Қазіргі кездегі Иранның ядролық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 17:14, реферат

Краткое описание

Аннотация. Бұл мақалада Иран Ислам Республикасының ядролық саясатының даму тарихымен қоса аталмыш мәселенің халқаралық қауымдастықтағы өзектілігі де қарастырылады. Сондай-ақ, Иранның сыртқы саясаты, осы тақырып төңірегінде өрбіген саяси маңызы бар оқиғалар да аталып өтіледі. Халықаралық ұйымдардың аталмыш мәселе тұрғысындағы осалдығы сынға алынады. Сонымен әлем елдерінің назарын өзіне аударып отырған Иран мәселесі хақындағы еліміздің ұстанымы да назардан тыс қалмайды.

Файлы: 1 файл

Қазіргі кездегі Иранның ядролық саясаты.docx

— 27.00 Кб (Скачать)

Қайрат Ж.Қ.

Қазіргі кездегі  Иранның ядролық саясаты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті, корейтану кафедрасының 3 курс студенті

cnkz-girl@mail.ru

 

Аннотация. Бұл мақалада Иран Ислам Республикасының ядролық саясатының даму тарихымен қоса аталмыш мәселенің халқаралық қауымдастықтағы өзектілігі де қарастырылады. Сондай-ақ, Иранның сыртқы саясаты, осы тақырып төңірегінде өрбіген саяси маңызы бар оқиғалар да аталып өтіледі. Халықаралық ұйымдардың аталмыш мәселе тұрғысындағы осалдығы  сынға алынады. Сонымен әлем елдерінің назарын өзіне аударып отырған Иран мәселесі хақындағы  еліміздің  ұстанымы да назардан тыс қалмайды.

Кілт сөздер. Иранның атомдық энергетика саласының тарихы. Иранның қазіргі сыртқы саясаты. Елеулі оқиғаларға шолу.  Иран саясаттанушыларының пікірі. Қазақстанның ұстанымы. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ).

Ирандағы атомдық энергетика саласының жандануы, дерек көдеріне үңілсек, сәл ертеректен, яғни, М. Пехлевидің билігі тұсынан, Тегеран университетінде Атомдық орталықтың негізі қаланған кезден бастау алады. Сондай-ақ атом энергиясы саласындағы зерттеулер АҚШ-тың көмегімен жүргізілгенін де айта кеткен жөн. Иран 1957 Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану туралы АҚШ-пен келісім жасасқан болатын. 1967-1977 жж тек АҚШ ғана емес, Франция, Ұлыбритания, Италия, Бельгия және ГФР Ирандағы ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасына белсене қатысты. 1992 жылдың қыркүйек айында Бейжің қаласында Иран ҚХР  атомдық энергетика саласындағы ықпалдастық туралы хаттамаға қол қойды. Аталмыш келісім аясында Исфаханда Қытайдың ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Бірақ осы тұста АҚШ тарапынан Қытайға көп қысым көрсетілді. Ядролық зерттеу саласындағы Иранның тағы бір әріптесі Ресей болды. 1992 жылы Ресей Иранмен келісім жасады, нәтижесінде Иран жерінде бірнеше реакторлар салынып, Ресейде ядролық энергетика саласының ирандық мамандары дайындалды. Ирандағы ең үлкен уран кенінің шоғыры Йезд провинциясында, ал шағындары Исфахан, Азербайджан, Хоросан, Систан, Белуджистан жерінде орналасқан. Кейбір деректерге негізделсек, Ирандағы уран қоры екі реактордың тек жиырма жыл жұмыс істеуіне ғана жетеді екен. Алайда табиғи ураннан алынған уран концентраты бастапқы компонент ретінде қолдануға болады. [1]

Иранның ядролық энергетика саласындағы ғылыми-техникалық базасы аумақта ең қуатты саналады (Израильді есептемегенде). Иранда үш ядролық орталық бар: Тегеран ядролық ғылыми-зерттеу орталығы, Караджадағы ауылшаруашылығы мен медицинаның ядролық зерттеу орталығы, Исфахан ядролық зерттеу орталығы.

Халықаралық қауымдастықтың қауіптеніп отырғаны Иранның уран байыту мүмкіндіктері. Алайда сарапшылардың пікірі бойынша,  Иранның қазіргі ғылыми-техникалық әлеуеті мен МАГАТЭ-нің тексерістері Иранда өнеркәсіптік уран байыту технологиялары жоқ екендігін растады. Бірқатар  сарапшылар уран байыту жұмысы  Иранда құпия түрде жүзеге асырылып жатқанын алға тартады. [4]

2012 жылдың қаңтар айында Иранмен дамыған елдер (АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония және Канада) одағының арасындағы байланыс нашарлай түсті. АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Жапония жаңа санкциялармен қорқытты. Егер санкция жарияланар болса, Иран Ормуз бұғазын жауып тастайтынын ескертті. Ал АҚШ пен Франция тіпті соғыс жариялаудан да тайынбайтындарын айтты. Аустралия мен Жапония соғыс жариялана қалса АҚШ-қа жақтасатынын ашық айтты.

Ақпан айында Иран ядролық бағдарламаның сәтті жүзеге асып жатқанын мәлімдеді. Бұған дамыған елдер тағы да қарсылық танытты.  Айдың соңында АҚШ пен Аустралияның қысымымен Иранға МАГАТЭ сарапшылары ядролық қару өндіру барысын тексеруге  жіберілді. Алайда үш айдан кейін сарапшылар ел аумағынан аластатылды, сондай-ақ Иран үкіметі болашақта дипломатиялық келісімдер болмайтынын мәлімдеді. Пәкістан  соғыс жағдайында Иранға көмек көрсететінін жариялап қолдау көрсетті.

5 наурыз күні Вашингтон қаласында Иранның ядролық бағдарламасы туралы АҚШ, Израиль, Франция және Жапония қатысқан келіссөз өтті.Изариль премьер министрі келіссөз барысында сәуір айында Иранның Израиль аумағына ядролық шабуыл жасау әрекетін жоспарлап отырғанын айтып, дамыған елдерден Иранның ядролық қару өндіруін тоқтатуды өтінді.  26 наурыз күні Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында ядролық қорғаныс туралы бүкіл әлемдік конференция өтті. Аталмыш конференцияда Иран мен КХДР-ның ядролық бағдарламасы жайлы мәселе қарастырылды. Бірақ Сеул конференциясы еш нәтиже бере қоймады.

15 сәуірде АҚШ, Франция, Жапония қатарлы дамыған елдер Иранға өзінің одақтасы КХДР аумағында ядролық жарылысқа дайындалып жатыр деген айып тақты. Сәуір айында КХДР құрлық аралық баллистикалық зымыран сынағын жүргізді. Бұл жағдай әлем елдерінің назарын тағы ядролық қару мәселесіне аударды.

Мамыр айының 3-4 жұлдызында АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея Иран мен оның одақтасы КХДР-на қысымды күшейте түсті. Ал Ресей жағы болса, Иран мен КХДР аумағында соғыс басталып кету қаупі бар екенін ескертіп, аталмыш егемен елдер аумағына шетел әскерилерінің кіруіне жол бермейтінін мәлімдеді. Тіпті Владимир Путин Үлкен сегіздік саммитіне барудан да бас тартты.

Осы тұста Венесуэла мен  Иран алыс қашықтықтан әрекет ететін зымыран жасау жұмысына кірісті.

Қараша айында Иранда айына  43кг байытылған уран өндіре алатын «Фордо» жерасты комбинаты іске қосылды.  Желтоқсан айында АҚШ пен Франция келер жылы  Иран, Сирия және Малиге соққы беруге дайындалып жатыр деген қауесет пайда болды. Жапония ондай жағдайда Иранға шабуыл жасамайтынын мәлімдеді.

2013 жылдың қаңтар айында америкалық ғалымдар 2014 жылдың ортасында Иранның байытылған уран қоры бірнеше ядролық бомба даярлауға жететіні туралы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде кеш болмай тұрғанда Иранға қарсы санкцияны күшейту керектігі айтылған. [2]

Ал әлем елдерін толғандырып  отырған Иранның ядролық саясатына  қатысты Иран тарапы мынадай пікірде: «Британия мен Франция қатарлы елдер бір триллион доллар қаржы жұмсап өздерінің ядролық арсеналдарын жаңаландыру шараларымен іс жүзінде NPT шарты бойынша халықаралық міндеттемелерін аяққа таптап отыр. Сондықтан өз халқының қоғамдық пікірі мен халықаралық қоғамдастыққа жауапты болуы керек. Атомдық қарулардың болуы шынайы түрде бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіре алады. Сондықтан атомдық қаруларды өндіру мен таратуға тыйым салу уағдаластығының әлемді қамтитындығына берік болу кейбір елдерді бөліп қарау немесе екіұдайлыққа салынбауы керек маңызды тақырып болып табылады. Сол себепті ядролық қаруларды таратпау шартын қайта қарау конференциясының бірдей мақсаттың соңында болып, кез- келген атомдық қарудан ада әлем қалыптастыру бағытында барлық мүмкіндіктерді қолдануы қажет. Ядролық қаруы бар кейбір елдер осы қарулардың толығымен көзін құртудың орнына ядролық қаруларын шектеулі түрде қысқартуға тырысып бағуда». [6]

Қалай болмасын, Иранның ядролық  бағдарламасы шеңберіндегі жүргізіліп жатқан жұмысқа халқаралық қауымдастық  қатарында Иранға қарсылармен қатар, жақтаушылар да жоқ емес. Иран ұстанымын қолдайтын Ресей мен Қытайдан басқа, ірі дамушы елдер-ОАР, Бразилия, Венесуэла және Аргентина сынды елдер бар.[5]

Қазір әлемдік саясатың басты тақырыптарының бірі болып отырған ядролық қару мәселесін шешуді өз мойнына алған Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ). Алайда соңғы жылдары құрамына 140-тан астам ел мүше болып отырған агенттіктің өз беделін жоғалта бастағаны жасырын емес. Тек АҚШ-ның ығына жығыла беретін аталмыш агенттік Ирактың ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дау-дамайды шешуде қауқарсыздық танытқаны белгілі. Ал бүгінгі таңда Иранның ядролық бағдарламасы Батыс елдері шүйлігіп отырған өзекті мәселеге айналып отыр. Бірақ АҚШ бұл жолы да МАГАТЭ-нің айтқанымен санаспады. Иран Ислам республикасындағы бағдарлама бейбіт мақсатқа пайдалану үшін қолға алынғаны туралы айтылса да, АҚШ алған бетінен қайтар емес. Ал АҚШ-тың алға тартып отырғаны - Президент Эйзенхауэрдің 1953 жылы БҰҰ трибунасында айтқан «Атом тек бейбітшілік үшін!» деген ұраны. Міндетін орындау былай тұрсын, құзіретіне қол сұғылып отырған МАГАТЭ сынды БҰҰ жанындағы ұйымдарды реформалайтын кез келген сияқты. [8]

Каспий аймақтық бағытындағы Исламдық Иран Республикасының саясаты бірнеше  стратегиялық мүдделерімен анықталады. Біріншіден, аймақтағы мемлекеттермен қарым-қатынасты реттеу, яғни АҚШ  жасап отырған халқаралық оқшауланудан (изоляциядан) шығуға бағытталған ортақ саясат негізінде бірігу. Екіншіден, өзінің солтүстік шекараларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл мәселені Тегеранда Орта азиялық мемлекеттерде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де қажет мәселе деп қарастырады. Үшіншіден, аймақтағы елдермен сауда – экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты дамыту. Бұл салада Тегеран негізгі назарын Түркменістан, Қазақстан жєне Арменияға аударып отыр. [7]

Ал Қазақстан болса: «Ядролық қару қатері тарих қойнауында қалуы керек. Тегеран бізден сабақ алып, қорқыныш пен күдік емес, бейбітшілік еліне айналуы керек» деген ұстанымда. Ал өз кезегінде ресми Вашингтон да Иранмен келісімге келу мәселесінде Қазақстанның адал дәнекер бола алатынынан еш шүбаланбайды. [3]

Кейбір Қазақстандық саясаттанушылар  (Әзімбай Ғали) Иран мен АҚШ арасындағы алауыздық ушыға түссе де Қазақстанға еш қаупі төнбейтінін айтады. Керісінше, мұнай бағасы көтеріліп, Қазақстан экономикасы шарықтап дамуы мүмкін екенін алға тартады. Сондай-ақ, Иранның Қазақстанға Каспий мәртебесіне қатысты қойып отырған территориялық талабы бар екенін айта келіп, бұл тартыста Иранның жағына шығу Қазақстан үшін тиімсіз болатынын ескертеді. [9]

Шын мәнінде, бұл мәселеде шешілмей отырған екі түйткіл бар: біріншісі-халықаралық ұйымдардың айтқанымен санаспай, ядролық қару ұстану мен тартуды өзінің заңды құқығы деп есептейтін алпауыт алтылық болса, екінші бір түйткіл-сол алпауыттарды ауыздықтап, әлем елдерінің құқығын қамтамасыз етуде қауқарсыздық танытып отырған халқаралық ұйымдар мен органдар болып отыр.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Евгений Примаков. "Ближний Восток на сцене и за кулисами" (Москва, 2006 год)
  2. www.wikipedia.org
  3. Досым Сәтпаев: Қазақстан-ядролық келіссөздер өткізуге қолайлы ел (Eurasia View басылымы)
  4. http://www.azattyq.org
  5. http://www.inform.kz
  6. http://www.turkystan.kz
  7. http://www.km.ru
  8. http://abai.kz
  9. www.zhasalash.com

 

Iran's nuclear policy at the current time  Kairat Zh. K.

Abstract. This article details Iran's nuclear program and foreign policy. Also it’s referred to current issues relating to the political struggle between Iran and the Western countries.  Along with this shows obstacles to solve this problem. 

Ядерная политика Ирана  в текущее время   Қайрат Ж. Қ.

Резюме. В этой статье подробно рассматривается ядерная программа и внешняя политика Ирана. А также  
упоминается текущие вопросы касающихся политической борьбы между Ираном и Западных стран. Вместе с этим указывается препятствий решения данной проблемы.


Информация о работе Қазіргі кездегі Иранның ядролық саясаты