Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 20:47, научная работа
ҒАРЫШ— Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш "Жер төңірегіндегі" кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.
Ғарыш— ұғымы ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалатыны анық. Шынындада Ғарыш "Жер төңірегіндегі" кеңістікті қамтитын жақын ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс ғарыш болып ажыратылады. Осы тұста айтып кететін бір жағдай 12-сәуір бүкіл дүние жүзінде Әуе және ғарыш күні болып есептеледі. Мен бұл күні қуанамын, ғарышқа жазсам оған егіз сөз болған еліміздің мақтанышы«Байқоңыр » неге жазбасқа.Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Ірге тасы 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде , бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілген болатын. Байқоңыр- әлемдегі теңгесі жоқ бірден бір ғарыш айлағы.
Қорқыт атамыз «жер кіндігі» деп атаған жерде орналасқан дүние жүзіндегі бірінші ғарыш айлақ ретінде 20 ғасырдың символы болып табылатын, ғарышқа Жердің бірінші жасанды серігін және бірінші адамын аттандырған Байқоңыр айлағы болатын. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылған еді. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет ғарышқа ұшып батыр атанған Ю.А. Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды.Әттеген-ай дейтін жағдай бар ол өзіміздің байқоңырдың Ресейдің қолында болуы, жәнеде осыған дейін қазақ азаматтарының ішінде 2-кі ғана ағамыз бар.Олар: 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.
Қазақтың ғарыш индустриясы «Қазсат» жер серігі арқылы жаңа қырынан көрінді деуге толық қанағаттануға болады. Телефондық жүйе байланысынан бастап, халық шаруашылығы, оның ішінде ауыл шаруашылығы бойынша жер үсті мен астын мониторингілеу бағытында атқарылатын істер шаш- етектен Жерді егістікке дайындаудан бастап
оның миниралдық құрамын зерттеуге дейін түп-түгел ғарыш еншісінде борлмақ. Ғажап емес пе? Ал «Бәйтерек-Ангара» деп аталатын зымыран тасығыш кешеннің Қазақстандық бастамасы . Соған байындық. Бірақ неге екені іргелі жұмыс кешені созылып жатыр. Екпін алатын нүктенің табылмағаны ғой.»Қазсаттың»казіргі талпынысы көз қуантады.Бір кезде менің өзім бас болып құрған ғарыш агенттігі бүгінде іс-қимыл қорын тауысты деп ойласаймын.Елімізде жаңадан ғарыш басқарушы орган құрылуы тиіс. Қазіргідей ауқымды жұмыс басталардың алдында, ғарыш деп аузын ашқан барлық мекемелер бір арнаға тоғысуы тиіс, бірігу керек.
Тоқтар Әубәкіров. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мүсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды.
Байқонырдың –экологиялық жағдайы.
Бүгінде Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған космодром ол «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталып, қазір 6717 шаршыкилометр аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергі міне 40 жылда 1100 әртүрлі мақсаттағы космос аппараттары және 100-ден астам континентаралық баллисти-калық ракеталар ұшырылып сыналыпты. Сонымен қатар 38 түрлі соғысқа қажетті, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос кемелерінің 80–нен астам модификациялары да сыналған.
Космодромдардан ұшқан ракеталардың бірінші бөліктері Қарағанды облысындағы №25 зонаға түссе, екінші бөліктері сол облыстағы №4 зонаға, үшінші бөліктері де Қазақстанда орналасқан №310-шы зонаға (Шығыс Қазақстан) тұрақты түрде құлап, күз, қыс, көктемде дауылдар мен үсік, аяздарды, жазда қатты ыстықтардан басқа орман, дала өрттерін де көбейтуде.
Радиоактивті улы ракета сынықтары далаларымызда шашылып жатыр. Ракеталарда қолданылатын отындардағы улы, зиянды қоспалар, сауылдап түсіп жатқан ракета сынықтары да экологиялық зардаптар әкелуде. Ресей космос әскерлерінің негізгі стратегиялық базасы боп саналатын «Байқоңыр», мына алмағайып заманда, біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, еліміздің тәуелсіздігіне де үлкен қатер тудырып отыр. Екі-үш жылдан бері ондағы қазақтекті пенделердің көңіліне медеу болған бір жай бар. Ол – Қазғарыш агенттігі. Себебі, бұл үлкен ғимараттың төбесінде қазақтың көк Туы және Елтаңбасы көрініп тұрады. Бұл – олардың өз елінде өмір сүріп жатқанын есіне салатын жалғыз белгі.Осыдан кйін біз қалай тыныштанып тұрамыз. Осыншама кең байтақ жеріміз бар елміз , бірақ Байқоңырды қорғай алмасақ біз қандай мемлекетпіз.Бүгін Байқоңыр ертең тағы басқа жерлерді Қытай алса , бұдансоң қазақ жерінде деген атау ғана қалады.Біз бұл туралы әлдеде көп мәселелер бар қозғайтын.Ресей не істейді? ол жер бүлінсе өздерінің жері емес Қазақстанның жері бүлінеді емеспе! Байқоңыр – біздің мақтанышымыз екенін мойындауымыз керек. Өйткені, кешегі Кеңес заманында осы Байқоңырдан адамзат тұңғыш рет ғарышқа шықты. Қалай болғанда да, бұл сол замандағы ғылыми әлеуеттің жиынтығы болатын. Енді сол әлеует Қазақстанның жеріне келді. Сол ғарыш айлағы бізде болғандықтан екі азаматымыз: Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты. Ал бүгінгі күні біз «Қазақстан ғарыштық держава болатын ел» деген алдымызға мақсат қойып, біршама ғылыми жүйемізді қалыптастырдық. Өз обсерваториямыз қайта жұмыс істей бастады. Ғарыш жүйесіне байланысты Ғылым академиясының жанынан үлкен ғылыми топ жұмыс істейді. «Байқоңыр» ғарыш айлағы келтіретін зиянды айта отырып, оның қызметіндегі пайдалы жақтарын ұмытпаған дұрыс. Оған мына сандармен фактілер мағлұмат дәлел: Ғарыш айлағының жылдық жалға беру ақысы 115 млн.АҚШ доллар, бұл қаржы 5, 6%құрайды.оған қоса Ресей жалға алғалы бері «Байқоңыр» ғарыш айлағының обьектілерін қолдауға 280 миллион доллар, Байқоңыр қаласының тіршілік жағдайын қамтамасыз етуге 205 миллион АҚШ долларын бөлді, жылына17 миллион АҚШ долларына қазақстандық өндірушілер шығаратын электро энергиясын сатып алады, темір жолдар мен автожолдардағы тасмалдау ақысын, кеден салығын төлейді.Қызылорда , Шымкент, Қарағанды обылыстарынан тамақ өнімдерін сатып алады. Бүгінгі күнде Байқоңыр қаласында және Төретам мен Ақай серік ауылдарында тұратын 50мың Қазақстан азаматы Ресейдің «Байқоңыр» кешенінің қаржыландыруы арқасында жұмыс істеп жалақы тауып отыр. Ресей кәсіп орындары әр коммерциялық ғарыш аппаратын ұшырғанда экологиялық қауіпсіздік және зиян шегіп жатқан аймақтарда тұратын қазақ азаматтарының денсаулығын бақылау шараларына қаржы бөлу жөнінде келісімге қол қойды. Биылдан бастап аталған шараларды іске асыруға қол жетіп отыр.