Антарктиданың зерттелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2012 в 22:40, доклад

Краткое описание

Антарктида – жер шарының оңтустік полярлық аймағындағы құрлық, Жерінің аумағы 12,3 млн км2 , ал қайрандық муздықтар мен аралдарын қосқанда 14,0 млн км2-ге жетеді. Жерінің 99 % -ын қалың мұз басып жатыр. Оның жалпы көлемі 26 млн км3. Антарктида – дүние жүзіндегі ең биік құрлық. Оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м, яғни барлық құрлықтарының орташа биіктігінен 3 есе артық.

Файлы: 1 файл

Антарктиданың зерттелуі.doc

— 138.50 Кб (Скачать)

Антарктиданың зерттелуі 

     Антарктида  – жер шарының оңтустік полярлық аймағындағы құрлық, Жерінің аумағы 12,3 млн км2 , ал қайрандық муздықтар мен аралдарын қосқанда 14,0 млн км2-ге жетеді. Жерінің 99 % -ын қалың мұз басып жатыр. Оның жалпы көлемі 26 млн км3. Антарктида – дүние жүзіндегі ең биік құрлық. Оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м, яғни барлық құрлықтарының орташа биіктігінен 3 есе артық.

     Ертеде  халықтар арасына оңтүстікте жер  шарының үлкен материгі бар деген  лақап тарап, оны дүние жүзінің географтары, теңізшілері ұзақ уақыт іздеген. Бірақ Антарктида сыры ғасырлар бойы ашылмай, ғылымға жұмбақ болып қала берген. Жер шарының алтыншы материгін ашып, анықтау жұмысы, оның белгілі бес материгіндегі асқар тауларын, құлазыған шөлдерін, оларды қор-шап жатқан мұхиттар мен теңіздерді білгеннен кейін жедел қолға алынды. 

 

     Тарихи  деректер бойынша Америго Веспуччи қатысқан Португалия экспедициясы тұңғыш рет 1502 жылы Антарктика суында болған. Экспедиция   осы   сапарында   Оңтүстік   Георгия   аралын ашқан. Бірақ оның жолы, дәл қай жерлермен өткені осы күнге дейін белгісіз. 1520 жылы Антарктика суына Магеллан кемесі жақын келді. 1526 жылы теңізші Франциско Осеса басқарған испан кемесі Отты Жер аралының оңтүстігін айналып шықты, 1548 жылы пират Ф. Дрейк басқарған ағылшын кемесі де сол маңда жүзді. Бірақ бұлардың бірде-бірінің Антарктида туралы дұрыс хабары болмады, оның қайда екенін білмеді.   Бұлардан   екі   жарым ғасыр кейін 1772 жылы, белгілі ағылшын   теңізшісі   Джемс   Кук Антарктидаға аттанды. Оның өзі де белгісіз жерді қалайда табамын деген үмітте болды. Шетел   теңізші-географтары   алтыншы материкті Джемс Кук ашады десті. Кайтсем де кемемді құрлық жиегіне тоқтатамын деген ниетпен ол екі рет поляр   шеңберіне аттанды. Бірақ 1774 жылы 72°10 оңтүстік ендік пен 100—120° батыс бойлық арасында суда қалқып жүрген мұз тауларын көріп, кейін қайтты. Д. Кук қайтып оралған соң «Мен болған жерден әрі оңтүстікке ешкім бара алмайды, оңтүстік материгі жоқ» дегенді айтты. Әрине, ол   кезде атақты   ағылшын   теңізші-географынын бұл пікірі теңізшілерге әсер етпей қоймады. Бұдан кейін де көпке дейін жұрт Антарктикаға экспедиция жібермеді, тіпті оны географиялық карталарда да көрсетпейтін болды.

     Қүрлыкты  және оның жағалау бөлігін ғыл. түрде зерттеуді Р. Скотт экспедициясы бастаған. Жүйелі халыкар. геофиз. зерттеу жүмыстары 1957 ж. басталды. 11 ел қүрлықпен оның жағалауындағы аралдарда 57 база қүрып, ғыл.-зерт. жүмыстарын жүргізді. Әр ел ғалымдарының басшылығымен үйымдастырылған экспедициялар қүрлықты бірнеше рет кесіп өтіп, Оңт. полюс, геомагниттік және "жетуге қиын" полюстерге жорықтар жасады, түрақты зерттеулер мен байқаулар жүргізді. Соңғы жылдары А-да жүзден астам ғыл.-зерт. стансалары бүкіл жыл бойы және маусымдық жүмыс жүргізеді. Онда 16 мемлекеттің зерттеушілері өзара байланыста жүмыс жасайды. А. қойнауында мол кен байлықтарының (тас көмір, темір, слюда, графит, алтын, уран, молибден, мыс, никель, қорғасын, мырыш, күміс, титан, т.б.) қоры бар екендігі анықталды және олардың кейбіреулері өндіріле бастады. А. табиғатын зерттеп білу — планетамыздағы тіршілік дамуының өткені мен болашағы арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Әсіре-е, ол қүрлық — мүхит — а-мосфера — мүздану процес-тері арасындағы байланысты анықғауда негізгі буын болып табылады.

     . Ф. Беллинсгаузен  (1779—1852) және М. П. Лазарев (1788— 1851). Өткен ғасырдың басында дүние жүзі жаратылыстану, география ғылымдары жер шарын ғылыми тұрғыдан зерттеп, жаңа жер — Антарктиданы ашу мәселесін алға қойды. Бұл сапарда көптеген саяхатшылар, жиһанкез-теңізшілер асқан ерлік көрсетті. Олар жер шарын құрлықпен де, сумен де айналып шығуға тырысты. Тіпті саяхатшылардың кейбіреулері сәтсіздікке ұшырап, елге қайтып оралмады.

     Антарктиданы    тұңғыш    ашу    ер жүрек  орыс теңізшілері —Ф. Ф. Беллинсгаузен мен М. П. Лазарев үлесіне тиді. Бұларға басшылық еткен атақты орыс теңізшілері: И. Ф. Крузенштерн, Г. А. Сарычев, В. М. Головниндағы басқалар болды. 

 

     1818 жылы география ғылымына әлі белгісіз Антарктида материгін ашып, Оңтүстік полюс суларын зерттеу үшін бірінші Орыс-Антарктида экспедициясы ұйымдастырылды. Бұл экспедицияға арнап Кронштадт портында «Восток» және «Мирный» деген екі кеме жасалынды. Экспедицияны басқаруға, әрі «Востоктың» командирлігіне Беллинсгаузен, «Мирныйдың» командирлігіне Лазарев тағайындалды.

 

Ф. Ф. Беллинсгаузен.                                       М. П. Лазарев. 

     Фаддей Фадеевич Беллинсгаузен 1779 жылы 18 августа Эстониядағы Эзель (қазіргі Сарема) аралында туған. Кронштадттағы теңіз корпусында тәрбиеленіп, кейіннен ағылшын кемелерінде, Балтық теңізінде, ал 1803 жылы атақты теңізші Головниннің басшылығымен жер шарын сумен айналып шыққан «Надежда» кемесінде істеді. 1806 жылы бұл экспедиция оралғаннан кейін, 13 жыл бойына Балтық теңізінде, Қара теңізде әр түрлі кемелердің командирі болды. 1819 жылы майда Петербургте Антарктида экспедициясын басқаруға тағайындалды. Қара теңізде болған шайқастарға қатысты, адмирал атағын алды. Оның басшылығымен Балтық теңізінде жаңадан бірнеше гранитті аймақтар мен порттар іске қосылды және теңіз қызметіндегі адамдардың тұрмысын жақсартуға көп күш жұмсады. Кронштадта сол кездегі ең үлкен орыс кітапханасы — теңіз кітапханасын ашты.

     Беллинсгаузен өмір бойы география мәселесімен шұғылдан-ды, дүние жүзін айналып шығу саяхаттарын жазып, жаңа ашыл-ған жерлерді картаға түсірді.

     Беллинсгаузен география қоғамының толық мүшесі болды. Ол орыс флоты тарихында өшпес із қалдырды, орыс теңізшідерінің беделін көтерді, сонымен бірге оның оңтүстік теңіздерде жүзуі орыс океанография, океанология ғылымының даңқын шығарды.

     Батыл, ер жүрек, өз ісін жақсы білетін командир, тамаша те-ңізші, географ ғалым    Беллинсгаузен     1852 жылы    25 январьда қайтыс болды. Кронштадта атақты  адмиралға   ескерткіш   орнатылды.

     Михайл  Петрович Лазарев 1788 жылы 3 ноябрьде Владимир облысында туған. 1804 жылы Москвада теңіз корпусын бітіріп, терт жыл ағылшын портында жұмыс істеді. 1913 жылы дүние жүзін айналып шыққан «Суворов» кемесінің командирі болды. 1819 жылы «Мирный» кемесіне командир болып тағайындалды. Орыс теңіз мектебін құрды. Нахимов, Корнилов сияқты атақты орыс адмиралдарын оқытып, тәрбиеледі. Лазарев 1851 жылы 11 апрельде қайтыс болды. 1870 жылы Севастополь портында Лазаревқа ескерткіш орнатылды.

     1819 жылы 16 июльде бірінші Орыс-Антарктида  экспедиция-сы жолға шықты. Кронштадт  портынан шыққан «Восток», «Мирный» кемелері Копенгаген, Портсмут, Канар, Рио-де-Жанейро порттарын басып өтіп, екінші ноябрьде онан әрі Антарктикаға қарай сапар шекті. Бірақ, 1820 жылы 16 январьда Антарктидаға ме бары 25 километр қалғанда соқыр тұман кедергі жасап, кеме-лер оңтүстікке еніп кетті. Олар мұнда осылай бірнеше рет жақындап келіп қайтты. Ақырында 50 мың миль теңізде жүзіп, Антарктиданы тапты, содан 1821 жылы 24 июльде Кронштадт портына қайтып келді.

     Міне, ер жүрек орыс теңізшілері Жер шарының алтыншы құр-лығы — Антарктиданы осылай ашты. Олар осы сапарында жүрген жерлерінің ауа райын, ауаның қысымын, ылғалдылығын, сондай-ақ алтыншы материк жағалауының физикалық-географиялық жағдайларын зерттеді.

     Ағылшындар  Антарктиданы капитан Кук ашты деп  пайымдаған, бұл дұрыс емес. Оны дәлелдеу үшін академик Ю. М. Шокальскийдің төмендегі салыстырма цифрларын келтірейік. Ол былай деп жазды: «Кук Оңтүстік жарты шарда 1003 күн болды, оның ішінде 60° оңтүстігіне қарай не бары 75 кун, мұз маңында 80 күн жүзді, ал Беллинсгаузен экспедициясы 535 күнге созылған сапарында 60° оңтүстігінде 122 күн болды да, өте қиын, қауіпті мұз таулары араларынан 100 күн дегенде жүзіп өтіп, бүкіл Оңтүстік полюсті, Антарктида жерін айналып шықты».

     Бәрібір, ағылшындар не десе о десін, шындыққа жүгіну керек! Антарктиданы орыс ғалымдары ашқаны анықталды. Енді АҚШ бастаған капитализм елдері Антарктиданы зерттеп пайдаланбақ-шы. Себебі, Антарктида жері өте бай, әрі екі құрлыққа жақын: Оңтүстік Америкаға —3100 километр, Африкаға —3980 километр. Осы күнгі полярлық самолетке ол қашық емес. Сөйтіп, ағылшын теңізшісі Джеймс Куктың: «алтыншы материк жоқ, болса да оны адам баласы зерттеп біліп пайдаға асыра алмайды»,— дегенін тарих жоққа шығарды.

     Тегінде, Антарктика және Антарктида деген түсінік  бір мағы-нада емес. Біріншісі — Үнді мұхиты мен Атлант мұхитының, Тынық мұхиттың суы қосыла келіп, қоршап жатқан орасан үлкен көлемді аймақ. Екіншісі — оның орта шенін тұтас алып жатқан Оңтүстік полюсі бар құрлық. Жер шарының екі полюсіндегі Арктика мен Антарктида сыртқы физикалық-географиялық және ішкі құрылысы жағынан бір-біріне қарама-қарсы. Біріншісі, құрлыққа жақын келіп, жылы ағыс әсері тиетін Солтустік Мұзды мұхиты болса, екіншісі, құрлықтан қашық, терең мұхиттармен коршалған,   жылы   ағыс   бармайтын' құрлық. Ол табиғаты қатал, әлемнің түкпіріндегі  жер  шарының алтыншы құрлығы, оны ең алдымен уш мұхит: Үнді мұхиты, Ат-лант мұхиты, Тынық мұхит қоршап жатса,   екіншіден,   ол   қалың мұз құрсауында, ушіншіден, оның ауа райы қолайсыз, өте суық. Мұның бәрі зерттеушілер жолында жатқан бейне бір «асу бермес асқар тау», «алынбайтын қамал» сияқты болып келді. Сондықтан да Антарктида ұзақ уақыт ғылымға белгісіз болып, оның сыры ашылмады. Оны жоғарыда айтылғандай, XIX ғасырдың басында Ф. Ф. Беллинсгаузен мен М. П.   Лазарев   басқарған   орыс экспедициясы ашты. Бұл экспедицияның жұмыс қорытындысы өте маңызды  болды:   біріншіден,  Антарктидаға  жол  салып,  Куктың дәлелін жоққа шығарды. Екіншіден, ұлы   мұхиттардан   көптеген аралдар мен материк жиектерін ашты. Бұл аралдар мен жиектер Петр I, Лесков, Высоцкий, Ермолов, Кутузов, Остен-Сакен, Беллинсгаузен, Лазарев сияқты белгілі   адамдардың   атымен   және-Александр I жері, Заводовский, Восточный, Средний, Западный деп аталады. Үшіншіден, өте бағалы географиялық, гидрология-лық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Антарктиданың жер жағдайын, ауа райын, мұзын, су агысын, жануарларын алғаш рет анықтады. Антарктида XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың бас кезіне дейін басқа құрлықтай толық зерттелмей келді. Халықаралық келісім бойынша ол үстіміздегі ғасырдың бас кезіне дейін ешбір мемлекеттің меншігіне кірмей, барлық ел зерттеп пайдаланатын ортақ жер болып келді. АҚШ бұл келісімді бүзып, өзі, кейінірек кейбір сыбайлас елдермен біріге отырып, Антарктида байлығын жеке иемденіп, онда соғыс базасын салуға   жанталасуда.   Бұғам дәлел 1928—1929 жылдары Антарктидаға аттанған американ ад-миралы Р. Бэрдің бірінші экспедициясын 1933—1935 жылдардағы екінші, 1939—1941  жылдардағы үшінші, 1946—1947 жылдардағы төртінші соғыс экспедицияларын айтуға болады. Оның экспеди-цияларында 1000-нан астам жарақтанған адам, танктер, самолет-тер, тағы басқа соғыс қаруы болды. Сондықтан,    Совет   үкіметі 1950 жылы 7 июньде бұл мәселе туралы Америка Құрама Штаттарына, Англия, Франция, Норвегия, Австралия, Аргентина және Жаңа Зеландия елдеріне меморандум тапсырды. Онда Антарктиданы тұңғыш рет орыс теңізшілері ашқаны, оны игеру мәселесі СССР келісімінсіз шешілмейтіндігі көрсетілді.

     Осыдан  кейін олар тарихи шындықты.мойындауға лажсыз көн-ді. Қазір Антарктиданы осы кунгі ғылым мен техника табыстары қолданатын тұрақты экспедициялар зерттеуде. Оған дүние жузі-нің көптеген елдері қатысуда. Олар келісілген тәртіп бойынша өз секторларында зерттеу жұмыстарын жүргізеді және бір-бірімен тығыз байланыс жасап, біріне-бірі көмектесіп тұрады.

     СССР Ғылым    академиясының    Антарктидадағы    комплекстіэкспедициясы аса маңызды табыстарға ие болып отыр. 1946 жылдан бастап «Слава» кемесі бастаған совет кемелері Антарктида суынан кит аулайды. 1956 жылы 5 январьда «Обь» дизельэлектроходы Антарктидадағы Совет секторында «Депо бухтасында» болды, 20 январьда 66°33 06 оңтүстік ендікте 93°00 шығыс бойлықта советтік поляр авиациясы ұшып, бақылау жұмысын жүргізді. Қазір онда «Восток», «Мирный», «Пионер», «Комсомол», «Восток-1», «Полюс», тағы басқа станциялары үнемі зерттеу жұ-мыстарын жүргізуде. Экспедиция мүшелерінің ғылыми еңбектер» тек біздің елімізде ғана емес, басқа елдерге де кең тарап, Ан-тарктида байлығын, онда жүріп жатқан тамаша істерді көпшілік-ке кеңінен таныстыруда.

     Ғылым мен техника өршіп   дамыған,   атом   қуатын   меңгеріп космосқа, жұлдыздарға ұшып жатқан біздің ғасырымызда  пла-нетамыздың зор  көлемді алтыншы материгі  «ақтаңдақ» болып қала беруі мүмкін емес. Оның байлығын әр жақты зерттеп білігт меңгеруді дүние жүзі ғалымдары ертеден-ақ көксеген. Мәселен: 1882 жылы Австрия ғалымы Карл Вейпрехт ұсынысымен I Халықаралық полярлық жыл белгіленді. Мұнда дүние жүзілік география ғылымы ол кезде белгісіз Арктиканы   зерттеумен   шұғылданды. Бұл мәселе 50   жылдан   кейін   қайта   қойылып,   II   Халықаралық полярлық жыл белгіленіп, Арктика тереңірек зерттеле түсті. Бұ-ған біздің еліміз белсене қатысты. Ал 1957 жылғы III Халықаралық геофизикалық жыл табиғаттың барлық маусымын қамту үшін сол жылдың июлінен келесі жылдың дек-абріне дейін созылды. Соны-мен бірге дүние жүзілік зор маңызы бар ғылыми-зерттеу жұмы-сын жүргізу үшін арнайы Халықаралық геофизикалық   комитет құрылды.

     Халықаралық геофизикалық жылдың жұмысына не бары 66 мемлекет қатысты, олардың ішінде 12 мемлекет Антарктида-да ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізіп жа-тыр. Олар — СССР, АҚШ, Англия, Франция, Норвегия, АвстраЧ, лия, Жаңа Зеландия, Аргентина, Чили, Бельгия, Жапония және Оңтүстік Африка Республикасы, сонымен қатар Чехословакия мен Польшаның, Австрия мен Мексиканың ғалымдары Антаркти-дада өздерінің базасы, станциялары болмағандықтан басқа ел-дердің ғалымдарымен бірлесіп істейді.

     Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының келісімі, оның уставы комитетте бір ауыздан қабылданды. Уставтың бірінші пунктінде «Антарктида жері ғылым үшін, бейбітшілік үшін зерттеледі»,— делінген. Демек, онда ешбір ел атом қуатын қолданып «бақы-лау» жүргізе алмайды.

     Қазір жоғарыда аталған мемлекеттер келісім  бойынша Ан-тарктидадағы өздеріне белгіленген жерлерінде (секторларында), осы күнгі ғылым мен техника жетістіктерін пайдаланатын базаларын, станцияларын орнатып, оның бүкіл жағалауынан бастап орталығына дейін (полюске дейін) орнығып, зерттеп, табысқа ие болуда. Бұл — біздің ғасырдың зор жаңалығы, қуанарлық ісі. СССР-де Антарктиданы зерттеу жұмыстарын Мемлекеттік океа-нографиялық институт,   Гидромелиоративтік   қызмет   атқаратын мекеме, Теңіз-океанография институты мен Балық шаруашылы-ғының ғылыми-зерттеу институты басқарады. Бұлар Антарктида-ның ауа райын, мұзын, жер бедерін, жалпы географиялық, гео-логиялық жағдайын,   кен байлығын   комплексті   түрде   зерттеп жатыр. Антарктикаға алғашқы сапар 1502 жылы басталса да осы кунге дейін жер шарының алтыншы материгі туралы география-лық материал басқа материктегідей толық емес. Дегенмен кейінгі кездегі деректерге қарағанда, Антарктида жерінің жалпы көле-м\ 14,2 млн. шаршы км, яғни ол бүкіл Европа жерінен үлкен. Оны түгелдей дерлік қалың мұз басып   жатыр.   Мүздың   қалыңдығы 300—1000 метрге жетеді,   егер   ол еритін   болса   дүние   жузілік «.ұрлықтың көп жерін су басар еді.

     Жалпы материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі —2200 м.

Сондықтан онда ауа райы өте суық, жылдық орташа температу-

ра—9—11°, көбінесе 30—60°, кей жерлерінде   61°1—63°9,   тіпті

80°-қа  жететіндігі анықталды. Жел өте  қатты соғады — жылдам-

дыгы  секундына 30—40 метр. Кейде сағатына 125 км жылдамдық-

пен алай-түлей  дауыл соққызады.   Жылдық   ылғал   жер   бетіне

үнемі қар күйінде түседі де Антарктида мүзын қалыңдата береді.

     Осының  салдарынан мүз таулар теңіздерге сырғып көшіп отырады. Өсімдігі, жануарлары аз. Түтасқан мүк   пен   қына — төменгі сатыдағы өсімдіктер. Бүкіл материкте не бары 1600 өсімдік түр-

лері  бар деп есептеледі. Әзірге бойы 3—4 см-ден аспайтын екі

ғана  гүлді өсімдік табылды, жануарлардың түрлері тіпті аз. Мүн-

да кит, тюлень, балық, пингвин, тағы басқа теңіз  жануарлары кездеседі. Антарктика суы  — ежелден    киттің    көп    өсіп    дамыған  аймағы.

     Антарктида  кенге де өте бай. Онда мыс, қорғасын, қалайы, темір, графит, алтын, күміс, мұнай, тағы басқа сарқылмас кен байлығы бар екендігі анықталды. Сондай-ақ сан алуан сапалы минералдар табылып отыр. 
 

Информация о работе Антарктиданың зерттелуі