Теңіздің гоелогиялық әрекеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 10:19, реферат

Краткое описание

Жер бетінің 70,8%-ін алып жатқан мұхиттар мен теңіздерде судың орасан зор массасы (1,37млрд.км³) шоғырланған. Су тұрақты түрде үздіксіз қозғалыста бола отырып, қоршаған ортамен тығыз байланысты. Құрлықтан ерітінділер түрінде әкелінген бүкіл материалдар сулы ортада тұнып, әр түрлі шөгінді тау жыныстарын түзеді. Сонымен бірге теңіз суы мен мұхит сулары суда өмір сүретін органикалық дүниенің тіршілік ортасы болып саналады.

Оглавление

1. Теңіздің гоелогиялық әрекеті

2. Теңіз шөгінділері

3. Теңіз шөгінділерінің орналасу жағдайы

4. Терригендік шөгінділер

5. Каспий маңы артезиан алабы

6. Флорасы мен фаунасы

7. Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалары.

Файлы: 1 файл

Теңіздің флорасы.doc

— 83.00 Кб (Скачать)

Жоспар:

 

1. Теңіздің гоелогиялық әрекеті

 

2. Теңіз шөгінділері

 

3. Теңіз шөгінділерінің орналасу жағдайы

 

4. Терригендік шөгінділер

 

5. Каспий маңы артезиан алабы

 

6. Флорасы мен фаунасы

 

7. Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Теңіздің гоелогиялық  әрекеті

Жер бетінің 70,8%-ін алып жатқан мұхиттар мен теңіздерде судың орасан зор массасы (1,37млрд.км³) шоғырланған. Су тұрақты түрде үздіксіз қозғалыста бола отырып, қоршаған ортамен тығыз байланысты. Құрлықтан ерітінділер түрінде әкелінген бүкіл материалдар сулы ортада тұнып, әр түрлі шөгінді тау жыныстарын түзеді. Сонымен бірге теңіз суы мен мұхит сулары суда өмір сүретін органикалық дүниенің тіршілік ортасы болып саналады.

Жағаға таяу тайыз  сулы (0-200м) аймақтар шельфті аймақ деп алалады. Олар континенттердің су астындағы жалғасы болып табылады. Теңіздер мен мұхиттардың жалпы ауданының 7,6%-і шельфтердің үлесіне тиеді, 200м-ден 2000 м-ге дейінгі тереңдікте – материктік беткей, 2000 м-ден 6000м-ге дейінгі аралық – мұхит шарасы ( мұхиттық аймақ), 6000м-ден 11000м-ге дейінгі тереңдікте терең сулы шұңғымалар мен мұхит орталық тау жоталары орналасады. Мұхиттық жоталардың орталық бөлігінде мыңдаған км-ге созылған аса трең жарылыстармен шектелген рифттік аңғарлар орналасады.

Мұхиттар мен теңіздерде өмір сүріп, тіршілік ететін организмдердің түрлері жалпы үшке бөлінеді.

Бентос - теңіздің құрлықтың тайыз келген су алқаптарында (саз- топырақ арасында) тіршілік ететін организмдер.

Планктон- әр түрлі тереңдікте тіршілік ететін организмдер. Өсімдіктер – фитопланктон және жауарлар – зоопланктон деп аталады.

Нектон- суда қалқып жүріп тіршілік ететін омыртқалы организмдер.

Теңіздің гоелогиялық  әрекеті екі бағытта (бұзушылық  және жасампаздық) жүріп жатады.

Бірінші бағыттағы процестерге  абразиялық, ал екінші бағыттағы әрекеттерге тұну, шөгу процестері жатады. Теңіздің бұзушылық әрекеті (абразиялық) желден пайда болған толқындардың, теңіздің тасуы (трансгрессия) мен қайтуы (регрессия) кезіндегі толқындардың, теңіз ағыстарының әрекетіне байланысты байқалады.

Ең күшті бұзушылық әрекет толқындар  үлесіне тиеді. Теңіз толқыны  су бетінде күштірек байқалады. Толқын күші біртіндеп баяулай келе теңіздерде – 100 м, мұхиттарда – 200 м тереңдікке дейін таралады.

