өміріндегі түпкілікті мәселелерді шешуге асыға  қойған жоқ. Соғыста  ақырына дейін  жеңу  ұстанымын көздеген Уақытша  буржуазиялық үкімет майданға миллиондаған солдаттарын жіберіп жатты. Соғыстан титықтаған Ресейдің селолары мен қалаларының  еңбекші бұқарасы 1917 жылдың күзінде  Уақытша буржуазиялық үкіметтің  саясатына жаппай наразылықтарын білдірді. Майдандағы солдаттардың басым көпшілігі  және Ресейдегі халық бұқарасы: Барлық билік Кеңестерге! Деген большевиктік ұранды қолдады. Сондай-ақ большевиктердің  қатары да жылдам өсті. 1917 жылдың қазан  айында 350 мыңға жуық адам болды. Барлық жерде большевиктердің басшылығымен Қызыл Армия қосындары құрылды. Большевиктердің басты күштері  Петроградта шоғырланды. 12 қазанда  Петроград Кеңесі қарулы көтерілісті  тікелей даярлап өткізу және өкіметті басып алу үшін Әскери-революциялық комитетті сайлады.

 Астанада қарулы көтеріліс  жеңіске жетті. Билік Әскери-революциялық  комиттетің қолына өтіп, оны кеңестердің  ІІ Жалпыресейлік съезіне табыс  етті. ІІ съезд бүкіл биліктің  Ресейде жұмысшы, солдат және  шаруа депутаттарының кеңесіне  өткенің жариялады. Съезд шешімімен  ол Халық Комиссарлар Кеңесі  деп аталды. ХКК-нің төрағасы болып  В.И.Ленин сайланды.

 В.И.Ленин (Ульянов) (1870-1924 жж.) Симбирск қаласында, халықтық  училище инспекторының отбасында  дүниеге келген. Қазан университетінде  білім алды. 1891 жылы Петроград  университетінің заң факультетіне  экстерінді түрде емтихан тапсырып, оқуға түсті. 1893 жылдан бастап  партия мүшесі, әр түрлі революциялық  әрекеттері үшін тұтқындалып,  Шығыс Сібірде айдауда болды. 1900-1917 жылдар аралығында шетелде  эмиграцияда болды. Правда газетін  шығаруға ат салысты. Ресейге  1917 жылдың сәуір айында қайтып  оралды. Петроградта Қазан төңкерісін  даярлап, өткізуге басшылық жасады. Төңкеріс жеңгеннен кейін ХКК-нің  алғашқы төрағасы болып сайланды. 1917 жылдан бастап партияның ОК-і  саяси бюросының мүшесі болды.  Сонымен қатар ІІІ Коммунистік  Интернационалды құрушы және  Кеңес Республикаларын Федеративтік  мемлекетке біріктіру қағидаларын  тұжырымдап берді.

Кеңестік дәуір кезінде  В.И.Лениннің жеке тұлғасы мен атқарған істері бұрмаланып, кейбір жағымсыз қасиеттері айтылмады. Бүгінгі таңда Лениннің жеке тұлғасы мен жасаған істері қайта қарастырылуда, дегенмен де барлық пікірлер мынаған келіп саяды: Ленин  сияқты ұлы саясаткерлердің ешқайсысы  дүниежүзілік тарих барысын өзгертуге  мұндай ықпал жасай алған жоқ. 

Кеңес үкіметінің алғашқы жүргізген шаралары. Кеңестер съезі биліктің жоғарғы ұйымы-Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетін (БОАК) сайлады.

Қазан төңкерісінің табыстарын баянды ету, жұмысшы табының шаруаларымен одағын нығайту үшін бейбітшілік  қажет етеді. Жас кеңес мемлекетінің тұңғыш актісі бітім туралы Декрет болды. Бұл декрет бойынша Кеңес  өкіметі барлық соғысушы халықтар мен  олардың үкіметтеріне аннекциясыз  және өтемақысыз әділетті бітім туралы келіссөздерді бастауды ұсынды.

Жаңа өкімет императорлық-буржуазиялық Ресейдің ескі мемлекеттік басқару  жүйесін пайдалана алмады. Сондықтан  оны Кеңестік басқару ұйымдарымен  алмастыру қажет болды. Ескі министрліктер таратылып, ішкі істер, еңбек, жол қатынасы халық комиссариаттары құрылды, контрреволюциямен және іріткі салумен күресу жөніндегі Бүкілресейлік төтенше комиссия және жұмысшы –шаруа милициясы құрылды. Партия мемлекеттік аппаратқа саналы жұмысшылар мен белсенді қызметкерлерді және халық арасындағы сауатты адамдарды тартты.

1918 жылы қаңтарда кеңестердің  ІІІ Бүкілресейлік съезі Ресей  Кеңес Соцалистік Республикасын  Федеративті республикаға өзгерту  туралы шешім қабылдады. Федеративтік  қағида Кеңестік Ұлттық Республикалар  Одағының еріктілік негіздерін  заңдастырды.

«Жер туралы»Декрет. Жер туралы мәселе миллиондаған орыс шаруаларын қатты мазасыздандырды. Кеңестердің ІІ Бүкілресейлік съезі Жер туралы Декретті бекітті. Декрет помещиктік жеке меншікті тез арада және ақысыз жерге ауыстыруды жариялады. Сондай-ақ заң жерге,жер қойнауына, орман-суға және т.б. жеке меншікті жоюға, яғни меншіксіздендіруге шақырады. Жерді сатуға, сатып алуға және жалға беруге тыйым салынады. Болыстық жер комитеттері шаруалардың арасында жерді жан басына немесе еңбекке қабілетті адамдардың санына қарай бөлді.

Азамат соғысының  және интервенцияның басталуы. 1918-1920 жылдары Ресейде әр түрлі әлеуметтік топтар арасында саяси билік үшін қарулы қақтығыстар болып жатты. Көтерілістер Қазан төңкерісінде жеңіске жеткен большевиктер партиясы мен биліктен айырылған күштер арасындағы қарсыласу салдарынан азамат соғысына айналды.

    Ресейдегі азамат  соғысын 4 кезеңге бөлуге болады:

   -1918 жылдың көктемі  мен күзі аралығы;

   -1918 жылдың күзі -1919 жылдың көктемі;

   -1919 жылдың көктемі  -1920 жылдың көктемі;

   -1920 жылдың көктемі  мен күзі аралығы;

Бірінші дүниежүзілік соғыс  аяқталғаннан кейін Антанта елдері Кеңес мемлекетін тұншықтырып, жоюды  басты мақсат етті. Интервенттер Чехословакия корпусын жаңадан орнаған Кеңес  өкіметіне қарсы күш ретінде  пайдаланбақ болды. Қазан төңкерісі  азамат соғысымен ұштасып, жаңа саяси  биліктің жедел тұрақтануын қажет  етті.

 Кеңестік Ресей үкіметінде 1918 жылдың қаңтарында Қызыл Армия  тобын құру жөніндегі үкіметтің  нұсқауына сәйкес әскери бөлімшелер  құрыла бастады. Осыған сәйкес  Қызыл Армияға ерікті түрде  шақыру мен жұмылдыру қолға  алына бастады.

 Азамат соғысы жағдайында  Кеңес үкіметі төтенше саясатқа  көшуге мәжбүр болды. Кеңес  үкіметінің тарихында ол  әскери  коммунизм  саясаты деп аталды. Бұл саясат бойынша жаппай  еңбек ету міндеттелді. Қалалардағы  өнеркәсіп орындарына жұмысшылар  ақысыз еңбек етіп, тегін азық-түлік  пен көлікті пайдаланды. Астық  саудасына тыйым салынды. Ірі,  орта, шағын кәсіпорындар мемлекет  бақылауына алынды. Мемлекеттік  меншіктеу күшейді. Азық-түлікті  күшпен алу, сауда-саттыққа, нарыққа  тыйым салу, ақша айналымын тоқтату  басқа да төтенше іс-әрекеттер  кеңінен етек жайды. Әскери  коммунизм  саясаты әскери  әкімшілдік басқару жүйесінің  қалыптасуына түрткі болды.

1918 жылы қарашада болған  революция нәтижесінде Германия  жеңілгенің мойындап, тізе бүкті.  Осы жағдайды Кеңес үкіметі  пайдаланып, Брест бітімінің күшін  жойды.

1919 жылы Кеңес үкіметіне  зор қауіп тудырған шығыс аймақтардағы  А.В.Колчак күштері болды. Оны  талқандау үшін С.С.Каменов, В.И.Шорин,  М.В.Фрунзе бастаған әскери қосындар  шабуылға аттанды. 1919 жылы маусым  – қыркүйек айларында болған  кескілескен шайқаста Қызыл Армия  бөлімдері А.В.Колчак армиясын  талқандап, Қазан, Бугуруслан, Пермь,  Екатеринбург, Челябинск қалаларын  босатты. А.В.Колчак тұтқындалды.

