Адам құқықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 15:08, доклад

Краткое описание

Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса).

Файлы: 1 файл

Адам құқықтары.docx

— 42.62 Кб (Скачать)

            Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

               Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  Ұлттық Университеті 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

                       Баяндама

  

 

     Тақырыбы:  Адам құқықтары

 

 

 

 

 

 

 

                                         Орындаған: ДаулеткерееваТ.Б.

                                                    Тексерген:   Ибрагимов Ж.И.  

 

 

 

 

 

                               Астана 2012

                           Адам құқықтары

            Адам құқығы. Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән:

  • олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды;
  • объктивті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес;
  • туғанынан беріледі;
  • табиғи (су, жер, ауа, т.б. сияқты) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады;
  • тікелей әрекетті болып табылады;
  • ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады;
  • құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір түрпатын білдіреді;
  • жеке адамның өз калауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сейтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді;
  • оларды мойындау, сақтау және корғау — мемлекеттің міндеті.

Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын  жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі  ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның  құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас  болып табылады, туғаннан бастап беріледі және жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті. [1,40]

 

Қазақстан Республикасының  Конституциясында адам, оның өмірі, құқықтары  мен бостандықтары мемлекеттің  жоғары құндылықтары деп жарияланған. Ата заңға сәйкес адамның құқықтары  мен бостандықтары әркімге тумысынан  беріледі, абсоютті және ажырамас бөлігі ретінде танылады, құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды. Конституция заң шығарушыны заңдарды қабылдау кезінде, бірінші кезекте, осы норманы басшылыққа алуға  және адамның құқықтарына басты  көңіл бөлуге міндеттенеді.

         Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамада бекіту жөнінде елеулі қадамдар жасады.

Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың толыққанды субьектісіне және адам құқықтары саласындағы 60 көпжақты әмбебап халықаралық келісім  шарттың, соның ішінде «адам құқықтарын қорғаудың халықаралық құралдары» деп аталатын БҰҰ-ның 7 негізгі құқық  қорғау конвенциясының қатысушысына айналды.

2009 жылмен  салыстырғанда Қазақстан Республикасы  Конституциясы, басқа да заңнамалық  актілері жариялаған және бекіткен  адамның және азаматтың құқықтары  мен бостандықтары 2010 жылы одан  әрі дамып, нақтыланды. Қазақстан  Республикасы Конституциясымен  және қолданыстағы заңнамасымен, оның адам құқықтары саласындағы  халықаралық міндеттемелерімен  кепілдік берілген адамның және  азаматтың азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары  мен бостандықтары осы баяндамада  және басқа уәкілетті мемлекеттік  органдардың, құқық қорғаушы ҮЕҰ-дың  есептерінде көрсетілген кейбір  заңдылық пен адам құқықтарының  бұзылуы фактілерін қоспағанда, негізінен сақталады. [5,185]

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің  жанындағы Адам құқықтары жөніндегі  комиссияның пікірі бойынша, мемлекеттік  органдар қызметінде, әсіресе құқық  қорғау органдарында адам құқықтары  мәселесінің өзектілігін арттыру, қазақстандық Омбудсмен мен азаматтық  қоғам институттарының мүмкіндіктерін адам құқықтарын қорғауда толығырақ  пайдалану қажет. [5,187]

         Қазақстан Республикасының БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлауға байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің хабарламасы бойынша:

 Қазақстан  Республикасының Біріккен Ұлттар  Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі  кеңесіне сайлануы қазақ мемлекетінің  тәуелсіздік жылдарындағы адам  құқықтарын қорғаудың ұлттық  жүйесін дамытуға бағытталған  жоспарлы және белсенді жұмысының  нәтижесі болып табылады деп санаймын. Біздің ел көптеген базалық халықаралық құқық қорғау құжаттарына қосылған. Адам құқықтарын қамтамасыз ету үшін нормативтік және институтционалдық база құрылды, ол азаматтық қоғамды дамытуға арналған шартқа тең. Қазақстан Республикасының Кеңеске қабылдануы халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның гуманитарлық саладағы қызметіне деген оң бағасын көрсетеді. Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүше болуы БҰҰ қызметіне, оның маңызды құқық қорғау органының шеңберінде өте белсенді қатысуына мүмкіндік береді, халықаралық құқық қорғау қоғамдастығына ықпалдасуды жеделдетеді және осы саладағы оң тәжірибелермен алмасуға жәрдемдеседі. Сонымен бірге, Кеңеске мүше болу әрбір азаматқа, оған Конституциямен және заңдарымен кепіл берілген құқықтарын одан әрі тиімді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі тағы бір зор жауапкершілігін көздейді. Жоғарыда айтылған тұрғыдан алар болсақ, 2002 жылы Қазақстанда Омбудсмен институтының құрылуы мемлекеттің өрлеу жолындағы тұрақты жігерін айғақтайды. Бүгінгі таңда Омбудсмен Қазақстандағы және шет елдердегі құқық қорғау ұйымдарының көпшілік ортасымен өзара сындарлы іс-қимылдар жасайды. Оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі айрықша рөлі, оған еліміздегі адам құқықтары туралы ахуалды теріс пікірсіз, шынайы түрде қалыптастыруға жәрдемдеседі. 2012 жылы Қазақстанның ұлттық құқық қорғау мекемесі БҰҰ Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің халықаралық үйлестіру комитетінде тіркеуден табысты өтті. Аталған оқиғаға құқық қорғау тетіктерінің тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасап отырған мемлекеттің күш-жігерін тану ретінде қараған дұрыс. [2,1]

Ел болғаннан  кейін оның Басшысы және Негізгі  Заңы мен басқа да сол елді басқару  жұмысын үйлестіру, адам мен азаматтардың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін заңдылықтарының  болуы шарт. Біздің қазақ елін ерте замандардан беріхан басқарып, заңдылықтары Жеті жарғы заңымен реттеліп, билікті  тек билер мен ақсақалдар жүргізген, тәуелсіздігін батырлар қорғаған. Ал қазіргі кезде елімізді басқару  жүйесі негізінен алғанда сол  баяғы заманға бір табан жақын  болғанымен, талай сатылардан өтіп, жетіліп, адам мен азаматтардың құқықтарының сақталуына көп көңіл бөлінуде. Егемендігімізді  алған 20 жылда өзіміздің Ата Заңымыз  – Конституциямызды қабылдап, онда елімізді басқару жүйесін анықтап, құқықтық, зайырлы мемлекет болуға қол жеткіздік.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің Негізгі заңы азаматтарымыздың дәулетті де бақытты өмір сүруін, олардың тәуелсіз, экономикасы өркендеген мемлекет құру жолындағы әрбір қадамын реттейтін басты құжат болып қала береді», деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, адамзаттық даму жолына орныққан қо ғамның және мемлекеттің негізгі, басты құжаты. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін де мократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп айқындалған. Адам құн дылықтары мен бостандықтарын асқақтату, оларды ең жоғарғы құндылық деп мойын дау демократияны дамытудың үлгісі болып табылады. Сондықтан жеке адамның құқықтық мәртебесі демократияның институттарымен тікелей байланысты.

           Адам құқықтары қоғамдық қатынастармен тығыз байланыста болады және соған байланысты арнайы топтарға жіктеледі. Заң әдебиетінде жіктелу мынандай түрлерге бөлінеді.

1. Жеке құқықтар мен бостандықтар.

2. Саяси құқықтар мен бостандықтар.

3. Әлеуметтік экономикалық және  мәдени құқықтар мен бостандықтар.

 
           1. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарын демократиялық сипатта жариялайды және «адам және азамат» деген тарауда нақтылы сипатталған.

а) Өмір сүру құқығы (15бап) «Әркімнің  өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің адам өмірін қиюға хақысы жоқ».

б) Әркімнің өз құқық тары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар (13бап). Жеке адамның заң қорғайтын құқықтары  мен бостандықтарына, мүдделеріне  қол сұғылған жағдайда сот арқылы қорғалады.  
в) Қажетті қорғану құқығы (13бап). Әрбір адам және азамат заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдерді қолданып, қорғануға құқығы бар. Атап айтқанда, жеке меншікті, өмірін, денсаулығын.

г) Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар (16бап). Қа зақстан Республикасында соттың санкциясынсыз ешкімді қамауға алуға немесе тұтқындауға жол берілмейді.

д) Адамның қадірқасиетін қорғау құқығы (17бап). Мемлекетте еш бір азаматты азаптауға, оған қарсы қатыгездік, зорлық зомбылық жасауға тыйым салынады. Мұндай әрекетке барғандар заң алдында қатаң жауапқа тартылады және т.б.

 
          2. Саяси құқықтар мен бостандықтар.

а) Сөз бостандығы құқығы. Әркім заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақ парат алуға және таратуға құқылы (20бап). 
б) Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митин гілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге жә не тосқауылдарға тұруға құқығы бар (32бап). 
в) Азаматтар мемле кеттік органдарын сайлауға және сайлануға, референдумға қатысуға, мемлекеттік қызметке кіруге құқығы бар (33бап). 
г) Бірлесу бостандығы құқығы (23бап). Азаматтар өздерінің алдына қой ған мақсаттарын, мүдде лерін іс жүзіне асыру үшін партиялар, кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар құруға құқылы.

 

           3. Әлеуметтік экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтары.

а) Жеке меншікке ие болу құқығы (26бап).  Конституция бойынша жеке меншік пен мемле кеттік меншік тең дәрежеде қорғалады (6бап). 
б) Әрбір азаматтың еркін кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқығы бар. Бұл қызмет тек «заң тыйым салмағанның бәріне рұқсат» шеңберінде жүзеге асуы тиіс. 
в) Қазақстан Республикасының азаматы еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар (24бап).

г) Демалуға (24бап), денсаулығын сақтауға (29бап), жасы келгенде, мүгедек болғанда, асыраушысынан айырылған жағдайларда жалақы немесе зейнетақы, жәрдемақы алу ларына (28бап), неке мен отбасы, ана мен әке және бала мем лекеттің қорғалуында болуы (27бап) құқықтары.

д) Азаматтардың білім алу құқығы (30бап). Мемлекеттік оқу орынындарында тегін білім алу конкурстық негізде болады.

е) Ана тілі мен төл мәдениетін пайдалану құқығы (19бап). [3,197]

           БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын» қабылдаған болатын. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүние жүзінің прогресшіл күштері түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.                   

          Декларация мәтінінен орын алған адам құқықтарын сипатына қарай үш топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа адамдардың табиғи және айырғысыз құқықтары жатады. Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болу құқықтары осының мысалдары. Әр адам туылғаннан пешенесіне жазылған, қасиетті және қастерлі құқықтарына ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ. Адамды азапқа салуға, оған өрескел қаталдық көрсетуге немесе оның намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне қол сұғуға тыйым салынады. Адамның арына, абыройына тиетін әрекеттерге, оның тұрғын орнына басып кіруге, мүлкіне қол сұғуға жол берілмеуі тиіс.

         Екінші топқа азаматтыққа байланысы құқықтар мен бостандықтар жатады. Бұлар – адамның азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін таңдап алу, некеге отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы; шерулерге қатысу; мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.

          Үшінші топқа – экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады. Бұлар – адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбегіне сай ақы алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысу, демалу, білім алу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.         

          Қоғам адамдарды жынысына, тегіне, нанымына, лауазымына, ұлтына, материалдық жағдайына, жасына, өзге де әлеуметтік белгілеріне қарап алаламауы керек. Заң алдында жұрттың бәрі тең.

Информация о работе Адам құқықтары