Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 16:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді.

Оглавление

Кіріспе 2
Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер 3
Мұрагерлік түсінігі және мазмұны 3
Мұрагерлік құқық түсінігі 3
Мұрагерліктің маңызы 3
Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері 3
Мұра мирасқорлығы 3
Мұрагерліктің негіздері 4
Мұраның құрамы 5
Мұраның ашылу орны және уақыты 5
Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік 7
Заңды мұрагерлік 7
Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк 8
Өсиет бойынша мұрагерлік 10
Өсиеттің нысаны 10
Талап қойылған өсиет 11
Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне мұрагерлiк 11
Нотариатта куәландырылған өсиет 11
Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер 12
Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту 12
Корытынды……………………………………………………………………………………...13
Пайдаланган адебиеттер тiзiмi……

Файлы: 1 файл

Мура реферат.docx

— 34.94 Кб (Скачать)

Мұра  қалдырушы Мұра қалдырушы (Қазақстан Республикасының, шет ел немесе азаматтығы жоқ тұлға) қайтыс болғаннан кейін мүлкі мұрагерлік тәртіп бойынша басқа тұлғаларға өтетін  жеке тұлға. Егер мұра қалдырушы азамат заңды түрде өз мүлкін қалай бөлетінін жазса, өсиетші болып табылады. Ал мүлкі туралы жазған документ өсиет деп аталады. Мұрагерлікте заңды мұрагерлер және өсиет бойынша мұрагерлер болады. Заңды тұлғадан мұра алу мүмкін емес, сондықтан заңды тұлға мұра қалдырушы бола алмайды.

Мұрагерлер Қайтыс болған азамат мүлкі өтетін тұлға мұрагер деп саналады. Заңды мұрагерлердің қатарын заң бекітеді де, өсиет бойынша мұрагерлердің қатарын өсиет белгілейді. Азаматтар сияқты заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы, шет елдер, халықарлық ұйымдар  мұрагер бола алады. Мұра қалдырушы қайтыс болған уақытта тірі болған әрбір азамат мұрагер бола алады.

Мұра  ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште  қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң  бойынша мұрагер бола алады.     

 Мұра  ашылғанға дейiн құрылған және  мұраның ашылу уақытында болған  заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет  өсиет бойынша мұрагерлер болуы  мүмкiн. Кейбір жағдайларда мұрадан  лайықсыз мұрагерлер шеттетіледі:      

1. Мұра  қалдырушыны немесе мүмкiн болатын  мұрагерлердiң бiреуiн қасақана  өлтiрген немесе олардың өмiрiне  қастандық жасаған адамдардың  өсиет бойынша да, заң бойынша  да мұра алуға құқығы жоқ.  Бұған өсиет қалдырушы оның  өмiрiне қастандық жасалғаннан  кейiн өздерiне қатысты өсиет  қалдырған адамдар кiрмейдi.      

2. Мұра  қалдырушының соңғы еркiн жүзеге  асыруға қасақана кедергi жасаған  және сол арқылы олардың өздерiн  немесе оларға жақын адамдарды  мұрагерлiкке шақыруға не мұраның  оларға тиесілі үлесін көбейтуге  ықпал жасаған адамдардың өсиет  бойынша да, заң бойынша да  мұра алуға құқығы жоқ.      

3. Балаларына  ата-аналық құқықтарынан айырылған  және мұра ашылған кезде бұл  құқықтарын қалпына келтiрмеген  ата-аналардың балаларынан қалған  мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны  күту жөнiнде өздерiне заң күшiмен  жүктелген мiндеттердi орындаудан  жалтарған ата-аналардың (асырап  алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң  бойынша мұраны алуға құқығы  жоқ.      

4. Лайықсыз  мұрагерлердi мұрагерлiктен шеттетуге  негiз болатын мән-жайларды сот  белгiлейдi.      

Осы  ережелер барлық мұрагерлерге, соның iшiнде  міндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлерге де қолданылады.

Өсиет бойынша мұрагерлікте мұрагерлердi қосымша тағайындау да кездеседі.

     Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер  мұра ашылғанға дейiн қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан,  сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша  орындамаған жағдайда, басқа мұрагерлер  тағайындалады.    

 Мұрагер  бола алатын кез келген адам  қосымша тағайындалған мұрагер  болуы мүмкiн. Өсиет бойынша  мұрагердiң қосымша тағайындалған  мұрагерге пайдасы тимейтiн бас  тартуына жол берiлмейдi.

Заң бойынша және өсиет  бойынша мұрагерлік

Заңды мұрагерлік

 

      Заң бойынша  мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте  тең үлеспен мұра қалдырушының  балалары, соның iшiнде ол қайтыс  болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы  мен ата-анасы алады.     

 Заң  бойынша мұрагер болу құқығын  екiншi кезекте тең үлеспен мұра  қалдырушының ата-анасы бiр, ата-анасы  бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да  атасы мен әжесi алады  

      Заң бойынша мұрагер болу құқығын  үшiншi кезекте тең үлеспен мұра  қалдырушының туған немере ағалары  мен апалары алады.    

 Заң  бойынша мұрагер болу құқығын  төртiншi кезекте мұра қалдырушының  алтыншы атаға дейiнгiлерiн қосқанда  басқа туыстары алады, бұл ретте  туыстық дәрежесi неғұрлым жақын  туыстар туыстықтың неғұрлым  алысырақ дәрежедегi туыстарын  мұрагерлiктен шеттетедi. Туыстық  дәрежесiнiң жақындығы ортақ ата-бабасынан  туу саны негiзiнде анықталады. Әрбiр дүниеге келу бiр ата  (бiр туыстық) дәрежесi деп аталады. Мұрагерлiкке шақырылған төртiншi кезектегi мұрагерлер тең үлесте мұрагер болады.     

Заң бойынша  мұрагер болу құқығын бесiншi кезекте, егер мұра қалдырушымен бiр отбасында  кемiнде он жыл бiрге тұрса, тең  үлеспен оның туыстас аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, (қарындастары), өгей әкесi мен өгей шешесi алады.    

Заң бойынша  мұрагер болу құқығын алтыншы  кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар  алады.

 Мұрагерлер  жоғарыда көзделген кезек тәртiбiмен  мұрагерлiкке шақырылады.  
    Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi. Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды. Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды. Заң бойынша мұрагерлердiң әрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, азаматтық кодекстегі кейбір жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығын алады.  Заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектiлiгi туралы және олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi мұрагерлердiң мұра ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куәландырған келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкін. Мұндай келiсiм оған қатыспайтын мұрагерлердiң, сондай-ақ мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердiң құқықтарын қозғамауы тиiс.

Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк

 

     Егер заң  бойынша мұрагер мұра ашылғанға  дейiн қайтыс болса, ашылатын  мұрадағы оның үлесi ұсыну құқығы  бойынша оның ұрпақтарына ауысады.  Қайтыс болған мұрагердiң үлесi заң бойынша мұрагер ұсынған  туыстығы бiрдей дәрежедегi ұрпақтар  арасында тең бөлiнедi. Тiкелей өзiнен тарайтын туыстық бойынша мұрагерлiк жағдайында ұсыну құқығы туыстық дәреже шектелмей қолданылады, ал көлденең туыстық бойынша мұрагерлiк жағдайында ұсыну құқығын тиiсiнше оның туған аға-iнiлерiн (апа-сiңлiлерiн, қарындастарын) ұсына отырып, мұра қалдырушының жиендерi не оның туған немере ағасын немесе апасын ұсына отырып, немере аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) алады. 

Мұра  қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар  

 Мұра  қалдырушы қайтыс болғанға дейiн  кемiнде бiр жыл оның асырауында  болған және онымен бiрге тұрған  еңбекке жарамсыз адамдар заң  бойынша мұрагерлер қатарына  жатады. Басқа да заң бойынша  мұрагерлер болған кезде олар  мұрагер болуға шақырылатын кезектегi мұрагерлермен бiрге мұра алады.    Егер мұра қалдырушымен бiрге тұрған-тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кем дегенде бiр жыл оның асырауында болса, Азаматық Кодекстiң 1061-1066-баптарында аталған заң бойынша мұрагерлердiң қатарына жататын, бiрақ мұрагерлiкке шақырылатын кезектегi мұрагерлердiң тобына кiрмейтiн еңбекке жарамсыз адамдар, осы кезектегi мұрагерлермен бiрге мұра алады. Мұрагерлiкке шақырылатын адамдар, басқа да заң бойынша мұрагерлер болған кезде мұраның төрттен бiрiнен аспайтын бөлiгiн мұраға алады.

Мұрадағы  мiндеттi үлеске құқық   

 Мұра  қалдырушының кәмелетке толмаған  немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз  жұбайы мен ата-анасы, өсиеттiң  мазмұнына қарамастан, заң бойынша  мұрагерлiк кезiнде олардың әрқайсысына  тиесiлi болатын үлестiң (мiндеттi  үлес) кемінде жартысын мұраға  алады.  Мұндай үлеске құқығы  бар мұрагер өсиет бойынша  және (немесе) заң бойынша мұрадан  алатынның барлығы, оның iшiнде  әдеттегi үй жабдықтары мен  үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттардан  тұратын мүлiктiң құны және  мұндай мұрагердiң пайдасына белгiленген  өсиеттiк бас тартудың құны, мiндеттi  үлеске есептеледi. Мұрадағы мiндеттi  үлеске құқығы бар мұрагер  үшiн өсиетте белгіленген кез  келген шектеулер мен жүктеулер  өзіне ауысатын мұраның мiндеттi  үлесiнен асатын бөлігіне қатысты  ғана жарамды болады.

Мұра  алу  кезiндегi  ерлi-зайыптылардың  құқықтары   

 Ерлi-зайыптыларға  өсиетке немесе заңға орай  тиесiлi мұрагерлiк құқықтың мұра  қалдырушымен некеде тұру жағдайына  байланысты оның басқа да мүліктік  құқықтарына, оның ішінде мүліктің  некеде тұрғанда бірге тапқан  бөлігіне меншiк құқығына қатысы  жоқ.  Егер мұра қалдырушымен  неке мұра ашылғанға дейiн iс  жүзінде тоқтатылғандығы және  ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға  дейін кемінде бес жыл бөлек  тұрғандығы дәлелденсе, сот шешiмiмен  ерлi-зайыптылар заң бойынша мұрагерлiктен  шеттетiлуi мүмкiн. 

Мұраны  қорғау және заң бойынша  мұрагерлi кезiнде  оны басқару   

 Мүлiктiң  бiр бөлiгi өсиет бойынша мұраға  қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы  тағайындаған өсиеттi орындаушы  мұраның заң бойынша мұрагерлiк  тәртiбiмен ауысатын бөлiгiн де  қоса алғанда, барлық мұраны  қорғауды және оны басқаруды  жүзеге асырады.  Егер заң бойынша  мұрагерлер мұраның заң бойынша  мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын  бөлiгiне қатысты көрсетiлген мiндеттердi атқару үшiн мұраны сенiмгерлiкпен  басқарушыны тағайындауды талап  етпесе, тұтас алғанда бүкiл мұраны  қорғау және оны басқару жөнiндегi мiндеттердi өсиет бойынша мұрагерлер  немесе сот тағайындаған өсиеттi орындаушы жүзеге асырады. Мұраны  сенiмгерлiкпен басқарушыны заң  бойынша бiр немесе бiрнеше  мұрагердiң өтiнiшiмен мұраның  ашылған жерi бойынша нотариус  тағайындайды. Мұраны басқарушыны  тағайындаумен немесе оны таңдаумен  келiспеген заң бойынша мұрагер  сотта мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының  тағайындалуына дау айтуға құқылы. Егер заң бойынша мұрагерлер  болмаса не белгiсiз болса, жергiлiктi атқарушы орган мұраны сенiмгерлiкпен  басқарушыны тағайындау туралы  нотариусқа жүгiнуге тиiс. Заң  бойынша мұрагерлер келген жағдайда, олардың талап етуi бойынша  мұраны сенiмгерлiкпен басқарушы  мұраның есебiнен оған қажеттi шығындар өтелiп, қисынды сыйақы  төлене отырып керi шақырып  алынуы мүмкiн. Мұраны сенімгерлiкпен  басқарушы заңды мұрагерліктiң  ерекшелiктерiнен өзгеше туындамағандықтан,  өсиеттi орындаушыға қатысты Азаматтық  Кодекстiң 1059-бабында көзделген  өкiлеттiктi жүзеге асырады. Мұраны  сенiмгерлiкпен басқарушының мұра  есебiнен мұраны қорғау және  оны басқару жөнiндегi қажеттi шығындарды  өтеттiруге, ал егер оның мұрагерлермен  келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сыйақы  алуға да құқығы бар.

 

Өсиет бойынша мұрагерлік

   Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі  мүлікке билік ету жөнінде  өз ықтиярын білдіруі өсиет болып  танылады. Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша  мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін  де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет  етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі  жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет  жасауға жол берілмейді. Өсиет  қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан  айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді  мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына  қолданылмайды.

   Мұра  қалдырушы кез келген мүлік туралы өкімді қамтитын өсиет жасауға құқылы. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны  жасағаннан кейін кез келген уақытта  күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.

Өсиеттің  нысаны

   Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле  отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс. Нотариатта куәландырылған өсиетттер; нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше ресімделген болып  танылады.

   Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке  өзі қол қоя алмаса, оның өтініші  бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның  қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке  өзі қол қоя  алмауының себебін  көрсете отырып, басқа азаматтың  қол қоюы мүмкін. Өсиетті жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезінде  куәлар қатысуға тиіс болған жағдайларда:

  • нотариус немесе өсиетті куәландыратын өзге адам;
  • пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелері мен шөберелері, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлері;
  • толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтар;
  • сауатсыз және өсиетті оқуға қабілетсіз басқа да адамдар;
  • жалған жауап бергені үшін соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.

Информация о работе Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту