Адам құқықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 15:08, доклад

Краткое описание

Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса).

Файлы: 1 файл

Адам құқықтары.docx

— 42.62 Кб (Скачать)

           Адамдар алған білімдері арқылы тек өздеріне ғана емес, қоғамға да пайда келтіреді. Еңбек ету бостандығына ие азаматтар тек өздері үшін ғана емес, қоғам үшін де материалдық және рухани игіліктер жасайды. [4,1]

          Қазақстанның Тұңғыш Президенті таңдаған және халқы қолдаған Қазақстан Республикасының даму векторы Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ өзгермей келеді. Бұл демократияға, заңның үстемдігіне және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қозғалыс.

Қазақстан Республикасы демократиялық ұстанымдарды нығайта  отырып, әрбір тұлғаның құндылықтарын  сезінуін, оның қадір-қасиетін тануды және қорғауды, адамның ажырамас және бөлінбес құқықтары мен бостандықтары идеясын бекітуді басымдықтар ретінде анықтайды.

Адам құқықтары  мен бостандықтары, толеранттылық  Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының назарын көбірек аударуда. Жылы Қазақстанның бастамасы бойынша тұрақты жұмыс істейтін ИЫҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылды. ИЫҰ-ға мүше көптеген мемлекеттерді адам құқықтарын қорғау жүйесінің қазақстандық моделі қызықтырады, ішінара алғанда, аз этностар құқықтарын, азаматтардың білім алу, денсаулығын қорғау және білікті медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету; гендерлік теңдік пен балалар құқықтарын қорғау мәселелері, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құқық қорғау қызметі.

Азаматтардың  құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған  жаңа курс Президенттің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру - Қазақстан дамуының басты векторы» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапты. Бұл сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту, жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексін әзірлеу, құқық қорғау және арнайы органдар кадрларын жаңарту, жаңа Кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама енгізу. [6,138]

Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың денсаулығын сақтауға, заңда белгіленген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және ақылы медициналық көмек алуға, мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық парактикамен шұғылданатын адамдардан  ақылы медициналық көмек алуға құқығын көздейді.[6,63]

Елбасы өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру - Қазақстан  дамуының басты бағыты» атты халыққа  Жолдауында елдің алдағы дамуының басты  басымдықтарының бірі азаматтардың денсаулығын сақтауға және білікті  медициналық көмек алуына деген  конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету арқылы адами капитал деңгейін сапалы жоғарылату екенін көрсетті. [6, 68]

Әлеуметтік-экономикалық құқықтар адамның өмірлік мүдделерін, оның тіршілігін қамтамасыз етуді қорғаумен  байланысты. Көптеген адамдар тек  өз күшіне сене алмайды, алайда олар тек  мемлекеттің асырауында болмауы  тиіс: ешбір қоғам жаппай асыраушылықты  көтере алмайды. Сондықтан мемлекет әлеуметтік-экономикалық құқықтарды,олардың  іс жүзіндегі кепілдіктерін (жалақының  ең төменгі мөлшері, демалыс күндері, мемлекеттік зейнетақылардың мөлшері  және т.б) ұсына отырып, осы құқықтарды жүзеге асыру барысында өз мүмкіндіктерін негізге алады, адамға өзін-өзі қамтамасыз ету міндетін жүктейді. Бұл құқықтар тым жалпы сипатқа ие және олар конституцияларға емес, одан туындайтын нақты заңдарға сілтеме жасау  арқылы қорғалады. [7, 76]

Әлеуметтік-экономикалық құқықтардың қатарына ең алдымен меншік құқығы және меншікті мұрагерлікке алу құқығы жатады. Қазіргі заманғы конституциялар жеке және жария меншікті ажыратады, ал нақтырақ айтатын болсақ, жеке, мемлекеттік және муниципалдық меншік ажыратылады.

Аса маңызды  әлеуметтік-экономикалық құқықтардың  қатарына еңбек қатынастарымен байланысты құқықтар жатады. Бұл, ең алдымен, еңбек ету құқығы мен еңбек ету бостандығы. Конституция мен заңдар өзіне арналған жеке еңбекті емес (мысалы, бақшадағы жұмыс), қоғамдағы ұжымдық еңбекті реттейді. Еңбек ету құқығы еңбек етуге ниет білдірген барлық тұлғаларды мемлекеттің жұмысқа орналастыру міндетін білдірмейді, дегенмен мемлекет тиісті шараларды қолға алуға міндетті. Еңбек ету құқығы еңбек ету бостандығымен толықтырылады, ол тұлғаның заңда тыйым салынбаған қызмет пен кәсіптің кез келген түрін еркін таңдау құқығы. [8, 34]

Қазіргі  таңда  оралмандардың  құқықтық  мəртебесі  оралман  мəртебесін

беру жəне  оралмандарды  көшіп  келу  квотасына  енгізу;  оралмандарды  көшіп келу  квотасына  олардың  отбасының  жеке  мүшелерін  енгізу  ерекшеліктері;

оралмандарды  бейімдеу  жəне  ықпалдастыру,  оралман  мəртебесін  тоқтату 

мəселелерін,  сондай-ақ  олардың  құқықтары  мен  міндеттерін  реттейтін 2011

жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-тарауында айтарлықтай  айқын анықталған.

Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасына  сəйкес оралмандар  мен  олардың  отбасы  мүшелері  жеңілдіктер,  өтемақылар  жəне

басқа да əлеуметтік көмек түрлерін, сондай-ақ бейімдеу жəне ықпалдастыруға

қатысты қызмет көрсетулер ала алады.

          Барлық оралмандарға медициналық қызмет көрсетудің, білім берудің қол

жетімдігі қамтамасыз етілген; олар жұмыспен қамтуға жəрдемдесу шаралары

қолданылатын мақсатты  топтардың  біріне жатқызылған. ҚР Еңбек жəне халықты  əлеуметтік  қорғау  министрлігінің  мəліметтері  бойынша,  еңбекке  жарамды жастағы  оралмандардың 70%-дан  астамы  өндірістің  əртүрлі  салаларында жұмыспен қамтылған, əрбір  төртіншісі ауыл шаруашылығында жұмыс  істейді.

Оралмандарды  бейімдеу  жəне  ықпалдастыру  орталықтарындағы  іске

асырылып  жатқан  бейімдеу  бағдарламалары  құқықтық  мəселелер  бойынша 

кеңес  беруді,  мемлекеттік  тілді  жəне  қалауы  бойынша  орыс  тілін  үйретуді,

кəсіптік даярлауды, қайта даярлауды  жəне біліктілікті көтеруді көздейді.

Бұған қоса, 2011 жылғы шілдеде «Қазақстан Республикасының  азаматтығы

туралы»  Заңға  өзгерістер  енгізілді,  соған  сəйкес  оралмандарды  Қазақстан 

азаматтығына қабылдау оңайлатылған (тіркеу түріндегі) тəртіппен, үш айдың 

ішінде жүзеге асырылады. [9, 9]

Конституция жоғары  заңды  күшке  ие жəне Қазақстан  Республикасының 

барлық  аумағында  тікелей  қолданылады.  Конституцияның 30-бабы  білім берумен  байланысты нормаларды қамтиды. Осы  нормаларға сəйкес азаматтарға 

мемлекеттік  оқу  орындарында  тегін  орта  білім  алуға  кепілдік  беріледі. Орта

білім алу міндетті.

Бұған  қоса,  Конституцияның  аталған  бабымен  конкурстық  негізде мемлекеттік  жоғары оқу орындарында тегін  жоғары білім алу құқығы, сондай-ақ  заңда  белгіленген  негізде  жəне  тəртіппен  жүзеге  асырылатын  жеке  оқу орындарында ақылы  білім алу құқығы көзделген.

2009-2012 жылдарға  арналған Адам  құқықтары  саласындағы   ұлттық  іс-

қимыл жоспары адам құқықтарын көтермелеу мен қорғаудың ұлттық жүйесін 

нығайтуға  жəне  қалың  жұртшылықты  адам  құқықтары  мен  оларды  қорғау

тетіктері  туралы  ағартуға  бағытталған.  Бұл  жоспарда  ұлттық  заңнама  мен 

практикадағы  ақтаңдақтарды жою  жөніндегі жəне мемлекеттік  органдар мен 

адам құқықтарын қорғау саласында  жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың

қызметін үйлестіруді жақсарту жөніндегі нақты шаралар кешені анықталады.

          Қазақстан   білім  беру  мəселелері  бойынша   бірқатар  заңнамалық  жəне 

нормативтік актілерді қабылдады. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 

Заңы (2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заң) білім беру саласындағы негізгі  нормативтік  құжат болып  табылады. [9, 18]

          Заңнамада   оралмандарға  жұмыспен  қамтуда,  біліктілігін  көтеруде  жəне 

тілдік  бейімделуде  көмек  туралы  ережелер  бар  болғанымен,  республикада

оралмандарға арналған тіл курстары, ақпарат беру жəне анықтамалық қызмет

көрсету, жұмыспен  қамтуға жəрдемдесу  немесе  біліктілігін  көтеру  курстары

сияқты  арнайы  ықпалдастыру  бағдарламалары  əзірленбеген.  Қолданыстағы

заңнамада оралмандарға арналған бейімдеу жəне ықпалдастыру орталықтарын

құру туралы ереже де бар. Алайда, Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ)

мəліметтері бойынша бұл орталықтардың  көпшілігі қазіргі сəтте өкінішке орай

өздеріне жүктелген міндеттерді  орындамай отыр.

        Соңғы  уақытта   мемлекет  оралмандар  проблемаларын   шешуде  едəуір 

алға жылжыды, алайда, олар жұмыссыздық, көшіп келгеннен кейін тұрғын үй

сатып  алуға  қаражаттың жетіспеуі  сияқты  проблемалармен  бетпе-бет  келуде,

бұл  оларды  бөлінген  өңірлерін  тастап  кетуге жəне Алматыда, Астанада, ҚР-

ның  мұнайлы  өңірлерінде  жұмысқа  тұру  мүмкіндігін  іөздеуге  мəжбүрлейді.

Осылайша оралмандар сыртқы мигранттардан  ішкі мигранттарға айналды.

Екіншіден,  білім  беру  жүйесіндегі  айырмашылықтар  да  жұмысқа тұруға  əсер  етеді. Жоғары білімі  туралы дипломы бар  оралман  егер де оның

дипломы танылмаса жұмыс іздеу  кезінде қиындыққа тап болуы  мүмкін. Кейбір

жағдайларда  оралмандар  мамандығы  бойынша  жұмысқа  тұра  алмайды.  Бұл 

пікір жоғары  білімді  оралмандарға  да (инженерлер,  технологтар,  дəрігерлер,

экономистер) жəне ондай білімі жоқтарға да (саудагерлер) қатысты дұрыс болып 

табылады. [9, 22-23]

Нарықтық  экономика,  қоғамның  демократиялануы,  ұлтаралық  жəне конфессияаралық  қатынастардың тұрақтылығының сақталуы, азаматтық қоғам 

институттарының  дамуы,  қылмыстық  саясаттың  кезең  бойынша  ізгіленуі, адам  құқықтарын  қорғау  жəне  қолдау  саласындағы  Қазақстанның  жүргізіп

жатқан  мақсатты  құрылымдық  жұмысы  айдан  анық  жəне  көптеген  əлем елдері, халықаралық жəне үкіметтік емес құқық қорғаушы ұйымдар тарапынан

танылған.

          Сонымен  бірге,  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы  Адам

құқықтары жөніндегі  комиссияның  пікірі бойынша,  оралмандардың,  азаматтығы жоқ  адамдардың  жəне  босқындардың  құқықтарын  қорғау  мəселелерін мемлекеттік органдардың қызметтерінде көкейкесті ету жəне адам құқықтарын қорғауда  азаматтық  қоғам  институттарының  əлеуетін  пайдалану,  халықтың құқықтық хабардар болуына ерекше мəн беру қажет.

          Оралмандардың,  азаматтығы  жоқ  адамдардың  жəне  босқындардың құқықтарын  қорғаудың ұлттық тетіктері айтарлықтай  түзетуді қажет етеді.[9,130]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том.
  2.   Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің          

    веб-сайты.

  1. Өзбекұлы C., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.   

     – Алматы: Жеті жарғы, 2006. 264 бет.

  1.   Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар     

    www.testent.ru/publ/kazak_tili_sabagi/adam_y.../3-1-0-741

  1.   Әбішев Т., Тұрсынов С. «2010 жылғы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы баяндама» // Астана, 2011. 192 бет.
  2. Сұлтанов Қ.,  Әбішев Т. «2011 жылғы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы баяндама» // Астана, 2012. 144 бет.
  3. Хан Г.Б. және т.б. редак. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы. // –

    Алматы: ҚазГЗУ, 2003.

  1. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы   

    халықаралық пакт. БҰҰ. 1967.

  1. Сұлтанов Қ.,  Әбішев Т. «Қазақстан Республикасындағы оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдардың және босқындардың құқықтарының ахуалы туралы арнайы баяндама» // Астана, 2012. 140 бет.

 


Информация о работе Адам құқықтары