Ермұқан Бекмахановтың Қазақстан XIX ғасырдың 20 – 40 жылдарында

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 17:32, реферат

Краткое описание

Жалпы кіріспеге тоқтала кетсек: XIX ғасырдың 20 -40 жылдары мүлде дерлік зертелмеген. Ал шындығында нақ осы отыз жылда қазақ халқының содан былайғы тағдырын айқындайтын оқиғалар болған еді. 20 – жылдарда патша үкіметінің билігі Қазақстанда мықтап тұрып орын алды, ал хан билігі бұл уақытта Орта жүзде « Сібір қырғыздары туралы жарғының» 1822 жылғы енгізуімен және Кіші жүзде 1824 жылғы реформамен жойылғантын.

Файлы: 1 файл

Ермұқан Бекмахановтың Қазақстан XIX ғасырдың 20.docx

— 29.37 Кб (Скачать)

Көтерісшілерді даладан  шетке ығыстыру мен оларды жақсы  қоныстарынан айырудың тікелей салдары  Кенесарының соңына ерген рулардың малдан жұрдай болуынан, көтерісшілер қосынындағы  аштық пен қайыршылықтан көрінді. Кенесарының көтерілісі түптеп келгенде, әскери күшпен емес, сол әскери күштің көмегімен жасалған өзгеше экономикалық қоршаумен басып – жаншылды, аштықтың шеңгелімен құрытылды деп айтуға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда Кенесары отрядының Қызғыздардан жеңілуі кездейсоқ болған құбылыс – тың . Көтеріліс онсыз – ақ басып тасталынатын еді.

Кнесарыны Қазақстанның негізгі  аймақтарынан бірте – бірте ығыстыру саясаты ұзақ уақытты қажет еткені түсінікті. Осы жағдай да жоғарыда аталған  жайттермен қосыла келіп, өкімет орындарының  бір қарағанда босаң көрінген тактикасының сырын және көтерілістік ұзаққа созылу себебін бере алады.

Алай да мұнан басқа  да себептері де болған, оларды айта кетуіміз керек. Патшалық басқару жүйесіндегі  кер тартпалық пен консерватизм осындай себептердің бірі, соның  салдарынан жергілікті өкімет көтерілісшілерге қарсы дер кезінде шара қолдана  алмады. Кез келген қадамды кез  келген ұсақ түсік істі Петербургтегі  әртүрлі министірліктермен келісіп  алу керек еді (Әскери  министірлікпен, сыртқы істер министірлігімен, Азиялық  Департаменттермен, Бас Штатпен  т.б.)  Ол кездегі қатынас жолдары  бойынша Орынбордан немесе Омбыдан  жөнелтілген қағаз Петербургке  жеткенше, ол қағазыңа жауап алғанша  апталаған, айлаған уақыт өтеді. Бұл екі арада оқиғаның бет  алысы өзгеріп, ол бойынша жаңа жарлық қажет болады, сөйтіп көтеріліспен жедел күресудің  орнына таусылмайтын кеңселік хат жазусуларымен айналысасың.

Бұған Орынбор әскери губернаторы  граф В.А. Перовский мен ерекше сібір  корпусының командирі князь Горчаков арасындағы шиеленіскен кикілжің де қосылған. Олар Кенесарының көтерілісіне түрлі көз қараспен қараған, осы  жағдайда патша өкімет орындары мен  әскери отрядтарының іс – қимылына едауір дәрежеде тосқауыл болған . соның  салдарынан бұл іске әскери министр  граф Чернышев арқылы Николай І патшаның өзі араласып, екеуінен Кенесарыға қарсы бірлесе қимылдауларын  талап етеді. Тек осыдан кейін  ғана – 1842 жылы – Кенесарыға қарсы  күш қоса аттанған. 6 жыл уақытты  текке жіберіп алған.

Өкімет орындарының Кенесарымен  күресте қолданған тактикасы  туралы мәселені тәмәмдамас бұрын көтеріліс  көсемінің көзін жоюдың тағы бір  жоспарына қысқаша тоқтала кеткен жөн. Әңгіме оның әскері ішінде тыңшы  жіберіп сатқындық жасау жолымен  Кенесарыны тірідей қолға түсіріп, көтерілісті басшысыз қалдыру жобасы жайында болып отыр.

Міне, осылайша, билік басындағылар ештеңеден де жиренбестен Кнесарының көзін құртуға тырысқан.

Кенесары көтерілісі жеңілі с тапты алайда қазақ халқының ұлт азаттық күресі тарихында  бұл көтеріліс ең құрметті орын алмақшы.

Бұл көтеріліс барлық 3 жүз  жұртшылығының көпшілігін патша  өкіметіне қарсы күреске көтеріп, қазақтардың ХІХ ғасырдағы ең ірі көтерілісі болып табылады.   Көтеріліс Қазақстанды түгелдей дерлік қамтыды және Қазақтардың  неғұрлым ұзаққа созылған көтерілістердің  бірі болды.

Бұқара халықтың отарлауға  қарсы пиғылын айқын көрсеткен  Кенесары көтерілісі қазақ халқының тарихында оңға бастар рөл атқарады.

Көтеріліс Бұқараны саяси  тәрбиелеудің тамаша мектебі болып  табылады. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары  болған бұдан кейінгі көтерілістер нақ осы күрестің негізінде дамыған. В.И. Ленин жазғандай: «Бұқараны шын  тәрбиелеу  бұқараның  өзінің дербес  саяси  және  әсіресе  революциялық  күресінен  ешқашан  бөліп алынуы мүмкін емес.  Қан алған тапты  тек күрес қана тәрбиелейді, тек  күрес қана оның күшінің шамасын  өзіне аңғартады, оның ой – өрісін кеңейтеді, оның қабілетін көтереді оның ақыл – ойын саралайды, оның ерік – жігерін шыңдайды».                                                                                                                                                                                    

 

       

     

 

 

  

 


Информация о работе Ермұқан Бекмахановтың Қазақстан XIX ғасырдың 20 – 40 жылдарында