1919 жылдың жазында генерал  А.И.Деникин бастаған ақ гвардияшыл  қосындар зор қауіп туғызды.  Кеңес үкіметі қауырт шаралар  қолданып, А.И.Деникин армиясын талқандау  жоспарын іске асыруды белгіледі.  Жаяу әскер бөлімімен қатар  С.М.Буденный бастаған бірінші атты әскер армиясы ақ гвардияшыларға қарсы топтастырылды. Жаудың бетін қайтарып, біржолата талқандау үшін Оңтүстік майдан тобы құрылды.

1919 жылдың қазан айында  Қызыл Армия Орел мен Воронеж  арасындағы аумақты қамтитын  майдан шебіне шабуылға шықты. 1920 жылы қаңтарда А.И.Деникин армиясының  қалған тобын Новороссийск портына  ығыстырып, үлкен жеңіске жетті.

1920 жылдың көктемінде  кеңестік Ресей мен Польша  арасында соғыс басталды. Польшаға  қарсы М.Н.Тухачевский бастаған  Батыс майданы құрылды. Батыс  майдан әскерлерінің шабуылы  Варшава түбінде сәтсіздікке  ұшырады. 1921 жылы наурызда  Польша  мен кеңестік Ресей Рига қаласында  бейбітшілік туралы бітімге қол  қойды. Азамат соғысының ақырғы  шайқастары Қырым түбегінде бекініп  алған К.Н.Врангель әскерлерімен  болды. М.В.Фрунзе бастаған кеңес  әскерлері 1920 жылы қазан айында  Врангель тобын талқандап, Кеңес  өкіметінің билігін тұрақтандырды. 1922 жылы қазанда Қиыр Шығыстағы  Владивосток азат етілді.

Большевиктердің ұлт саясаты. Ресей орасан зор көп ұлтты ел болды. 1917 жылға қарай Ресейдің тұрғын халқының 54 пайызын орыстан басқа халықтар құрады. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша ұлттық шеткері аймақтардың жағдайы біркелкі болған жоқ. Ұлттық шеткері аймақ халықтары орыс патшасының езгісінде болып,қашаннан бері өздерінің ұлттық азаттығы үшін күрес жүргізіп келді. Бірде-бір саяси партия ұлттық мәселеден тысқары қала алмады. 1917 жылғы қазан айына қарай большевиктер партиясы өздерінің бағдарламалық құжаттарында ұлттық мәселені шешудің тактикасы мен стратегиясын әзірледі. Ұлттық мәселе бойынша большевиктік бағдарламаның іс жүзінде іске асқан құжатының басы  Ресей халықтары құқықтарының Мәлімдемесі болып табылады. Мәлімдеме КСРО мен РКФСР-да ұлттық негізгі мәселелерді шешудің жолдарын жариялады.

    1. Ресей халықтарының  егемендігі мен теңдігі.

    2. Ресей халықтарының  дербес мемлекетті құрудан бөліп  алғанға дейінгі өзін-өзі еркін  билеу құқығы.

    3. Барлық және  кез-келген ұлттық, ұлттық діни  артықшылықтар мен шектеулерді  жою.

    4. Ресей аумағын  мекендеуші ұлттық азшылықтар  мен этнографиялық топтардың  еркін дамуы.

    Мемлекеттің ұлттық  саясатын жүзеге асыру үшін  арнаулы ұйым-ұлттар ісі жөніндегі  Ұлттық комиссариат құрылды.

КСРО-ның құрылуы. Азамат соғысы жылдарында әр түрлі кеңес мемлекеттері арасында әскери-саяси бейбіт қатынастар қалыптасты. Кеңес мемлекеттері бірлігін одан әрі тұрақтандыру мақсатымен мемлекеттік құрылымды өзгерту міндеті қолға алынып,осының нәтижесінде Кеңес Соцалистік Республикалар Одағын (КСРО) құру жөнінде пікір айтылды.

1922 жылы 30 желтоқсан күні  Мәскеуде кеңес республикаларының  І съезі шақырылып, Кеңес Соцалистік  Республикалар Одағын құру жөніндегі  Мәлімдеме мен келісім жарияланды.Одақтық  Орталық атқару комитеті сайланды. Бастапқы кезеңде КСРО –ның  құрамында РКФСР, Украин КСР-і,  Беларусь КСР-і, Кавказ Федерациясы  болды. Кейінірек оған Өзбек  КСР-і және Түркімен КСР-і (1925 ж.) Тәжік КСР-і (1929 ж.) Қазақ және  Қырғыз КСР-лері (1936 ж.) қосылды.

1936 жылы Кавказ Федерациясы  таратылып, Армения, Грузия және  Әзірбайжан Республикалары жарияланды. Олар тікелей КСРО-ның құрамына  енді.


Информация о работе КСРО-да тоталитарлық режимнің орнауы, қалыптасуы