Қазақстан Моңғол кезеңінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2015 в 21:07, реферат

Краткое описание

1. Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы.
2. Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы.Ұлыстардың құрылуы.
3. Батыйдың (Бату) Европаға шабуылы . Алтын Орда.
4. Ақ Орда.
5. Моңғолдар жаулап алуының зардаптары.
6. Пайдаланған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

тарих СРО.docx

— 50.85 Кб (Скачать)

«Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.

Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады.

Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда – Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет.)

Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.                     

 Алтын  Орда өзін билеген хандары: 

 

Батый                           1242 – 1256 (1259) жж.,

Берке                            1257-1266 жж.,

Мөңке-Темір                1266-1280 жж.,

Туда Мөңке                  1280-1287 жж.,

Төле Бұқа                     1287-1291 жж.,

Тоқты                           1291-1312 жж.,

Өзбек                            1312-1342 жж.,

Жәнібек                        1342-1357 жж.

тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый моңғолдарға ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін тәуелсіз деп есептеді.

Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды.  

Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады.

1380 жылы Куликов  даласындағы зор шайқаста Алтын  Орданың Мамай бастаған қалың  қолын орыс князьдерінің жеңуі  Алтын Орданың құлауын тездетті.

XIV ғ. аяқ шенінде, яғни 1391 – 1395 жылдары Ақсақ Темір  Алтын Ордаға бас көтертпестей  етіп екі рет күйрете соққы  берді. Осыдан соң ол бірте – бірте ыдырай бастады. XV ғасырдың басында Тоқтамыс хан мен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы одан әрі қажытты. XV ғ бірінші жартысында онан бұлғарлар, казан (1445 жылы) мен Қырым (1449 жылы) бөлініп шықты. XV ғ ортасына қарай Астрахань, Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы құрылды. 1480 жылы орыс князьдіктері моңғолдардан толық тәуелсіздік алды.

Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады.

4. Ақ Орда

XIII ғасырдың ортасынан  бастап Алтын Орданың Шығыс  Дешті Қыпшақ аумағында — Ақ  Орда мемлекеті өмір сүрді. Бұрынғы Қыпшақ хандығының жері Ақ Орданың негізгі аумағын құрады.

Алғашқыда мемлекет Алтын Орданың құрамында болды. Түркі және түркіленіп кеткен жергілікті шонжарлардың саяси- экономикалық жағдайының нығаюы нәтижесінде, Ақ Орда XIV ғасырдың ортасында Алтын Ордадан біржола бөлініп шықты.

Ақ Орданың негізін қалаушы Орда Ежен (Жошы ханның үлкен баласы). 14 ғ 2 жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғарғы сатысына жетті.   Ақ Орданың территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солт. шығысынан  Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Шығыс Дешті Қыпшақ, Солтүстік-Шығыс Жетісу, Ертіс өңірі алғашқыда Жошының үлкен ұлы Орда Ежен ұлысына қарады және Көк Орда деп аталды. Ал Жайық, Ырғыз, Тобыл, Сарысу өзендері бойындағы иеліктер, Арал өңірі далалары, Сырдарияның төменгі ағысы Жошының басқа баласы —Шайбани ұлысы құрамына еніп, Ақ Орда деп аталынды.

Осылайша, XIV ғасырда Жетісудан басқа Шағатай мемлекетінің құрамына енген барлық аумақ іс жүзінде Ақ Орда құрамында- болды. Орталығы — Сығанақта орналасты. Ақ Орданы Орыс хан (1361—1376/77 жылдары), оның баласы Барақ (1423—1428 жылдары) билеген жылдарда Шығыс Дешті Қыпшақтағы қуатты мемлекетке айналды.

Ірі қалалары: Сығанақ, Йассы, Сауран, Жаркент.. Халқы өзбек қазақ. Алғашқы ханы: Сасы Бұға ( 1309- 1315). Мұрагері Ерзен хан. 1315 – 1320 жж қала өсіп, қолөнер өркендеді, сауда дамыды, ұлыстардың шекараларын белгілеп, басқаруға өз сұлтандарын қойды, ислам дінін нығайтып, мешіт медреселер ашты.    Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы  XIVғ. Екінші ширегінде Ерзен мен Мүбәрәкқожа тұсында басталды.Мүбәрәкқожа хан (1320-1344) Алтын Ордаға бағынбай, дербес саясат жүргізуді ойлады.

Ақ Орда — монғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этностық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым. Онда қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген халықтардан басқанаймандар, арғындар, үйсіндер, қарлұқтар, т.б. мекендеді.

1354-1364 жылдар аралығы билік  үшін тартыста он екі хан  қаза тапты.Орыс ханның (1364-1375) кезінде  Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ол 14 ғ 70 ж Астраханьды,(Қажы –  Тарханды), 1374 – 1375 жж Сарай –  Беркені алды. Кама бұлғарларының  жерін бағындырды.    Ақ Ордаға  Мәуреннахр билеушісі Әмір Темір  қауіп төндірді. Орыс хан өлтірген  Маңғыстау билеушісінің баласы  Тоқтамыс Әмір Темірді паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ  Ордаға жіберді. Ұрыс барысында  Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс  Орыстың баласы Темір Мәлікті  жеңіп, Ақ Орда билеушісі болады. XІVғ. 80жылдары Тоқтамыс Ақ Орда  мен Алтын Орда жерін түгел  бағындырып, Темірге тәуелсіздігін  жариялады. 1395 ж. Кавказдағы Терек  өзенінің аңғарындағы шешуші  шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты  жеңіп, Сарай Беркені қиратты.  14ғ. аяғы 15ғ. басында сыртқы саяси  ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. 1423-1428 жылдар Ақ Орда Орыс ханның немересі Барақ билік етті.

1428 ж. билікке Шайбан ұрпағы  Әбілхайыр хан келді.

5. Моңғолдар жаулап алуының зардаптары.

Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті.

Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды… жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған,» — деп жазды.

Қалалардың қирауы.Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс — хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Моңғол әскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып отырды. Араб және парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: «Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз». Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті.

Жетісуда шаруашылықтың құлдырауы.Моңғол феодалдарының үстемдігі орнағаннан кейін туған ауыр зардаптарының әсері ешбір ұрыссыз – ақ басып алынған Жетісу жерлеріне күшті тиді. Бірақ, жазба деректемелер мен археологиялық мәліметтер Жетісудағы қала мен отырықшы – егіншілік егісінің едәуір бүлінгенін, егістік үшін игерілген жерлердің өлкеде моңғол үстемдігі орнығаннан кейін алғашқы ондаған жылдарда – ақ жайылымға айналдырғанын дәлелдейді.

Француз королі  IX Людовиктің моңғол ханы Мөңкеге жіберген елшісі Рубрук моңғол шапқыншылығынан кейін 30 жылдан астам уақыт өткен соң, 1253-1255 жылдары Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатып, егіншілік егісінің бұзылғандығы туралы, Жетісу қалаларының, оның ішінде Іле аңғарындағы қалалардың ғайып болғандығы туралы алғашқылардың бірі болып дәлелдемелер қалдырып кеткен.

Ұлыстар құрылғаннан кейін Жетісуға моңғол көшпелілердің қалың топтарының келіп қоңыстануы салдарынан егіс танаптары, өңделетін жерлер күрт азайып, экономиканың көшпелі мал шаруашылығы секторы отырықшылық сектор есебінен күшейе түсті.

Елді мекендерді қирату, егістікті малға таптату, бау – бақшаны, ирригациялық жүйелерді жойып жіберу, отырықшы – егіншілікпен шұғылданатын халықтың қырылып, босып кетуі, оның көрші қалалармен және егіншілікпен шұғылданатын өлкелермен, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстанмен экономикалық байланысының күрт азаюы – осының барлығы Жетісудағы шаруашылықтың құлдырауына және қалалардың өмір сүруінің экономикалық негізінің әлсеруіне әкеп соқты.

Тоқырау мен материалдық жағынан ғана әсерін тигізіп қоймай, Қазақстан жеріндегі халықтардың қоғамдық жағынан рухани мәдениетінің дамуына үлкен кесел келтірді. Өйткені моңғол қоғамының даму деңгейі Қазақстандағы дамудың деңгейінен әлдеқайда төмен еді. Әскер күшіне сүйенген, жаулаушылыққа сай құрылған көшпелі әскери феодолизмнің шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына тәжеу жасады. Әсіресе, жаңадан халық болып қалыптасып келе жатқан халықтың құрамының шырқын бұзып, қазақ мемлекеттігінің пайда болу процесін екі ғасырға кешеуілдетті. Бұл шапқыншылық Қазақстан жеріне алым – салықтың ауыр зардабын, қайғы – қасіреттің, золық – зомбылықтың күшін орнатты.

Қорытып айтқанда, Шыңғыс – хан бастаған моңғол басқыншылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің кеселді зардабы жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. — Алматы: Атамұра,2007.

2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-

3. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т. б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965—33—633—4

 

 


Информация о работе Қазақстан Моңғол кезеңінде