Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 13:18, реферат
Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері көбейді. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны 4
2. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері 9
3. Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы туралы Заңдардың дамуы 11
4. Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері 13
5. Меншік құқығының тоқтатылуы 22
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
Егер зат үй-жайдың ішінде немесе көлікте табылған болса, ол сол үй-жайдың немесе көліктің иесі болып табылатын адамға тапсыруға тиіс. Мұндай ретте осы иеленуші затты тапқан адамның құқықтарын иеленіп, оның міндеттерін мойнына алады.
Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның өзі не тұрған жері белгісіз болса, затты тауып алушы олжа туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті.
Азаматтық кодекстің 245-бабының 3-тармағында тауып алушының міндеті айқындалған. Сонымен затты тауып алушы оны өзінде сақтауға не полицияның, жергілікті атқарушы органның немесе олар көрсеткен адамның сақтауына тапсыруға құқылы. Тез бұзылатын затты немесе сақтауға кететін шығындары оның құнына сәйкес келмейтін затты тауып алушы түсім сомасын растайтын жазбаша дәлелдер алып, сата алады. Табылған затты сатудан түскен ақша сақталуға және затты алуға заңды құқығы бар адамға қайтарылуы немесе бұл заттың өзі үшін белгіленген тәртіп пен жағдайларда басқа адамдардың меншігіне берілуге тиіс.
Затты тауып алушы оның жолғалтқаны немесе бүлдіргені үшін өзінің жасыру ниеті болған немесе өрескел абайсыздық жасаған ретте ғана және сол заттың құны шегінде жауапты болады (АК-тің 245-бабының 3-тармағы).
Егер олжа туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімденген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға заңды құқығы бар адам анықталмаса және затқа өзінің құқығы туралы оны тапқан адамға не полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімделмесе, затты тауып алушы оған меншік құқығын алады.
Егер затты тауып алушы тапқан затын меншігіне алудан бас тартса, ол коммуналдық меншікке өтеді (АК-тің 245-бабының 4-тармағы).
Осы орайда мына мәселеге де көңіл аудара кеткен жөн: затты тауып алушы және алуға заңды құқығы бар адамға қайтарып беруші ол адамнан затты сақтауға, өткізуге, сатуға байланысты қажетті шығындарды және затты алуға заңды құқығы бар адамды табуға кеткен шығындарды өтетіп алуға құқылы. Жаңа кодекстің бұрынғысынан бір ерекшелігі затты тауып алған адамға сыйақы беруді қарастырған, яғни затты тауып алушы затты алуға құқығы бар адамнан зат құнының отыз пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Егер табылған зат оны алуға заңды құқығы бар адам үшін ғана құнды болса, сыйақының мөлшері тараптар есептеп шығарған баға
бойынша белгіленеді. Егер затты тауып алушы өзінің олжа туралы мәлімдеу міндетін орындамаса немесе олжаны жасырып қалуға өзге де әрекеттер жасаса, сыйақы алу құқығынан айырылады.
Қараусыз жануарларға меншік құқығын алу да Азаматтық кодекстегі олжа туралы ережелерге өте ұқсас келеді (АК-тің 246-бабы).
Қараусыз немесе қаңғып жүрген немесе қожайынының меншігінен әлдебір себептермен адасып қалған мал, қолға үйретілген үй жануарлары қараусыз жануарлар деп аталады. Егер мал, қолға үйретілген үй жануарлары басқа біреудің отарына, үйіріне барып қосылса, оны жайылып адасып жүрген деп есептейді.
Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам оларды меншік иесіне қайтаруға, ал егер оның өзі немесе тұрған жері белгісіз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешіктірмей табылған жануарлар туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті, олар өз кезегінде меншік иесін іздестіру шараларын қолға алады.
Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңіндегі жануарларды ұстаушы адам оларды өзінің бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкін. Жануарды ұстап алған адамның өтініші бойынша оларды бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар адамды іздеп табуды және оларға жануарларды беруді жергілікті атқару органы жүзеге асырады.
Жануарларды меншік иесіне
қайтарған ретте жануарларды
ұстап алған адам және жануарды бағып,
пайдаланып келген адам сол меншік
иесінен жануарларды
Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды, басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам олардың меншік иесінен осы Кодекстің 245-бабының 6-тармағына сәйкес сыйақы төлеуді талап етуге құқылы (АКтін 246-бабының 5-тармағы). Жануарлар басқа адамның меншігіне көшкеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген ретте сол жануарлардың өзіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал өзге де мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін жағдайлар болған кезде, меншік иесі жаңа меншік иесімен келісім бойынша белгіленетін шарттармен, ал келісімге келмеген кезде сот арқылы оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы (АК-тің 246-бабының 6-тармағы).
Қараусыз заттар құрамында көмбе де бар, көмбе дегеніміз жерге көмілген немесе басқа әдіспен жасырылған, меншік иесін анықтау мүмкін болмайтын не заңдарға сәйкес оларға құқығынан айрылған ақша немесе өзге де бағалы заттар болып табылады (АК-тің 247-бабы). Бұрынғы азаматтық заңда көмбені мемлекет меншігі деп қарастырды, ал жаңа Азаматтық кодекс бойынша көмбе жасырылған жер учаскесі иесінің немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенушінің және көмбені тапқан адамның, егер
олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбеген болса, меншігіне тең мөлшерде бөлінеді.
Азаматтық кодекске орыс құқығында кездесетін көмбені бөтен біреудің жерінен іздеуге болмайтыны туралы норма енгізілді. Егер бағалы затты іздеу мақсатында қазу не іздестіру жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүліктің меншік иесінің рұқсатынсыз болса, көмбе табылған күнде ол сол жер учаскесі иесінің меншігіне беріледі (АК-тің 247-бабының 1-тармағы). Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуі тиіс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенуші және көмбені тапқан адам осы көмбе құнының елу пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Сыйақы бұл адамдар арасында осы баптың 1-тармағыңда көзделген ережелер қолданыла отырып бөлінеді.
Меншік иесінен алынған мүлікті иелену меншік құқығын алудың бастапқы негіздеріне жатады. Мәселен, егер адам заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайлар бойынша меншік иесінен заңды негіздерде алынған мүлікті иеленсе, бұл адам мүлікке меншік құқығына ие болады. Оған мысалға меншік иесінен мүлікті меншік иесінің мүлікке міндеттілігі бойынша өтетіп алуын айтуға болады, сондай-ақ бұған реквизациялау және т.б. қатысты.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, меншік құқығын алудың туынды негіздері мирасқорлыққа сүйенеді. Меншік құқығын алудың ең көп тараған туынды негізі затты бөтен біреуге беру болып табылады. Осындай жағдайларда шарт бойынша затты алушының меншік құқығы дәл қашан пайда болғанын анықтау маңызды. Иеліктен айрылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі сатып алушыда меншік құқығы пайда болумен бір мезгілде соған көшетін болғандықтан, аталған мәселе іс жүзінде маңызды рөл атқарады (АК-тің 190-бабы).
Азаматтық кодекстің 238-бабы шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болатынын бекітеді.
Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариалдық куәландыруға жататын болса, алушының меншігі құқығы тіркелген немесе нотариат куәландырған кезден бастап, ал шартты нотариаттың куәландыруы да, мемлекеттік тіркеу де қажет болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап пайда болады.
Азаматтық кодекстің 238-бабын диспозитивтік норма екендігін заң мәтінінен байқаймыз, ондағы тұжырым меншік құқығы ауысар сәтте тараптардың келісімімен немесе арнаулы заңмен өзгертілуі мүмкін. Тараптар мынадай келісімге келе алады: меншік құқығы (шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы) мүлік алушыда шарт жасалған сөттен басталады, заттың толық құнын төлеу жеткізілгеннен кейін жүзеге асады және тағы басқа.Азаматтық кодекстің 239-бабына сәйкес, заттардың алушыға тапсырылуы сол сияқты, егер заңда немесе шартта көзделмесе, алушыға
жөнелтуі үшін көлік ұйымына өткізу және иеліктен айрылған заттарды жеткізіп беру міндеттемесінсіз алушыға салып жіберу үшін поштаға өткізу берілу деп танылады. Егер затты иеліктен айыру туралы шартты жасасу кезінде-ақ ол алушының иелігінде болса, зат оған сол кезден бастап жіберілген деп танылатыны тұжырымдалған.
Затқа коносамент немесе өзге де құжат беру заттарды беруге теңестіріледі (АК-тің 239-бабының 2-тармағы).
Меншік құқығына ие болу негіздерінің тізбесі Азаматтық кодекстің 235-бабында қарастырылған, бірақ ол бәрін бірдей қамтыды деп айтуға болмайды. Оған алдымен Азаматтық кодекстің 235-бабында көрсетілген тізбелер қатысты: атап айтқанда, мына төмендегілер жатады: тұтыну (тұрғын үй, құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативінің мүшелері, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық төлеген басқа адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады. Демек, бұл заттарды иелену үшін осы мүліктер үшін өзінің үлестік жарнасын төлесе жетіп жатыр.
1. Қазіргі Азаматтық
кодекстің бұрынғысынан бір
Меншік құқығын тоқтатудың
аталған негіздерінде меншік құқығынан
бас тартуды ерекше бөліп қараған
жөн (АК-тің 250-бабы). Меншік құқығынан
бас тарту болған жағдайда мына бір
жағдайды есте ұстау керек, яғни меншік
кұқығынан бас тарту осы мүлікк
Иесіз мүлік ретіңде есепке алынған күннен бастап бір жыл өткен соң мұндай жер учаскесі жергілікті атқару органның талап етуі бойынша сот шешімі негізінде мемлекет меншігіне қайтарылады ("Жер туралы" Заңның 74-бабы).
Заң меншік иесінен мүлікті ықтиярынсыз алуға байланысты қатынастарды бүге-шігесіне дейін реттейді. Меншік құқығын алып қою үшін: а) негіз заңда қарастырылған болуы керек; ә) соттың шешімі болуы міндетті.
Азаматтық кодекстің 249-бабының 1-тармағы меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүліктен ақы өндіріп алу қатынасы енгізілген. Мұндай өндіріп алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, тек сот шешімімен жүзеге асады (АК-тің 251 -бабының 1-тармағы), бірақ бұл норма диспозитивті болып келеді. Ақы өндіріп алудың басқалай жолы шарт арқылы болуы мүмкін. Ақы өндіріп алынатын мүлікке меншік иесінің меншік құқығы заңдарда көзделген тәртіп бойынша меншік құқығы көшетін адамның алып қойылған мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.
Мүлікті меншік иесінен ықтиярынсыз алып қою заң құжаттарына сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын жағдайда жүзеге асады (АК-тің 249-бабының 2-тармағы). Егер заң құжаттарымен жол берілетін негіздер бойынша заң құжаттарына сәйкес адамның өзіне тиесілі бола алмайтын мүлік оның меншігінде болып шықса, бұл мүліктің меншік иесі,
егер заң құжаттарында өзге мерзімдер белгіленбесе, осы мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап бір жыл ішінде иеліктен айыруға тиіс. Егер меншік иесі мүлікті көрсетілген мерзімде иеліктен айырмаса, ол сот шешімімен иеліктен ықтиярынсыз айрылуға тиіс, бұл орайда меншік иесіне мүлікті иеліктен айыру жөніндегі шығындары шегеріліп, оның құны өтеледі.
Мұндай тәртіп мынадай жағдайға да қатысты, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның меншігінде заң құжаттарымен жол берілген негіздер бойынша сатып алуға арнайы рұқсат қажет етілетін зат азаматтың немесе заңды тұлғаның меншігінде болып шықса, ал меншік иесі оны беруден бас тартса, бұл зат осы меншік иесіне тиесілі бола алмайтын мүлік үшін белгіленген тәртіп бойынша иеліктен айырылуға тиіс (АК-тің 252-бабының 2-тармағы).
Ықтиярсыз алып қою негіздеріне реквизициялау да жатады. Реквизициялау дегеніміз дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, індеттер және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүлдесі үшін мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімі бойынша заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайларға меншік иесінен оған мүліктің құны төлене отырып алып қойылуы болып табылады. Меншік иесіне реквизицияланған мүліктің құны өтелген бағаны оның сот тәртібімен даулауына болады. Сондай-ақ мүлкі реквизицияланған адам ревизия жүргізуге байланысты жағдайлар тоқтатылған кезде сақталған мүлікті өзіне қайтарып беруді сот арқылы талап етуге кұқылы екендігін ерекше атап өткен жөн (АК-тің 253-бабының 3-тармағы).