I. 1905-1907 жылдарындағы бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 21:24, реферат

Краткое описание

1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды. Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт- азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1905-1907 жылдарындағы бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері
Бірінші Дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.
1916 жылғы көтеріліс
Қазақстандағы ақпан революциясы және оның Қазақстанға тигізген әсері
1917жылғы Қазан төңкерісі және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

srs.docx

— 49.63 Кб (Скачать)

                                               Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

  1. 1905-1907 жылдарындағы бірінші орыс революциясының   Қазақстанға әсері
  2. Бірінші Дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.

1916 жылғы  көтеріліс

  1. Қазақстандағы ақпан революциясы және оның Қазақстанға тигізген әсері
  1. 1917жылғы Қазан төңкерісі және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері

 

Қорытынды

          Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

</h3> 
  Кіріспе

1905—1907 жылдары Ресейде  бірінші орыс революциясы болып  өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды. Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт- азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-1907  жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Бұл деректер 5 томдық Қазақстан тарихы энциклопедиясынан және Мусин Чапайдың Қазақстан тарихы кітабынан алынды. Бірінші дүние жүзілік соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы жер көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген және орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық айналысқан аудандарда бәрінен де жақсы дамыды. Осы мәліметтер 5 томдық Қазақстан тарихы энциклопедиясынан алынды. 1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды. 1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты. Бұл деректер профессор Б.Ғ. Аяғанның “Қазақстанның қазіргі заман тарихы” атты кітабынан және Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы энциклопедиясының 4-томынан алынған. Мұстафа Шоқай айтқандай «1917 жылдың 12-16 наурыз күндерінде ескі тәртіп құлап, жаңа тәртіп орнағанын қуана қарсы алған біздер, ол кезде өзіміз зор қуанышпен қарсы алған осы жаңа тәртіп халқымыздың басына бұрынғыдан бетер қасірет әкелерін ойламаған едік. Біздің басымызға түскен жаңа қасіретті патшаның тақтан құлауы әкелген жоқ. Керісінше қарғыс атқан патшалық тәртіп біздің жаңа қасіретке душар болуымызға жағдай әзірлеп берді». 
Қазан төңкерісі 1917 жылы  25 қазанда Петроградта болған ірі  саяси , тарихи оқиға. Қазан төңкерісі туралы мәліметтер К.Рысбайұлының “Қазақстан Республикасының тарихы” атты еңбегінен және Қазақстан тарихы очерктерінен, сондай-ақ  Т.Елеуовтың “Установление и упрочение Советской власти в Казахстане” еңбегінен алынған.

1905-1907 жылдарындағы  бірінші орыс революциясының  Қазақстанға әсері

Бірінші орыс революциясы  кезінде патшалық тәртіпке қарсы күрескен ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының революциялық күресімен тығыз байланысты еді.

Қазақстан қалаларында  өткен жүмысшылар мен қызметкерлердің жиналыстарында Петербургтегі қарусыз жүмысшыларды 1905 ж. 9 қаңтарда аткылауға наразылық білдірді. Ереуіл кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек үшті қаржы жиналды. Өлкеде жұмысшылардың ереуілдері мен ставкалары, өсірмесе теміржол қатынасы орындарында неғұрлым кен, қанат жайды.  Революция жылдарында өлкенің темір жол тораптарында поездары жүрісі талай рет тоқтатылды, теміржолшылар өз еркімен 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. 1905 жылы ақпанда Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінін экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады. Павлодар мен Перонскіде қала еңбекшілері, Петропавлда темір жол депосының, Жосалы стадиясында құрылыс жүмысшылары ереуіл ұйымдастырды. Ал 1905 жылы қазан - желтоқсан айларындағы революцияның өрлеген кезеңінде құрылған Перовскінін, Петропавлдың, Оралдың және басқа станциялардың теміржол комитеттері өлкедегі жүмысшылар депутаттары Кеңестерімен бірдей іс жүзінде жаңа революциялық өкіметінің бастамасы болды. 1904 жылы пайда болған Сібір социал-демократиялық одағы, оның Омбы, Орынбор, Саратов комитеттері Қазақстан жерінде революциялық жұмысты күшейте түсті. Олар қалаларда, ауылдар мен өс кер кұрамаларында шаруаларды пролетариатпен одақтастыра отырып, патша өкіметі мен оңын жергілікті орғандарына қарсы күреске шақырған листовкалар таратты.

1905 жылы Қазан айындағы  Бүкіл ресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстанның барлық қалаларында шерулер, митингілер мен жиналыстар болып өтті. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Павлодардағы манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан және қазақтардан шымдан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Мысалы, Оралда Б. Қаратаев пен Ж. Сайдалин, Қарқаралыда А.Байтұрсынов пен М. Бекматовтар және т. б. ерекше белсенділік көрсетті, Қарқаралыдағы 1905 жылғы 15 қарашадағы үлкен саяси митингке казактардан, татарлардан, орыстардан және басқаларынан тұратын 400-дей адам катысты. Олар патша өкіметіне қарсы бірқатар талаптар қойды, отаршылық әкімшілікке қарсы күресуге шақырды. Кейіннен Қарқаралы оқиғасының басшылары қуғынға ұшырады. А. Байтұрсынов Орынборға, Ж. Акбаев Якутияға жер аударылды.

Патша өкіметі 1905 жылы 17 қазанда елдегі революциялық қозғалысты басу мақсатында арнайы манифест қабылдады. Бірақ бұл жоғары мәртебелі манифест жұмысшы қозғалысын бәсеңдеткен жоқ, кайта кейбір жерлерде күшейте түсті. Әсіресе, темір жол жұмысшыларының ереуілі өрістеді. Мәселен, Орынбор - Ташкент темір жолындағы поездардың жүрісі: солтүстік бөлігінде 1905 жылғы 14 қазаннан 20 қазанға дейінгі, ал оңтүстік бөлігінде 15 қазаннан 2 қарашаға дейін тоқтатылды. Мұнда жұмысшылар ереуілдерін Перовск революциялық комитеті басқарды. Комитеттің өкімімен Түркістан станциясынан Қазалы станциясына дейін поездардың. жүрісі тоқтатылды. Теміржолдарды басып-жаншу үшін Ташкентке патша әскерлері жеткізіліп, олар станция мен депоны басып алды. Бірақ жолдың оңтүстік бөлігіндегі қараша айындағы бас көтеру Перовск комитетінің табандылығы аркасында 16 қарашадан 9 желтоқсанға дейін созылды. Осындай тегеурінді ереуіл Орал станциясында да жүрді. 14 желтоқсанда Орал станциясы мен депосын патша әскерлері басып алды, осыған қарамастан жұмысшылар ереуілі 1905 жылдың 22-ші желтоқсанына дейін жалғасты.

Қазақ жұмысшылары  мен шаруалары патша өкіметіне  орыс жұмысшыларымен және қоныстанған  шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. Қазақ шаруалары ең алдымен жер, су үшін, теңдік, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жылы жазда Семей, Торғай және Орал облыстарында жер үшін толқулар болды. Баянауыл және Кереку уездерінен шаруалары ірі феодал Шормановтардың жерін тәркілеуді және оны жері бөліп беруді талап етті. Мұндай бой көтерулер Алтай округінде, Семей облысының - Қарқаралы, Торғай облысының - Ырғыз, Сырдария облысының - Шымкент, Әулиеата, Жетісудың - Жаркент уездерінде кең өріс алды. Патша өкімшілігі бүл аудандарға әскери отрядтар жіберіп басты.

Мөсекеудегі желтоқсан  қарулы көтерілісінің әсерімен 1905 жылы 11 желтоқсанда Успен руднигінде жұмысшылардың ірі ереуілі өтті. Ереуіл барысында орыс жұмыскері Петр Топорнин мен қазақ жүмысшысы Әлімжан Байшағыров басқарған «Орыс-кырғыз одағы» құрылды. Жұмысшылар өздерінің жалпы жиналысында қабылдаған талаптарын петиция» ретінде рудник басшысы Н. Фелльге тапсырды. Оның бірде-бір пункті қабылдан бағандықтан «Орыс-кырғыз одағының» шақыруымен рудникте ереуіл басталды. Рудник кеңсесі үстіне қызыл жалау көтерілді. Бұл ереуілді Қарағанды көмір кені орындарының жүмысшылары қолдады. Патша өкімшілігі бұл жерлерге әскери отрядтар жіберіп, ереуілшілерді жазалады. Успен руднигі жұмысшыларының ереуілі 1905-1907 жылдары Қазақстанда болған революциялық қозғалыс тарихында көрнекті орын алады. Яғни, ол өлкеде революциялық қозғалыстың ең жоғарғы шарықтаған кезі деп саналады.

1905 жылы Мәскеудегі  желтоқсан қарулы көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін революцияның шегінісі басталып, реакция шабуылға көшті. Ол Қазақстанда да өз көрінісін тапты. 1906 жылы 6 қаңтарда патшаның арнаулы жарлығымен Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Меллер-Закомельскийдің жазалау экспедициясы әкелінді. Алайда, осыған қарамастан 1906 жылдың маусымында Семей қаласының барлық кәсіпорындарының жүмысшылары бас көтеру жасады. 1907 жылдың наурызында Семей қаласындағы Мусиннің зауыты мен диірмені жұмысшыларының, Орал қаласындағы полиграфистерінің қысқа мерзімді бас кетеулері мен толқулары болып, олар 8 сағаттық жұмыс күнін, жалақыны арттыруды және т. б. талап қойды. Бүл жылдары өлкенің темір жол станцияларында да жекелеген саяси акциялар өткізілді. 1906 жылғы 14-16-ші шілдеде Қазалы станциясында, 7-ші тамызда - Петропавл станциясында, 20- тамызда Ақтөбе станциясында митингілер жүрді. Сөйтіп, мұның бәрі бүкіл Ресейдегі сияқты, Қазақстанда да 1906-1907 жылдарда революциялық, күштердің, өсірмесе жүмысшы қозғалысының патша өкіметіне қарсыласа отырып шегінгенін көрсетті.

1905-1907 жж. болған  революциялық қозғалыстармен байланысты Қазақстанда жұмысшылардың кәсіподақ ұйымдары бой көтерді. Алғашқылардың бірі болып Оралдағы теміржолшылардың кәсіподағы 1905 жылы карашада құрылды, оған Н. Смуров, Н. А. Покатилов және Н. И. Ульянов басшылық жасады. Оралда басқа да бірқатар кәсіподақ ұйымдары кызмет етті. 1906 ж. Орынбор - Ташкент теміржолшыларының кәсіподағы ен ірі ұйым болып саналды. Оның 6 мың мүшесі болған. Жалпы Қазақстан бойынша бірінші орыс революциясы жылдарында теміржолшыларды қоспағанда, жүмысшылар мен қызметкерлердің 20-25 кәсіподағы жұмыс істеді, олар жүмысшылар мен кызмет-керлердін жалпы санының шамамен 3,5 пайызын біріктірді.

Патша өкіметі  халықты революциялық қозғалыстан  бөліп шығару үшін, олардың өкілдері катысатын Мемлекеттік Дума шақыру жөнінде өзінің шешімін қабылдады. 1905 жылы желтоқсан айында I Мемлекеттік Думаны шақыру туралы патша үкіметінің жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 казак сайланды. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Күлманов. I Думаның көптеген депутаттарының патша үкіметінің саясатына қарсы шығуымен байланысты 1906 ж. 8 шілдеде ол қуып таратылды. Сол жылы тамыз айында II Мемлекеттік Дума шақырылды. Оған Қазақстаннан 14 депутат сайланды, оңын алатауы қазақ халқының өкілдері болды. Олар: Ш. Кыршығұлов - Ақмола облысынан, X. Нұрекенов - Семей облысынан, Б. Қаратаев - Орал облысынан, А. Бірімжанов - Торғай облысынан, Т. Алдабергенов - Сырдария облысынан, М. Тынышбаев - Жетісу облысынан.

Екінші мемлекеттік  Думада өлкенің социал-демократиялық ұйымынан барған депутаттар қазақ кедейленінін мүдделерін қорғап сөз сөйледі. Олар еңбекшілерден ауыр жағдайының себептерін, жер мәселесін шет аймақтарды отарлау саясатымен шешуге болмайтынын айтты. Мәселен, Б. Қаратаев өзінін мемлекеттік Думадағы сөзінде елдегі аграрлық қайшылықтарды өкімет шаруаларды далалық аймақтарға, соның ішінде Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарына көшіру арқылы шешкісі келеді деп көрсетті. XX ғасырдың басында казак жеріндегі отаршылықтың күшеюі ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуіне өсер етті. Бүл кезде қазақ ұлт интеллигенциясы өкілдерінің арасында Нетербор, Мәскеу, Варшава, Казан, Омбы, Орынбор жоғарғы оқу орындарын бітіргендерден либерал-демократиялық қозғалысы қалыптасты. Оның басында ірі саяси қайраткер, көрнекті экономист-ғалым, «Алаш» партиясының негізін қалаушы, кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Мемлекеттік думадағы мұсылмандар тобынын мүшесі Әлихан Бөкейханов тұрды.

Ұлттық қозғалыстың  Ө. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал-демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. Олар патша өкіметінің аграрлық саясатын қатты сынға алды, Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатын тоқтатуды талап етті. 1905 ж. қазанда ұлттық интеллигенция өкілдері Оралда бес облыстағы қазақтардың делегаттарының съезін өткізіп, онда олардың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының филиалын құрмақшы болды. 1906 жылы сәуір-мамыр айларында Семейде казактардың екінші съезі болып өтетті. Ол съезд қадет тердікі не жақын бағдарламаны мақұлдады. Оған өлкеге орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін бұрыннан тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тану, мектептер ашу және тағы басқа да талаптар енгізді. Олар ездерінің дін түту еркіншілігін алу, ұлттық мәдениетін дамыту, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен теңестіре жүргізу жөнінде мәселелер көтерді. Қазақ еңбекші бұрасынын 1905-1907 жылдардағы  ұлт-азаттық қозғалысы көп жағдайда ұйымдаспаған түрде өтті. Дегенмен жергілікті өкімет пен қарулы қақтығысқа дейін барзған қазақ кедейлерінін жекелеген толқулары еңбекшілердің патша өкіметіне, сондай-ақ жергілікті қанаушыларға қарсы күресте саяси төр бие мектебіне айналды. Сол мектептің тәжірибесін кейін олар ұлттық және әлеуметтік азаттық алу жолындағы күресте пайдаланды.

Бірінші Дүние  жүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан. 1916жылғы көтеріліс

XX ғасырдың басында  патшалық Ресейдің Орта Азияның шығыс аудандарымен Қазақстанды отарлауы өте күшті кар қынмен жүргізілді. Тек 1907-1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1917 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бүл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.</h4>

XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бүл кезде Түркістанда орыс поселкелерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (казак, өзбек, қырғыз және т. б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ-қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында кешіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 пайызынан астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдаланды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс-украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістірді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кенінен тарады.

1914 жылы патшалық  Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті өкімдерін және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына өктеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

Соғыс жылдары  тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің  қажеті үшін 38 мың шаршы метр киіз, 300 мың пүт ет, 473. 928 пүт балық, 70 мың жылқы, 12 797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, бай-құлақ шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.

Дүниежүзілік  империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа  алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым-салық жинауы өсті. Бүл кезде өр түрлі салықтардың 10-ға тарта түрі болды. 1916 жылы 3 миллиард сомға жаңа мемлекеттік заемға жазылу науқаны жүргізілді, ол да қазақ халқының мойнына ауыр салмақ болып түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен байланысты қазақ халқына тағы бір ауыртпалық - әскери салық салды. Оның өр түтінге көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгіленді.

Информация о работе I. 1905-1907 жылдарындағы бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері