Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 08:37, реферат
Химиялық элементтер тірі ағзаның негізгі жасушаларын және биологиялық сұйықтықты құрайды. Элементтердің биологиялық белсенділігі Д.И.Менделеевтің преиодтық жүйесіндегі орнымен анықталады, яғни атом құрылысына байланысты болады.
Периодтық жүйеде І топтың s-элементтерінің ішінде негізгі молекулалар мен макромолекулалар құрамына кіретін сутегі ерекше орын алады.
1. Кіріспе
2. S-элементтері
2.1. ІА тобының элементтері
2.2 ІІА тобының элементтері
Р-элементтері
ІІІА тобының элементтері
ІVА тобының элементтері
VА тобының элементтері
VІА тобының элементтері
VІІА тобының элементтері
D-элементтері
ІВ тобының элементтері
ІІВ тобының элементтері
VІВ және VІІВ тобының элементтері
VІІІ топтың элементтері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Көміртегі оксидінің (II) адам ағзасына зиянды әсері бар, оны «пеш газы» деп те атайды. Дем алғанда көміртегі оксиді (II) қанға өтеді және гемоглобинмен – карбоксигемоглобин түзеді. Пеш газымен уланғанда гемоглобиннің оттегімен байланысы болмай қалады да, өлімге себепші болады.
Медицинада қолданылуы:
Кремний. Микроэлемент. Тіршіліктің дамуы мен өсуіне керектілердің бірі. Оның ең көп мөлшері теріде, сіңірде, көздің ұлпаларында кездеседі.
Медицинада (ЗМgО • 4SіО2 • Н2О) тальк қолданылады – сепкіш (присыпка).
Қорғасын. Қорғасынның биологиялық маңызы анықталмаған. Қорғасын қосылыстары улы болып келеді. Түрлі қорғасын өндірісінде істейтін жұмысшыларда улану (сатурнизм) болады. Сатурнизм ауруымен шалдыққанда (бастың сынып ауруы, ұйқысыздық талма, жүйке жүйелері) осы белгілер және бүйрек (альбуминурия), асқазан-ішек функциялары бұзылады.
Медицинада қорғасын қосылыстары антисептикалық зат ретінде қолданылады. РbО қорғасын жабыстырғышының құрамында болады, оны тері ауруы сыздауық шыққанда қолданылады. Рентген кабинетінде жұмыс істейтін медбикелердің киімдеріне қорғасын қосылыстары қосылады, себебі қорғасын рентген γ-сәулелерін жұтатын қабілеті бар.
3.3. VА тобының р-элементтері
Азот. Азот негізгі биогенді элементтердің бірі. Тірі ағзада оның мөлшері 3%-тей болады. Азот аминқышқылдарының, ақсылдардың, нуклеотидтердің, нуклеин қышқылдарының, биогенді аминдердің т.б. құрамында болады.
Біз азотты атмосферада өмір сүрудеміз (ауаның 78% азоттан тұрады), қалған бөліктері оттегі және өте аз бөлігі басқа химиялық элементтерден тұрады. Жер бетінде азотсыз тіршілік болмас еді. Азот және өмір - бөлінбейтін түсінік.
Зат айналымына молекулалы азот қатыспайды. Адам органикалық қосылыстардағы азотты қолданады.
Сонымен қатар азоттың нитраты ағза үшін өте зиянды.
Медицинада қолданылуы:
нашатыр спирті). Адам талып қалған жағдайда мақта немесе дәкеге сеуіп абайлап адам мұрнына иіскетеді.
Фосфор. Негізгі биологиялық бес элементтің бірі.
Сүйек ұлпасында фосфордың мөлшері 600 г., ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85% құрайды. Биологияда фосфаттар негізгі екі роль атқарады: біріншіден, көптеген биологиялық компоненттердің құрамдық элементтері ретінде қызмет атқарады; мысалы, сүйек және тісте кальций фосфатының (Са5(РО4)зОН – гидроксиапатит, Са5(РО4)з Ғ-фторапатит) жинақталуы. Адамның сүйегінде 5% ал, тіс эмальдарында 17% фосфор болады. Екіншіден, ең қызықтысы, ортофосфат иондарының туындылары энергия тасымалдаушы қызметін атқарады.
