Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 14:15, диссертация
Әр түрлі технологиялық процестерде сұйықтың булануы қолданыс алады. Буланудың жылдамдығы сыртқы орта жағдайларына тәуелділігі. Бұл түрлі технологиялық салаларда және қоршаған ортада күрделі мәселе болып есептеледі. Табиғаттағы су айналымы булану фазалары және көлемді конденсация арқылы жүзеге асырылатыны айту жеткілікті. Су айналымынан, планетаға күн сәулесінің әсер етуі немесе жалпы алғандағы тіршілік иелерінің қалыпты өмір сүруі сияқты құбылыстар тәуелді болып келеді. Сонымен, менің жұмысымның мақсаты – буланудың жылдамдығын түрлі орта жағдайларына байланысты зерттеу, яғни сұйық заттың түрінен,
СҰЙЫҚТАР ДАҒЫ БУЛАНУ
ҮРДІСІНІҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫН
ЗЕРТТЕУ.
Әр
түрлі технологиялық
Булану жылдамдығының температурадан тәуелділігін зерттедік. Ол үшін пластина, шыны, өсімдік майы, спирт, су, секундомер, термометр, тоңазытқыш, 3% су тотығы керек. Зерттеуді шыны пластиналарға шприц көмегімен сұйық заттарды тамызып сұйықтың булануын бақылаймыз.
Сұйық зат | көлемі | температура | Толық булануға кеткен күндер саны |
Спирт | 2 күн (шамамен 48 сағат) | ||
Су | 3 күн (шамамен 72 сағат) | ||
Су тотығы | 4 күн (шамамен 96 сағат) | ||
Өсімдік майы | 7 күн (шамамен 168 сағат) |
Ауаның температурасын өзгертіп, шыныны тоңазытқышқа саламыз.
Сұйық зат | көлемі | температура | Толық булануға кеткен күндер саны |
Спирт | 4 күн (шамамен 96 сағат) | ||
Су | 7 күн (шамамен 168 сағат) | ||
Су тотығы | 8 күн (шамамен 192 сағат) | ||
Өсімдік майы | 11 күн (шамамен 264 сағат) |
Зерттеудің нәтижесі бойынша әр түрлі температурада бірдей сұйық заттардың булануға кеткен уакыттары әр түрлі. Бірдей сұйық заттарда өтетін булану үрдісінің жылдамдығы аса жоғары температурада тез өтеді. Бұл осы үрдістің берілген физикалық параметрден тәуелділігін көрсетеді. Температураны төмендеткенде булану үрдісі ұзағырақ жүреді және керісінше жағдайда булану тез жүреді.. (1-сурет).
1-сурет
Булану үрдісінің өту жылдамдығы сұйықтың беттік ауданынан тәуелділігі. Ол үшін су, спирт, сағат, шприц, пластина, шыны, өсімдік майы, спирт, су, сызғыш, 3% су тотығы керек. Зерттеуді бастар алдында беттің ауданын формуласымен өлшедік. Шприц көмегімен пластинаға түрлі сұйықтарды тамызып, олардың толық булануын зерттейміз. Ауаның температурасы тұрақты ( ) өзгертілмейді.
Сұйық зат | көлемі | Ауданы, | Толық булануға кеткен күндер саны |
Спирт | 0,00422 | шамамен 12 сағат | |
Су | 0,00422 | шамамен 14,5 сағат | |
Су тотығы | 0,00422 | шамамен 19,6 сағат | |
Өсімдік майы | 0,00422 | шамамен 20,5 сағат |
Жағдайды өзгертіп, осы сұйық буланатын ыдыстың ауданын өзгертіп бақылаймыз.
Сұйық зат | көлемі | Ауданы, | Толық булануға кеткен күндер саны |
Спирт | 0,00283 | шамамен 23,5 сағат | |
Су | 0,00283 | шамамен 26,5сағат | |
Су тотығы | 0,00283 | шамамен 27,5 сағат | |
Өсімдік майы | 0,00283 | шамамен 28 сағат |
Зерттеу нәтижесі бойынша ыдыстың бетінің әр түрлі ауданына байланысты булану да түрлі уақыт аралығында өтеді. Көріп отырғаныздай, ауднаны үлкен ыдыстағы сұйық тез буланады. Бұл осы берілген физикалық параметрден тәуелді екенін көрсетеді. Ыдыстың ауданы кішірейген сайын булану уақыты ұзағырақ болады және керісінше.
2-сурет
Булану үрдісінің сұйық заттардың түріне, қасиетіне байланыстылығын зерттедік. Зерттеуге су, спирт, өсімдік майы, су тотығы, сағат, медициналық шприц, шыны пласниналар. Шприц арқылы пластинаға түрлі сұйықтарды тамызып, толық булану үрдісін бақылаймыз. Температура тұрақты өзгертпейміз. Температуралар барлық сұйықтарда бірдей болады. Спирттің, судың, майдың және су тотығының булану айырмашылықтарын оның алдында жасаған тәжірибеден аламыз. Осы сұйықтар әр түрлі уақытта толық буланады. Тәжірибеден көріп отырғанымыздай, спирт пен суда булану үрдісі, өсімдік майына қарағанда жылдам өтеді, яғни булану үрдісі сұйықтың түріне, қасиетіне тәуелді болатынын көріп отырмыз.
Қорытындылай келе, зерттеу барысында булану үрдісі бойынша әр түрлі ақпарат көздері қарастырылды. Булану үрдісінің жылдамдығына әсер ететін физикалық параметрлер анықталды. Булану үрдісінің жылдамдығына тәуелді физикалық параметрлер зерттеліп, алынған нәтижелерге талдау жасалынды. Теориялық болжамдар тәжірибе барысында дәлелденді. Сұйықтың булану үрдісінің өту жылдамдығы келесі физикалық параметрлерге байланысты:
Сонымен,
сұйықтың булану үрдісі температура, еркін
беттік аудан және сұйықтың түрі мен қасиеті
сияқты физикалық параметрлерге тәуелді
болады.
Пайдаланылған
әдебиет:
1 Фукс Н.А., Испарение и рост капель в газообразной среде Москва ,1953. – 88с.
2 Братсерт У. Х. Испарение в атмосферу. Перевод на русский язык.1985. - 352 с
3 Г.Я. Мякишев « Термодинамика»
4 Черноуцан
А.И., Анфимов М. Пока вода испаряется...
//Квант. — 1991. — № 11. — С. 31-33.
Информация о работе Сұйықтардағы булану үрдісінің жылдамдығын зерттеу