Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 05:47, реферат
Біздің елімізде ауыр түсті металдарды - мыс жөне қорғасын-мырыш (полиметалл) өндірісі салалары шығарады.Концентраттағы металдың аз мөлшері (20-30%) мен энергияны аз қажет етуіне байланысты, мыс өндірісінің зауыттары шикізатқа таяу салынады. Мыс қоры Қазақстанның барлық аудандарында бар, ең үлкендері Орталық пен Шығыста.Қорғасын және мырыш өнеркәсібінің ортақ шикізат базасы - полиметалл кендері бар.Ұзақ уақыт бойы олардың қоры жөнінен Шығыс пен Оңтүстік алда болды. Шығыстың кенінде қорғасынға қарағанда мырыш көп.
Кіріспе
1.КазЦинк
1.1 Полиметалл кентастары
2.Мырыш. Минералдары мен кендері
3. Қорғасын
3.1 Қорғасынның басты минералдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
1.КазЦинк
1.1 Полиметалл кентастары
2.Мырыш. Минералдары мен кендері
3. Қорғасын
3.1 Қорғасынның басты минералдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Біздің елімізде ауыр түсті металдарды
- мыс жөне қорғасын-мырыш (полиметалл)
өндірісі салалары шығарады.Концентраттағы
Біздің еліміздегі полиметалл ендірісінің басты ауданы
- Кенді Алтай.Мұнда 3 ірі орталық бар -
Зырян, Риддер жөне Өскемен.Олардың арасында
өзіндік «еңбек бөлінісі» қалыптасқан.
Оны Өскемен СЭС-ның арзан қуатына байланысты
орналастырған. Бірақ ол қорғасын өндірісімен
құрамдастырылған.Риддерде
1.КазЦинк
«Казцинк» АҚ – қорғасын және асыл металдар, мыстың үлкен серіктес үлкен шығарылымымен, интегралданған ірі мырыш өндірушісі. Компанияның барлық кәсіпорындары Қазақстан территориясында 5 қалада орналасқан. 21 мыңға жуық адам тау, байыту, металлургиялық салаларда және де электрқуатын өндіру мен машинажасау өндірісінде жұмыс жасауда.
Шығыс Қазақстанның үш негізгі түсті металл өндірушілерінің активтерін қосу жолымен компания 1997 ж құрылған болатын: «Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты», «Ленинагор полиметалл комбинаты» және «Зырян қорғасын комбинаты». Барлық үш компанияның меншік иегері Қазақстан Республикасының Үкіметі болды, ол ұзақ мерзімді концессия шартымен жаңа компанияға инвесторлар тарту мақсатында Бұқтарма суэлектрстанциясын берген болатын. Содан бері Казцинк бақылау акция пакеті жеке секторға сатылған болатын, ал Гленкор Интернешнл АГ компанияның басты инвесторы болды.
«Казцинк» АҚ құрамында 131 бөлімше соның ішінде 11 қараға дейінгі кәсіпорындар. Негізгі жұмыс мамандануы: геологиялық барлау және іздеу жұмыстарын жүргізу, асыл, түсті және сирек металдарды өңдеу және өндіру; түсті металл концентраттарын өндіру, соның ішінде құрамында бағалы маталдары барларды, түсті, сирек және бағалы металдарды және олардың қорытпаларын өндіру. Негізгі өндіріс құрамына Зырян тау-байыту кешені (Малеев және Грехов кенорындары, байыту фабрикасы), Риддер тау-байыту кешені (Тишин және Риддер-Сокольный кенорындары және байыту фабрикасы), Риддер мырыш зауыты, Өскемен металлургиялық кешені (қорғасын және мырыш зауыттары, аффинажды өндіріс), Текелі өндіріс кешені.
«Востокказмедь» филиалы құрамына Белоусов ТБК (Белоусов және Ертіс кенорындары, Белоусов және Березов байыту фабрикасы), Николаев карьері, Юбилейно-Снегирихин және Артемьев кенорындары, Николаев байыту фабрикасы, «Жезкент ТБК» АҚ (Орлов кенорны және Жезкент байыту фабрикасы).
1.1 Полиметалл кентастары
Полиметалл кентастары - басты құраушылары
Pb мен Zn, қосымшалары Cu, Au, Ag, Cd, кейде Bі,
Sn, Іn, Ga элементтерінен тұратын кешенді
кентастар. Кейбір Полиметаллда барит, флюорит, к
Полиметаллдың өндірістік кендері бағалы құраушылар мөлшеріне қарай бай, орташа, кедей деп, ал металдарға шаққандағы қорына байланысты кіші (100 — 200 мың т), орташа (200 — 500 мың т) және ірі (млн. т-дан асатын) болып бөлінеді. Бастапқы Полиметалл кентастары гидротермалды ерітінділерден кристалданып, докембрийденкайнозойға дейінгі қышқыл құрамды жанартаутекті және карбонатты тау жыныстарында кездеседі. Полиметалл кентастарын сыйыстырушы тау жыныстарында хлориттену, серициттену, кварцтену процестері байқалады. Полиметалл кентастары 50 — 100 м тереңдікке дейін тотығады. Кентас минералдарының шоғырлануына қарай Полиметалл кентастары тұтас және сеппе; бастапқы кейпінің өзгеруіне байланысты сульфидтік, тотыққан, аралас; пайдалы құраушылардың мөлшері мен сипатына қарай қорғасынды, мырышты, мысты-қорғасынды-мырышты, қалайылы-қорғасынды-мырышты, күшәла-мырышты болып бөлінеді. Полиметалл кентастары денелерінің ұзындығы бірнеше м-ден бірнеше км-ге дейін созылып, қабат, линза тәрізді иірімдер, штоктар, желілер, түтік пішінді келеді, ал жатыс жағдайы жайпақ, тік, үйлесімді, қиып өтетін болып келеді.
2.Мырыш
Полиметалл кентастары - басты құраушылары
қорғасын мен мырыш кешенді кентастары.Мырыш (лат. Zincum)
Ылғал ауада мырыштың беті жұқа қорғаныштық тотық және негіздік карбонат қабатымен қапталып, оны атмосфералық реагенттердің әсерінен қорғайды. Осындай қасиетінің болуына байланысты, мырышты темір детальдарды қаптауда қолданады. Мырыш және оның қосылыстары халық шаруашылығында, ал кейбір қосылыстары медицинада қолданылады. Металдық мырыш техникада қажетті 20 орын алатын (қола, латунь т.б.) құймалардың құрамына кіреді. Сондай-ақ мырыш ыдыстарын дайындау үшін қолданылады. Мырыш оксиді – өнеркәсіптің, техника және медицинаның әртүрлі салаларында кеңінен қолданылатын, бұрыннан жақсы белгілі қосылыстардың бірі . Мырыш оксиді медицинада тырыстыратын мазь және паста ретінде қолданылады. Стоматологиялық мақсатта дәрілік препарат, жағатын майлар дайындау үшін қоспа ретінде қолданылады, сондай-ақ лейкопластырь құрамына кіреді. Одан басқа, ZnO ауруханалардың қабырғаларына жағатын фотокатализаторлық бояу ретінде де қолданылады. Ол УК-сәулемен шағылысу кезінде жағымсыз иісті заттарды ыдыратып, антибактериалды әсер көрсетеді.Сол сияқты, мырыш оксиді фотокатализатор ретінде суда болатын әртүрлі ластаушы заттарды ыдырату үшін де қолданылады . Мырыш қосылыстары көп қырлы физикалық және химиялық қасиеттерге ие. Атап айтқанда - анизотроптық кристалдық құрылысы, қосылыстың стехиометриялық емес құрамы, үлкен кедергісі бар аймақтағы жартылай өткізгіштік қасиеттері, люминесцентті, фотоөткізгіштік, фотогальваникалық және фотохимиялық қасиеттері, түсетін сәуле толқынының ұзындығына тәуелді ақ және қара пигменттер қасиеттерінің үйлесімі (спектрдің көрінетін аймағындағы жоғары шағылысу қабілеттілігі және ультракүлгін аймақтағы жақсы жұтылымы), лазерлі және электроптикалық әсері, жоғары пъезо-, пироәсерлі, сызықты кеңеюінің төменгі коэффициенті, каталитикалық белсенділігі, амфотерлі химиялық қасиеттері және тағы басқалары, бұл материалдардың өңдірісте, халық шаруашылығында қажеттілігі мол. Мырыш - жібек өндірісінде, мұнай химиясы және химия салаларында, тыңайтқыштар өңдірісінде, катализ реакциясында, фармацевтикалық, сондай-ақ лак-бояу өндірісінде, антисептикалық қасиет беретін кейбір фармацевтикалық мазьдердің құрамына қолданады. Мырыш карбонаты каучук вулканизациясына қоспа ретінде қолданыс тауып келеді. Мырыш оксидін қолдану аймағы соңғы жылдары едәуір кенейді ол төмендегі салаларды қамтиды: металлургия, космостық техника (мырыш оксидінің ұнтағы әр-түрлі радияциялық жағдайларда жұмыс істейтін космостық қондырғылардың шағылысу бетінде қолданылады), акусто-, микро-, оптоэлектроника, электрофотография, фотокөшіру, люминофорлар, фотоэлементтер, металоксидті жартылай өткізгіштер, акумулятор бетереялары, отын элементтері, катализаторлар, газ детекторлары өндірісі, резинатехникалық өнеркәсіп, композитті және полимерлі материалдар, цемент, әйнек, керамика, бояу және пигменттер өндірісі. Мырыш оксиді косметикада кең қолданылады. Ол теріні және шашты УК- радиацияның зақымдау әсерінен қорғайтын және олардың қартаю процестерін тежейтін - кремдердің, эмульсия, лосьондардың және басқа косметикалық препараттардың құрамына кіреді . Мырыш оксиді АҚШ-та 1997 жылдың ақпанынан бастап ультракүлгін сәулеленуден сақтайтын бірінші категориялы материалдарға жатқызылған. Мырыш оксиді автомобильдің алдыңғы әйнегінің желге қарсы, механикалық зақымданудан қорғайтын қаптау ретінде бояу кешенінің 21 құрамына кіреді, сондай-ақ жағар майға қоспа ретінде қолданылады. Мырыш оксидінің жақсы сорбциялық қасиеті оны газдардан - көміртекті, күкіртті газдарды, күкіртті сутегін адсорбциялау үшін қолдануға мүмкіндік береді. Оның селективті сенсорлық датчик ретінде қолданылуы осы қасиеттеріне негізделген. Мырыш хлориді майды өткізбейтін жылтыр қағаз дайындау үшін пайдаланады. Мырыш сульфиді жарқырайтын бояу дайындау үшін қолданылады. Мырыш фосфиді – өте улы, ол кеміргіш тышқандармен күресу үшін қолданылады. Мырыш фосфаты машина жасау, кеме құрылысында, тұрмыстық ыдыстарды жасауда және тамақ үшін металдық контейнерлер және т.б. жасауда қолданылады. Шаң, ауа, су енбеу үшін, тосқауыл материалдар жабдығын дауындау үшін қолданылады. Сондай-ақ кейбір коррозияға қарсы қасиетіне байланысты - бояуларды, шайырларды дайындауда негізгі зат ретінде қолданыс тауып келеді. Мырыш ацетаты қышымаға қарсы тиімді дәрі және тіс цементін дайындауда, катализатор ретінде органикалық синтез өңдірісінде, әшекей, фарфор өндірісінде қолданылады. Мырыш сульфаты гальванотехникада, сондай-ақ жасанды талшық өндірісінде, фармацевтикада кеңінен қолданылады. Мырыш сульфаты қосылысынан микротыңайтқыш және жем-шөп қоспасын алуға болады. Мырыш сульфатынан емге қажетті көз тамшылары дайындалады, бұл қосылыс стоматологияда, текстиль өндірісінде, химия өнеркәсібінде, вискоза, әшекей өндірісінде, ағаштың шіріунен қорғау үшін және металлургия да кеңінен қолданыс тауып жүр. Мырыш қосылыстары химиялық лабораторияда реактив ретінде қолданып келеді. Мырыштың аз мөлшері ағза ұлпасында кездеседі. Мырыш және оның қосылыстары ағзаға - тағам құрамынан, сондай-ақ мырыш кендерін өңдіруде және өңдеуде пайда болатын шаң түрінде, бу түрінде тыныс алу мүшелері арқылы енеді. Бу түрінде және шаң түрінде ағзаға түскен мырыш қосылыстары организмдегі белоктармен қосылып безгек ауруына, дене қызуына әкеліп соқтырады. Мырыш шаңымен және буымен тыныс алғанда жүрек айну, құсу және бұлшық еттің ауруы мүмкін. Мырышталған ыдыста құрамында қышқыл бар өнімдерден дайындалған және сақталған тағамдардан уланған жағдайлар жиі кездеседі.
Мырыштың негізінен сульфидті мыс - қорғасын - мырыш, мыс - мырыш және қорғасын - мырыш кендерінен өндіріледі. Мырыштың елеулі бөлігі қорғасын өндірілетін кендерден өндіріледі деп айтуға болады. Сульфидті кендерде мырыш әдетте келесі минералдар түрінде кездеседі: сфалерит ZnS, вуртцит ZnS және марматит nZnS · mFeS. Мырышқұрамдас кендердегі тотықты минералдарының қатарына смитсо - нит ZnCO2, цинкит ZnO және каламинді 2ZnO · SiO2 · H2O жатқызуға болады. Сульфидті полиметалдық кендерде мырыштың мөлшері әдетте 1 - 3 % құрайды. Бұл кендер күрделі химиялық құрамға ие. Бұл кендерді бірнеше концентрат түрін (мырыш, мыс, қорғасын, пирит) алуға бағытталған селективті сұлба бойынша байытуды талап етеді.
3.Қорғасын
Қорғасын – элементтердің периодты жүйесінің
IV-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың
бірі. Реттік нөмірі 82, атом массасы 207, 2. Қорғасын өте ерте заманнан
белгілі, одан жасалған тиын ақша, медальондар
ертедегі Египет қазбаларынан көп табылған.
Жер қыртысындағы мөлшері 1.6 07 %, ол жеке
күйінде кездеседі. Ең маңызды кені- галенит- қорғасын жылтыры PbS; Қазақстандағы
кендері Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда
және Қарағанды облысында. Қорғасын бос күйінде
көкшіл-сұр түсті жұмсақ және ауыр металл, оңай балқиды. Қорғасынды өндіру
үшін, оның рудасын алдымен байытады, одан
шыққан концентратта 40-78% қорғасын болады.
Концентраттағы қорғасын көбіне полиметаллургия әдісіме
3.1Қорғасын минералдары
Қорғасынның басты минералдарына:англезит,
Галенит.қорғасын жылтыры – сульфид класындағы минерал.
Бурнонит – күрделі сульфидтерге жататын м
Буланжерит (фалькманит, иенери
Қорғасын мен мырыштың 100-ден аса кен орындары анықталып, 58-і балансқа алынған. Олардың негізгі қоры Шығыс Қазақстанда (Кенді Алтай) және Орталық Қазақстанда шоғырланған, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда да (Қаратау) кездеседі. Қазір қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кен орындары игерілуде. Алюминий шикізаты ретінде ең көп таралғаны – боксит. Қазақстанда бокситтің қоры көп. Анықталған 200 кен орны мен кен білінімдерінің (есепке алынғаны) 50-ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: Краснооктябрь, Белинское, Тауынсор, Шығыс Әйет, Көктал, Наурызым, Жоғарғы Әйет, Арқалық кен орындары. Бұлардың барлығы Торғай ойысында орналасып, Батыс Торғай, Шығыс Торғай (Амангелді) және Орталық Торғай бокситті аудандарын құрайды.Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғарғы Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы төрт кен орында шоғырланды: Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғарғы Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасында орналасқан. Солтүстік Қазақстанда ірі Сырымбет пен Донецк қалайы кен орындарының ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлықтай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Қалайы тапқан (жалпы қордың 70%-ға жуығы), Қараоба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары.