Теңіздің гоелогиялық әрекеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 10:19, реферат

Краткое описание

Жер бетінің 70,8%-ін алып жатқан мұхиттар мен теңіздерде судың орасан зор массасы (1,37млрд.км³) шоғырланған. Су тұрақты түрде үздіксіз қозғалыста бола отырып, қоршаған ортамен тығыз байланысты. Құрлықтан ерітінділер түрінде әкелінген бүкіл материалдар сулы ортада тұнып, әр түрлі шөгінді тау жыныстарын түзеді. Сонымен бірге теңіз суы мен мұхит сулары суда өмір сүретін органикалық дүниенің тіршілік ортасы болып саналады.

Оглавление

1. Теңіздің гоелогиялық әрекеті

2. Теңіз шөгінділері

3. Теңіз шөгінділерінің орналасу жағдайы

4. Терригендік шөгінділер

5. Каспий маңы артезиан алабы

6. Флорасы мен фаунасы

7. Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалары.

Файлы: 1 файл

Теңіздің флорасы.doc

— 83.00 Кб (Скачать)

Каспий теңізіне солтүстіктен  Терек, Еділ, Жайық, Жем(жылдық ағын жиынтығы Каспий теңізіне құятын өзен ағындарының  жылдық нормасының 88%- і) батыстан Сулак, Самур, Кура (су баланысындағы кірістің 7%-і) оңтүстігіндегі Иран жағалауынан Горган, Сераз, Сефидруд өзендері ( жылдық өзен ағындарының 5%-і) құяды. Шығыс жағалауындағы тұрақты ағынды өзендер жоқ.

Геологиялық құрылысы мен  пайдалы қазбалары. Каспий теңізінің  солтүстік бөлігі Шығыс- Европа платпормасы құрамына кіретін Каспий маңы синеклизасының оңтүстік шетін қамтиды, ал Маңғыстау шоңғалы теңіздің батысындағы су астына шөккен Карпинск бұйраты мен шығысындағы Маңғыстау сілемдерінің жалғасы болып табылады. Орталық бөлігінің түбі гетерогенді құрылымынан тұрады. Оның шығысы- эпигерциендік Тұран платформасының су түбіне шөккен аймағы, ал Дербент шұңғымасы мен батысындағы теңіздің түптік шельфі және материктік беткейі- Үлкен Кавказ геосинклиналының шеткі иілісі. Апшерон шоңғалы теңіз түбіне шөккен Үлкен Кавказ бен Копетдаг тауларын қосатын жақпарлы құрылымының бір тармағы. Оңтүстік Каспий-  байырғы теңіз шұңғымасы. Базальтты қабатының (қалыңдығы 15 км) үстіне шөгінділі жыныстар (қалыңдығы 25 км) жиналған.

Каспий теңізі жоғарғы  миоценде Қара теңізден бөлініп, жоғарғы  плиоценнің ақшағыл ғасырында қайтадан қосылды. Ал антропоген кезінде Шығыс Европа жазығында мұз дәуірлердің бірнеше рет қайталануына байланысты Каспий теңізінің трангрессиялары (Баку, Хазар, Хвалын) мен регрессиялары алма кезек ауысты. Олардың іздері байырғы теңіз шөгінділері мен жағалаудағы террастары ретінде сақталған.

Каспий теңізінде мұнай  мен газдың мол қоры бар. Мұнайлы  – газды аудандарға Маңғыстау  және Апшерон шоңғалдары, теңіздің Дағыстан және Түркіменстан жағалаулары жатады. Қара Бұғаз- Көл шығанағында мирабилиттің (химиялық шикі зат) мол қоры бар.

Климаты. Каспий теңізінен  ауаның қысқы азия максимумы мен  жазғы азор максимумының және оңтүстік азия минимумының тармақтары басып  өтеді. Осыған байланысты ауа райы антициклонды болып, қысы суық, жазы құрғақ, жауын- шашыны аз континенттік климат қалыптасқан. Климатына циклонды ауа райының тигізетін әсері шамалы. Солтүстік, орталық бөліктерінде жел қазан- сәуір айларында шығыстан, мамыр- қыркүйекте солтүстік батыстан соғады; оңтүстігінде муссондық жалдер байқалады. Апшерон түбегінде (әсіресе күзде), орталық бөлігінің шығысында, солтүстік болігінің солтүстік батысында желдің екпіні өте күшті, кейде олардың жылдамдығы 24 м/с- тан асады. Жылы айларының орташа температурасы 24-26˚С6, абсалюттік максимумы(44˚С) шығысында байқалады. Қысқы айларыныкі – 10-12˚С. Каспий теңізінің айдынында жылына орта есеппен 200 мм, ал батыс жағалауына 1700 мм жауын- шашын түседі. Буланудың орташа жылдық мөлшері 1000 мм, ал Апшерон түбегінде 1400 мм-ге жетеді

Гидрологиялық режимі. Каспий теңізінде өзен ағындары мен желге байланысты судың циклонды араласуы байқалады. Су массасы батыс жағалауымен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалады да, Апшерон түбегіне жеткенде екі тармаққа бөлінеді. Оның біріншісі бағытын жалғастыра береді, ал екіншісі шығысқа бұрылып, шығыс жағасындағы солтүстікке бағытталған ағысқа қосылады. Судың осындай циклонды циркуляциясын  Каспий теңізінің оңтүстік бөлігіненде байқауға болады. Солтүстік Каспийде желдердің әсерінен пайда болатын бірнеше тұрақсыз ағыстар бар. Жел теңіз толқынын туғызады, олардың биіктігі Апшерон шоңғалында 11м- ге жетеді. Жаз айларында судың беткі қабатының орташа температурасы 24- 26˚С, оңтүстігінде 29˚С. Шығыс жағалауында маусым- тамыз айларының кейбір күндерінде судың беткі қабатын күшті жел ығыстырып кетеді де, астыңғы қабаттан көтерілген суық су температураны 10- 12˚С дейін төмендетеді. Қыс айларындағы судың орташа температурасы солтүстігінде теңіз беті қарашадан наурызға дейін қатады, мұздың қалыңдығы 2 м- ге жетеді, орталық бөлігінде қысы қатты жылдары ғана таяз шығанақтары қатады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай жел әсерінен Апшерон түбегіне дейін жиі- жиі сеңдер жүреді. Олар кейде теңіздегі гтдротехникалық құрылыстарға зардабын тигізеді.

Судың орташа тұздылығы 12,7% (Қара Бұғаз- көлді есептемегенде), шығыс жағалауында 13,2%. Солтүстігінде Еділдің ағынына байланысты су тұздылығының ауытқуы байқалады. Мұхит суларымен салыстырғанда Каспиий теңізінде хлоридтер аз да (өзен суларының әсерінен), кальцийдің, магнийдің сульфаттары, карбонаттары көп. Судың конвекциялық қозғалысының нәтижесінде қыс айларында Солтүстік Каспий сулары вертикальды бағытта түгел араласады. Орталық жіне оңтүстік бөліктеріндегі терең жерлерінде конвекциялық қозғалыс 200- 300 м– ден арытпайды. Жазда жылынған су 15- 30 м тереңдіктен әрі араласпайды.

Деңгейінің ауытқуы Каспий теңізінің деңгейінің маусымдық және қысқа мерзімді ауытқуы теңіз суының шалқып шегінуіне байланысты болады. Теңіз деңгейі солтүстік бөлігінде 2- 2,5 м– ге көтеріліп, 2м- ге төмендейді. Солтүстік желдің әсерінен (10 мин–тан 12сағатқа созылатын) су деңгейі 0,7 м- ге дейін ауытқыйды. Маусымдық ауытқу мөлшері 30 см- дей болады.

Су балланысының өзгеруіне  байланысты Каспий теңізі деңгейінің көп жылдық және ғасырлық ауытқулары болады. Геологиялық, геоморфологиялық, археологиялық және тарихи деректерге қарағанда Каспий теңізінің ең жоғарғы деңгейі б.з- дың алғашқы ширегінде және 19 ғ-дың басында байқалды. Ең төменгі деңгейі б.з- дың 7-11 ғ-нда болды, ол қазіргі деңгейінен 2-4м төмен деген жорамал бар. Каспий теңізінің соңғы кездегі ең күшті төмендеуі 1929ж. Басталып (26м абс.биіктікпен шектелген), 1956-57 жылға дейін созылды. Бұған климаттың өзгерісі мен бірге гидротехникалық, ирригациялық құрылыстардың көптеп салынуына байланысты өзен ағындарының кемулері әсер етті. Су баланысының кемуіне Каспий теңізінің суының Қара Бұғаз- көл шығанағына құйылуыда әсер етуде. Каспий теңізінің су балансы: кірісі- жауын-  шашыны 66,8 км³, өзен ағындары 266,4 км³, жер астымен қосылатын су 5 км³; шығыны– булануы 357,3 км³, Қара Бұғаз көлге құйылатын су 4км³, шаруашылыққа жұмсалатыны 1км³. Артық шығынның есебінен Каспийдің деңгейі жыл сайын (1966-67 ж. Арасында) 7см- ге төмендеуде, ал 2000жылдары қазіргісінен 2 м төмендеуде.

Флорасы мен фаунасы. Каспий теңізінде флора мен фаунаға  кедей. Өсімдіктердің 500, балық пен жануарлардың 854 түрлері бар. Өсімдіктер арасында көк жасыл және диатомды балдырлардың түрлері көп. Соңғы кезде қызыл және қоңыр балдырлар да өсе бастады. Гүлді өсімдіктерден зостерлер мен руппилер кездеседі. Каспий теңізінде неоген дәуірінде жаралған фауна түрлері көп. Оларға бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ, бұзаубас балық, дрейсен және жүрекше молюскілер жатады. Мұнда Арктика теңіздерінен каспий ит балығы, Жерорта теңізі алабынан қоныс аударған жануарлар мен балықтардың 15 түрі мекендейді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. К. Сапарбаев « Геология және гидрология»
  2. Н.Тұяқбаев, К.Арыстанов, Б.Әбішев « Жалпы геология курсы»
  3. Сейтов « Геология негіздері»
  4. « Атырау» энсоклапедиясы
  5. Энсоклапедия

Информация о работе Теңіздің гоелогиялық әрекеті