Дін бағдарлама

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 10:40, реферат

Краткое описание

Діндер мазмұнындағы санғасырлық рухани құңдылықтарды білім мен тәлім-тәрбие жүйесіне ендіру, дәстүрлі діндердің ғасырлар бойы жинақтаған жасампаздық тәжірибесін жастарға беру-бүкілхалықтық қажеттілікке айналады.

Файлы: 1 файл

Дін бағдарлама.doc

— 96.00 Кб (Скачать)


Түсінік хат

 

Қазіргі Қазақстанның саясаты әлемде бейбітшілік пен конфессиялық келісім, рухани-парасаттылық құңдылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға бағытталған.

              Діндер мазмұнындағы санғасырлық рухани құңдылықтарды білім мен тәлім-тәрбие жүйесіне ендіру, дәстүрлі діндердің ғасырлар бойы жинақтаған жасампаздық тәжірибесін жастарға беру-бүкілхалықтық қажеттілікке айналады.

              Дінсіз қоғам болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс және қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні дүние жүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени және экономикалық салаларға дін бағыт-бағдар беретін күштің біріне айналып отыр. Қоғамның құрылымында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда дін қоғамға бағыт-бағдар береді, қоғамды біріктіреді.

              Дін адамға өзінің төңірегіндегі әлемді түсіну тұрғысынан өзіндік жүйе ұсынады. Соңғы кездері діни көзқарас төңірегіндегі түрлі ағымдар қоғамда дүрбелең туғызып, кең көлемдегі пікірталасқа өзек болды. Түрлі жамандықтары мен жиіркенішті қасиеттері болып тұратын мына заманда шыншылдықты, туралықты, отансүйгіштікті насихаттайтын ислам тәрбиесі халқымызға ауадай қажет. Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері бағдарламада негізгі орын алды.

              Бағдарламадағы материалдарды зерделеуде жалғасамдылық , тарихпен, әдебиетпен, өнермен, қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен байланыстардың болуы ескерілген. Бағдарламаның тәрбиелік әлеуетін күшейтуде оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыстардың  әртүрлі әдістері арқылы қол жеткізу мүмкіндіктері қарастырылған.

 

 

Мақсаты

 

Имандылыққа үйрету, тектілікке тәрбиелеу. Ислам дінің хақ екенін оқушыларға түсіндіру. Ислам тәрбиесінің қайнар бұлағы құран және хадис болып табылады. Қасиетті Құран кітабының негізігі қағидалары адамды жақсылыққа, тазалыққа, сенімге, қайырымдылыққа тәрбиелейтін түсіндіру.

 

 

 

Міндеттері

 

- Негізгі діндер мен конфессиялардың пайда болу тарихынан және олардың қазіргі таралуынан мағлұмат беру.

- Оқушыларға діндердің дүниетанымдық негіздерін ашып көрсету.

- Оқушылардың діни салауаттылығын көтеру арқылы олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту.

- Ой-өрісіне, сана-сезіміне залалды діни ағымдарды ажыратып, олардың таратылуына қарсы тұру қабілеттерін.     оқушылар бойында қалыптастыру.

- Діни сипаттағы төзбеушілікке негізделген кез келген сөз бен істі терең қарастырып, жүйелі талдай білу. және түпкі теріс ниетін анықтай білу.

- Әлемде бейбітшілік пен конфессияаралық келісім орнату аясындағы Қазақстан Республикасының ролін айқындау.

- Оқушылардың діни ағымдарға деген өзіндік көзқарастары мен ой-пікірлерін қалыптастырып, тиянақтай білуге тәрбиелеу.

- Өз халқының, әлемнің көп қырлы мәдениетін түсіну және бағалау, рухани келісім мен төзімділік идеяларын ұстана білу.

- Әлеуметтік дағдыларды қолдана білу, отбасында, қоғамда, басқа адамдармен бірлескен қызметте өзінің әлеуметтік рөлін орындай алуы.

- Дара тұлғаның еркін, үйлесімді дамуын және ойлау қабілетін арттыру.

- Оқушылардың үздіксіз ізденуге деген ынтасын іс-әрекеттік тұрғыда дамыту.

 

Р/c

Тақырыптары

Мақсаты

Өткізілу түрі

Мерзімі

 

 

І. Дін және заң.

Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер туралы заңнамасын, діни бірлестіктер қызметі мен жеке тұлғалардың діни қызыметінің негізгі бағыттарын ұғындыру.

 

 

1.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына түсінік беру.

 

Сынып сағаты

 

2.

Ислам діні туралы не білеміз?

 

Әңгімелесу

 

3.

Ислам дінінің моральдық – этикалық нормалары.

 

 

 

4.

Қарым-қатынас өлшемдері.

 

 

 

 

 

ІІ. Дін және мемлекет.

Жалпы адамзаттық рухани құңдылықтары қалыптастыру және олардың әлемдегі бейбітшілік пен келісім үшін өзара түсіністікке негізделген қоғам құруға белсенділікпен саналы атсалысуын арттыру.

 

 

1.

Дін – қоғамның ажырамас бөлігі.

 

 

 

2.

Тәуелсіз Қазақстан және Ислам.

 

 

 

3.

Дін – ел бірлігінің ұйытқысы.

 

 

 

4.

Қауіпті діни ағымдардан қорғана білеміз бе?

 

 

 

 

 

ІІІ. Дін және бірлік пен татулық.

Бір ұлт өкілдерінің жат діни ағымдарды ұстанып, жікке бөлінуі ауыр зардаптарға ұшырататынына туралы, дін бірлігі ұлттың бірегей-лігін сақтап, ділін, рухани құнды-лығын қорғауға септігін тигізетіндігі жөңінде түсінік беру.

 

 

1.

Ислам – бейбітшілік және қайырымдылық діні

 

 

 

2.

Қазақстан – татулық пен ынтымақты ту еткен ел.

 

 

 

3.

Ешнәрсеге, тіпті дінге де шектен тыс берілме.

 

Пікірталас

 

4.

Бірлік болмай, тірлік болмас.

 

 

 

 

 

 

IV. Дін және отбасы.

Ислам дінінің адамның абыройы мен ар-ожданың бәрінен жоғары қойып, отбасы бірлігін, ынтыма-ғын сақтауға күш салатындығын түсіндіру. Ислам дінінің басты мұраттарының бірі – отбасында тыныштықта өмір сүру екенің айта отырып, отбасын сүйе білуге тәрбиелеу.

 

 

1.

Мен және менің отбасым.

 

Тренинг

 

2.

Иманды ұл, инабатты қыз – елдің көркі.

 

Тәрбие сағаты

 

3.

Иман негізі дінді танып білудең басталады.

 

Әңгімелесу

 

4.

Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.

 

Өнеге сағаты

 

 

 

V. Дін және мәдениет.

Дін мәдениеттін құрамдас бөлігі, ал мәдениет әр ұлттың өзіне тән ойлау және өмір сүру салтының жүйесі болып табылатындығын түсіндіру.

 

 

1.

Ислам және өркениет.

 

 

 

2.

Қазақстан мәдениеті мен тарихындағы діндер.

 

 

 

3.

Қазақстандағы ислам мәдениетінің ескерткіштері.

 

 

 

4.

Діни мейрамдар.

 

 

 

 

 

VI. Дін және білім.

Діндер мазмұныңдағы рухани құндылықтарды білім мен тәрбие жүйесіне ендіру негізінде оқушыларды жан-жақты білімді болуға тәрбиелеу.

 

 

 

1.

Діни білім – тәрбие бастауы.

 

 

 

2.

Ғылым мен надандық.

 

 

 

3.

Адам болам десеңіз...

 

 

 

 

 

 

VII. Дін және ұлы тұлғалар.

Ислам діні ұлы тұлғаларды дүниеге әкелді. Осы рухани тұлғалардың ұлттың діни көзқарастарын жүйелеп берудегі қызметі туралы түсінік беру.

 

 

 

1.

Абайдың «Қара сөздері».

 

 

 

2.

Мақал-мәтелге айналған хадистер.

 

 

 

3.

Қожа Ахмет Иасауи діннің тәрбиелік мәні туралы.

 

 

 

4.

Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог

 

 

 

 

 

VIII. Дін және салт-дәстүр.

Халқымыздың бойында ғасырлар бойы жинақталған қасиеттердің айнасы іспеттес болған әдет ғұрыптар халықтың өмір салтын сай әрекет амалы екендігі туралы түсіндіру.

 

 

1.

Тыйым сөздердің мәні.

 

 

 

2.

Дін және қазақтың салт-дәстүрі.

 

 

 

3.

Қазақ жастары қалай киінген?

 

 

 

4.

Хиджаб және ұлттық киім.

 

 

 

 

ІХ. Дін және тазалық.

Тазалыққа қатты мән берген бірден-бір дін ислам діні екендігіне тоқтала отырып, ішкі және сыртқы жан дүние тазалығына тәрбиелеу.

 

 

1.

Тазалық – иманның жартысы.

 

 

 

2.

Дені саудың – жаны сау.

 

 

 

3.

Жан тазалығы дегенді калай түсінеміз.

 

 

 

4.

Имандылық негізі – тазалық.

 

 

 

 

 

Оқушыларға қойылатын талаптар

-         Өзара қарым-қатынасты, ынтымақтастық іс-әрекетті ұйымдастыру

-         Мұғаліммен бірлескен іс-шараларда белсенділік таныту.

-         Сынып сағаттарына белсене қатыса отырып өз өмірін құра білу.

-         Сынып сағаттарынан нені күтетіндігі, нені білгісі келетінін нақтылап жүру.

-         Мақсат көздей отырып қойылған жағдаяттық сұраққа жауап беруде өзіндік көзқарасын азаматтық белсенділік тұрғысынан білдіре алуы.

 



Информация о работе Дін бағдарлама