Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:43, реферат
Электр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен байланыс құралдарына әсер етіп, істен шығарады.
Жаппай қырып-жоятын қарулардың барлық түрлерiне тыйым салу мен оларды жоюды қоса алғанда, қатаң және тиiмдi халықаралық бақылау мен жаппай және толық қарусыздану бағытында тиiмдi прогреске қол жеткiзу мақсатында батыл iс-әрекет жасауға бел буып.
Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияны бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 24 маусым N 398-I
Парижде 1993 жылғы 13 қаңтарда жасалған химиялық қаруды әзірлеуге,
өндіруге, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенция
бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау мен
қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенция
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
Жаппай қырып-жоятын
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары
мен принциптерiн iске асыруға үлес қосуға
тiлек бiлдiре отырып,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының
1925 жылғы 17 маусымда Женевада қол қойылған
Соғыста тұншықтыратын, улы немесе осы
секiлдi басқа да газдар мен бактериологиялық
құралдарды қолдануға тыйым салу туралы
хаттаманың (1925 жылғы Женева хаттамасы)
принциптерi мен мақсаттарына қайшы келетiн
барлық iс-әрекеттi әлде неше рет айыптағанын
еске ала отырып,
осы Конвенцияның 1972 жылғы 10 сәуiрде Вашингтон,
Лондонда және Мәскеуде қол қойылған 1925
жылғы Женева хаттамасының және Бактериологиялық
(биологиялық) және токсиндiк қаруды әзiрлеуге,
оның өндiрiсiне және запастардың жиналуына
тыйым салу туралы және оларды жою туралы
конвенцияның принциптерi мен мақсаттарын,
сондай-ақ олар бойынша алынған мiндеттемелердi
тағы да растайтындығын мойындай отырып,
Бактериологиялық (биологиялық) және
токсиндiк қаруды әзiрлеуге, оның өндiрiсiне
және запастардың жиналуына тыйым салу
туралы және оларды жою туралы конвенцияның
ІХ бабында бекiтiлген мақсатты еске ала
отырып,
осы Конвенцияның ережелерiн жүзеге асыру
арқылы химиялық қаруды қолданудың мүмкiндiгiн
бүкiл адамзаттың мүддесiнде толық болдырмауға,
осымен 1925 жылғы Женева хаттамасы бойынша
қабылданған мiндеттемелердi толықтыра
отырып батыл iс-әрекет жасауға,
тиiстi келiсiмдер мен халықаралық құқық
принциптерiнде бекiтiлген соғыс жүргiзу
құралы ретiнде гербицидтердi пайдалануға
тыйым салуды мойындай отырып,
химия саласындағы жетiстiктер тек адамзат
игiлiгiне ғана пайдаланылуы тиiс деп санап,
осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын
мақсаттарда, барлық қатысушы мемлекеттердiң
экономикалық және техникалық дамуын
жеделдету үшiн химикаттар мен еркiн сауданы,
сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық
пен ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасуды
көтермелеуді тілей отырып,
химиялық қаруды жасауға, өндіруге, сатып
алуға, қорландыруға, сақтауға, беруге
және қолдануға толық және тиімді тыйым
салынуы және оны жоюдың осы жалпы мақсаттарға
қол жеткізу жолында қажет қадам екендігіне
кәміл сене отырып,
төмендегі туралы келісті:
Жалпы міндеттемелер
1. Осы Конвенцияға қатысушы
а) химиялық қаруды әзiрлемеуге, өндiрмеуге,
өзгедей түрде сатып алмауға, қорын жасамауға
немесе сақтамауға немесе химиялық қаруды
кiмге де болмасын тiкелей немесе жанама
түрде бермеуге;
b) химиялық қаруды қолданбауға;
с) химиялық қаруды қолдануға кез келген
әскери дайындықтар жүргiзбеуге;
d) осы Конвенция бойынша қатысушы мемлекетке
тыйым салынатын кез келген қызметке көмектеспеуге,
көтермелемеуге немесе кiмдi болмасын
оны жүргiзуге қандай да бiр түрде итермелемеуге
мiндеттенедi.
2. Әрбiр қатысушы мемлекет өзiнiң меншiгiндегi
немесе қарауындағы немесе осы Конвенцияның
ережелерiне сәйкес өзiнiң заңдық құқығында
немесе бақылауында кез келген жерде орналастырылған
химиялық қаруды жоюға мiндеттенедi.
3. Әрбiр қатысушы мемлекет өзiнiң басқа
қатысушы мемлекеттiң
аумағында қалдырған барлық химиялық қаруын осы Конвенцияның
ережелерiне сәйкес жоюға мiндеттенедi.
4. Әрбiр қатысушы мемлекет
химиялық қаруды өндiру
өзiнiң меншiгiндегi немесе қарауындағы немесе өзiнiң заңдық құқығында
немесе бақылауында кез келген жерде орналасқан кез келген объектiнi
осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес жоюға мiндеттенедi.
5. Әрбiр қатысушы мемлекет
химиялық құралдарды
қарсы күресте соғысты жүргiзу құралы
ретiнде пайдаланбауға
II Бап
Анықтамалар мен өлшемдер
Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
1. "Химиялық қару"
жиынтығында немесе жекелей
бiлдiредi:
а) олар осы Конвенция
b) а) тармақшасында көрсетiлген осындай
оқ-дәрiлер мен құрылғыларды қолдану нәтижесiнде
босаған токсиндi химикаттардың токсиндiк
қасиеттерiнiң есебiнен жойқын зақымдау
немесе өзге де зиян келтiруге әдейi арналған
оқ-дәрiлер мен құрылғылар;
с) b) тармақшасында көрсетiлген оқ-дәрiлер
мен құрылғыларды қолдануға байланысты
тiкелей пайдалануға әдейi арналған кез
келген жабдық.
2. "Токсиндi химикат" мынаны бiлдiредi:
өзiнiң химиялық әсер етуiнiң есебiнен өмiрлiк
маңызы бар процестерге өлiммен аяқталатын
уақытша естен тандыратын немесе адамға
немесе жануарларға үнемi зиян келтiретiн
кез келген химикат. Бұған өздерiнiң шығу
тегiне немесе оларды өндiрудiң тәсiлiне
қарамастан және оқ-дәрiлер объектiлерiнде
немесе әлдебiр жерде өндiрiлгенiне қарамастан
барлық осындай химикат жатады.
(Осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында
тексеру шараларын қолдану үшiн анықталған
токсиндi химикаттар Химикаттар жөнiндегi
қосымшадағы тiзiмдерде санамалап көрсетiледi).
3. "Прекурсор" мынаны бiлдiредi:
токсиндi химикатты қандай да болмасын
тәсiлмен өндiрудiң кез келген сатысына
қатысатын кез келген химиялық реагент.
Бұған бинарлық немесе көп құрамды химиялық
жүйенiң кез келген негiзгi құрамы жатады.
(Осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында
тексеру шараларын қолдану үшiн анықталған
прекурсорлар Химикаттар жөнiндегi қосымшадағы
тiзiмдерде санамаланып көрсетiледi).
4. "Бинарлық немесе көп құрамды химиялық
жүйелердiң негiзгi құрамы" (бұдан әрi
"негiзгi құрам" деп аталады) мынаны
бiлдiредi:
түпкi өнiмнiң токсиндiк қасиеттерiн айқындауда
ең маңызды рөл ойнайтын және бинарлық
немесе көп құрамды жүйеде басқа химикаттармен
тез реакцияға түсетiн прекурсор.
5. "Ескi химиялық қару" мынаны бiлдiредi:
а) 1925 жылға дейiн өндiрiлген химиялық қару;
немесе
b) 1925 және 1946 жылдардың аралығындағы кезеңде
өндiрiлген, химиялық қару ретiнде пайдалануға
болмайтын дәрежеге дейiн нашарлаған химиялық
қару.
6. "Қалдырылған химиялық қару" мынаны
бiлдiредi:
мемлекеттiң 1925 жылғы 1 қаңтардан кейiн
басқа мемлекеттiң аумағында оның рұқсатынсыз
қалдырған ескi химиялық қаруын қоса алғандағы
химиялық қаруы.
7. "Тәртiпсiздiктерге қарсы күрестегi
химиялық құрал" мынаны бiлдiредi:
тiзiмге енбеген, адам организмiнде сезiну
органдарын тез тiтiркендiруге немесе әсер
ету тоқтатылғаннан кейiн қысқа уақыт
аралығының iшiнде жоғалатын физикалық
бұзушылықтар жасауға қабiлеттi кез келген
химикат.
8. "Химиялық қаруды өндiру жөнiндегi
объект" мыналарды бiлдiредi:
а) 1946 жылғы 1 қаңтардан бастап кез келген
уақытта салынған немесе пайдаланылған
кез келген жабдық, сондай-ақ осындай жабдық
сыйып кететiн кез келген ғимарат:
і) жабдықтың жұмыс істеуi кезiнде материалдық
лектер болатын химикаттар өндiру сатысының
бөлiгi ретiнде ("соңғы технологиялық
саты"):
1) Химикаттар жөнiндегi қосымшаның 1-тiзiмiне
енгiзiлген кез келген химикат;
немесе
2) Осы Конвенция бойынша тыйым салынатын
мақсаттарда, бiрақ химиялық қарудың мақсаттары
үшiн қолданылуы мүмкiн қатысушы мемлекеттiң
заңдық құқығымен немесе бақылауымен
қатысушы мемлекеттiң аумағында немесе
кез келген жерде жылына 1 тоннадан артық
қолданылмайтын кез келген химикат;
немесе
іi) өзгелермен бiрге химиялық қарудың
жарақтары үшiн 1-тiзiмде санамаланған химикаттардың
жарақтары сақталуға арналған оқ-дәрiлер,
құрылғылар немесе сыйымдылықтар;
бинарлық оқ-дәрiлердiң құрамына кiретiн
контейнерлердегi химикаттардың жарақтары
жинақтағы құрылғылар немесе жинақтағы
бiрегей оқ-дәрiлер мен құрылғылардың құрамына
кiретiн химиялық зарядтар; және тиiстi
оқ-дәрiлер мен құрылғылардағы контейнерлiк
қондырғылар мен химиялық зарядтар;
b) мынаны бiлдiрмейдi:
i) а) i) қосымшада көрсетiлген химикаттарды
синтездеуге арналған өндiрiстiк қуаты
1 тоннадан азды құрайтын кез келген объект;
ii) а) i) тармақшада көрсетiлген химикат
осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын
мақсаттарда өндiрiледi немесе қызметтiң
қосымша мiндеттi өнiмi ретiнде өндiрiлген,
мұндай химикат бүкiл өнiмнiң үш процентiнен
аспайтын және Жүзеге асыру және тексеру
жөнiндегi қосымшаға сәйкес (бұдан әрi -
"Тексеру жөнiндегi қосымша" деп аталады)
хабарландыруға және инспекциялауға жататын
объект шартымен кез келген объект;
iii) а) i) қосымшада көрсетiлген химикат
осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын
мақсаттарда, мұндай химикат бүкiл өнiмнiң
үш процентiнен аспайтын немесе Жүзеге
асыру және тексеру жөнiндегi қосымшаға
сәйкес (бұдан әрi - "Тексеру жөнiндегi
қосымша" деп аталады) хабарландыруға
және инспекциялауға жататын объект жағдайындағы
кез келген объект;
немесе
iv) 1-тiзiмде санамаланып көрсетiлген, осы
Конвенция бойынша тыйым салынбайтын
мақсаттар үшiн Тексеру жөнiндегi қосымшаның
VI бөлiмiнде көрсетiлген химикаттарды өндiру
жөнiндегi жеке шағын ауқымды объект.
9. "Осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын
мақсаттар" мынаны бiлдiредi:
а) өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылықтық, зерттеушiлiк,
медициналық, фармацевтикалық немесе
өзге бейбiт мақсаттар;
b) қорғаныстық мақсаттар, атап айтқанда,
токсиндiк химикаттардан қорғануға және
химиялық қарудан қорғануға тiкелей байланысты
мақсаттар;
с) химиялық қаруды қолдануға байланысы
жоқ және соғысты жүргiзу құралы ретiнде
химикаттардың токсиндiк қасиеттерiн пайдалануға
тәуелсiз әскери мақсаттар;
d) елдегi тәртiпсiздiктерге қарсы күрестi
қоса алғанда, құқық қорғау мақсаттары.
10. "Өндiрiстiк қуат" мынаны бiлдiредi:
технологиялық процестiң негiзiнде нақты
химикатты өндiруге арналған, iс жүзiнде
пайдаланылатын немесе, тиiстi объектiде
пайдалануға жоспарланған процеске әлi
пайдаланылмаған жағдайдағы жылдық сандық
мүмкiндiк. Ол тең бастапқы қуатпен немесе,
бастапқы қуаттың болмауымен, - жобалық
қуатпен есептеледi. Бастапқы қуат бiр
немесе бiрнеше сынамалық айдау деректерi
бойынша өндiрiстiк объектiге мүмкiн қолданылатын
өндiрiстiң барынша үлкен көлемiне мүмкiн
есептелген жағдайлардағы өнiмдi шығаруды
бiлдiредi. Жобалық қуат теориялық есептеу
деректерi бойынша өнiмнiң тиiстi шығарылуын
бiлдiрiледi.
11. "Ұйым" осы Конвенцияның VIII бабына
сәйкес құрылатын химиялық
қаруға тыйым салу жөнiндегi Ұйымды бiлдiредi.
12. VI баптың мақсаттары үшiн:
а) химикаттың "өндiрiсi" химиялық авиация арқылы оның пайда болуын
бiлдiредi;
b) химикатты "қайта
өңдеу" физикалық процестi
құрастыру, экстракция және тазалау, оның барысында химикат басқа
химикатқа айналмайды;
с) химикатты "тұтыну" химиялық реакция арқылы оның басқа
химикатқа айналуын бiлдiредi.
ІІІ Бап
Хабарландырулар
1. Әрбір қатысушы мемлекет осы
Конвенция өзi үшiн күшiне енетiн
30 күннен кейiн Ұйымға мынадай
хабарландыруларды ұсынады, ол
оларда:
а) химиялық қаруға қатысты:
і) ол меншiгiнде немесе қарауында қандай
да болмасын химиялық қарудың бар екендiгiн
немесе өзiнiң заңдық құқығындағы немесе
бақылауындағы кез келген жерде орналастырылған
қандай да болмасын химиялық қаруының
бар екендiгiн хабарлайды;
ii) өзiнiң меншiгiндегi немесе iii) тармақшасында
көрсетiлген химиялық қарудан басқа Тексеру
жөнiндегi қосымшаның IV А) бөлiмiнiң 1-3-тармақтарына
сәйкес өзiнiң заңдық құқығында немесе
бақылауында кез келген жерде орналасқан
химиялық қарудың дәл тұрған жерiн, жиынтық
санын және егжей-тегжейлi мүкәмалдық
құрамын көрсетедi;
iii ) Тексеру жөнiндегi қосымшаның IV А) бөлiмiнiң
4-тармағына сәйкес өзiнiң аумағындағы
басқа мемлекеттiң меншiгiндегi немесе
қарауындағы және басқа мемлекеттiң заңдық
құқығында немесе бақылауында кез келген
жерде орналасқан химиялық қару туралы
хабарлайды;
iv) Тексеру жөнiндегi қосымшаның IV A) бөлiмiнiң
5-тармағына сәйкес 1946 жылдың 1 қаңтарынан
бастап қандайда болмасын химиялық қаруды
бергендiгiн немесе тiкелей немесе жанама
түрде алғандығын хабарлайды және мұндай
қаруды бергендiгiн немесе алғандығын
көрсетедi;
v) Тексеру жөнiндегi қосымшаның IV А) бөлiмiнiң
6-тармағына сәйкес өзiнiң меншiгiндегi немесе
иелiгiндегi немесе өзiнiң заңдық құқығында
немесе бақылауында кез келген жерде орналасқан
химиялық қаруды жоюдың жалпы жоспарын
ұсынады;
b) ескi химиялық қаруға және қалдырылған
химиялық қаруға қатысты:
і) Тексеру жөнiндегi қосымшаның IV В) бөлiмiнiң
3-тармағына сәйкес өзiнiң аумағында ескi
қарудың бар-жоқтығын хабарлайды және
қолында бар барлық ақпаратты табыс етедi;
ii) Тексеру жөнiндегi қосымшаның IV В) бөлiмiнiң
8-тармағына сәйкес өзiнiң аумағында қалдырылған
химиялық қарудың бар-жоқтығын хабарлайды
және қолында бар барлық ақпаратты табыс
етедi;
іiі) Тексеру жөнiндегi қосымшаның IV В)
бөлiмiнiң 10-тармағына сәйкес басқа мемлекеттердiң
аумағында химиялық қаруды қалдырғандығын-
c) химиялық қаруды өндiру объектiлерiне
қатысты:
і) 1946 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзiнiң
меншiгiнде немесе қарауында немесе өзiнiң
заңды құқығындағы немесе бақылауындағы
кез келген жерде кез келген уақытта орналастырылған
немесе орналасқан химиялық қаруды өндiру
бойынша кез келген объектiсi бар-жоқтығын
хабарлайды;
іі) iii) тармақшада көрсетiлген объектiлерден
басқа Тексеру жөнiндегi қосымшаның V бөлiмiнiң
1-тармағына сәйкес 1946 жылдың 1 қаңтарынан
бастап өзiнiң меншiгiнде немесе қарауында
немесе өзiнiң заңды құқығындағы немесе
бақылауындағы кез келген жерде кез келген
уақытта орналастырылған немесе орналасқан
химиялық қаруды өндiру бойынша кез келген
объектiнi көрсетедi;
іiі) Тексеру жөнiндегi қосымшаның V бөлiмiнiң
2-тармағына сәйкес 1946 жылдың 1 қаңтарынан
бастап басқа мемлекеттiң меншiгiнде немесе
қарауында немесе орналасатын немесе
өзiнiң басқа мемлекеттiң заңды құқығындағы
немесе бақылауындағы кез келген жерде
кез келген уақытта орналасқан химиялық
қарудың өндiрiсi бойынша кез келген объектi
туралы хабарлайды.;
iv) 1946 жылғы 1 қаңтардан бастап химиялық
қаруды өндiру үшiн тiкелей немесе жанама
түрде кез келген жабдықты берген-бермегендiгiн
немесе алған-алмағандығын хабарлайды
және Тексеру жөнiндегi қосымшаның V бөлiмiнiң
3-5-тармақтарына сәйкес мұндай жабдықтың
берiлгендiгiн немесе алынғандығын көрсетедi;
v) Тексеру жөнiндегi қосымшаның V бөлiмiнiң
6-тармағына сәйкес өзiнiң меншiгiндегi немесе
қарауындағы немесе өзiнiң заңды құқығындағы
немесе бақылауындағы кез келген жерде
орналасқан химиялық қаруды өндiру бойынша
кез келген объектiнi жоюдың өзiнiң жалпы
жоспарын табыс етедi;
vi) Тексеру жөнiндегi қосымшаның V бөлiмiнiң
1 i) тармағына сәйкес өзiнiң меншiгiндегi
немесе қарауындағы немесе өзiнiң заңды
құқығындағы немесе бақылауындағы кез
келген жерде орналасқан химиялық қаруды
өндiру бойынша кез келген объектiнi жабу
үшiн қабылдануы тиiс шараларды көрсетедi;
vii) Тексеру жөнiндегi қосымшаның V бөлiмiнiң
7-тармағына сәйкес өзiнiң меншiгiндегi немесе
қарауындағы немесе өзiнiң заңды құқығындағы
немесе бақылауындағы кез келген жерде
орналасқан химиялық қаруды өндiру бойынша
кез келген объектiнi кез келген уақытша
қайта жабдықтаудың өз жалпы жоспарын
табыс етедi;
d) басқа объектiлерге қатысты:
1946 жылдың 1 қаңтарынан бастап басым жағдайда
химиялық қаруды әзiрлеуге арналған, салынған
немесе пайдаланылған меншiгiндегi немесе
қарауындағы немесе өзiнiң заңды құқығымен
немесе бақылауымен кез келген жерде орналастырылған
кез келген объектiнiң немесе мекеменiң
дәл тұрған мекен-жайын, қызметiнiң сипаты
мен жалпы аясын көрсетедi. Мұндай хабарландыруға,
өзгелермен бiрге, лабораториялар мен
полигондар және сынақ алаңдары да кiредi;
е) тәртiпсiздiктерге қарсы күрес химиялық
құралдарына қатысты:
"Кемикл абстрактс сервис" (КАС) бойынша,
егер мұндай берiлген
болса, химиялық атауын, құрылымдық формуласын және тiркеу нөмiрiн,
тәртiпсiздiктерге қарсы күрестiң мақсаттары үшiн пайдаланылатын әрбiр
химикатты көрсетедi.
Бұл хабарландыру
кез келген өзгерiс күшiне
30 күннен кешiктiрiлмей
2. Осы баптың ережелерi және Тексеру жөнiндегi қосымшаның IV
бөлiмiнiң ережелерi қатысушы мемлекеттердiң қалауы бойынша 1977 жылдың
1 қаңтарына дейiн оның
1985 жылдың 1 қаңтарына дейiн теңiзге тасталынған химиялық қаруға
қолданылмайды.
Химиялық қару
1. Осы баптың ережелерi мен оны
жүзеге асырудың егжей-
2. Осы бапты жүзеге асырудың егжей-тегжейлi
рәсiмдерi Тексеру жөнiндегi қосымшада
жазылған.
3. 1 а) тармағында көрсетiлген химиялық
қару сақталынатын немесе жойылатын барлық
орын тұрған жерiнде инспекциялау арқылы
ұдайы тексерiлуге және Тексеру жөнiндегi
қосымшаның IV А) бөлiмiне сәйкес тұрған
жерiнде орнатылатын приборлардың көмегiмен
байқауға жатады.
4. Әрбiр қатысушы мемлекет III баптың 1-тармағына
сәйкес хабарландыруды табыс еткеннен
кейiн бiрден тұрған жерiнде инспекциялау
арқылы жариялауды ұдайы тексеру мақсатында
1-тармақта көрсетiлген химиялық қаруды
көруге рұқсат бередi. Бұдан соң әрбiр қатысушы
мемлекет химиялық қаруды жою жөнiндегi
объектi ретiндегiден басқа, кез келген
мұндай химиялық қаруды шығармайды. Ол
тұрған жерiнде ұдайы тексеру мақсатында
мұндай химиялық қаруды көруге рұқсат
бередi.
5. Әрбiр қатысушы мемлекет өзiнiң меншiгiндегi
немесе қарауындағы немесе өзiнiң заңды
құқығымен немесе бақылауымен кез келген
жерде орналастырылған химиялық қаруды
жою жөнiндегi кез келген объектiлерге
тұрған жерiнде инспекциялау арқылы ұдайы
тексеру және тұрған жерiнде орнатылатын
приборлардың көмегiмен байқау жасау мақсатында
көруге рұқсат бередi.
6. Әрбiр қатысушы мемлекет Тексеру жөнiндегi
қосымшаға сәйкес 1-тармақта көрсетiлген
және жоюдың келiсiлген қарқыны мен реттiлiгiне
сәйкес (бұдан әрi "жою тәртiбi" деп
аталады) барлық химиялық қаруды жояды.
Мұндай жою осы Конвенция өзi үшiн күшiне
енген соң екi жылдан кешiктiрiлмей басталады,
және осы Конвенция күшiне енген соң 10
жылдан кешiктiрiлмей аяқталады. Қатысушы
мемлекеттiң мұндай химиялық қаруды мейлiнше
тез қарқынмен жоюына тыйым салынбайды.
7. Әрбiр қатысушы мемлекет:
а) 1-тармақта көрсетiлген химиялық қаруды
жоюдың егжей-тегжейлi жоспарларын Тексеру
жөнiндегi қосымшаның IV А) бөлiмiнiң 29-тармағына
сәйкес жоюдың әрбiр жылдық кезеңi басталғанға
дейiн 60 күннен кешiктiрмей табыс етедi;
егжей-тегжейлi жоспарлар жоюдың келесi
жылдық кезеңiнiң барысында жоюға жататын
барлық запасты қамтиды;
b) 1-тармақта көрсетiлген химиялық қаруды
жоюдың өз жоспарларын жүзеге асыру туралы
хабарландыруды жоюдың әрбiр жылдық кезеңi
аяқталған соң жыл сайын 60 күннен кешiктiрмей
табыс етедi; және
с) жою процесi аяқталған соң 30 күннен
кешiктiрмей 1-тармақта көрсетiлген барлық
химиялық қарудың жойылғандығын куәландырады.
8. Егер мемлекет осы Конвенцияны бекiтетiн
болса немесе 6-тармақта көрсетiлген жоюдың
он жылдық кезеңiнен кейiн оған қосылатын
болса, онда ол 1-тармақта көрсетiлген химиялық
қаруды мүмкiндiгiнше тезiрек жояды. Мұндай
қатысушы мемлекет үшiн жоюдың тәртiбi
мен қатаң тексеру рәсiмдерiн Атқарушы
кеңес айқындайды.
9. Қатысушы мемлекеттiң бастапқы химиялық
қаруды хабарландыруынан кейiн табылған
кез келген химиялық қару хабарланады,
тоқтатылады және Тексеру жөнiндегi қосымшаның
IV А) бөлiмiне сәйкес жойылады.
10. Әрбiр қатысушы мемлекет химиялық қаруды
тасымалдау, сынамаларды алу, сақтау және
жою барысында адамдардың қауiпсiздiгi
мен қоршаған ортаны қорғауға бiрiншi кезекте
назар аударады. Әрбiр қатысушы мемлекет
химиялық қаруды тасымалдауды, сынамаларды
алуды, сақтауды және жоюды қауiпсiздiк
пен шығарылған тастауларға қатысты өзiнiң
ұлттық стандарттарына сәйкес жүзеге
асырады.
11. Аумағында, меншiгiнде немесе басқа
мемлекеттiң қарауында немесе басқа мемлекеттiң
заңды құқығымен немесе бақылауымен кез
келген жерде орналастырылған химиялық
қаруы бар кез келген қатысушы мемлекет
осы Конвенцияның күшi өзi үшiн енген соң
бiр жылдан кешiктiрiлмей өзiнiң аумағында
бұл химиялық қаруды жоюды қамтамасыз
етуге барынша күш салады. Егер ол бiр жылдың
iшiнде жойылмаған болса, онда қатысушы
мемлекет Ұйымға және басқа да қатысушы
мемлекеттерге осы химиялық қаруды жоюға
көмек беру туралы өтiнiш жасай алады.
12. Әрбiр қатысушы мемлекет басқа қатысушы
мемлекеттермен екi тараптық негiзде немесе
Техникалық хатшылық арқылы ынтымақтастық
жасауға мiндеттенедi, химиялық қаруды
қауiпсiз және тиiмдi түрде жоюдың әдiстерi
мен технологияларына қатысты ақпарат
немесе көмек сұрайды.
13. Осы бапқа және Тексеру жөнiндегi қосымшаның
IV А) бөлiмiне сәйкес тексеру жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыру барысында Ұйым қатысушы
мемлекеттердiң арасында химиялық қарудың
сақталуын тексеру және оны жою туралы
екiтарапты немесе көптарапты келiсiмдердiң
қажетсiз қайталануына жол бермеу жөнiндегi
шараларды қарайды.
Осы мақсатта Атқарушы кеңес, егер ол:
а) мұндай келiсiмдегi тексеру жөнiнде ережелер
осы баптағы және Тексеру жөнiндегi қосымшаның
IV А) бөлiмiндегi тексеру жөнiндегi ережелермен
сәйкес;
b) мұндай келiсiмдi жүзеге асыру осы Конвенцияның
тиiстi ережелерiнiң сақталуына жеткiлiктi
кепiлдiк бередi; және
с) екi тарапты немесе көптарапты келiсiмдердiң
қатысушылары тексеру жөнiндегi өз қызметi
туралы Ұйымға толық хабарлайды деп санаса,
тексерудi осындай екiтарапты немесе көп
тарапты келiсiмге сәйкес қабылданатын
толықтырушы шаралармен шектеудi шешедi.
14. Егер Атқарушы кеңес 13-тармаққа сәйкес
шешiм қабылдаса, онда Ұйымның екiтарапты
немесе көптарапты келiсiмнiң жүзеге асырылуын
бақылауға құқығы бар.
15. 13 және 14-тармақтардағы ережелер осы
баптың III) бабына және Тексеру жөнiндегi
қосымшаның IV А) бөлiмiне сәйкес қатысушы
мемлекеттiң хабарландыруды табыс ету
мiндеттемелерiн қозғамайды.
16. Әрбiр қатысушы мемлекет өзi жоюға мiндеттi
химиялық қаруды жою жөнiндегi шығындарды
жабады. Ол сондай-ақ егер Атқарушы кеңес
өзге шешiм қабылдамаса, осындай химиялық
қарудың сақталуы мен жойылуын тексеру
жөнiндегi шығыстарды да жабады. Егер Атқарушы
кеңес Ұйымның қолданатын шараларын 13-тармаққа
сәйкес шектеудi шешсе, онда Ұйымның тарапынан
қосымша тексеру және бақылау жөнiндегi
шығыстар VIII баптың 7-тармағында көрсетiлгендей
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жарналар шкаласына
сәйкес жабылады.
17. Осы баптың ережелерi және Тексеру жөнiндегi
қосымшаның IV бөлiмiнiң тиiстi ережелерi
қатысушы мемлекеттiң қалауы бойынша өзiнiң
аумағында 1977 жылдың 1 қаңтарына дейiн
көмiлген және көмiлiп қалдырылған немесе
1985 жылдың 1 қаңтарына дейiн теңiзге тасталған
химиялық қаруға қолданылмайды.
V Бап
Химиялық қаруды өндіру жөніндегі объектілер
1. Осы баптың ережелерi мен оны жүзеге
асырудың егжей-тегжейлi рәсiмдерi қатысушы
мемлекеттiң меншiгiндегi немесе қарауындағы
немесе оның заңды құқығымен немесе бақылаумен
кез келген жерде орналастырылған химиялық
қаруды өндiру жөнiндегi кез келген және
барлық объектiлерге қолданылады.
2. Осы бапты жүзеге асырудың егжей-тегжейлi
рәсiмдерi Тексеру жөнiндегi қосымшада
жазылған.
3. 1-тармақта көрсетiлген химиялық қаруды
өндiру жөнiндегi барлық объектiлер тұрған
жерiнде инспекциялау арқылы ұдайы тексерiлуге
және Тексеру жөнiндегi қосымшаның V бөлiмiне
сәйкес тұрған жерiнде орнатылатын приборлардың
көмегiмен байқау жүргiзуге жатады.
4. Әрбiр қатысушы мемлекет 1-тармақта көрсетiлген
химиялық қаруды өндiру жөнiндегi объектiлерде,
оларды жабу үшiн талап етiлетiн қызметтi
қоспағанда, барлық қызметiн дереу тоқтатады.
5. Ешқандай қатысушы мемлекет химиялық
қаруды өндiру жөнiнде ешқандай жаңа объектiлер
салмайды және химиялық қаруды өндiру
мақсатында немесе осы Конвенция бойынша
тыйым салынатын кез келген өзге қызмет
үшiн ешқандай жұмыс iстеп тұрған объектiлердi
модификацияламайды.
6. Әрбiр қатысушы мемлекет III баптың 1 с)
тармағына сәйкес хабарландыруды табыс
еткен соң 1-тармақта көрсетiлген химиялық
қаруды өндiру жөнiндегi объектiлерге тұрған
жерiнде инспекциялау арқылы хабарландыруды
ұдайы тексеру мақсатында қол жеткiзiлуiне
жол ашады.
7. Әрбiр қатысушы мемлекет:
а) өзi үшiн осы Конвенция күшiне енгеннен
кейiн 90 күннен кешiктiрiлмей 1-тармақта
көрсетiлген химиялық қаруды өндiру жөнiндегi
барлық объектiлердi Тексеру жөнiндегi
қосымшаның V бөлiмiне сәйкес жабады және
тиiстi құлақтандыруларды табыс етедi;
және
b) 1-тармақта көрсетiлген химиялық қаруды
өндiру жөнiндегi объектiлерге олар жабылған
соң тұрған жерiнде инспекциялау арқылы
ұдайы тексеру және тұрған жерiнде орнатылатын
приборлардың көмегiмен байқау жүргiзу
мақсатында объектiнiң жабылғандығына
және бұдан кейiн оның жойылатындығына
көз жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
8. Әрбiр қатысушы мемлекет 1-тармақта көрсетiлген
химиялық қаруды өндiру жөнiндегi барлық
объектiнi, және Тексеру жөнiндегi қосымшаға
сәйкес және жоюдың келiсiлген қарқыны
мен жүйелiлiгiне (бұдан әрi "жоюдың тәртiбi"
деп аталады) орай тиiстi объектiлер мен
жабдықтарды жояды. Мұндай жою өзi үшiн
осы Конвенция күшiне енген соң бiр жылдан
кешiктiрiлмей басталады, және осы Конвенция
күшiне енген соң 10 жылдан кешiктiрiлмей
аяқталады. Қатысушы мемлекетке мұндай
объектiлердi мейлiнше жылдамырақ қарқынмен
жоюға тиым салынбайды.
9. Әрбiр қатысушы мемлекет:
а) 1-тармақта көрсетiлген химиялық қаруды
өндiру жөнiндегi объектiлердi жоюдың егжей-тегжейлi
жоспарын әрбiр объектiнi жою басталғанға
дейiн 180 күннен кешiктiрмей табыс етедi;
b) жыл сайын 1-тармақта көрсетiлген химиялық
қаруды өндiру жөнiндегi барлық объектiлердi
жоюдың өз жоспарларын жүзеге асыру туралы
хабарландыруды жоюдың әрбiр жылдық кезеңi
аяқталған соң 90 күннен кешiктiрмей табыс
етедi; және
с) жою процесi аяқталған соң 30 күннен
кешiктiрмей 1-тармақта көрсетiлген барлық
химиялық қаруды өндiру жөнiндегi барлық
объектiнiң жойылғандығын куәландырады.
10. Егер мемлекет осы Конвенцияны бекiтсе
және оған 8-тармақта көрсетiлген жоюдың
он жылдық кезеңiнен кейiн қосылса, онда
ол 1-тармақта көрсетiлген химиялық қаруды
өндiру жөнiндегi объектiлердi мүмкiндiгiнше
тезiрек жояды. Мұндай қатысушы мемлекет
үшiн жоюдың тәртiбi мен қатаң тексеру рәсiмдерiн
Атқарушы кеңес айқындайды.
11. Әрбiр қатысушы мемлекет химиялық қаруды
тасымалдау, сынамаларын алу, сақтау және
жою барысында адамдардың қауiпсiздiгi
мен қоршаған ортаны қорғауға бiрiншi кезекте
назар аударады. Әрбiр қатысушы мемлекет
химиялық қаруды тасымалдауды, сынамаларын
алуды, сақтауды және жоюды қауiпсiздiк
пен тастауларға қатысты өзiнiң ұлттық
стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
12. 1-тармақта көрсетiлген химиялық қаруды
өндiру жөнiндегi объектiлер Тексеру жөнiндегi
қосымшаның V бөлiмiнiң 18-25-тармақтарына
сәйкес химиялық қаруды жою үшiн уақытша
қайта жабдықталуы мүмкiн. Мұндай қайта
жабдықталған объект химиялық қаруды
жою үшiн пайдаланылудан қалуы кезiнде
осы Конвенция күшiне енген соң қандай
жағдайда да 10 жылдан кешiктiрiлмей жойылуы
тиiс.
13. Ерекше жағдайларда өте қажеттiлiкте
қатысушы мемлекет 1-тармақта көрсетiлген
химиялық қаруды өндiру жөнiндегi объектiнi
осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын
пайдалануға рұқсат сұрай алады. Атқарушы
кеңестiң ұсынуы бойынша қатысушы мемлекеттердiң
конференциясы өтiнiштi қанағаттандыру
немесе одан бас тарту туралы мәселенi
шешедi және Тексеру жөнiндегi қосымшаның
V бөлiмiнiң D-тарауына сәйкес мұндай мақұлдау
берiлетiн шарттарды белгiлейдi.
14. Химиялық қаруды өндiру жөнiндегi объект
конверсияланған объектiнiң өнеркәсiптiк,
ауыл шаруашылықтық, зерттеушiлiк, медициналық,
фармацевтикалық немесе өзге де бейбiт
мақсаттарда пайдаланылатын кез келген
басқа объект үшiн артық емес, 1-тiзiмге
енгiзiлген химикаттармен байланысы жоқ
химиялық қаруды өндiру жөнiндегi объектiге
қайта жабдықталу мүмкiндiгi болмайтындай
түрде конверсияланады.
15. Барлық конверсияланған объектiлер
Тексеру жөнiндегi қосымшаның V бөлiмiнiң
D-тарауына сәйкес тұрған жерiнде инспекциялау
арқылы ұдайы тексерiлуге және тұрған
жерiнде орнатылатын приборлардың көмегiмен
байқау жүргiзуге жатады.
16. Осы бапқа және Тексеру жөнiндегi қосымшаның
V бөлiмiне сәйкес тексеру жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыру барысында Ұйым қатысушы
мемлекеттердiң арасында химиялық қаруды
өндiру жөнiндегi объектiлердi тексеру және
оларды жою туралы екiтарапты немесе көптарапты
келiсiмдердiң қажетсiз қайталануына жол
бермеу жөнiндегi шараларды қарайды.
Осы мақсатта Атқарушы кеңес:
а) мұндай келiсiмдегi тексеру жөнiндегi
ережелердiң осы баптағы және Тексеру
жөнiндегi қосымшаның V бөлiмiндегi тексеру
жөнiндегi ережелермен сәйкес болуына;
b) мұндай келiсiмдi жүзеге асыру осы Конвенцияның
тиiстi ережелерiнiң сақталуына жеткiлiктi
кепiлдiк бередi; және
с) екi тарапты немесе көптарапты келiсiмдердiң
қатысушылары тексеру жөнiндегi өз қызметi
туралы Ұйымға толық хабарлайды деп санаса,
тексерудi осындай екiтарапты немесе көптарапты
келiсiмге сәйкес қабылданатын толықтырушы
шаралармен шектеудi шешедi.
17. Егер Атқарушы кеңес 16-тармаққа сәйкес
шешiм қабылдаса, онда Ұйымның екiтарапты
немесе көптарапты келiсiмнiң жүзеге асырылуын
бақылауға құқығы бар.
18. 16 және 17-тармақтардағы ережелер III
бапқа, осы бапқа және Тексеру жөнiндегi
қосымшаның Y бөлiмiне сәйкес қатысушы
мемлекеттiң хабарландыруды табыс ету
мiндеттемелерiн қозғамайды.
19. Әрбiр қатысушы мемлекет өзi жоюға мiндеттi
химиялық қаруды жою жөнiндегi шығындарын
жабады. Ол сондай-ақ егер Атқарушы кеңес
өзге шешiм қабылдамаса, осындай химиялық
қарудың сақталуы мен жойылуын тексеру
жөнiндегi шығыстарды жабады. Егер Атқарушы
кеңес Ұйымның қолданатын шараларын 13-тармаққа
сәйкес шектеудi шешсе, онда Ұйымның тарапынан
қосымша тексеру және бақылау жөнiндегi
шығыстар VIII баптың 7-тармағында көрсетiлгендей
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жарналар шкаласына
сәйкес жабылады.
VI Бап
Осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын
қызмет
1. Әрбiр қатысушы мемлекет токсиндi химикаттар
мен оның прекурсорларын осы Конвенция
бойынша тыйым салынбайтын мақсаттарда
осы Конвенцияның ережелерiн ескере отырып
әзiрлеуге, өндiруге, өзгедей түрде сатып
алуға, сақтауға, беруге және пайдалануға
құқылы.
2. Әрбiр қатысушы мемлекет токсиндi химикаттар
мен олардың прекурсорларының өзiнiң аумағының
шегiнде немесе өзiнiң заңды құқығымен
немесе бақылауымен кез келген басқа жерде
осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын
мақсаттарда әзiрленуiн, өндiрiлуiн, өзгедей
түрде сатып алынуын, сақталуын, берiлуiн
және пайдаланылуын қамтамасыз етуге
қажеттi шаралар қолданады. Осы мақсатта
және қызметтiң осы Конвенция бойынша
мiндеттемелерге сәйкестiгiн тексеру үшiн
әрбiр қатысушы мемлекет токсиндi химикаттар
мен олардың прекурсорларын осындай химикаттарға
байланысты объектiлердi Химикаттар жөнiндегi
қосымшаның 1, 2 және 3-тiзiмдерiнде санамаланғандарды
және оның аумағында немесе оның заңды
құқығымен немесе бақылауымен кез келген
басқа жерде орналасқан Тексеру жөнiндегi
қосымшада көрсетiлгенiндей басқа да объектiлердi
Тексеру жөнiндегi қосымшада көзделген
тексеру шараларына бағындырады.
3. Әрбiр қатысушы мемлекет 1-тiзiмде санамаланған
химикаттарды (бұдан әрi - 1) тiзiмдегi химикаттар
деп аталады) Тексеру жөнiндегi қосымшаның
VI бөлiмiнде көрсетiлгенiндей өндiруге,
сатып алуға, сақтауға, беруге және пайдалануға
қатысты тыйым салуларға бағындырады.
Ол 1-тiзiмдегi химикаттар мен Тексеру жөнiндегi
қосымшаның VI бөлiмiнде көрсетiлген объектiлердi
тұрған жерiнде инспекциялау арқылы ұдайы
тексеруге және Тексеру жөнiндегi қосымшаның
осы бөлiмiне сәйкес тұрған жерiнде орнатылатын
приборлардың көмегiмен байқау жүргiзуге
бағындырады.
4. Әрбiр қатысушы мемлекет 2-тiзiмде санамаланған
химикаттар (бұдан әрi - 2) тiзiмнiң химикаттары
деп аталады) мен Тексеру жөнiндегi қосымшаның
VII бөлiмiнде көрсетiлген объектiлердi Тексеру
жөнiндегi қосымшаның осы бөлiмiне сәйкес
деректердi байқау жүргiзуге және тұрған
жерiнде тексеруге бағындырады.
5. Әрбiр қатысушы мемлекет 3-тiзiмде санамаланған
химикаттар (бұдан әрi - 3) тiзiмнiң химикаттары
деп аталады) мен Тексеру жөнiндегi қосымшаның
VIII бөлiмiнде көрсетiлген объектiлердi Тексеру
жөнiндегi қосымшаның осы бөлiмiне сәйкес
деректердi байқау жүргiзуге және тұрған
жерiнде тексеруге бағындырады.
6. Әрбiр қатысушы мемлекет Тексеру жөнiндегi
қосымшаның ІХ бөлiмiнде көрсетiлген объектiлердi,
егер қатысушы мемлекеттердiң Конференциясы
Тексеру жөнiндегi қосымшаның IХ бөлiмiнiң
22-тармағына сәйкес өзге шешiм қабылдамайтын
болса, Тексеру жөнiндегi қосымшаның осы
бөлiмiне сәйкес тұрған жерiнде түпкi есептегi
деректерге байқау мен тексеру жүргiзуге
бағындырады.
7. Әрбiр қатысушы мемлекет осы Конвенция
өзi үшiн күшiне енгеннен кейiн 30 күннен
кешiктiрмей Тексеру жөнiндегi қосымшаға
сәйкес тиiстi химикаттар мен объектiлер
туралы бастапқы хабарландыру жасайды.
8. Әрбiр қатысушы мемлекет Тексеру жөнiндегi
қосымшаға сәйкес тиiстi химикаттар мен
объектiлерге қатысты жыл сайынғы хабарландырулар
жасайды.
9. Тұрған жерiнде тексеру мақсаты үшiн
әрбiр қатысушы мемлекет Тексеру жөнiндегi
қосымшаның талаптарына сәйкес объектiлерге
инспекторлардың кiруiне мүмкiндiк бередi.
10. Тексеру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
барысында Техникалық хатшылық осы Конвенция
бойынша тыйым салынбайтын мақсаттарда
қатысушы мемлекеттердiң химиялық қызметiне
жөнсiз араласуға жол бермейдi, және, атап
айтқанда, Құпия ақпаратты қорғау жөнiндегi
қосымшада жазылған ережелердi сақтайды
(бұдан әрi - "Құпиялылық жөнiндегi қосымша"
деп
аталады).
11. Осы баптың ережелерi химиялық қызмет саласындағы осы
Конвенция бойынша тыйым салынбайтын мақсаттарда өндiру, өңдеу немесе
химикаттарды пайдалану үшiн ғылыми-техникалық ақпарат пен халықаралық
алмасуды қоса алғанда, осы Конвенция бойынша тыйым салынбайтын
қатысушы мемлекеттердiң
халықаралық ынтымақтастық үшiн кедергi келтiруге жол бермейтiндей түрде
жүзеге асырылады.
VII Бап
Жүзеге асыру жөніндегі ұлттық шаралар
Жалпы мiндеттемелер
1. Әрбiр қатысушы мемлекет
а) өзiнiң аумағының қай жерiнде немесе
өзiнiң заңды құқығындағы кез келген басқа
жерде болмасын жеке және заңды тұлғаларға
халықаралық құқықпен мойындалғанындай,
осы Конвенция бойынша қатысушы мемлекетке
тыйым салынған кез келген қызметтi жүргiзуге
тыйым салады, оның iшiнде мұндай қызметке
қатысты қылмыстық заңдарды қолданады;
b) осы Конвенция бойынша қатысушы мемлекетке
тыйым салатын кез келген қызметтi өзiнiң
бақылауындағы кез келген жерде жүргiзуге
рұқсат етпейдi; және
с) а) тармақшаға сәйкес қабылдаған өзiнiң
қылмыстық заңдарын осы Конвенция бойынша
қатысушы мемлекетке тыйым салынатын
оның азаматтығына ие жеке тұлғалардың
халықаралық құқыққа сәйкес қай жерде
болмасын жүргiзетiн кез келген қызметiне
қолданады.
2. Әрбiр қатысушы мемлекет басқа қатысушы
мемлекеттермен ынтымақтастық жасайды
және 1-тармақ бойынша мiндеттемелердiң
орындалуын жеңiлдету үшiн тиiстi нысанда
құқықтық көмек көрсетедi.
3. Әрбiр қатысушы мемлекет осы Конвенция
бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындау
барысында адамдардың қауiпсiздiгi мен
қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз
етуге басты назар аударады және басқа
қатысушы мемлекеттермен осы тұрғыда
тиiсiнше ынтымақтастық жасайды.
Қатысушы мемлекеттер мен Ұйымның арасындағы
қатынастар
4. Осы Конвенция бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн
орындау үшiн әрбiр қатысушы мемлекет Ұлттық
органын тағайындайды немесе құрады, ол
Ұйыммен және басқа қатысушы мемлекеттермен
тиiмдi байланыс үшiн ұлттық үйлестiру орталығы
ретiнде iс-әрекет жасайды. Әрбiр қатысушы
мемлекет Ұйымға осы Конвенцияның күшi
өзi үшiн күшiне ену уақытында өзiнiң Ұлттық
органы туралы мәлiмдейдi.
5. Әрбiр қатысушы мемлекет осы Конвенцияны
жүзеге асыру үшiн қабылданған заңдары
мен әкiмшiлiк шаралары туралы Ұйымға хабарлайды.
6. Әрбір қатысушы мемлекет өзі Ұйымнан
осы Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты
құпия негізде алатын құпия ақпарат пен
деректерді құпия ретінде қарайды, және
мұндай ақпаратпен және деректермен жұмыс
істеудің ерекше режимін белгілейді. Ол
мұндай ақпарат пен деректерді тек осы
Конвенция бойынша өзінің құқықтары мен
міндеттемелеріне