Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 08:37, реферат
Химиялық элементтер тірі ағзаның негізгі жасушаларын және биологиялық сұйықтықты құрайды. Элементтердің биологиялық белсенділігі Д.И.Менделеевтің преиодтық жүйесіндегі орнымен анықталады, яғни атом құрылысына байланысты болады.
Периодтық жүйеде І топтың s-элементтерінің ішінде негізгі молекулалар мен макромолекулалар құрамына кіретін сутегі ерекше орын алады.
1. Кіріспе
2. S-элементтері
2.1. ІА тобының элементтері
2.2 ІІА тобының элементтері
Р-элементтері
ІІІА тобының элементтері
ІVА тобының элементтері
VА тобының элементтері
VІА тобының элементтері
VІІА тобының элементтері
D-элементтері
ІВ тобының элементтері
ІІВ тобының элементтері
VІВ және VІІВ тобының элементтері
VІІІ топтың элементтері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Медицинада
қосылыстарын қолданып қана қоймай металл
сынап пен оның буы да қолданылады
(сынап термометрлері
Хром. Хром – өсімдік және тірі ағзаның негізгі құрамды бөлігі. Хромның биологиялық активтілігі оның иондарының комплекс түзуге бейімділігі. Мысалы, Сг3+ ионы нуклеин қышқылының құрылысының тұрақтануына қатысады.
Хром қосылыстары улы, сондықтан медицинада қолданылады.
Молибден. Молибден ағзаға жат заттардың заласыздануына қатысатын ферменттердің құрамында кездеседі. Ағзада фторды ұстап қала отырып, кариестің дамуын болдырмайды, сонымен қатар темірдің бауырдағы метоболизміне кедергі келтіреді. Молибден пуриндердің ыдырауын жетелдетеді және ағзадан несеп қышқылын бөліп шығарады, сонымен подаграны болдырмайды.
Молибденнің тапшылығында ауыз куысының, қызыл иекті дерттердің дамуы мүмкін, рактың даму қаупі жоғарылайды.
Марганец. Марганец – микроэлемент, Мп2+ ионының биогенді функциясы – ферменттер активтілігін реттеуге қатысуы. Сондықтан Мп2+ ионның биологиялық әсері кең: қан айналымы, минералды алмасу, өсу, көбею т.б. Сонымен қатар Мп 2+ ионы нуклеин қышқылдарының құрылымын тұрақтандырады.
Медицинада
КМnО4 калий перманганаты қолданылады.
Бұл жараларды жууда, тамақты шаюда антисептик
ретінде қолданылады.
Темір. Биоэлементтердің ішінде тіршілік үшін негізгі маңызы бар элементтердің бірі – темір, ол ағзадағы каталитикалық процестердің активаторы және қандағы газдардың тасымалдануы процесіне қатысады. Ересек адамның ағзасында 3,5 г темір болады. Оның көп бөлігі эритроциттердің демалатын пигментінде, яғни гемоглобинде болады. Гемоглобин – күрделі ақсыл, оның молекуласы екі бөліктен ақсылды (глобин) және темірден тұрады. Адам ағзасына темір жетіспеген жағдайда адам анемия ауруына шалдығады, шаштың ағаруы және түсуі, сүйектің қақсауы байқалады.
Анемияда, адам ағзасы әлсірегенде темірдің келесі препараттары қолданылады:
Кобальт. Со3+ ионы В12 (кобаламин) витамині құрамына кіреді. Бұл витаминдер құрамына кіретін жеке металл В12 қан айналымында тек эритроциттер түзілуі үшін қажет.
Ағзада В12 жетіспеуі анемия (қан аздық) туғызады.
Кобальттің
радиоактивті изотопты (60СО) қатерлі
ісік ауруларын емдеуге қолданылады.
Соңғы жылдарда әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасында бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Химиялық элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні анықталған.
Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро-және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе , қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады.
Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы – кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді.
Химиялық элементтердің негізгі бөлігі адам ағзасына тағаммен кіреді. Сондықтан қоректік зат, оны пайдалану барлық тірі организмге тән қасиет. Қоректену нәтижесінде ағзада көптеген биологиялық, химиялық және физикалық үрдістер, яғни, көбею, өсу, даму, еңбек ету, т.б. жағдайлары болады. Адамның денсаулығы дұрыс болып қалыпты өмір сүру үшін ең қажеттісі — қоректік заттың мөлшері, сапасы, ағзаға ену мөлшері міндетті түрде тиісті деңгейде сақталуы керек. Әрбір қоректік заттың энергетикалық балансын сақтау ең басты шарт болып табылады.
6.Қолданылған әдебиеттер