Медицинада аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) қолданылады.
Мышьяк. Микроэлемент. Мышьяктың биогенді рөлі мен оның ағзадағы мөлшері белгісіз.
Мышьяк қосылыстары өте улы. Стоматологияда мышьяктың оксиді (II), немесе ақ мышьяк Аs2Оз ауру тіс нервтерін өлтіруде қолданылады. Ал ішуге қан аз болғанда, жүйке ауруына шалдыққандарға беріледі.
3.4. VІА тобының р-элементтері
Оттек. Өмір сүріп жатқан барлық молекулалар құрамына кіреді. Тірі ағзадағы мөлшері құрғақ зат бойынша есептегенде 70%-дай болады. Ауадағы оттектің көлемдік үлесі – 21%.
Ауадағы оттектің мөлшеріне көптепен өмірлік процестер байланысты. Оттектің негізгі қызметі тірі ағзадағы зат алмасу процестеріндегі тотығу-тотықсыздану реакцияларын реттеу. Мысалы, "тау ауруы' жоғары таулы аудандарда оттек жетіспеушілігінен болады. Ауадағы оттектің парциальды қысымының азаюы оттекпен ашығуға әкеп соғады.
Ағзаға кірген оттек СО2 түрінде өкпе арқылы шығып отырады.
Тропосферада (20 км биіктікте) үш атомды оттектен тұрады, озонды қабатқа көп көңіл бөлінуі керек. Озонды экран күннің ультрафиолетті сәулелерінен жер бетіндегі барлық тірі тіршілікті қорғайды.
Медицинада оттек көміртек оксидімен (ІІ), НСN уланғанда және оттек жетіспейтін ауруларды емдеуде қолданылады. Емдеу мақсатында оттекті тері астына жіберуге асқазанға оттегі коктейлі түрінде пайдалануға болады. Кейінгі кезде жоғарғы қысымда оттегімен емдеу оны гипербаралық медицина деп атайды.
Күкірт. Ағзада фосфор сияқты күкірт те энергия тасымалдау қызметін атқарады. Жануарлар мен адам ағзасында күкірт цистеин және метионин сияқты аминқышқылдарының құрамында болады.
Медицинада қолданылуы:
Селен. Айшықты антиоксиданттық қасиеттері бар. Селен антиденелердің түзілуін қуаттайды, эритроциттердің түзілуіне қатысады. Селен еркін радикалдардың қалыптасуын болдырмай отырып, олардың ағзаға зақымдау әсеріне тосқауыл болып, иммундік жүйеге қорғау әсерін көрсетеді. Селен ұйқы безінің қызметін және ұлпалардың эластикалығын қолдауға қажет.
Селеннің тапшылығы жүрек дерттеріне, рактың ауруына әкелуі мүмкін. Селеннің жеткіліксіз мөлшері шаршауға, холестерин деңгейінің бұзылуы, ұйқы безі қызметінің жетіспеушілігі, ұрықсыздық сияқты симптомдарға шалдықтырады.
3.5. VIІA тобының р-элементтері
Фтор. Фтордың биологиялық маңызы аз зерттелген. Тіс және сүйектің негізгі қатты бөліктерінің түзілуіндегі минералды зат алмасу процесіне қатысады. Тіс және сүйекте фтор – фторапатит (Са5(РО4)зҒ) түрінде болады. Адам фторды ішетін судан қабылдайды, негізінде 1 л суда 1 мг фтор болуы тиіс. Егер ішетін суда фтор жеткіліксіз болса, онда тіс эмалдары бұзыла бастайды.
Тіс кариесінің негізгі емі – суды фторлау. Бос күйіндегі газ тәрізді фтор өте улы келеді.
Медицинада натрий фториді NаF қолданылады; ол тіс пастасы құрамына кариесті емдеу үшін ендіріледі.
Хлор.
Негізгі биогенді элементтердің біріне
жатады. Хлор асқазан сөлі мен плазманың
түзілуіне, ферменттердің белсенділігінің
артуына қатысып, өмірдегі маңызды қызметгердің
бір қатарын жүзеге асырады. СІ анионы
биохимиялық процестер айналымына қатысады.
Газ түріндегі хлор улы.
Медицинадағы қолданылуы:
Бром. Биогенді элементтерге жатады.
Медицинада (NН4Вг) аммоний, (КВг) калий және натрий (№Вг) бромидтері қолданылады.
Йод. Адам мен жануарлар үшін керекті микроэлементтер болып есептелінеді. Адам ағзасында йод мөлшері (25мг) жартысынан көбі, онда ол тироксин гармонының құрамына кіреді. Ал ол жетіспесе адам эндемиялық зоб ауруына шалдығады.
Йодтың буы улы.
Медицинада қолданылуы:
4. d-элементтері
4.1. ІВ тобының d-элементтері
Мыс. Ересек адамның ағзасында 100 мг дейін мыс болады. Басқа металл иондарына қарағанда мыс иондары аминқышқылдарымен, ақсылдармен активті түрде әрекеттеседі, сондықтан мыс биологиялық активті заттармен тұрақты комплекстер түзеді. Ағзадағы мыстың негізгі функциясы каталиттік әсері, қазіргі таңда мыс элементі бар ферменттер (церулоплазмин, тирозиназа, цитохромоксидаза) белгілі. Медицинада мыс сульфаты СuSО4 • 5Н2О антисептикалық зат ретінде терінің күйген жеріне жағуға, көз тамшысы ретінде т.б. қолданылады.
Мысқа қажеттілік қабыну және буын дерттерінде артады.
Күміс. Тірі ағзада күмістің физиологиялық рөлі жеткіліксіз зерттелген. Күміс – ультрамикроэлемент.
Медицинада қолданылуы:
2АgNО3 + 2NН4ОН = Аg20 + 2NН4NО? + Н2О
Аg2О + Н-СНО = Аg + Н-СООН
Алтын. Адам ағзасында микроэлемент түрінде табылған, оны енді ғана зерттеуде.
Медицина практикасында алтынның органикалык және бейорганикалық, радиоактивті және металл алтын қосылыстары қолданылады. (І98Аu) радиоактивті алтын қатерлі ісікті емдеуде қолданылады. Алтынның күміс және мыспен құймасы тісті протездеуде қолданылады 916-ші құйма сынамасында 91,6% Аu, 4,2% Сu және 4,2% Аg бар, оны тісті салуда қолданылады. 750-шы құймасында 75% Аu, 8,3% Аg және 16,7% Сu, ал 583-ші құймасында 58,3% Аu, 13,7% Аg және 28% Сu болады.
Мырыш. Мырыштың физиологиялық функциясы ферментативті ақсылдармен байланысты. Эритроциттерде мырыштың көп болуы көмір ангидразы құрамында газ алмасуда және демалу ұлпаларында болуымен түсіндіріледі.
Мырыштың көп қосылыстары антисептикалық зат ретінде қолданылады.
1. ZnSО4 • 7Н2О – көз тамшысы.
2. ZnО – тері ауруларында присыпка, мазь, паста ретінде қолданылады.
3. Мырыш-инсулин – қант диабетін емдеуде қолданылады.
Сынап. Сынап – тірі өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының негізгі құрам бөлігі. Сынап негізінде бауыр мен бүйрекке жинақталады. Табиғи сулар, топырақ, өсімдік және жан-жануарлар сынаппен улануда ол биосфераға сынаптың көп мөлшерде тасталуынан болуда. Сынаппен уланғанда ауызға металдың дәмі келіп тұрады, сілекей ағатын болады, адамның бас ауруы және есте сақтау қабілеті нашарлай түседі.
Барлык тұздары улы болғанымен, оның көбі медицинада қолданылады: