Азаматтық ұғым

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 15:09, контрольная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу
Қазақстан Республикасы азаматтығын төмендегі тұлғалар алады:
• туылғаны бойынша;
• егерде азамат Қазақстанда 1992 жылдың 1 мамырына дейін тұрақты тұрған болса, 1995жылғы 1 наурызға дейін Қазақстанның азаматтығына өтініш бермеген болса;
• Қазақстанның азаматтығын алған жағдайда.

Файлы: 1 файл

Azamattyk.doc

— 107.00 Кб (Скачать)

Қажетті жағдайларда  Елшілік, өтініш берушінің соңғы  тұғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасы өкілетті органдарына сұрау салады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тест сұрақтары

Азаматтықтан айрылу негіздеріне жатады

А) Қазақстанда туу

Ә) Шетелде оқу

Б) Шетелде кәсіппен айналысу

В) Шетелдің мемлекеттік үкімет және басқару органдарына орналасуы

Г) Шетелге барып 4 ай ішінде елге қайтып келмеуі

Дұрыс жауабы: В 

Егерде, ата-ананың екеуі  де Қазақстан Республикасының азаматы  болып,екеуінің біреуі азаматтықтан шығатынын  білдіріп баласының да азаматтықтан шығатыны жайлы өтініш білдірген  жағдайда, екінші ата-анадан не талап етіледі?

А) Ақша

Ә) Ол да азаматтықтан шығу керек

Б) Оның осыған қалай  қарайтындығы жайлы білу керек 
В) Зейнетақысынан айырылады 
Г) Ата-ана құқынан айырады

Дұрыс жауабы: Б 

Азаматтықтан айрылу негіздеріне жатады

А) Қылмыс жасау

Ә) Сайлауға қатыспау

Б) Орта білімнің жоқтығы

В) Несиені қайтара алмаған жағдайда

Г) Азаматтық көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса

Дүрыс жауабы: Г 

Қазақстан Республикасы азаматтығына мына тұлғалар қабылданады:

А) Шетелде Қазақстан  елшілігінде жұмыс атқарса

Ә) Қазақ тілін  жақсы білсе 
Б) ҚР азаматымен 3 жыл бойы некеде тұрса 
В) Қазақстан жеріне 3-рет жұмыс барысымен келген болса  
Г) Көршілес мемлекет азаматы болса

Дұрыс жауабы: Б 

Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі түзілген мемлекет:

А) АҚШ, Бразилия, Аргентина

Ә) Египет, Түкия 
Б) Ауғанстан, Иран

В) Ресей, Қырғызстан

Г) Италия, Испания, Германия

Дұрыс жауабы: В 
 
 
 

Оралмандар мәселесі (Эссе)

Тарихи Отанына  келген қоныс аударушыларды жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету, азаматтық алу мәселелері алаңдатуда. Осы қажетті жағдайларды жүзеге асырудың күрделілігінен қоныс аударушылар қазіргі Қазақстанның тәртібі мен жағдайына қиындықпен көндігуде. Мемлекет тарапынан оралмандарды жұмыспен қамту жөнінде бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Олардың көпшілігі  ауылдық жерлерден шыққандықтан, оларға жер және фермер қожалығын  құруға қажетті құрал-сайман бөлінді. Шағын несие беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алайда оралмандардың бәрі бірдей алғашқы тоқтаған жеріне тұрақтап қалмады, Монғолиядан келген оралмандар КөкшетауАқмолаҚарағандыҚызылорда облыстарын қолайлы көрсе, Ираннан келгендер —АлматығаОңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына орналасуға тілек білдірді.

Соңғы кезде олардың  республикаішілік көші-қоны байқалуда, бірсыпыра оралмандар Қазақстанның оңтүстік облыстарына көшсе, бірқатары елді мекеннен ірі қалаларға қарай жылжуда. Бұл оралмандардың әлеуметтік-экономикалық мүдделеріне байланысты.

Оралмандардың көпшілігі  азаматтық алу моселесінде күрделі  кедергілерге кезігуде. Өзбекстандағы  көптеген қазақтар «өзбек» болып жазылып, қалың өзбектердің арасында ғүмыр кешуде. Түбі қыпшақ,қоңырат руларынан шыққан құрамалардың арасында да қазақтар көптеп кездеседі. Сонымен қатар Өзбекстан Республикасының азаматтығынан шығу ісі де қазақтарға оңайға түсе қоймайды.

Оралмандардың басым  көпшілігі Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, Алматы қаласына, Қарағанды облысына қоныс тепті. Елімізге қайта оралғандар Қазақстанның азаматтығын алуда.

Ауғанстаннан келген қандастарымызға да азаматтық іркіліссіз беріледі. Өйткені оларда ешбір елдің азаматтығы жоқ.

Өзбекстанда бұл мәселе жылына бір немесе екі рет-ақ қаралады екен. Өзбекстаннан және Түрікменстаннан  келген ағайындарымызда бұрынғы КСРО-ның Қызыл төлқұжаты болса, ол бірден біздің еліміздің азаматтығына қабылданады.

1995 жылы Қазақстан Республикасында туратын «шетел азаматтарының құқықтары туралы» Заң шықты. Сол заңда шетел азаматы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын болса, оның құқығы Қазақстан азаматтарының кұқығымен бірдей болатыны тайға таңба басқандай етіп жазылған. Олар сайлауда дауыс беру құқығына ие емес. Қазақстанда қос азаматтыққа жол берілмейді, ол келген елінің азаматтығынан шығу да айтарлықтай заңды түрде күрделендірілген.

Әсіресе Монғолия азаматтығынан шығу өте қиын, бұл осы елдегі қазақтардың отанына оралу үдерісін қиындата түсуде. Ал Қазақстан азаматтығының жоқтығы оралмандар жағдайына көлеңке түсіруде. Мемлекет оралмандардың бейімделу барысын жеңілдету мақсатында бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Отанына көші-қон квотасымен оралған қазақ отбасына баспана беріледі.

Квотасы келіп, баспананы өздері салғандарға миграция және демография басқармасы комиссиясы арқылы мүмкіндігінше қаржылай көмек көрсетеді. Мемлекет өзін және отбасын қамтамасыз ете алмайтын, бұл жөніндегі қажетті құжаттары түгел адамдарға қамқорлық жасауды мойнына алған.

Көшіп келгендерге  бірінші кезекте үй бөлу, қарыз  ақша беру туралы «Тұрғын үй» Кодексінде де айтылған. Алайда мұндай шаралар қолға баяу алынуда.

Жергілікті атқару органдары оралмандармен жұмысқа  ерекше мән береді. Аймақтарда «Оралмандар күні» өткізіліп, мұнда олардың мәселелері қаралады және әкімдердің қатысуымен кез келген мәселеге байланысты нақты шешімдер қабылданды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Азаматтық ұғым