Антарктиданың зерттелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2012 в 22:40, доклад

Краткое описание

Антарктида – жер шарының оңтустік полярлық аймағындағы құрлық, Жерінің аумағы 12,3 млн км2 , ал қайрандық муздықтар мен аралдарын қосқанда 14,0 млн км2-ге жетеді. Жерінің 99 % -ын қалың мұз басып жатыр. Оның жалпы көлемі 26 млн км3. Антарктида – дүние жүзіндегі ең биік құрлық. Оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м, яғни барлық құрлықтарының орташа биіктігінен 3 есе артық.

Файлы: 1 файл

Антарктиданың зерттелуі.doc

— 138.50 Кб (Скачать)

     Антарктиданың совет дәуірінде  зерттелуі. Қазір Антарктида ллатеригінде жаңа техникамен жабдықталған көптеген станциялар жұмыс істейді. Олардың үштен бірі — совет станциялары. Олар бір-бірімен байланысты. Антарктиданы зерттеуге 1955 жылы ат-танған бірінші Совет экспедициясы—«Обь» кемесі  1956 жылғы 5 январьда алтыншы материк жағасындағы мұз тауларына жетіп тоқтады. Оның тоқтаған жері —68°26   оңтүстік   ендік   пен   92°43 шығыс бойлық. Совет зерттеушілері бұл араға   «Достық»   және «Правда» деп аталатын   станцияларын   орнатып,   осы   материкті ашңан Беллинсгаузен кемесінің атымен «Мирный» экспедициясы базасын құрды. Бұған қатысушы ғалымдар, ұшқыштар, тағы бас-қалар аса ауыр жағдайда «Обь» дизель   кемесімен   жеткізілген мыңдаған тонна экспедиция жабдықтарын (>к^малы үй, станция, самолеттерді) түсіріп алып, осында қыстап, ғылыми-зерттеу жұ-мыстарын жүргізді. «Мирный» экспедициясы б^засы Антарктида-дағы ең үлкен  ең жаксы жабдықталған база. Мұнда оны Мирный қаласы деп те атайды.

     Антарктидадағы  тұнғыш экспедицияны СССР Ғылым академия-сьі  ұйымдастырды. Экспедицияны Совет Одағының Батыры, гео-графия ғылымының докторы Михайл Михайлович Сомов басқар-Ды. Мұнда не бары 400 адам жұмыс істеді.

     1957 жылы Америка экспедициясының ұшқыштары Антарктида мұздарының ортасынан жасыл алаң (оазис) көрді. Оны зерттеп білуге "Мирныйден" бір топ совет ғалымдары ұшып барды. Өйт-кені соншалыкты суык Антарктида мұздарының арасында көк-орай шалғынның болуы ғажайып жұмбақ еді. Оны зерттеу-шілер географ-галымдар: А. Авсюк, К. К. Марков, П. А. Шум-ский, геологтар: О. С. Вялов, П. С. Воронов, метеорологтар: А. М. Гусев, П. Русин, географтар: Л. Д. Долгушин, Е. С. Ко-роткеевич, Е. Виноградов. Олар бұл «оазисті» әркім әр түрлі ойлағандай, жанар тау жылылығының әсерінен емес, жергілікті микроклимат әсерінен пайда болған деп тапты.

     Енді "Мирный" станциясы Антарктида материгін зерттей оты-рып, тағы да бір станция ұйымдастыру үшін полюске екі трактор-мен 11 адам аттандырды. Олар өте ауыр жағдайда жиектен 400 км ұшып барып теңіз деңгейінен 2700 м биіктікте «Пионер» станциясын орнатты. Альпинизмге еңбегі сіңген шебер, физика-математика ғылымының докторы А. М. Гусев, ғалым-географ Л. Д. Дролгушин, радист Е. Т. Петров және тракторшы Н. Н. Кудряшев сонда қыстап қалды. Кейін бұл дағдыға айналды.

     «Мирныйдан» полюске қарай 635 км жерде үшінші «Восток-І» полярліқ станциясы, 860 км қашықтықта «Комсомол» станциясы ірге текті. Сондай-ақ совет адамдары 1957 жылы Антарктида жүрегіне 1410 км ішкерілеп барып, «Восток» станциясын орна-тып, онда тұңғыш рет Совет туын тікті.

     Бұл шабуыл өте ауыр әрі қиын еді. Мысалы, 1958 жылы,25 ав-густа "Восток" станциясында термометр 87°4 градус суықтықты көрсетті. Өйткені бұл жер шарындағы  ең суық жер — алтыншы материк  — Антарктида.

     Совет ғалымдары «Восток» станциясы теңіз деңгейінен 3570 м биікакте тұрғанын, станция астындағы мұздың қалыңдығы 1830м екеін анықтады. Қазір материк құпиясы одан әрі ашыла түсуде. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Қазақ Совет  энциклопедиясы. 372-373 бет. Антарктида

Информация о работе Антарктиданың зерттелуі