Меншік құқығының

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 13:18, реферат

Краткое описание

Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері көбейді. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны 4
2. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері 9
3. Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы туралы Заңдардың дамуы 11
4. Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері 13
5. Меншік құқығының тоқтатылуы 22
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

Файлы: 1 файл

Меншік құқығы Реферат.doc

— 185.00 Кб (Скачать)

Шартпен басқа да мәселелер  қаралуы мүмкін. Мүлікті басқа  біреуге уақытша пайдалануға  берген кезде оны күтіп-сақтау пайдаланушыға  жүктеледі. Күтімсіз және заңсыз ұстаған  адамға мүлікті күтіп ұстауға жұмсалған шығындары өтелмейді (АК-тің  189-бабы).

Ауыртпалық жағдайы  деп заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін айтады. Иеліктен айрылған заттардың кездейсоқ  жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі, егер заң құжаттарында немесе шартта ол өзгеше белгіленбесе, сатып алушыда меншік құқығы пайда болуымен бір мезгілде соған көшеді. Мүліктің бүлінуі не жойылуына байланысты қауіп басқа мезгілде заң немесе шарт негізінде сол мүлікті алушының мойнына жүктеледі. Мысалы, шарт жасаушылар ондай қауіпті шарт жасау кезінде алдын-ала ескереді (сатып алу-сату), яғни зат берілмей түрып, сатып алушыға меншік құқығы ауыспай тұрғанда мәселенің басы ашылуы тиіс.

Екінші бір жағдай мерзімінің өтіп кетуіне байланысты. Мәселен, егер иеліктен айырушы адам заттарды беру мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін мерзімін өткізіп жіберген тарап көтереді (АК-тің  190-бабының 2-тармағы).

                                                                                                                                                                    

                                                                                                                                                                                                                                                                            

 

 

2. Азаматтық  кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: "Қазақстан  Республикасында Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады", — деп жазылған.

Азаматтық кодекс меншіктің  екі нысанда — жеке (191-бап) және мемлекеттік (192-бап) екендігін тәртіптейді.

Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың  мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне  орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес заңды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді.

Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтык, бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.

Заң меншікті түрлерге де бөледі. Азаматтық кодексіне сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінеді (192-бап).

"Игілік" пен "ауыртпалық" тіркесінің өзі,  дейді Е.А.Суханов,  "нағыз меншік иесін сипаттайды және осы екі элементтің біреуінің болмауы иеленушіні шын мәніндегі кожайын етуге мүмкіндік бермейді". Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару органдарының қарауына жатады делінген.

Мемлекет өкілеттігін  жүзеге асыра отырып, қарауындағы  мүліктерді өзінің органдары мен  мемлекеттік заңды тұлғалары  арқылы басқарады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың  өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді.

зҚазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен басқа органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де құжаттарда белгіленетін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.

Заңдарда көзделген  реттер мен тәртіп бойынша Қазақстан  Республикасының арнайы тапсырмасымен  оның атынан өзгеде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК-тің  111-бабының 1 және 2-тармақтары).

Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі "жеке меншік" деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп қарау арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппараттың жөнсіз араласуынан қорғайды.

Мемлекеттік емес заңды  тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік  қоғамның акциясының белгілі бір  бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала береді.

Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара (өзіндік) меншік ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтардың меншігіне деген жеке дара өзіндік (тұтынушылық) және жеке меншік ішкі дифференциациясы болуы қажет.

Меншік иесінің құқығын  жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану және билік етуі мүліктің мүддесі мен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі мүмкін. Қазақстан Ресгтубликасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 40-бабында меншік иесінің үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.

Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады. Кондоминиум ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы біздің Азаматтық кодексте ұжымдық меншік ұғымы жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік иелерінің әрқайсысы өзіне бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.

Үйдің бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөліктері (кіре беріс, баспалдақ, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесі, оның ішінде көріктендіру элементтері және ортақтасып пайдаланатын басқа да мүліктер) үй-жай меншігі иелеріне ортақ меншік құқығы бойынша тиесілі болады.

Үй-жайдың әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі (ортақ меншіктегі) үлесі оған тиесілі үй-жайға бөлек (өзіңдік) меншікке бөлінбейді. Үлестің мөлшері, егер меншік иелерінің келісімінде өзгеше көзделмесе, бөлек (өзіндік) меншіктегі тұрғын үй-жайлардың немесе тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының бүкіл үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды.

Кондоминиумның әр алуан  түрінің кұкылық тәртібінің ерекшеліктері  заң құжаттарымен айқындалады, ал "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңда  тұрғын үй кондоминиумы жайында айтылған.

Азаматтық кодекстің 209-бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның  меншігіндегі мүлік оларға ортақ  меншік құқығымен тиесілі болады.

Меншік құқығының түрлеріне  сипаттама берген кезде мүліктің құқықтық тәртібінің мазмұны мен ерекшелігі мүліктің қайсыбір түріне жататындығына байланысты келеді.

                                                                                                                                    

 

 

3. Қазақстан  Республикасындағы меншік құқығы  туралы Заңдардың дамуы

1. Қазақстан Республикасының  ұлттық меншігі құқығының қалыптасуы  айтарлықтай қиын жағдайда өтті.

КСРО-ның азаматтық  Заңдары жеке меншікті мойындамай, мемлекеттік меншікті халықтың меншігі  деп жоғары деңгейде тәртіптеді. КСРО Конституциясы социалистік меншіктің үш нысанын бөліп қарады: мемлекеттік, колхоздық-кооперативтік және кәсіподақтары мен басқа да қоғамдық ұйымдардың меншігі, сондай-ақ социалистік меншіктен туындайтын өзіндік меншік (КСРО Конститутциясының 10, 11, 12-баптары, Қазақ КСР Конституциясының 10, 11, 12-баптары).

Оның үстіне КСРО-да ұзақ уақыт бойы қоғамдық, яғни мемлекеттік  меншікті жекелеген азаматтырдың өзіндік  меншігінен басым бағалады. Ал оның соңғысы тиісті құқық жағынан  қорғалмады және өндіріс құралы болып  есептелмеді.

90-шы жылдардың басынан  бастап "Социалистік меншіктен"  бас тарту үрдісі басталды. КСРО  Конституциясының 10-бабы (КСРО Заңының  редакциясы 1990 жылғы 14 наурыз) және 1990 жылғы 6 наурыз КСРО-дағы "Меншік  туралы" Заңның 4-бабы 1-тармағының  негіздерінде меншік мынадай түрлерге бөлінді: "азаматтардың меншігі, ұжымдық және мемлекеттік".

КСРО Конституциясының 11-бабына сәйкес мемлекеттік меншік бүкіл халықтың игілігі деп танылды. Мемлекеттік (жалпы халықтық) меншік кеңес мемлекетіне жататын бір  қорды құрды, ол бұл меншіктің дара және бірден-бір субъектісі болды, ал Қазақ КСР-інің егемендігі тек сөз жүзінде қалды. КСРО-ның "Меншік туралы" Заңы (21, 22, 23-баптары) жерді және басқа табиғи объектілерді ешқандай мемлекеттің құрылымының қарауына жатқызбады. Бұл объектілер КСРО-ға да, республикаларға да бірдей қарайтын, сөйтіп, шын мәнінде меншік субьектілерінің даралығына қайшы келді. Осындай жұмбақ тұжырымдар әр республикаға өз меншік құқығын бермей қойып, мынадай салдарға душар болды, айталық, осы баптарға сүйеніп, Қазақстан Украинаның жерін меншіктеуге, керісінше, Украина қазақ жеріне құқылы болуына әкеп соқты. Әлгі "жалпы игілік" деген ұғымның өзі бұл мүлікті иесіздікке душар етті, зат бір қарағанда бәріне тиесілі болды, сонымен бірге оның нақты иесі де болған емес. Демек, әу бастан "халықтың игілігі" категориясы заңмен бекітіле тұрса да, ешқандай ілгерілеуді әкелген жоқ. Өз кезегінде Қазақ КСРнің Конституциясы да меншік бүкіл халықтыкі деп жар салды, бірақ та "халық" деген сөз де тағы келіп нақтылықты корсете алмады. Егер меншік субъектісі экономикалық мағынада  халык десек, оның бір де бір бөлігі өз бетінше меншік иесі болып танылмады. Заттардың бүкілхалықтық болуы тауар-ақша қатынасына қайшы келді, нәтижесіңде мемлекеттік мүлік нақты қатынастардан шығып қалды. Бірыңғай меншік иесіне тауарсыз экономика ғана тән еді. Шын мәнінде затқа халық емес, оның бір бөлігі (заңды тұлғалар мен азаматтар) иелік етуі тиіс.

2. КСРО-дағы меншік  туралы занда бұрынғы "өзіндік  меншік" ұғымының орнына "азаматтардың  меншігі" деген жаңа ұғым пайда болды (2-бөлім). Заң әдебиеттерінде жеке меншік тек капиталистік шаруашылыққа ғана тән емес, бар болғаны тауарлы шаруашылықтың белгісі деп тұжырымдалды.

Қазақ КСР-дің өзін-өзі  басқару және өзін-өзі қаржыландару тұжырымдамасында Қазақстан КСРО шеңберінде дербес республика ретінде шаруашылық жүргізуді бекіту мен дамыту жағдайларын қарастырды, сол арқылы жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесіңде жеке-дара (өзіндік) меншікті және жеке-дара — өндірістік меншікті енгізу идеясы ұсынылды.

Қазақ КСР-інің 1990 жылғы 15 желтоқсанда қабылдаған "Меншік туралы" Заңында тұңғыш peт меншік құқығының принциптері мен ұғымы бекітіліп, Қазақ КСР-нің жері мен басқа табиғат ресурстарына айрықша меншік жарияланды. Меншіктің қалған басқа түрлері де республиканың меншігі болып танылды дей тұрғанмен, онда бүкілодақтық меншікті қалыптастыру жағы да ескерусіз қалған жоқ. "Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы" Заңының 3-бабында "Республика аумағындағы барлық ұлттык байлық оның меншігі болып табылады және республиканың заңдық құзырына өтеді" деп нақты жазылды. Қазақ КСР-і өзінің меншігін, КСРО-ның меншігін, республикалык және коммуналдық меншіктерді құрды.

3. Қазақ КСР-нің меншік  туралы заңындағы ең бір ұнамды  түс оның 7-бабының 2-тармағында  азаматтың меншігі былайша тұжырымдалды: "азаматтың дене және рухани қажеттерін табыс келтірмей қанағаттандыруға арналған өзіндік меншігі; табыс келтіруге арналған жеке меншік түрінде көрінеді". Бірақ та заңның бірқатар ережелеріне елеулі түзетулер қажет еді.

Сонымен, мемлекеттік  меншіктің құқық субъекіісі Халық депутаттары Кеңесінің барлық деңгейі деп танылды. Мүліктің меншік иесі Кеңестер болып табынатын органдар емес, мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық құрылым аталды. Бұл заңда көңілге қонбайтын ережелер де кездесті. Мысалы, Қазақ КСР-і мемлекет ретіңде коммуналдық меншіктің субъектісі бола алмады (Заңның 19-бабы).

Қазақ ССР-інің "Меншік туралы" Заңында меншіктің үш түрі белгіленді: азаматтардың меншігі, ұжымдық және мемлекеттік. Заңның 24-бабына сәйкес жер мемлекеттің айрықша  меншігі деп айқындалды, ол тек жалға немесе ғұмырлық мұрагерлік құқығына ғана берілетін болды. Тұңғыш peт осы заңда заттық құқық бекітілді (шаруашылық жүргізу құқығы және т.б.).

1994 жылы 27 желтоқсанда  Қазақстан Републикасының Азаматтық  кодексінің қабылдануы меншік құқығының жағдайын түбірімен өзгертті.

Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық ғылымының нәтижелерін және меншік құқығына байланысты заңдардың қол  жеткен жетістіктерінің ең таңдаулысын  заңды түрде тұжырымдады да нарық  талаптарына сәйкестендірді.

4. Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері

Меншік құқыгын азаматтық  құқықтың субъектілері әртүрлі негіздерде ала алады. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығына ие болуына әдейі  арналған. Бірақ та заң меншік құқығын  алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235-бабында "тәсіл" ұғымы қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе әрекеттер жүйесі). Меншік құқығы оның пайда болуымен заңды байланыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық фактілер негізделуімен көрінеді (АК-тің  7-бабы).

Меншік құқығын алуда  бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі, ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық  сай келеді, оның соңғысына ерекше баға беріледі.

Бастапқысына жататын  талап деп мынаны айтамыз: зат  бұрын болмады және меншік құқығы оған бірінші рет тағылды немесе зат бұрын болса, меншік құқығы оған бұрынғы меншік иесінің құқығынан  тәуелсіз жүзеге асады. Сондықтан да Азаматтық кодекстің бастапқы негіздеріне мыналар қатысты: жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы (236-баптың 1-тармағы); өндеу (237бап); иелену мерзімі (240бап) олжа (245-бап); қараусыз жануарлар (246-бап); меншік иесінен алынған мүлікті иелену (248-бап); көмбе (247-бап).

Информация о работе Меншік құқығының