Ең пәрменді күш – соқпа толқындар күші. Соқпа толқын жағаға жақын келіп, жылдамдығы азайған кезде биіктігі арта түседі де, жағадан кері төңкеріліп кері бағыттағы қума ағысты тудырады.

Абразиялық процесс кезінде  бір мезгілде үш түрлі фактор әрекетке араласады: 1) толқындардың гидравликалық соққысы ( жағаға түсетін динамикалық қысым күші ~ 10 т/м²); 2) толқын үйіріп әкеткен тау – тастардың кесек бөлшектерінің соққылары мен үйкеліс әрекеттері ( ірі тастардың салмағы кейде 100т–дан астам келеді); 3) судың химиялық әсері. Су тау жыныстарын ерітеді және тау жыныстарының құрамын құрайтын минералдармен реакцияға араласады.

Тау жыныстарының бұзылуына теңіз  жәндіктері мен өсімдіктер дүниесі  де әсерін тигізеді. Абразиялық әрекеттер  тікшіл келген құзды– жақпартасты  жағаларда күшті байқалады. Мұнда ең алдымен жағадағы жар тастардың етегінде шағын ойықтар пайда болады. Үйіріле соққан соқпа толқындардың күші артқан сайын, кішігірім ойықтар кеңейе келе қуыстарға айналады. Мұндай қуыстардың одан әрі тереңдеуі үстіңгі беткейдің кері шегінуіне әкеліп соғады.

Осындай процесстердің нәтижесінде (жағалау сызығы судан біртіндеп шегіне келе) абразиялық терраса қалыптасады. Кейбір орындарда абразиялық террасаны мүжілген тау жыныстарының кесек бөлшектері жауып жатады. Олар біртіндеп қозғалысқа араласып уатылады. Домалай жылжып үйкелуден малта тасқа, қиыршық тасқа, құмға және оданда ұсақ бөлшектерге айналады. Кейінірек олар абразиялық террасадан алыстап көшіп қонады да, су астында аккумулятивтік терраса құрайды. Су толқындары жағаға келіп бұрыштай соққанда, тау жыныстарының кесек бөлшектері жағаны бойлай орын ауыстырады.

Ерімтал жыныстардан құралған жарқабақтар  теңіз суында оңай еріп, оның төменгі  жақтарында үңгір қуыстар, ал жоғарғы  бөліктерінде кішігірім ойықтар  пайда болды. Шөгінді жыныстардан  тұратын жағаларда байқалатын абразиялық әректтердің жылдамдығы жылына бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін жетеді.

Теңіз шөгінділері жалпы жер  қытысын құрайтын шөінді қабаттардың  75%- ін қамтиды. Олардың жиналып қалыптасуы архей эрасынан басталып, қазіргі кезге дейін жүріп жатыр.

Олардың қатарына әк тастар немесе ізбес тастар, доломиттер, мергелдер, сазды, балшықты жыныстар, аргилиттер, алевролиттер және т.б. жатады. Гнейс, тақта тастар, мәрмәр (мрамор) сияқты метаморфтық тау жыныстар да бұрынғы теңіз шөгінділері болған. Теңіз түбінде жиналған тұнбалар терригендік, биогендік, хемогендік және вулканогендік болып ажыратылады. Теңіздің тереңдігіне, оның түбіндегі бедер пішіндеріне, жағаның алыстығына, ағыс жылдамдығына, органикалық  тіршілік жағдайларына байланысты теңіздік шөгінділердің құрамы мен құрылысы әр түрлі болып келеді. Жағаға жақын, тайыз сулы ортада терригендік құмдар, малта тастар, қабыршақ тастар, ал толқын баяу жрлерде балшықтар, саздар, алевриттер жиналады. Су астында кездесетін көтеріңкі жерлерде және шельфті аймақтарда әр түрлі биогендік шөгінділер, құмдар, эпиконтинеттік теңіздерде органикалық заттарға бай саздар, балшыктар мен алевриттер, мергелді, әкті, кремнийлі– лайлы тұнбалар түзіледі. Тайыз сулы теңіз шөгінділердің құрамында темір мен марганец рудалары, окситтер және фосфориттер бірге кездеседі. Аутигендік кейбір минералдардың құрылымдық, текстуралық ерекшеліктері теңіз шөгінділерінің диагностикалық белгілері болып саналады.

Теңіз шөгінділерінің негізгі құрамы мен олардың таралу заңдылықтары тектоникалық режимге және климат жағдайының ерекшеліктеріне тығыз байланысты.

Тектониклық режим теңіз алаптарының  қалыптасуына, теңіз түбі мен теңіз  жағалауларының бедер пішіндеріне, трансгрессиялық– регрессиялық процестерге, шөгінді жыныстардың түзілу жылдамдығына және оның қалыңдығына әсерін тигізеді. Гумидтік аймақтарда орналасқан теңіздерде терригендік (құм алевролит), қоңыржай белдеулердің суық сулы алаптарында диатомдық лайлы– саздар, аридтік аймақтарда – биогендік карбонатты жыныстар, тропиктік аймақтарда маржанды балдырлы рифтік комплекстер, мұз жапқан аймақтарда мұздық – теңіздік шөгінділер басым болып кездеседі. Кембрийге дейінгі эраларда доломиттер, палеозойда хемогендік, мезозой мен кайнозой эраларында биогендік теңіз шөгінділері кеңінен таралған.

Теңіз шөгінділері болып саналатын темірлі кварциттер протерозой эрасында құрылған.

Теңіз шөгінділері орналасу жағдайына  қарай литоралдық, батиалдық, абсиссалдық  болып ажыратылады.

Литоралдық немесе жағалаулық шөгінділер теңіз жағалауларында, су деңгейінің трансгрессиялық көтерілуі мен регрессиялық қайту әрекеттеріне байланысты түзіледі. Олардың құрамы қой тастар мен дөңбек тастардан, малта тастардан, құмды – сазды жырыстардан және алевриттен тұрады. Кейде хемогендік және оргоногендік шөгінділерде кездесіп қалады. Литоралдық шөгінділерден құралған гиологиялық қима өте күрделі. Шөгінді қабаттардың құрамы тік және кһлденең бағытта тез өзгеріп, тез алмасып отырады. Құмды жағаларда жел режиміне байланысты жағалық шөгінді белестер құралады.

Көне замандарда құралған литоралдық шөгінділердің құрамында көмір қабаттары кездеседі.

Сублиторалдық шөгінділер материктердің су астындағы 100-200м- лік тереңдікте түзіледі. Олардың құрамы құрлықтағы үгілу процестерінің ерекшеліктеріне және су жиналатын аймақтағы тау жыныстарының минералдық құрамына байланысты.

Тау жыныстарының ең ірі  кесек бөлшектері құрлыққа таяу жерлерде жиналады. Теңіздің гидродинамикалық ерекшеліктеріне байланысты құм  мен лайлы жыныстар шекарасы 25-50 м-ден 100-150 м-ге дейінгі тереңдіктерде байқалады. Ірілі – ұсақтығына қарай шөгінді жыныстар төрт топқа бөлінеді: 1) ірі кесекті бөлшектерден құралған псефиттер (дөңбек тастар, қой тастар, малта тастар және қиыршық тастар); 2) құмды жыныстар – псамиттер (ірілі – ұсақты түйіршіктерден құралған құмдар); 3) алевритті жыныстар – алевриттер; 4) саз балшықты жыныстар – пелиттер. Кейде ұлутастардан тұратын шөгінді қабаттарда кезеседі.

Материктердің су басып жатқан шеткі  аймақтарында әк тасты (ізбетас) организм қалдықтарынан құралған органогендік немесе биогендік түзілімдер – маржан рифтері жиі кездеседі. Олар –  жағалық, тосқауыл және атоды рифтер болып ажыратылады. Маржан рифтерінің өсуіне қажетті жағдай теңіз суының температурасы 18ºС- тан төмен болмауын, су тұздылығын, тазалығын, су түбі жартасты болып, тереңдігі 40-50 м- Ге дейін болуын қажет етеді. Мұндай қолайлы жағдайлар Үнді және Тынық мұхиттарында көп кездеседі.

Хемогендік шөгінділер климат жағдайы ылғалды, тұздылығы орташа, теңіз жағалауларына таяу орындарда темір, марганец рудалары, бокситтер, фосфориттер, әк тастар, яшмалар түрінде түзіледі.

Батиалдық шөгінділер – теңіз түбінің 200-250 м тереңдігінде түзілетін тұнбалар. Олар материктік беткейде сублиторалдық және абиссалдық зоналар арсында орналасқан терригендік құм – лай тұнбаларынан құралады. Су түбінде оттегі аз болса, сульфидке бай көкшіл түсті лайлы тұнбалар жиі кездеседі. Тропиктік жағдайда, құрлықтан жиылған қызғылт түсті топырақтан қызыл тұсті лайлы тұнбалар түзіледі. Әкті лайлар тұнбасы маржан рифтерінен құралған аралдар маңында пайда болады. Олардың арасында фораминифералар қалдығы көптеп кездеседі. Терең су астындағы құм мен малта тастар су астындағы жоталарда жиналады.

Мұздық шөгінділер – ірі мұздармен және айсбергтермен ілесе келген іріктелмеген шөгінділер болып саналады.

Абиссалдық шөгінділер – дүниежүзілік мұхит ауданының 90%- ін алып жатқан, 3км- ден аса тереңдікте жиналған тұнбалар. Олар ұсақ жәндіктер қаңқаларынан, жел мен су айдап әкелген ұсақ минералдық бөлшектерден, вулкандық жыныстардан, су түбіндегі жыныстардың үгілу заттарынан, химиялық шөгінділерден және ғарыш шаңынан құралып түзіледі. Көбінесе, органогендік және полигендік  шөгінділер басым келеді. Біріншісіне карбонатты (фораминифералар, глобигериндер секілді теңіз жәндіктерінің қабыршақтарынан түзілген) және кремнийлі (диатомит, радиолярит және т.б.) шөгінділер жатады. Диатомит – ақ, сұрғылт түсті, өте жеңіл, кремнийлі жыныс. Қоспалары глобулярлық опал, кварц, фосфорит, монтмориллонит, вулкандық күл, балшық, саз, т.б. Олар Кавказ, Қырым, Орал, Еділ бойында палеген– неогендік шөгінділердің арасында кеңінен таралған. Құрамының 50%- ін астамы радиолярий қаңқаларынан құралан тау жыныстары Қазақстанда Сарыарқаның палегондік жыныстарының арасында кездесіп тұрады.

Полигендік шөгінділер – 5000м- ден астам тереңдікте жиналып, азда болса органогендік қалдықтар арласқан тұнбалар. Олардың құрамының 90%- і сулы  қызыл түсті сазды жыныстардан тұрады. Полигендік шөгінділер арасында темір, марганец конкрециялары өте көп тараған. Теңіз түбінде саздардың, балшықтардың қалыптасуына қатысатын шөгінділер: 1) өзен суымен  ағып келіп қосылатын терригендік балшықтар, саздар; 2) эолдық шаң – тозаңдар, фораминифералардың ерімей қалған қалдықтары; 3) вулкандық заттар; 4) метеориттік тозаңдар; 5)ерімейтін әр түрлі органикалық қвлдықтар болып сааналады.

Терригендік сазды жыныстармен қатар оргоногендік қалдықтар бірге кездескен жағдайларда олар оргоногендік – терригендік шөгінділер деп аталады. Теңіз суы астында шөгінді жыныстардың орналасу реттілігін бұзып лайлы көшкіндер туғызатын лайлы ағыстар жиі байқалады. Мұндай жағдай теңіз шөгінділерінің орналасу заңдылықтарын зерттеп – білу жұмыстарын қиындатып жібереді.

Теңізден қайрандар  арқылы бөлініп қалған аймақтарда шөгінді  қабаттар өзгеше жағдайда түзіледі. Суы тұщы аймақтарда құмды, сазды жыныстар, кейде органикалық заттарға бай саз балшықты, сазды карбонатты жыныстар жиналып, шоғырланады. Кейде олардың арасында көмір қабаттары кішігірім линзалар түрінде кездесіп қалады. Суы ащы аймақтарда әр түрлі хемогендік қосылыстарға бай қара түсті лайлы тұнбалар түзіледі. Олардың құрамында күкіртті сутек мол болады. Сонымен қатар, натрий сульфаттары мен хлориттері, гипс, ангидрит, доломит, ізбетас қабаттары кездесіп тұрады.

Аймақтарда шөгінді  қабаттардың тік және көлденең бағыттарда тез өзгеріп, континенттік шөгінділермен  кезек алмасып отыратындығы, олардың теңізбен континент аралық жағдайында қалыптасатындығын көрсетеді.

Каспий маңы артезиан алабы –  Каспий теңізінің солтүстігі СССР– дегі ең терең геологиялық  ойысты алып жатқан сулы алап. Солтүстік  –  батыста Ергени, Еділ бойы және Ставрополь дөңдері, Солтүстікте жалпы сырт, Шығыста Орал тауы мен мұғалжарға, оңтүстікте Үстірт пен Каспий теңізіне дейін созылған; жалпы ауданы 700 мың км² кең аймақты қамтиды. Каспий маңы артезиан алабының геологиялық ішкі құрамы өте күрделі, әлі түгел зерттеле қоймаған. Кембрий дәуірінен бастап қазіргі кездегі шөгінділерге дейін үздіксіз жиналып қалыптасқан тым қалың қабатты (15-19км). Жер қыртыстары балшық ,құм және әк тастармен қатар тұзды шөгінділерден де құралатындықтан, бұл арада күмбезді құрылымдар өте көп (1000-нан астам). Құм және құм тасты шөгінділерде қалыптасқан артезиандық сулы қабаттардың тереңдігі Каспий маңы артезиан алабының орталығында 15-18км- ге дейін жетеді. Бұл қабаттардағы судың сапсы да әр түрлі: жер бетіне жақын тереңдікте және кейбір жоғары қабаттарда минералдылығы 1-2 г/л ден аспайтын тұщы болса, тереңде 350-400 г/л-ге жететін, тіпті оданда ащы тұзға өте қанық тұздық бар. Бұл сулар халық шаруашылығында кеңінен қолданылады. Көрсетілген сулы қабаттардың келешекте тәулігіне (ғылыми болжамдар бойынша 10 млн.м³) немесе секундына 120 м³ тұщы су алып пайдалануға болады. Ал қазіргі кездегі пайдаланылып жүрген су мөлшері тәулігіне 250-260 мың м³- ден аспайды. Басқа сулы қабаттарда, әсіресе тым тереңде жатқан кейбір жерлердің шапшымалы, ащы тұздық суларында йод ( 5-25мг/л), бром (200-500мг/л), бор(250-300мг/л), калий (1000-5000мг/л), стронций(500-1000мг/л) т.б. өндіріске қажетті микроэлементтер көп кездеседі.

Каспий теңізі ( грек.Kaspion pelagos лат.Caspium Mare) – СССР мен Иран жеріндегі тұйық теңіз. Жер шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне, даму тарихына, физикалық – географиялық процестерінің сипатына қарағанда теңіз қатарына жатады. Каспий теңізіне Кавказдың шығыс жағын мекендеген байырғы тайпа аты қойылған. Ежелгі тарихи аттары: Гиркан, Хвалын (Хвали), Хазар. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200 км, орташа ені 320км, жағасының ұзындығы 7мың км, оның 6 мың км- астамы СССР үлесіне тиеді. Ауданы 371мың км². Су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5м төмен. Ең терең жері1025 м.

Информация о работе Теңіздің гоелогиялық әрекеті