1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 19:49, реферат

Краткое описание

1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды.

Файлы: 1 файл

1917 жылғы Ақпан буржуазиялық.docx

— 43.22 Кб (Скачать)

Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Сайып келгенде, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі "Алаш" қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды.

Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дәуірдегі Коммунистік  партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп  бағалап келді. Алайда, біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы, соған байланысты XX ғасыр  басындағы қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінде "ұлтшылдықтың", "буржуазияшылдықтың" ешқандай да белгісі болған емес. "Алаш" қазақ  халқының нағыз ұлттық демократиялық  партиясы болды. Сондықтан, қазіргі  де, болашақ ұрпақтың да санасында  оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық  тәуелсіздігін қалпына келтіру  жолындағы күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі әдебиеттер

1.Қазақстан тарихы. Очерк. 304-315-беттер.

          2. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 9-10-бөлімдер

3.Иностранная военная  интервенция и гражданская война  в Средней Азии и Казахстане: Сб. докум. Т.I. А., 1963; Т.II. 1964.

4.Образование Казахской  АССР: Сб.докум. А., 1957.

5.Елеуов Т. Установление  и упрочение Советской власти  в Казахстане. А., 1964.

6.Покровский С.И.  Разгром иностранных военных  интервентов и внутренней контрреволюции  в Казахстане (1918-1920 гг.). А., 1967.


Информация о работе 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы