Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенция

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:43, реферат

Краткое описание

Электр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен байланыс құралдарына әсер етіп, істен шығарады.
Жаппай қырып-жоятын қарулардың барлық түрлерiне тыйым салу мен оларды жоюды қоса алғанда, қатаң және тиiмдi халықаралық бақылау мен жаппай және толық қарусыздану бағытында тиiмдi прогреске қол жеткiзу мақсатында батыл iс-әрекет жасауға бел буып.

Файлы: 1 файл

Химиялық қаруды әзірлеуге.docx

— 73.66 Кб (Скачать)

 

байланысты және Құпиялылық жөніндегі  қосымшада жазылған ережеде 

сәйкестікте ғана пайдаланады.

     7. Әрбір қатысушы  мемлекет Ұйым мен оның барлық  функциясын 

орындауда ынтымақтастық жасауға  және атап айтқанда, Техникалық

хатшылыққа көмек беруге міндеттенеді.

    

                               VIII Бап

                                 Ұйым

    

     А. Жалпы ережелер

 

 
      1. Осы Конвенцияның қатысушы  мемлекеттерi осымен нысананы  жүзеге асыру және осы Конвенцияны  мақсаттары үшiн, оның сақталуын  халықаралық тексеру туралы ережелердi  қоса алғанда, оның ережелерiн  жүзеге асыруды қамтамасыз ету  үшiн, және қатысушы мемлекеттердiң  арасында консультациялар мен  ынтымақтастық үшiн форумды қамтамасыз  етуге Химиялық қаруға тыйым  салу жөнiндегi ұйымды құрады.  
      2. Осы Конвенцияның барлық қатысушы мемлекеттерi Ұйымның мүшелерi болып табылады. Қатысушы мемлекет өзiнiң Ұйымға мүшелiгiнен айрылуы мүмкiн емес.  
      3. Ұйымның штаб-пәтерiнiң мекен-жайы Гаага, Нидерландтар Корольдiгi болып табылады.  
      4. Ұйымның органдары ретiнде осымен: қатысушы мемлекеттердiң Конференциясы, Атқарушы кеңесi және Техникалық хатшылығы құрылады.  
      5. Ұйым өзiнiң осы Конвенцияда көзделген тексеру жөнiндегi қызметiн мүмкiндiгiнше оның мақсаттарына уақтылы және тиiмдi жеткiзумен сиысымды мүмкiндiгiнше аз интрузивтi түрде жүргiзедi. Ол осы Конвенция бойынша оның мiндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi мәлiметтер мен деректердi ғана сұрайды. Ол осы Конвенцияны жүзеге асыру барысында өзiне белгiлi болған азаматтық және әскери қызмет және объектiлер туралы құпия ақпаратты қорғау үшiн барлық сақтандыру шараларын қолданады, және, атап айтқанда, Құпиялылық жөнiндегi қосымшада жазылған ережелердi сақтайды.  
      6. Тексеру жөнiндегi өзiнiң қызметiн жүргiзу кезiнде Ұйым ғылыми-техникалық жетiстiктердi пайдалану жөнiндегi шараларды қарайды.  
      7. Ұйымның қызметiне байланысты шығыстарды қатысушы мемлекеттер Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жарналар шкаласына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының құрамына мүшелiктегi айырмашылықтар ескерiле отырып түзетiлген және IV және V баптардың ережелерiн ескере отырып өтейдi, қатысушы мемлекеттердiң Дайындық комиссиясына арналған қаржы жарналары олардың жүйелi бюджетке жарналарынан тиiстi түрде шегерiледi. Ұйымның бюджетi екi жеке тараудан тұрады, оның бiрi әкiмшiлiк және өзге де шығыстарға, ал екiншiсi - тексеру жөнiндегi шығыстарға қатысты.  
      8. Ұйымға қаржы жарналарын төлеу бойынша берешегi бар Ұйымның мүшесi, егер оның берешегi өткен толық екi жыл үшiн оған есептелген жарналардың сомасына тең болса немесе одан асса, Ұйымда дауыс беру құқығынан айырылады. Қатысушы мемлекеттердiң Конференциясы қалайда, мұндай мүшеге, егер ол мұндай төлемнiң мерзiмiнен өтiп кетушiлiгi өзiне қатысы жоқ жағдаяттар бойынша болғандығын мойындаса, дауыс

 

беруге қатысуға рұқсат етедi.

    

     В. Қатысушы мемлекеттердің  конференциясы

    

     Құрамы, рәсiмдерi мен  шешiмдер қабылдауы

     9. Қатысушы мемлекеттердiң  Конференциясы (бұдан әрi - "Конференция" 

деп аталады) осы Ұйымның барлық мүшелерiнен тұрады. Әрбiр мүшенiң 

Конференцияда бiр өкiлi болады, оған орынбасарлар мен кеңесшiлер iлесiп 

жүре алады.

     10. Конференцияның бiрiншi сессиясын осы Конвенция күшiне 

енгеннен кейiн депозитарий 30 күннен кешiктiрмей шақырады.

     11. Конференция, егер  ол өзге шешiм қабылдамаса,  жыл сайын 

өткiзiлетiн кезектi сессияларға  жиналады.

     12. Конференцияның арнаулы  сессиялары:

     а) Конференцияның  шешiмi бойынша;

     b) Атқарушы кеңестiң  өтiнiшi бойынша;

     с) мүшелердiң үштен  бiрi қолдайтын кез келген мүшенiң  өтiнiшi

бойынша; немесе

     d) осы Конвенцияның  қолданылуын қарау үшiн 22-тармаққа  сәйкес

шақырылады;

 

 
      е) тармақшасында көрсетiлген  жағдайларды қоспағанда, арнаулы  сессия егер өтiнiште өзгедей  көрсетiлмеген болса, Техникалық  хатшылық Бас директорының өтiнiшi  алынғаннан кейiн 30 күннен кешiктiрiлмей  шақырылады.  
      13. Конференция сондай-ақ ХY баптың 2-тармағына сәйкес түзетулердi қарау бойынша Конференция нысанында шақырылады.  
      14. Конференцияның сессиялары, егер Конференция өзге шешiм қабылдамайтын болса, Ұйымның тұрған жерi бойынша өткiзiледi.  
      15. Конференция рәсiмдердiң өз қағидаларын қабылдайды. Әрбiр кезектi сессияның басында ол өзiнiң Төрағасын және басқа да қажеттi лауазымды адамдарды сайлайды. Олар лауазымға жаңа Төраға мен басқа да лауазымды адамдарды сайлағанға дейiн келесi кезектi сессияда болады.  
      16. Ұйымның мүшелерiнiң басым көпшiлiгi Конференцияның кворумын құрады.  
      17. Ұйымның әрбiр мүшесiнiң Конференцияда бiр дауысы болады.  
      18. Конференция рәсiмдiк мәселелер бойынша шешiмдердi дауыс беруде болған және оған қатысқан мүшелердiң жай көпшiлiк дауысымен қабылдайды. Мән-жайы бойынша шешiмдер мүмкiндiгiнше бәтуәмен қабылдануы тиiс. Егер қандай да болмасын мәселе бойынша бәтуәға келуге қол жеткiзiлмесе, онда Төраға кез келген дауыс берудi 24 сағатқа кейiнге қалдырады және бұл мерзiмiн кейiнге қалдыру кезеңiнде барлық күш-жiгер бәтуәға қол жеткiзудi жеңiлдетуге жұмсалады, және осы кезең аяқталғанға дейiн Конференцияға баяндама табыс етiледi. Егер 24 сағат өткен соң бәтуәға қол жеткiзу мүмкiн болмаса, онда Конференция, егер осы Конвенцияда өзгеше көзделмесе, дауыс беруде болған және оған қатысқан мүшелер дауыстарының үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен шешiм қабылдайды. Қандай да болмасын мәселенiң мәндi немесе мәнсiз болып табылатындығына қатысты келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, егер Конференция мәндi мәселе бойынша шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi дауыстардың көпшiлiгiмен өзге шешiм қабылдамайтын болса, бұл мәселе мәндi мәселе болып саналады.  
 
      Өкiлеттiктерi мен функциялары  
      19. Конференция Ұйымның бас органы болып табылады. Ол Атқарушы кеңес пен Техникалық хатшылықтың өкiлеттiктерi мен функцияларына қатыстыларды қоса алғанда, осы Конференцияның қамту аясының шеңберiндегi кез келген мәселелердi, тақырыптарды немесе проблемаларды қарайды. Ол осы Конвенцияға қатысты қатысушы мемлекеттер көтеретiн немесе оның назарына Атқарушы кеңес жеткiзетiн кез келген мәселелер, тақырыптар немесе проблемалар бойынша ұсыныстар берiп, шешiмдер қабылдай алады.  
      20. Конференция осы Конвенцияның жүзеге асырылуына қадағалау жасауды iске асырады және оның нысаналары мен мақсаттарының iске асырылуына жәрдемдесу үшiн шаралар қабылдайды. Конференция осы Конвенцияның сақталуын қарайды, ол сондай-ақ Атқарушы кеңес пен Техникалық хатшылықтың қызметiне қадағалау жасауды жүзеге асырады және осы Конвенцияға сәйкес осы органдардың кез келгенiне олардың өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты негiзгi принциптердi белгiлей алады.  
      21. Конференция:  
      а) өзiнiң кезектi сессияларында Атқарушы кеңес ұсынатын баяндаманы, бағдарлама мен бюджеттi қарайды және қабылдайды, сондай-ақ басқа да баяндамаларды қарайды;  
      b) 7-тармаққа сәйкес қатысушы мемлекеттердiң төлеуiне жататын жарналардың қаржы шкалаларына қатысты шешiмдер қабылдайды;  
      с) Атқарушы кеңестiң мүшелерiн сайлайды;  
      d) Техникалық кеңестiң Бас директорын тағайындайды (бұдан әрi - "Бас директор" деп аталады);  
      е) Атқарушы кеңес ұсынатын оның рәсiмдерiнiң тәртiбiн бекiтедi;  
      f) ол осы Конвенцияға сәйкес өзiнiң функцияларын орындау үшiн қажет деп санайтын қосалқы органдарды құрады;  
      q) химиялық қызмет саласында бейбiт мақсаттарда халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдеседi;  
      h) осы Конвенцияның қолданылуында көрiнiс табуы мүмкiн ғылыми-техникалық жетiстiктердi қарайды, және осыған байланысты Бас директорға оның осы Конвенцияға қатысы бар ғылым мен техника салаларында Конференцияға, Атқарушы кеңеске және қатысушы мемлекеттерге мамандандырылған консультациялар беруде өзiнiң функцияларын орындау тәртiбiмен оған мүмкiншiлiк беретiн Ғылыми-консультативтiк кеңес құруды тапсырады. Ғылыми-консультативтiк кеңестiң құрамына Конференция қабылдаған iс жүргiзу шеңберiне сәйкес тағайындалатын тәуелсiз сарапшылар кiредi;  
      i) өзiнiң бiрiншi сессиясында Дайындық комиссиясы әзiрлейтiн келiсiмдердiң, ережелер мен негiзгi принциптердiң кез келген жобасын қарайды және бекiтедi;  
      j) Х бапқа сәйкес өзiнiң бiрiншi сессиясында ерiктi көмек қорын құрады;  
      k) осы Конвенцияны сақтауды қамтамасыз ету бойынша және ХII бапқа сәйкес осы Конвенцияның ережелерiне қайшы келетiн кез келген ереженi түзеу және түзету бойынша қажеттi шаралар қолданады.  
      22. Конференция осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн бесiншi және оныншы жыл, және осы уақыт кезеңiнiң шектерiнде келiсiлуi мүмкiн басқа да мерзiмдер өткен соң бiр жылдан кешiктiрмей осы Конвенцияның қолданылуын қарау үшiн арнаулы сессияларға жиналады. Осындай қараулардың барысында кез келген тиiстi ғылыми-техникалық жетiстiктер назарға алынады. Бұдан соң бес жылдық аралықта, егер өзге шешiм қабылданбайтын болса, дәл осы мақсатта Конференцияның одан арғы сессиялары шақырылады.  
 
      С. Атқарушы кеңес  
 
      Құрамы, рәсiмi және шешiмдер қабылдауы  
      23. Атқарушы кеңес 41 мүшеден тұрады. Әрбiр қатысушы мемлекеттiң ротациялау принципiне сәйкес Атқарушы кеңестiң құрамына кiруге құқығы бар. Атқарушы кеңестiң мүшелерiн конференция екi жыл мерзiмге сайлайды. Осы конвенцияның тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн, оның үстiне әдiл географиялық бөлiнiске, химия өнеркәсiбiнiң маңыздылығына, сондай-ақ саяси мүдделер мен қауiпсiздiк мүдделерiне тиiстi ерекше назар бөлiнедi, Атқарушы кеңестiң құрамы мынадай түрде құрылады:  
      а) Африкадан қатысушы мемлекеттер тағайындайтын, осы аймақта орналасқан тоғыз қатысушы мемлекет. Бұл үшiн негiз ретiнде тағайындауда осы тоғыз қатысушы мемлекеттiң үш мүшесi әдетте мейлiнше елеулi ұлттық химиялық өнеркәсiбi бар аймақтағы қатысушы мемлекет болып табылатындығы ескерiледi, бұл халықаралық деңгейде хабарланған және жарияланған деректер негiзге алына отырып айқындалады; бұдан басқа аймақтық топ осы үш мүшенi тағайындау кезiнде басқа да аймақтық факторларды назарға алуға келiсiм бередi;  
      b) Азиядан қатысушы мемлекеттер тағайындайтын, осы аймақта орналасқан тоғыз қатысушы мемлекет, бұл үшiн негiз ретiнде тағайындауда осы тоғыз қатысушы мемлекеттiң төрт мүшесi әдетте мейлiнше елеулi ұлттық химиялық өнеркәсiбi бар аймақтағы қатысушы мемлекет болып табылатындығы ескерiледi, бұл халықаралық деңгейде хабарланған және жарияланған деректер негiзге алына отырып айқындалады; бұдан басқа аймақтық топ осы төрт мүшенi тағайындау кезiнде басқа да аймақтық факторларды назарға алуға келiсiм бередi;  
      с) Шығыс Европадан қатысушы мемлекеттер тағайындайтын, осы аймақта орналасқан бес қатысушы мемлекет, бұл үшiн негiз ретiнде тағайындауда осы бес қатысушы мемлекеттiң бiр мүшесi әдетте мейлiнше елеулi ұлттық химиялық өнеркәсiбi бар аймақтағы қатысушы мемлекет болып табылатындығы ескерiледi, бұл халықаралық деңгейде хабарланған және жарияланған деректер негiзге алына отырып айқындалады; бұдан басқа аймақтық топ осы бiр мүшенi тағайындау кезiнде басқа да аймақтық факторларды назарға алуға келiсiм бередi;  
      d) Латын Америкасы мен Кариб бассейнiнен қатысушы мемлекеттер тағайындайтын, осы аймақта орналасқан жетi қатысушы мемлекет, бұл үшiн негiз ретiнде тағайындауда осы жетi қатысушы мемлекеттiң үш мүшесi әдетте мейлiнше елеулi ұлттық химиялық өнеркәсiбi бар аймақтағы қатысушы мемлекет болып табылатындығы ескерiледi, бұл халықаралық деңгейде хабарланған және жарияланған деректер негiзге алына отырып айқындалады; бұдан басқа аймақтық топ осы үш мүшенi тағайындау кезiнде басқа да аймақтық факторларды назарға алуға келiсiм бередi;  
      е) Батыс Европа және басқа мемлекеттердiң арасынан қатысушы мемлекеттер тағайындайтын, осы аймақта орналасқан он қатысушы мемлекет, бұл үшiн негiз ретiнде тағайындауда осы он қатысушы мемлекеттiң бес мүшесi әдетте мейлiнше елеулi ұлттық химиялық өнеркәсiбi бар аймақтағы қатысушы мемлекет болып табылатындығы ескерiледi, бұл халықаралық деңгейде хабарланған және жарияланған деректер негiзге алына отырып айқындалады; бұдан басқа аймақтың топ осы бес мүшенi тағайындау кезiнде басқа да аймақтық факторларды назарға алуға келiсiм бередi;  
      f) қатысушы мемлекеттердiң ретiмен тағайындайтын, Азия аймақтарында, Латын Америкасы мен Кариб бассейннiң аймақтарында орналасқан бiр қосымша қатысушы мемлекет. Бұл үшiн негiз ретiнде тағайындауға бұл қатысушы мемлекеттiң осы аймақтардан ротацияланған мүшесi болып табылатындығы ескерiледi.  
      24. Алғашқы сайлаулардың барысында Атқарушы кеңестiң құрамына 20 мүше бiр жыл мерзiмге сайланады, мұның үстiне 23-тармақта жазылғанындай белгiленген сандық сайма-сайлыққа тиiстi назар аударылады.  
      25. IV және V баптар толық жүзеге асырылғаннан кейiн Конференция Атқарушы кеңес мүшелерiнiң басым көпшiлiгiнiң өтiнiшi бойынша оның құрамын реттеп отыратын 23-тармақта көрсетiлген принциптерге байланысты өзгерiстердi ескере отырып, Атқарушы кеңестiң құрамын қарай алады.  
      26. Атқарушы кеңес рәсiмдердiң өз тәртiбiн әзiрлейдi және оны Конференцияның бекiтуiне ұсынады.  
      27. Атқарушы кеңес өзiнiң Төрағасын өзi мүшелерiнiң арасынан сайлайды.  
      28. Атқарушы кеңес кезектi сессияларға жиналады. Кезектi сессиялардың аралығындағы кезеңде мәжiлiске ол өзiнiң өкiлеттiктерi, мен функцияларын жүзеге асыруға қаншалықты талап етiлсе, соншалықты жиналады.  
      29. Атқарушы кеңестiң әрбiр мүшесi бiр дауысқа ие. Егер осы Конвенцияда өзгеше көзделмесе, онда Атқарушы Кеңес мән-жайы мәселелерi бойынша оның барлық мүшелерiнiң үштен екiсiнiң басым даусымен шешiмдер қабылдайды. Атқарушы кеңес рәсiмдiк мәселелер бойынша оның барлық мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен шешiм қабылдайды. Бұл мәселе мәнi бойынша мәселе болып табыла ма, жоқ па дегенге қатысты келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, егер Атқарушы кеңес мәндiк мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға үшiн қажеттi дауыстардың көпшiлiгiмен өзге шешiм қабылдамаса, бұл мәселе мәндiк мәселе болып саналады.  
 
      Өкiлеттiктерi мен функциялары  
      30. Атқарушы кеңес Ұйымның атқарушы органы болып табылады. Ол Конференцияға есеп бередi. Атқарушы кеңес осы Конвенцияға сәйкес өзiне берiлген өкiлеттiктер мен функцияларды, сондай-ақ өзiне Конференция берген функцияларды жүзеге асырады. Бұл ретте ол Конференцияның ұсыныстарына, шешiмдерi мен нұсқауларына сәйкес iс-әрекет жасайды және олардың тиiстi түрде және сөзсiз орындалуын қамтамасыз етедi.  
      31. Атқарушы кеңес осы Конференцияның тиiмдi жүзеге асырылуына және сақталуына жәрдемдеседi. Ол техникалық хатшылықтың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, әрбiр қатысушы мемлекеттiң Ұлттық органымен ынтымақтасады және қатысушы мемлекеттердiң арасындағы олардың өтiнiшi бойынша консультациялар мен ынтымақтастыққа жәрдемдеседi.  
      32. Атқарушы кеңес:  
      а) Ұйымның бағдарламасы мен бюджетiнiң жобасын қарайды және оларды Конференцияға ұсынады;  
      b) Ұйымның осы Конвенцияны жүзеге асыру туралы баяндамасының жобасын, өз қызметiн жүзеге асыру туралы баяндаманы және өзi қажет деп санайтын немесе оларды Конференция сұрауы мүмкiн арнаулы баяндамаларды қарайды және Конференцияға ұсынады;  
      с) күн тәртiбiнiң жобасын дайындауды қоса алғанда, Конференцияның сессиясын ұйымдастырады.  
      33. Атқарушы кеңес Конференцияның арнаулы сессиясын шақыру туралы өтiнiш жасай алады.  
      34. Атқарушы кеңес:  
      а) Конференцияның алдын ала мақұлдауымен Ұйымның атынан мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келiсiмдер немесе уағдаластықтар жасасады;  
      b) Ұйымның атынан Х бапқа байланысты қатысушы мемлекеттермен келiсiмдер жасайды және Х бапта көрсетiлген ерiктi қорға қадағалау жасауды жүзеге асырады;  
      с) қатысушы мемлекеттермен келiссөздердiң негiзiнде Техникалық хатшылық әзiрлеген тексеру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға қатысты келiсiмдердi немесе уағдаластықтарды мақұлдайды.  
      35. Атқарушы кеңес осы Конвенцияға қатысты өз құзыретiнiң шеңберiндегi кез келген проблеманы немесе мәселенi және сақтауға немесе сақтамау жағдайларына қатысты алаңдаушылықты қоса алғанда, оның жүзеге асырылуын қарайды, және тиiсiнше қатысушы мемлекеттерге хабарлайды және бұл проблеманы немесе мәселенi Конференцияның назарына жеткiзедi.  
      36. Осы Конвенция бойынша көзделген құқықтарды, өзгелермен бiрге, басқа да терiс пайдалануларды қоса алғанда, олардың сақталуына және сақталмау жағдайларына қатысты күмәндарды немесе алаңдаушылықтарды қарау кезiнде Атқарушы кеңес мүдделi қатысушы мемлекеттермен ақылдасып - кеңеседi және тиiсiнше қатысушы мемлекетке белгiленген мерзiмде жағдайды түзеу жөнiнде шаралар қабылдауды ұсынады. Егер Атқарушы кеңес одан әрi iс-әрекет жасауды қажет деп санайтын болса, өзгелермен бiрге мына шаралардың бiрiн немесе бiрнешеуiн қолданады:  
      а) барлық қатысушы мемлекетке осы проблема немесе мәселе туралы хабарлайды;  
      b) осы проблеманы немесе мәселенi Конференцияның назарына жеткiзедi;  
      с) Конференцияға жағдайды түзеу және сақталуды қамтамасыз ету бойынша шараларға қатысты ұсыныстарды табыс етедi.  
      Аса елеулi және қиын жағдайларда Атқарушы кеңес осы мәселенi немесе проблеманы тиiстi ақпарат пен қорытындыларды қоса алғанда,  
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қауiпсiздiк Кеңесiнiң назарына тiкелей жеткiзедi. Осымен бiр мезгiлде ол осы жасалған қадам туралы барлық қатысушы мемлекетке хабарлайды.  
 
      D. Техникалық хатшылық  
 
      37. Техникалық хатшылық Конференция мен Атқарушы кеңеске олардың өз функцияларын орындауына көмектеседi. Техникалық хатшылық осы Конвенцияда көзделген тексеру шараларын жүзеге асырады. Ол осы Конвенцияға сәйкес өзiне тапсырылған басқа да функцияларды, сондай-ақ оған Конференция және Атқарушы кеңес беретiн функцияларды да орындайды.  
      38. Техникалық хатшылық:  
      а) Атқарушы кеңеске Ұйымның бағдарламасы мен бюджетiнiң жобасын дайындайды және ұсынады;  
      b) осы Конвенцияны жүзеге асыру туралы Ұйымның баяндамасының жобасын және Конференция немесе Атқарушы кеңес сұрауы мүмкiн басқа да баяндамаларды әзiрлейдi және оларды Атқарушы кеңеске ұсынады;  
      с) Конференцияға, Атқарушы кеңеске және қосалқы органдарға әкiмшiлiк және техникалық қолдау көрсетедi;  
      d) Ұйымның атынан қатысушы мемлекеттерге осы Конвенцияны жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша хабарламалар жiбередi және олардан хабарламалар алады;  
      е) қатысушы мемлекеттерге техникалық көмек көрсетедi және тiзiмдiк және тiзiмдiк емес химикаттарды бағалауды қоса алғанда, осы Конвенцияның ережелерiн жүзеге асыру барысында оларға техникалық бағалау жүргiзедi.  
 
      39. Техникалық хатшылық  
      а) қатысушы мемлекеттер мен Атқарушы кеңестiң мақұлдауымен тексеру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға қатысты келiсiмдер немесе уағдаластықтар әзiрлейдi;  
      b) осы Конвенция күшiне енген соң 180 күннен кешiктiрiлмей Х баптың 7 b) және с) тармақтарына сәйкес төтенше және iзгiлiк көмегi үшiн қатысушы мемлекеттердiң тұрақты запастар жасауын және ұстауын үйлестiредi. Техникалық хатшылық оларды пайдаланудың сенiмдiлiгi тұрғысынан қолда бар заттарды инспекциялай алады. Жинақталған заттардың тiзбесiн жоғарыдағы 21 i) тармаққа сәйкес Конференция қарайды және бекiтедi;  
      с) Х бапта көрсетiлген ерiктi қорды басқарады, қатысушы мемлекеттердiң хабарландыруларын бақылайды және тиiстi өтiніш бойынша Х баптың мақсаты үшiн қатысушы мемлекеттердiң арасында немесе қатысушы мемлекеттер мен Ұйымның арасында жасасылған екiтарапты келiсiмдердi тiркейдi.  
      40. Техникалық хатшылық Атқарушы кеңеске осы Конвенцияны сақтауға қатысты тексеру жөнiндегi өзiнiң қызметiн жүзеге асыру кезiнде өзiне белгiлi болған және тиiстi қатысушы мемлекеттермен консультациялар жасау жолымен шеше және байыбына бара алмаған күмәндарды, бұлдырлықты және айқынсыздықты қоса алғанда, өзiнiң функцияларын орындауға байланысты туындаған кез келген проблема туралы хабарлайды.  
      41. Техникалық хатшылықтың құрамына кiредi, оның басшысы және бас әкiмшiлiк қызметкерi болып табылатын Бас директор, инспекторлар мен қажет деп саналатын ғылыми, техникалық және де басқа қызметкерлер кiредi.  
      42. Инспекторат Техникалық хатшылықтың бөлiмшесi болып табылады және Бас директордың қадағалауымен жұмыс iстейдi.  
      43. Бас директорды Атқарушы кеңестiң ұсынуы бойынша Конференция төрт жыл мерзiмге тағайындайды, бұл мерзiм тағы да бiр жыл мерзiмге ғана ұзартыла алынады.  
      44. Бас директор қызметкерлердi тағайындау және Техникалық хатшылықты ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеуi мәселелерiнде Конференция мен Атқарушы кеңеске есеп бередi. Қызметке қабылдау және қызметтiң талаптарын айқындау кезiнде ең бастысы жұмыс қабылетiнiң, беделдiлiктiң және адал-әдiлдiктiң жоғары деңгейiн қамтамасыз етудi басшылыққа алу керек. Бас директор, инспекторлар, сондай-ақ мамандар мен кеңсе қызметкерi санатындағы қызметкерлер тек қатысушы мемлекеттер азаматтарының арасынан тағайындалады. Қызметкерлердi мүмкiн мейлiнше кең географиялық негiзде iрiктеудiң маңыздылығына тиiстi назар аудару керек. Қызметкерлердi жинақтау Техникалық хатшылықтың мiндеттемелерiн тиiстi түрде орындау үшiн қажет қызметкерлердiң ең аз санын қамтамасыз ету принципiн негiзге ала отырып жүзеге асырылады.  
      45. Бас директор 21 h) тармақта көрсетiлген Ғылыми-консультативтiк кеңестiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуiне жауап бередi. Бас директор қатысушы мемлекеттермен ақылдасып-кеңесiп Ғылыми консультативтiк кеңестiң мүшелерiн тағайындайды, олар өзiнiң жеке қасиеттерiмен жұмыс iстейдi. Кеңестiң мүшелерi олардың осы Конвенцияны жүзеге асыруға қатысы бар нақты ғылыми салалардағы өздерiнiң беделiн негiзге ала отырып тағайындалынады. Бас директор сондай-ақ Кеңестiң мүшелерiмен ақылдасып тиiсiнше нақты мәселелер бойынша ұсыныстар табыс ету үшiн ғылыми сарапшылардың уақытша жұмыс топтарын құра алады. Жоғарыда аталған қатысушы мемлекеттерге байланысты Бас директорға сарапшылардың тiзiмiн ұсына алады.  
      46. Өздерiнiң мiндеттерiн атқару кезiнде Бас директор инспекторлар мен басқа да қызметкерлер Ұйым үшiн бөгде қандай да болмасын үкiметтен немесе қандай да болмасын өзге көздерден нұсқаулар сұрауға немесе алуға тиiстi емес, олар Конференция мен Атқарушы кеңестiң алдында ғана жауапты халықаралық лауазымды тұлғалар ретiнде өздерiнiң жағдайларынан көрiнiс табуы мүмкiн кез келген iс-әрекеттен бой тартуы тиiс.  
      47. Әрбiр қатысушы мемлекет Бас директордың, инспекторлар мен басқа да қызметкерлердiң қатаң халықаралық мiндеттерiнiң сипатын құрметтейдi және өздерiнiң мiндеттерiн атқаруы кезiнде оларға ықпал етуге тырыспайды.  
 
      Е. Артықшылықтар мен иммунитеттер  
 
      48. Қатысушы мемлекеттiң аумағында және оның заңды құқығындағы немесе бақылауындағы кез келген басқа жердегi Ұйым өзiнiң функциясын жүзеге асыру үшiн қажеттi құқықтық қабылетке ие және дәл сондай артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.  
      49. Қатысушы мемлекеттердiң делегаттары, сондай-ақ Атқарушы кеңеске тағайындалған олардың орынбасарлары мен кеңесшiлерi, өкiлдерi, сондай-ақ олардың орынбасарлары мен кеңесшiлерi, Бас директор мен Ұйымның қызметкерi Ұйымға байланысты өздерiнiң функцияларын тәуелсiз жүзеге асыру үшiн қажеттi артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.  
      50. Осы бапта көрсетiлген құқықтық қабiлеттiлiк, артықшылықтар мен иммунитеттер Ұйым мен қатысушы мемлекеттердiң арасындағы келiсiмдерде, сондай-ақ Ұйым мен Ұйымның штаб-пәтерi орналасқан мемлекеттiң арасындағы келiсiмдерде айқындалады. Бұл келiсiмдердi Конференция 21 i) тармаққа сәйкес қарайды және мақұлдайды.  
      51. Тексеру жөніндегі қызметті жүзеге асыру барысында Бас директор мен Техникалық хатшылықтың қызметкерлері 48 және 49-тармақтарға қарамастан, Тексеру жөніндегі қосымшаның ІІ бөлімінің В тарауында жазылған артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.  
 
                                ІХ Бап  
       Консультациялар, ынтымақтастық және фактілерді анықтау  
 
      1. Қатысушы мемлекеттер тiкелей бiр-бiрiмен немесе Ұйым арқылы немесе Бiрiккен Ұлттар Ұйымының шеңберiндегi және оның Жарғысына сәйкес рәсiмдердi қоса алғанда басқа да тиiстi халықаралық рәсiмдердi пайдалана отырып, осы Конвенцияның нысанасы мен мақсатына немесе оның ережелерiн жүзеге асыруға байланысты көтерiлуi мүмкiн кез келген мәселе бойынша ақылдасып-кеңеседi және ынтымақтастық жасайды.  
      2. Кез келген қатысушы мемлекеттiң құқығына нұқсан келтiрусiз кез келген уақытта бұл мүмкiн болған кезде, қатысушы мемлекеттiң сұрау салуы бойынша инспекциялау жүргiзу туралы өтiнiш жасау бәрiнен бұрын осы Конвенцияның сақталуына қатысты күмән тудыруы мүмкiн немесе осы мәселеге байланысты айқын емес деп саналуы мүмкiн жәйтке қатысты алаңдаушылық тудыратын кез келген мәселе өздерiнiң араларында ақпарат алмасу және ақылдасып-кеңесу жолымен анықтауға және реттеуге күш-жiгер жұмсалуы тиiс. Қатысушы мемлекет басқа қатысушы мемлекеттен сұрау салушы қатысушы мемлекет кез келген мәселенi түсiндiру туралы өтiнiштi алушы қатысушы мемлекет дәл осындай күмән немесе алаңдаушылық тудырса, сұрау салушы қатысушы мемлекетке мүмкiндiгiнше тезiрек, бiрақ қалай болған жағдайда да өтiнiш келiп түскен күннен кейiн 10 күннен кешiктiрмей осы мәселенi табыс етiлген ақпарат қандай тұрғыда шешетiндiгiн түсiндiре отырып, айтылған күмәнге немесе алаңдаушылыққа жауап беретiн жеткiлiктi ақпаратты табыс етедi. Осы Конвенцияда екi немесе одан да көп қатысушы мемлекеттiң өз арасында сақтауға қатысты күмән тудыруы мүмкiн немесе айқын емес деп саналуы мүмкiн осы мәселеге қатысты алаңдаушылық тудыратын кез келген мәселенi анықтау және шешу мақсатында өзара келiсуi бойынша инспекциялар ұйымдастыру немесе кез келген басқа рәсiмдердi қолдану құқығын қозғамайды. Мұндай шаралар осы Конвенцияның басқа ережелерiне сәйкес кез келген қатысушы мемлекеттiң құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.  
 
      Түсiндiру туралы сұрау салуларды берудiң рәсiмi  
      3. Қатысушы мемлекет айқын емес деп танылуы мүмкiн немесе басқа қатысушы мемлекеттiң осы Конвенцияны мүмкiн сақтамауына қатысты алаңдаушылық тудыратын кез келген жағдайды түсiндiруде Атқарушы кеңестен жәрдем көрсетудi сұрауға құқығы бар. Атқарушы кеңес өзiнде бар осындай алаңдаушылыққа қатысы бар тиiстi ақпаратты бередi.  
      4. Қатысушы мемлекет Атқарушы кеңестен басқа қатысушы мемлекеттен айқын емес деп саналуы мүмкiн немесе оның осы Конвенцияны мүмкiн сақтамауына қатысты алаңдаушылығын тудыратын кез келген жағдайға қатысты түсiндiрме алуды сұрауға құқығы бар. Мұндай жағдайда мыналар қолданылады:  
      а) Атқарушы кеңес Бас директор арқылы басқа қатысушы мемлекетке оны алғаннан кейiн 24 сағаттан кешiктiрмей түсiндiру туралы сұрау салуды жолдайды;  
      b) сұрау салынған қатысушы мемлекет түсiндiрменi Атқарушы кеңеске мүмкiндiгiнше тезiрек, бiрақ қалай болғанда да сұрау салуды алғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей табыс етедi;  
      с) Атқарушы кеңес түсiндiрменi назарға алады және сұрау салушы қатысушы мемлекетке оны алған күннен бастап 24 сағаттан кешiктiрмей жiбередi;  
      d) егер сұрау салушы қатысушы мемлекет түсiндiрменi жеткiлiксiз деп тапса, онда ол Атқарушы кеңестен сұрау салынатын қатысушы мемлекеттен одан әрi түсiндiрме алуды сұрауға құқығы бар;  
      е) d) тармақшасына сәйкес сұрау салынатын одан арғы түсiндiрмелердi алу үшiн Атқарушы кеңес Бас директорге Техникалық хатшылықтан сарапшылар тобын құруды ұсына алады, ал егер Техникалық хатшылықта тиiстi қызметшiлер болмаса, онда алаңдаушылық тудырушы жағдайға қатысы бар барлық ақпарат пен деректердi зерделеу үшiн басқа көздерден сарапшылар тобын құруды ұсынуға құқығы бар. Сарапшылар тобы Атқарушы кеңеске өздерiнiң түйiндерi туралы фактологиялық баяндаманы ұсынады;  
      f) егер сұрау салушы қатысушы мемлекет d) және е) тармақшаларына сәйкес алынған түсiндiрмелердi қанағаттанғысыз деп тапса, онда Атқарушы кеңестен арнаулы сессия шақыру туралы сұрауға құқығы бар, оған Атқарушы кеңестiң мүшелерi болып табылмайтын тиiстi қатысушы мемлекеттердiң қатысуға құқығы бар. Мұндай Атқарушы кеңестiң арнаулы сессиясы бұл мәселенi қарайды және жағдайды реттеу үшiн орынды деп санайтын кез келген шараны ұсына алады.  
      5. Қатысушы мемлекет сондай-ақ Атқарушы кеңестен айқын емес деп саналған немесе оның осы Конвенцияны мүмкiн сақтамаушылығына қатысты алаңдаушылық тудыратын кез келген жағдайды түсiндiрудi сұрауға құқығы бар. Атқарушы кеңес мұндай өтiнiштi тиiстi көмек беру жолымен қанағаттандырады.  
      6. Атқарушы кеңес осы бапта көзделген түсіндiру туралы кез келген сұрау салу туралы хабарлайды.  
      7. Егер қатысушы мемлекеттiң мүмкiн сақтамаушылыққа қатысты күмәнi немесе алаңдаушылығы Атқарушы кеңеске түсiндiру туралы сұрау салуды табыс еткеннен кейiн 60 күн iшiнде шешiмiн таппаса немесе ол өзiнiң күмәнi шұғыл қарауға тұрарлық деп санаса, онда ол сұрау салу жөнiнде инспекция сұрау құқығына қарамастан VIII баптың 12 с) тармағына сәйкес Конференцияның арнаулы сессиясын шақыру туралы сұрай алады. Мұндай Конференцияның арнаулы сессиясы бұл мәселенi қарайды және жағдайды реттеу үшiн өзi орынды деп санайтын кез келген шараны ұсына алады.  
 
      Сұрау салу жөнiндегi инспекциялардың рәсiмi  
      8. Әрбiр қатысушы мемлекет кез келген басқа қатысушы мемлекеттiң осы Конвенцияның ережелерi мүмкiн сақталмауына қатысты кез келген мәселелердi айқындау және реттеу мақсатында аумағындағы немесе заңды құқығындағы немесе бақылауындағы кез келген объект немесе пунктке сұрау салу бойынша тұрған жерiнде инспекция жүргiзу туралы, сондай-ақ Тексеру жөнiндегi қосымшаға сәйкес Бас директор тағайындайтын инспекциялық топтың кез келген жерде осы инспекцияны шұғыл жүргiзуiне қол жеткiзудi сұрауға құқығы бар.  
      9. Әрбiр қатысушы мемлекет инспекцияға сұрау салуды осы Конвенцияның шеңберiнде шектеуге және инспекцияға сұрау салуға Тексеру жөнiндегi қосымшада көзделгенiндей осы Конвенцияны мүмкiн сақтамаушылыққа қатысты алаңдаушылық туғызған негiзде барлық ақпаратты беруге мiндеттi. Әрбiр қатысушы мемлекет терiс iс-әрекет жасамау туралы ойлай отырып, инспекцияға негiзсiз сұрау салулардан бой тартады. Сұрау салу бойынша инспекция мүмкiн сақтамауға қатысы бар фактiлердi анықтау мақсатында ғана жүргiзiледi.  
      10. Осы Конвенция ережелерiнiң сақталуын тексеру мақсатында әрбiр қатысушы мемлекет Техникалық хатшылыққа 8-тармаққа сәйкес сұрау салу бойынша тұрған жерiнде инспекция жүргiзуге рұқсат етедi.  
      11. Сұрау салу бойынша инспекцияға қатысты сұрау салуға орай объектiде немесе пунктте және Тексеру жөнiндегi қосымшада көзделген рәсiмдерге сәйкес инспекцияланатын қатысушы мемлекет:  
      а) осы Конвенцияны өзiнiң сақтауын көрсетуге барлық ақылға сыйымды күш-жiгерiн жұмсауға құқылы және осы мақсатта инспекциялық топқа өзiнiң мандатын орындауға мүмкiншiлiк беруге мiндеттi;  
      b) мүмкiн сақтамауға байланысты алаңдаушылыққа қатысты бар фактiлердi анықтау мақсатында ғана сұралып отырған жердiң шегiнде болуына рұқсат беруге мiндеттi; және  
      с) сезгiш қондырғыларды қорғау жөнiнде, сондай-ақ осы Конвенцияға қатысы жоқ құпия ақпарат пен деректердiң жария болуын болдырмау жөнiнде шаралар қабылдауға құқылы.  
      12. Байқаушыға қатысты мыналар қолданылады:  
      а) сұрау салушы қатысушы мемлекет инспекцияланатын қатысушы мемлекеттiң келiсiмiмен сұрау салу бойынша инспекция жүргiзудi байқау үшiн сұрау салушы қатысушы мемлекеттiң, не үшiншi қатысушы мемлекеттiң азаматы болуы мүмкiн өкiлiн жiбере алады;  
      b) инспекцияланатын қатысушы мемлекет мұндай жағдайда Тексеру жөнiндегi қосымшаға сәйкес байқаушыға қол жеткiзу бередi;  
      с) инспекцияланатын қатысушы мемлекет, әдетте, ұсынылатын байқаушыны қабылдайды, алайда инспекцияланатын қатысушы мемлекет бас тартумен жауап берсе, онда бұл факт қорытынды баяндамада өз көрiнiсiн табады.  
      13. Сұрау салушы қатысушы мемлекет сұрау салу бойынша тұрған жерiнде инспекциялауға қатысты инспекцияға Атқарушы кеңеске сұрау салады және мұнымен бiр мезгiлде дереу өңдеу үшiн Бас директорге сұрау салады.  
      14. Бас директор инспекцияға сұрау салудың Тексеру жөнiндегi қосымшаның Х бөлiмiнiң IV тармағында көрсетiлген талаптарға жауап беретiндiгiн дереу куәландырады және қажет болғанда сұрау салушы қатысушы мемлекетке инспекцияға сұрау салу беруiне тиiсiнше көмектеседi. Егер инспекцияға сұрау салу талаптарға жауап беретiн болса, онда сұрау салу бойынша инспекцияға әзiрлiк басталады.  
      15. Бас директор инспекцияға сұрау салуды инспекцияланатын қатысушы мемлекетке бару пунктiне инспекциялық топтың жоспарланған болуына дейiн кемiнде 12 сағат бұрын жiбередi.  
      16. Инспекцияға сұрау салуды алғаннан кейiн Атқарушы кеңес сұрау салуға байланысты Бас директордың iс-әрекетiн назарына алады және бұл жәйттi инспекцияның бүкiл рәсiмi бойында қарайды. Алайда оны талқылау инспекцияның процесiн тоқтатпайды.  
      17. Инспекцияға сұрау салуды алғаннан кейiн Атқарушы кеңес инспекцияға сұрау салу ойдан шығарылған, әдiл емес немесе В пунктiнде көрсетiлгенiндей осы Конвенцияның шеңберiнен көрiнеу шығып тұр деп тапса, 12 сағаттан кешiктiрмей өзiнiң барлық мүшелерiнiң төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен сұрау салу бойынша инспекция жүргiзбеу туралы шешiм қабылдай алады. Мұндай шешiмдi қабылдауға сұрау салушы да, инспекцияланатын қатысушы мемлекет те қатыспайды. Егер Атқарушы кеңес сұрау салу бойынша инспекция жүргiзу туралы шешiм қабылдайтын болса, онда оған әзiрлiк тоқтатылады, инспекцияға сұрау салу бойынша ешқандай iс-әрекет жасалмайды және мүдделi қатысушы мемлекеттер тиiстi түрде хабарландырылады.  
      18. Бас директор сұрау салу бойынша инспекция жүргiзу үшiн инспекцияға мандат бередi. Инспекцияға мандат жұмыс тұжырымдарында жазылған инспекцияға сұрау салудың 8 және 9-тармақтарында аталғанды бiлдiредi, және инспекцияға осындай сұрау салуға сәйкес келедi.  
      19. Сұрау салу бойынша инспекция Х бөлiмге сәйкес, көзделген қолдану жағдайында, Тексеру жөнiндегi қосымшаның ХI бөлiмiне сәйкес жүргiзiледi. Инспекциялық топ өзiнiң миссиясын тиiмдi және уақтылы орындауға сиымды мейлiнше мүмкiндiгiнше интрузивтi түрде сұрау салу бойынша инспекция жүргiзудiң принципiн басшылыққа алады.  
      20. Инспекцияланушы қатысушы мемлекет сұрау салу бойынша инспекцияның бүкiл өне бойында инспекциялық топқа көмек көрсетедi және оның мiндетiн жеңiлдетедi. Егер инспекцияланушы қатысушы мемлекет Тексеру жөнiндегi қосымшаның Х бөлiмiнiң С тарауына сәйкес толық және бәрiн қамтитын қол жеткiзудiң баламасы ретiнде осы Конвенцияның сақталуын көрсету үшiн шаралар қолданса, онда ол инспекциялық топпен ақылдасып-кеңесу арқылы өзiнiң сақтаушылығын көрсету мақсатында фактiлердi анықтау рәсiмдерiне қатысты келiсiмге жету бойынша барлық ақылға сыйымды күш-жiгерiн жұмсайды.  
      21. Қорытынды баяндама фактологиялық түйiндердi, сондай-ақ сұрау салу бойынша инспекцияны жүзеге асыруды қанағаттандыру мақсатында ұсынылған қол жеткiзу мен ынтымақтастықтың дәрежесi мен сипатына қатысты инспекциялық топтың бағалауын қамтиды. Бас директор инспекциялық топтың қорытынды баяндамасын сұрау салушы қатысушы мемлекетке, инспекцияланушы қатысушы мемлекетке, Атқарушы кеңеске және барлық қатысушы мемлекеттерге дереу жiбередi. Бас директор бұдан әрi Атқарушы кеңеске сұрау салушы және инспекцияланушы қатысушы мемлекеттердiң бағалауларын, сондай-ақ осы мақсатта Бас директорге берiлуi мүмкiн басқа қатысушы мемлекеттердiң пiкiрлерiн дереу жiбередi.  
      22. Атқарушы кеңес өзiнiң өкiлеттiктерi мен функцияларына сәйкес инспекциялық топтың қорытынды баяндамасын оның тапсырылуы бойынша бiрден қарайды және мыналарға қатысты:  
      а) қандай да бiр болмасын сақтамаушылық орын алды ма, жоқ па;  
      b) сұрау салу осы Конвенцияның шеңберiнде болды ма, жоқ па; және  
      с) сұрау салу бойынша инспекциялауға қатысты сұрау салу құқығын терiс пайдалану орын алды ма, жоқ па дегенге қатысты кез келген алаңдаушылықты қарайды.  
      23. Егер Атқарушы кеңес өзiнiң өкiлеттiктерi мен функцияларына сәйкес 22-тармаққа байланысты бұдан әрi iс-әрекет қажет болуы мүмкiн деген түйiн жасаса, онда ол жағдайды түзеу және Конференция үшiн нақты ұсынымдарды қоса алғанда, осы Конвенцияның сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде тиiстi шаралар қолданады. Терiс пайдаланылуы жағдайында Атқарушы кеңес сұрау салушы қатысушы мемлекет сұрау салу бойынша инспекцияға байланысты қандай да бiр болмасын қаржы салдарын

 

шегуi тиiс пе, жоқ па деген мәселенi қарайды.

     24. Сұрау салушы қатысушы  мемлекет және инспекцияланушы  мемлекет 

қарау процесіне қатысуға құқығы бар. Атқарушы кеңес қатысушы

мемлекеттерге және Конференцияның келесі сессиясына осы процестің 

нәтижесі туралы хабарлайды.

     25. Егер Атқарушы кеңес  Конференцияға нақты ұсынымдарды  табыс 

етсе, онда Конференция ХІІ бапқа  сәйкес шаралар қабылдау туралы мәселені

қарайды.

    

                         Х Бап

          Көмек  және химиялық қарудан қорғау

    

 

 
      1. Осы баптың мақсаты үшiн "көмек"  сөзi қатысушы мемлекеттердiң  химиялық қарудан қорғануын үйлестiрудi  және қорғануын бiлдiредi, бұған  басқалармен бiрге, мыналар кiредi: табу құралдары мен дабыл жүйелерi, қорғану жабдықтары, газсыздандыру  жабдығы және газсыздандыру құралы, медициналық антидоттар мен емдеу  құралдары, сондай-ақ осы қорғаныс шараларының кез келгенi бойынша консультация беру.  
      2. Осы Конвенцияда ештеңе де кез келген қатысушы мемлекеттiң осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын мақсаттар үшiн химиялық қарудан қорғану құралдарын зерттеу, әзiрлеу, өндiру, сатып алу, беру немесе пайдалану құқығына кедергi келтiрушi ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.  
      3. Әрбiр қатысушы мемлекет жабдықпен, материалдармен және химиялық қарудан қорғану құралдары туралы ғылыми-техникалық ақпаратпен мүмкiндiгiнше мейлiнше кең алмасуды жеңiлдетуге мiндеттенедi және мұндай алмасуға қатысуға құқығы бар.  
      4. Қорғану құралдарына байланысты ұлттық бағдарламалардың транспаренттiлiгiн арттыру мақсатында әрбiр қатысушы мемлекет жыл сайын Техникалық хатшылыққа VIII баптың 21 i) тармағына сәйкес Конференция қарайтын және бекiтетiн рәсiмдерге орай өзiнiң бағдарламасы туралы ақпаратты ұсынады.  
      Техникалық хатшылық осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн 180 күннен кешiктiрiлмей кез келген сұрау салушы мемлекеттiң пайдалануы үшiн химиялық қарудан түрлi қорғану құралдары туралы ақпараттарға еркiн қол жеткiзетiн деректер банкiн құрады және жүргiзедi, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердiң осындай ақпарат бере алады.  
      5. Техникалық хатшылық өзiнде бар ресурстардың шеңберiнде және қатысушы мемлекеттiң өтiнiшi бойынша, сондай-ақ қатысушы мемлекеттi химиялық қарудан қорғану қуатын дамытудың бағдарламалары мен жетiлдiрудi жүзеге асырудың мүмкiн жолдарын айқындауда сараптық консультациялармен және жәрдемдесумен қамтамасыз етедi.  
      6. Осы Конвенцияда ештеңе де қатысушы мемлекеттердiң екiтарапты негiзде көмек сұрау және беру және басқа қатысушы мемлекеттермен шұғыл көмек беруге қатысты бөлек келiсiмдер жасасу құқығына кедергi келтiрушi ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.  
      7. Әрбiр қатысушы мемлекет Ұйым арқылы көмек беруге және осы мақсатта мына шаралардың бiрiн немесе бiрнешеуiн таңдауға мiндеттенедi:  
      а) Конференцияның алғашқы сессиясында құрылуы тиiс ерiктi көмек қорына жарналар енгiзу;  
      b) өзi үшiн осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн мүмкiндiгiнше 180 күннен кешiктiрмей Ұйыммен тиiстi өтiнiш бойынша көмек беруге қатысты келiсiм жасасу;  
      с) өзi үшiн осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн 180 күннен кешiктiрмей Ұйымның шақыруы бойынша көмектiң қандай түрiн бере алатындығын хабарландыру. Егер қатысушы мемлекет кейiн өзiнiң хабарландыруында көзделген көмектi беру жағдайында болмай қалса, онда ол бәрiбiр осы тармаққа сәйкес көмек беру жөнiнде мiндеттiлiкте болады.  
      8. Әрбiр қатысушы мемлекет егер ол:  
      а) өзiне химиялық қару қолдануды;  
      b) өзiне қарсы соғысты жүргiзу әдiсi ретiнде тәртiпсiздiктерге қарсы күрестiң химиялық құралдары қолданылды; және  
      с) 1-баппен қатысушы мемлекеттерге тыйым салынған кез келген мемлекеттiң iс-әрекетi немесе қызметi қауiп төндiредi деп тапса химиялық қарудың қолданылуынан немесе қолданылуы қатерiнен көмек пен қорғану алуға 9, 10 және 11-тармақтарда жазылған рәсiмдердi ескере отырып сұрау салуға құқығы бар.  
      9. Тиiстi ақпарат пен бекiтiм тапқан мұндай өтiнiш Бас директорге тапсырылады, ол оны Атқарушы Кеңеске және барлық қатысушы мемлекеттерге дереу жiбередi. Бас директор 7 b) және с) тармақтарға сәйкес химиялық қару қолданылған жағдайда немесе соғысты жүргiзудiң әдiсi ретiнде тәртiпсiздiктерге қарсы күрестiң химиялық құралдары қолданылған жағдайда төтенше көмек немесе химиялық қаруды қолданудың елеулi қаупi немесе соғысты жүргiзудiң әдiсi ретiнде тәртiпсiздiктерге қарсы күрестiң химиялық құралдарын қолданудың елеулi қаупi жағдайында осындай өтiнiштi алғаннан кейiн 12 сағаттан кешiктiрмей тиiстi қатысушы мемлекетке iзгiлiк көмегiн көрсетуге мiндеттенген қатысушы мемлекеттерге жiбередi. Бас директор өтiнiштi алғаннан кейiн 24 сағаттан кешiктiрмей бұдан әрi iс-қимыл жасауға негiз салу үшiн тексеру жүргiзудi қозғайды. Ол тексерудi 72 сағаттың iшiнде аяқтайды және баяндаманы Атқарушы кеңеске жiбередi, егер тексерудi аяқтау үшiн қосымша уақыт талап етiлсе, онда дәл осы мерзiмде аралық баяндама тапсырылады. Тексеру үшiн талап етiлетiн қосымша уақыт 72 сағаттан аспайды. Алайда ол тағы да осы секiлдi кезеңге ұзартылына алады. Әрбiр қосымша кезеңнiң аяғында Атқарушы кеңеске баяндамалар тапсырылады. Тиiстi түрде тексеру барысында және осындай өтiнiшке iлеспе өтiнiш пен ақпаратқа сәйкес өтiнiшке қатысы бар тиiстi фактiлер анықталады, сондай-ақ қажеттi қосымша көмек пен қорғаудың түрi мен мөлшерi айқындалады.  
      10. Тексеру туралы баяндаманы алған соң 24 сағаттан кешiктiрмей Атқарушы кеңес жағдайды қарау үшiн жиналады және бұдан кейiнгi 24 сағатта жай көпшiлiк дауыспен Техникалық хатшылыққа қосымша көмек беру туралы нұсқау беруге бола ма, жоқ па деген шешiм қабылдайды. Техникалық хатшылық Тексеру туралы баяндама мен Атқарушы кеңес қабылдаған шешiмдi дереу барлық қатысушы мемлекеттерге және тиiстi халықаралық ұйымдарға жiбередi. Атқарушы кеңестiң тиiстi шешiмi бойынша Бас директор дереу көмек бередi. Осы мақсатта Бас директор сұрау салушы мемлекетпен, басқа қатысушы мемлекеттермен және тиiстi халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасай алады. Қатысушы мемлекеттер көмек беру үшiн барлық мүмкiн күш-жiгерлерiн жұмсайды.  
      11. Егер ағымдағы тексеру барысында немесе басқа сенiмдi көздерден алынған ақпарат химиялық қаруды қолданудан құрбандықтың бар екендiгi туралы және шұғыл шаралардың қажеттiгi туралы жеткiлiктi дәрежеде куәландырса,онда Бас директор барлық қатысушы мемлекеттерге мәлiмдейдi және Конференцияның осындай шұғыл жағдайлар үшiн өзiнiң билiгiне берiлген ресурстарды пайдалана отырып, көмек көрсету жөнiнде шұғыл шаралар қолданады. Бас директор осы тармаққа сәйкес қабылдаған iс-әрекеттерi туралы Атқарушы кеңеске хабарлайды.  
 
                         ХІ Бап  
         Экономикалық және техникалық даму  
 
      1. Осы Конвенцияның ережелерi осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын мақсаттарда химикаттардың өндiрiсi, өңделуi және пайдалануы үшiн ғылыми-техникалық ақпаратпен, химикаттармен және жабдықтармен халықаралық алмасуды қоса алғанда, осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын мақсаттарда химиялық қызмет саласында экономикалық немесе қатысушы мемлекеттердiң техникалық дамуына және халықаралық ынтымақтастық үшiн кедергi келтiрудi болдырмайтындай түрде жүзеге асырылады.  
      2. Осы Конвенцияның ережелерiн ескере отырып және қатысушы мемлекеттер халықаралық құқық принциптерi мен қолданылымды нормаларына залал келтiрмей:  
      а) жеке немесе ұжымдық негiзде зерттеулер жүргiзуге, химикаттарды әзiрлеуге, өндiруге, сатып алуға, сақтауға, беруге және пайдалануға құқығы бар;  
      b) осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын мақсаттарда химияны дамыту мен қолдануға байланысты химикаттармен, жабдықтармен және ғылыми-техникалық ақпаратпен мейлiнше толық алмасуға жәрдем көрсетуге мiндеттенедi, және мұндай алмасуға қатысуға құқығы бар;  
      с) сауданы, сондай-ақ химия саласында өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылықтық, зерттеушiлiк, медициналық, фармацевтiк немесе өзге де бейбiт мақсаттарда ғылыми-техникалық бiлiмдердiң дамуы мен тарауын шектейтiн немесе қиындататын осы Конвенция бойынша қабылданған мiндеттемелермен сыйысымсыз кез келген халықаралық келiсiмдердiң шеңберiндегi шектеулердi қоса алғанда, бiр-бiрiнiң араларында ешқандай шектеулердi сақтамайды;  
      d) осы Конвенцияны осы Конвенция бойынша көзделген немесе рұқсат етiлген шараларды қоспағанда, кез келген шараларды қолдану үшiн негiз ретiнде пайдаланбайды, және осы Конвенциямен сыйыспайтын қандай да бiр мақсатқа қол жеткiзу үшiн ешқандай өзге халықаралық келiсiмдi пайдаланбайды;  
      е) химикаттармен сауда жасау саласындағы өздерiнiң қолданылып жүрген ұлттық қағидаларын осы Конвенцияның нысанасы мен мақсатына сәйкестiкке келтiретiндей етiп қайта қарауға мiндеттенедi.  
 
                           ХІІ Бап  
       Санкцияларды қоса алғанда ережені түзеу және оның  
          сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар  
 
      1. Конференция осы Конвенцияның сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi және осы Конвенцияның ережелерiне қайшы келетiн кез келген ереженi түзеу және түзету жөнiндегi 2, 3 және 4-тармақтарда көзделген қажеттi шараларды қолданады. Осы тармаққа сәйкес iс-шараларды қарау кезiнде Конференция Атқарушы кеңес ұсынған мәселелер бойынша барлық ақпарат пен ұсынымды назарға алады.  
      2. Атқарушы кеңес өзiнiң мiндеттемелерiне және мiндеттерiне қатысты проблемалар туындауына байланысты қатысушы мемлекет осы өтiнiштi белгiленген мерзiмде орындамаған кезде қатысушы мемлекетке жағдайды түзеу жөнiнде шаралар қолдануды ұсынады, Конференция өзге жәйттердiң арасында Атқарушы кеңестiң ұсынымы бойынша осы Конвенция бойынша аталмыш қатысушы мемлекеттiң құқықтары мен артықшылықтарын ол осы Конвенция бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi шаралар қабылдағанға дейiн тоқтатып тұра алады.  
      3. Осы Конвенция бойынша тыйым салынатын қызметтiң және,

 

атап айтқанда, 1 баптың нәтижесiнде  осы Конвенцияның нысанасы мен 

мақсатына елеулi залал келтiрiлетiн  жағдайларда Конференция қатысушы

мемлекеттерге халықаралық құқыққа  сәйкес ұжымдық шаралар қолдануды 

ұсына алады.

     4. Аса елеулi жағдайларда  Конференция тиiстi ақпарат пен 

түйiндердi қоса алғанда, бұл проблеманы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының

Бас Ассамблеясы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң

назарына жеткiзедi.

    

                          ХIII БАП

    

       Басқа халықаралық  келісімдермен байланыс

    

 

 
      Осы Конвенцияда ештеңе де  кез келген мемлекеттiң 1925 жылғы  17 маусымда Женевада қол қойылған  Соғыста тұншықтырушы, улы немесе  басқа да осы секiлдi газдар  мен бактериялогиялық құралдарды  қолдануға тыйым салу туралы  хаттама бойынша, және 1972 жылғы  10 сәуiрде Вашингтонда, Лондонда, және Мәскеуде қол қойылған  бактериялогиялық (биологиялық) және  токсиндi қаруды әзiрлеуге, өндiруге  және қорын жасауға тыйым салу  туралы және оларды жою туралы  Конвенция бойынша қабылдаған  мiндеттемелерiн қандай да бiр  түрде шектейтiн немесе әлсiрететiндей  түрде түсiндiрiлмеуi тиiс.  
 
                               ХІV Бап  
                          Дауларды реттеу  
 
      1. Осы Конвенцияны қолдануға немесе түсiндiруге байланысты туындауы мүмкiн дауларды реттеу осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.  
      2. Осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға байланысты бiр немесе одан да көп қатысушы мемлекеттердiң арасында немесе бiр немесе одан да көп қатысушы мемлекеттер мен Ұйымның арасында дау туындаған кезде тиiстi қатысушылар осы Конвенцияның тиiстi органдарына өтiнiш жасауды қоса алғанда, қатысушылардың қалауы бойынша, өзара келiсiм бойынша Сот мәртебесiне сәйкес Халықаралық Сотқа өтiнiш жасау бойынша келiссөздер немесе басқа да бейбiт шаралар жолымен дауды жылдамырақ реттеу мақсатында бiрлескен консультациялар өткiзедi. Тиiстi қатысушы мемлекеттер Атқарушы кеңеске қабылданған iс-әрекеттер туралы хабарлайды.  
      3. Атқарушы кеңес дауды реттеуге өзiнiң ізгi қызмет көрсетулерiн, қатысушы мемлекеттерге дауды реттеу процесiн өзiнiң таңдауы және кез келген келiсiлген рәсiмдер үшiн мерзiмдер ұсыну бойынша бастауға шақыруды қоса алғанда, ол сай келедi деп санайтын кез келген құралмен жәрдемдесе алады.  
      4. Конференция қатысушы мемлекеттер қозғаған немесе өзiнiң назарына Атқарушы кеңес жеткiзген дауларға қатысы бар мәселелердi қарайды. Конференция, егер ол мұны қажет деп санаса, VIII баптың 21 f) тармағына сәйкес осы дауларды реттеуге байланысты мiндеттердi орындауға органдар құрады немесе оларды тартады.  
      5. Конференция мен Атқарушы кеңеске Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының рұқсатымен Халықаралық Соттан Ұйымның қызметiнiң шеңберiнде кез келген туындаған құқықтық мәселе бойынша консультативтiк қорытынды берудi сұрау құқығы дербес берiледi. Осы мақсатта Ұйым мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының арасында VIII баптың 34  
а) тармағына сәйкес келiсiм жасалады.  
      6. Осы бап IХ бапқа немесе санкцияларды қоса алғанда, ережелердi түзеу және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларға қатысты залал келтiрмейдi.  
 
                               XV Бап  
                             Түзетулер  
 
      1. Кез келген қатысушы мемлекет осы Конвенцияға түзетулер ұсына алады. Кез келген қатысушы мемлекет сондай-ақ 4-тармақта көрсетiлгендей осы Конвенцияның қосымшаларына да өзгерiстер ұсына алады. Түзетулер туралы ұсыныстар 2 және 3-тармақтарда жазылған рәсiмдермен реттеледi. Өзгерiстер туралы ұсыныстар мұның 4-тармақта көрсетiлгенiндей 5-тармақта жазылған рәсiмдермен реттеледi.  
      2. Ұсынылатын түзетулердiң мәтiнi барлық қатысушы мемлекеттер мен депозитарийге жiберу үшiн Бас директорға табыс етiледi. Ұсынылатын түзету Конференцияда түзетулердi қарау бойынша ғана қаралады. Түзетулердi қарау жөнiндегi мұндай Конференция қатысушы мемлекеттердiң үштен бiрi немесе одан көбi ұсыныс таратылғаннан кейiн 30 күннен кешiктiрмей Бас директорға мұндай ұсынысты одан әрi қарауды қолдайтындығын мәлiмдейтiндiктерiн хабарлаған жағдайда ғана шақырылады. Түзетулердi қарау жөнiндегi Конференция, егер қатысушы мемлекеттер мұндай мәжiлiстi ертерек өткiзудi сұрамаса, Конференцияның кезектi сессиясынан кейiн бiрден өткiзiледi. Түзетулердi қарау жөнiндегi Конференция ұсынылатын түзету таратылған соң кемiнде 60 күн өтпей ешбiр жағдайда өткiзiлмейдi.  
      3. Түзетулер барлық қатысушы мемлекеттер үшiн бекiту грамоталарын немесе d) тармақшада көрсетiлген барлық қатысушы мемлекеттер төмендегiлердi:  
      а) олар түзетулердi қарау жөнiндегi Конференция бiрде-бiр қатысушы мемлекет қарсы болмауы шартында қатысушы мемлекеттердiң көпшiлiгi қабылдағанда; және  
      b) түзетулердi қарау жөнiндегi Конференцияда оларды қабылдауға дауыс берген барлық қатысушы мемлекеттер бекiткенде немесе қабылдағанда, қабылдау туралы құжаттарды өткiзгеннен кейiн 30 күннен соң күшiне енедi.  
      4. Осы Конвенцияның өмiршеңдiгi мен тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн, егер ұсынылатын өзгерiстер әкiмшiлiк немесе техникалық сипаттағы мәселелерге ғана қатысты болса, 5-тармаққа сәйкес қосымшалардың ережелерi өзгерiстерге ұшырауы мүмкiн. Химикаттар жөнiндегi қосымшаға барлық өзгерiс 5-тармаққа сәйкес енгiзiледi. Құпиялылық жөнiндегi қосымшаның А және С тараулары, Тексеру жөнiндегi қосымшаның Х бөлiмi және Тексеру жөнiндегi қосымшаның I бөлiмiнiң айқындамалары тек сұрау салу бойынша инспекцияға ғана қатыстылары, 5-тармаққа сәйкес өзгертулерге жатпайды.  
      5. 4-тармақта айтылған ұсынылатын өзгерiстер мынадай рәсiмдерге сәйкес енгiзiледi:  
      а) ұсынылатын өзгерiстердiң мәтiнi қажеттi ақпаратпен бiрге бас директорға жiберiледi. Кез келген қатысушы мемлекетке және Бас директорға ұсынысты бағалау үшiн қосымша ақпарат берiлiне алады. Бас директор кез келген мұндай ұсыныс пен ақпаратты дереу барлық қатысушы мемлекеттерге, Атқарушы кеңеске және депозитарийге жiбередi;  
      b) оны алған соң 60 күннен кешiктiрмей Бас директор ұсыныстың осы Конвенцияның ережелерi үшiн және оның жүзеге асырылуы үшiн мүмкiн барлық салдарын айқындау үшiн оны бағалайды, және мұндай кез келген ақпаратты барлық қатысушы мемлекет пен Атқарушы кеңеске жiбередi;  
      с) Атқарушы кеңес ұсыныстың 4-тармақтың талаптарына жауап беретiндiгi туралы мәселенi қоса алғанда, оны өзiнде бар барлық ақпараттың тұрғысында қарайды. Оны алынған соң 90 күннен кешiктiрмей Атқарушы кеңес қарау үшiн барлық қатысушы мемлекеттерге тиiстi түрде түсiндiрмелермен өзiнiң ұсынымы туралы хабарламаны жiбередi. Қатысушы мемлекеттер 10 күннiң iшiнде растайды;  
      d) егер Атқарушы кеңес барлық қатысушы мемлекеттерге, егер ұсынымды алған соң 90 күн iшiнде бiрде бiр қатысушы мемлекет оған қарсы наразылықтарын бiлдiрмесе, онда ол қабылданған болып есептеледi. Егер Атқарушы кеңес ұсынысты қабылдамауды ұсынса, егер ұсынымды алған соң 90 күн iшiнде, бiрде бiр мемлекет мұндай қабылдамауға қарсы наразылықтарын бiлдiрмесе, ол қабылданбаған болып саналады;  
      е) егер Атқарушы кеңестiң ұсынымы d) тармақшасында көзделген қабылдау шарттарына жауап бермесе, онда ұсыныс жөнiндегi шешiм 4-тармақтың талаптарына жауап беру-бермейтiндiгi туралы мәселенi қоса алғанда, оны келесi сессиясында мәнiнiң мәселесi бойынша Конференция қабылдайды;  
      f) Бас директор барлық қатысушы мемлекетке және депозитарийге осы

 

тармаққа сәйкес кез келген шешiм  туралы хабарлайды;

     q) Осы рәсiмге сәйкес  мақұлданған өзгерiстер барлық  қатысушы 

мемлекеттер үшiн Бас директор, егер Атқарушы кеңес өзге мерзiм 

белгiлеудi ұсынбаса немесе егер Конференция  осылай деп шешпесе,

оларды мақұлдау туралы жасалған хабарлау күнiнен кейiн 180 күннен

соң күшiне енедi.

    

                            XVI Бап

              Конвенцияның қолданылу мерзімі

                       және одан шығу

    

     1. Осы Конвенция мерзiмсiз  болып табылады.

 

 
      2. Әрбiр қатысушы мемлекет өзiнiң  ұлттық егемендiгiн жүзеге асыру  тәртiбiмен, егер ол осы Конвенцияның  нысанасына қатысты төтенше оқиғалар  өзiнiң елiнiң жоғары мүдделерiне  қауiп-қатер төндiредi деп шешсе,  осы Конвенциядан шығуға құқығы  бар. Ол мұндай шығу туралы  барлық басқа қатысушы мемлекеттерге,  Атқарушы кеңеске, депозитарийге  және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының  Қауiпсiздiк Кеңесiне 90 күн бұрын  хабарлайды. Мұндай хабарламаға  өзiнiң жоғары мүдделерiне қауiп-қатер  төндiрушi ретiнде қарайтын төтенше  жағдайлардың баяндамасы кiредi.  
      3. Қатысушы мемлекеттiң осы Конвенциядан шығуы кез келген

 

тиiстi халықаралық құқыққа сәйкес, және, атап айтқанда, 1925 жылғы 

Женева хаттамасына сәйкес қабылдаған мiндеттемелерiн орындауды 

жалғастыру мiндетiн ешқандай да қозғамайды.

    

                            ХVII Бап

                   Қосымшалардың мәртебесі

    

     Қосымшалар осы Конвенцияның  ажырамас бөлiгiн құрайды. Осы 

Конвенцияға кез келген сiлтеме  жасауға қосымшалар да кiредi.

    

                           ХVIII Бап

                            Қол қою

    

     Осы Конвенция өзi күшiне енгенге дейiн барлық  мемлекеттердiң 

қол қоюына ашық.

    

                            ХIХ Бап

                             Бекіту

    

     Осы Конвенция қол  қойған мемлекеттердiң өздерiнiң  конституциялық 

рәсiмдерiне сәйкес бекiтуiне жатады.

    

                            ХХ Бап

                            Қосылу

    

 

 
      Осы Конвенцияға қол қоймаған  кез келген мемлекет оған кейiн  ол күшiне енгенге дейiн кез  келген уақытта қосыла алады.  
 
                            ХХI Бап  
                           Күшіне енуі  
 
      1. Осы Конвенция 65-іншi бекiту грамотасын сақтауға өткiзген күннен кейiн 180 күннен соң күшiне енедi, бiрақ ешқандай жағдайда ол қол қоюға ашылған соң екi жылдан ерте емес.  
      2. Бекiту грамоталары немесе қосылу туралы құжаттары сақтауға осы Конвенция күшiне енген соң өткiзiлген мемлекеттер үшiн ол олардың бекiту грамоталары немесе қосылу туралы құжаттары сақтауға өткiзiлген күннен кейiн 30-ыншы күнi күшiне енедi.  
 
                            ХХІІ Бап  
                           Ескертулер  
 
      Осы Конвенцияның баптары ескерту жасауға жатпайды. Осы Конвенцияның қосымшалары оның нысанасы мен мақсатына сыйыспайтын ескерту жасауларға жатпайды.  
 
                            ХХIII Бап  
                            Депозитарий  
 
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы осымен осы Конвенцияның депозитарийi ретiнде тағайындалады, және ол өзге жәйттермен бiрге:  
      а) барлық қол қойған және қосылған мемлекеттерге осы Конвенцияға әрбiр қол қою күнi, әрбір бекiту грамоталарын сақтауға өткiзу күнi туралы немесе қосылу туралы құжатты және оның күшiне ену күнi туралы, сондай-ақ басқа да хабарламаларды алуы туралы дереу хабарлайды;  
      b) осы Конвенцияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмелерiн барлық қол қойған және қосылған мемлекеттердiң үкiметтерiне жiбередi; және  
      с) осы Конвенцияны Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркейдi.  
 
                          ХХIY Бап  
                      Бірдей мәтіндер  
 
      Осы Конвенцияның ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тiлдерiндегi мәтiндерi бiрдей болып табылады, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға өткiзiледi.  
      Осыны куәландыру үшiн қол қойғандар, осыған тиiстi түрде уәкiлеттiк берiлгендер осы Конвенцияға қол қойды.  
      Мың тоғыз жүз тоқсан үшiншi жылдың он үшiншi қаңтарында Парижде жасалды.  
 
      А. Химикаттардың тізімі үшін негізгі принциптер  
 
      1-тiзiм үшiн негiзгi принциптер  
      1. Токсиндi химикат немесе прекурсор 1-тiзiмге енуi тиiс пе, жоқ па деген мәселенi қарау кезiнде мынадай өлшемдердi ескеру қажет:  
      а) ІI бапта айқындалғанындай ол химиялық қару ретiнде жасалған, өндiрiлген, қоры жасалған немесе пайдаланылған;  
      b) осы Конвенцияның нысанасы мен мақсаты үшiн ол мына шарттардың бiрiн немесе бiрнешеуiн сақтау кезiнде:  
      i) оның химиялық құрылымы 1-тiзiмге енгiзiлген басқа токсиндi химикаттардың құрылымымен тығыз байланысты, және ол салыстырмалы қасиеттерге ие немесе ие болуы мүмкiн;  
      ii) ол химиялық қару ретiнде пайдаланылуы мүмкiн. Өлiм қаупiн тудырушы немесе инкапаситтеушi токсиндiлiкке, сондай-ақ осы секiлдi басқа да қасиеттерге ие;  
      iii) 1-тiзiмге енгiзiлген токсиндi химикаттың түпкi бiрлiктiк технологиялық өндiрiсiнiң сатысында мұндай саты объектiлерде, оқ-дәрiлерде немесе әлдебiр жерде болған-болмағанына қарамастан, прекурсор ретiнде қолданылуы мүмкiн осы Конвенция бойынша тыйым салынған қызметтiң шегiнде пайдалану үшiн үлкен мүмкiндiгi болуына байланысты өзгедей түрде жоғары тәуекел тудырады;  
      с) осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын мақсаттарда ол аз пайдаланылады немесе пайдаланылмайды.  
 
      2-тiзiм үшiн негiзгi принциптер  
      2. 1-тiзiмге енгiзiлмеген токсиндi химикат, немесе 1-тiзiмнiң химикатының прекурсоры немесе 2-тiзiмнiң А бөлiмiне енгiзiлген химикаттың прекурсоры 2-тiзiмге енгiзiлуi тиiстiлiгi туралы мәселенi қарау кезiнде мынадай өлшемдердi ескеру қажет:  
      а) бұл оны химиялық қару ретiнде пайдалануға мүмкiндiк беретiн осы Конвенцияның нысанасы мен мақсаты үшiн ол өлiм қаупiн тудырушы немесе инкапаситтеушi токсиндiлiкке, сондай-ақ осындай басқа да қасиеттерге ие болуына байланысты елеулi тәуекел етудi бiлдiредi;  
      b) ол 1-тiзiмге немесе 2-тiзiмнiң А бөлiмiне енгiзiлген химикаттың түзiлуiнiң түпкi сатысында химиялық реакциялардың бiрiнде прекурсор ретiнде пайдаланылуы мүмкiн;  
      с) ол 1-тiзiмге немесе 2-тiзiмнiң А бөлiмiне енгiзiлген химикатты өндiру кезiнде маңызды мәнге ие болуына байланысты осы Конвенцияның нысанасы мен мақсатына елеулi тәуекел тудырады;  
      d) ол осы Конвенциямен тыйым салынған мақсаттар үшiн коммерциялық үлкен мөлшерлерде өндiрiлмейдi.  
 
      3-тiзiм үшiн негiзгi принциптер  
      3. Басқа тiзiмдерге енбеген токсиндi химикат немесе прекурсор 3-тiзiмге енуi тиiс пе деген мәселенi қарау кезiнде мынадай өлшемдердi ескеру керек:  
      а) ол химиялық қару ретiнде өндiрiлген, қоры жиналған немесе қолданылған;  
      b) ол осындай өлiм қаупiн тудырушы немесе инкапаситтеушi токсиндiлiкке ие болуына байланысты ол осы Конвенцияның нысанасы мен мақсаты үшiн өзгедей түрде тәуекел тудырады, сондай-ақ химиялық қару ретiнде пайдалануы мүмкiн осындай басқа да қасиеттерге ие;  
      с) оның 1 тiзiмге немесе 2-тiзiмнiң В бөлiмiне енгiзiлген бiр немесе бiрнеше химикатты өндiруi кезiнде маңызды мәнге ие болуына байланысты осы Конвенцияның нысанасы мен мақсаты үшiн тәуекел тудырады;  
      d) ол осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын мақсаттар үшiн үлкен коммерциялық мөлшерлерде өндiрiлiне алады.  
 
      В. Химикаттардың тізімдері  
 
      Төменде келтiрiлген тiзiмдер токсиндi химикаттар мен олардың прекурсорларын қамтиды. Осы Конвенцияны жүзеге асыру үшiн осы тiзiмдерде Тексеру жөнiндегi қосымшаның ережелерiне сәйкес тексеру шараларын қолдануға арналған химикаттар айқындалады. II баптың 1  
а) тармағына сәйкес бұл тiзiмдер химиялық қаруды айқындаудан тұрмайды.  
      (Кез келген уақытта жақшаларда алкилденген топтардың тiзбесi

Информация о работе Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенция