Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 13:35, отчет по практике
Оқу-танысу тәжірибе біткеннен кейін мен оны рецензиялау және қорғау үшін ұсынамын. Тәжірибе бойынша есеп мекемедегі тәжірибе жетекшілерімен тексеріліп, қолдары қойылып, мөрі басылды. Тәжірибем туралы есепті, жетекшілердің пікірі және күнделікті кафедраға тәжірибе біткен соң тапсырамын.
Есепте оқу-танысу тәжірибе процесіндегі жасалған нақты жұмыстар және жеткен нәтижелерім мен оны орындағанда пайдаланған әдістер көрсетілді.
Кіріспе
1-бөлім. «Тамур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның құрылу тарихы
1.2 Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы
1.3 Кәсіпорын қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер
2-бөлім. «Тамур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау және бағалау.
2.1 Кәсіпорынның балансының құрамы мен құрылымын талдау
2.2. Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерін талдау
2.3. Кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігін бағалау
Қоcымшалар
Батыс экономистері меншік коэффициентін, жеткілікті жоғарғы деңгейде ұстап тұрған дұрыс деп ойлайды. Бұл өз кезінде қаржылардың көздерінің тиімді тұрақты құрылымын ұстап тұруға мүмкіндік береді.
2.3
Кәсіпорынның
төлемдік қабілетін
бағалау
Кәсіпорынның төлемдік қабілеті деп - оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша төлемдерді өз уақытында жүргізу қабілетін түсінеміз. Талдау процесінде ағымдық және перспективалық төлемдік қабілеті зерттеледі.
Ағымдық төлемдік қабілеті есептегі мерзімде баланс деректері бойынша оның төлемдік қаржыларын жедел міндеттемелермен салыстыру арқылы анықтаймыз. Төлемдік қаржылардың сомасын анықтау сұрағы бойынша әр түрлі көзқарастар бар.
Анағұрлым дұрысы - төлемдік қаржыларға ақшалай қаражаты, қысқа мерзімдік құнды қағаздары, себебі олар тез өткізіліп ақшаға айнала алады, сондай - ақ дебиторлық қарыздың қайтарылуы мүмкін болатын бір бөлігін жатқызамыз. Ал жедел міндеттемелерге ағымдық пассивтер, яғни міндеттемелер мен қарыздар; қысқа мерзімді банк несиелері ; тауарлар, қызметтер мен жұмыстар үшін кредиторлық қарызы, бюджетке және басқа заңды мен физикалық тұлғаларға кредиторлық қарыздарын жатқызамыз. Төлемдік қаржыларының оның
жедел міндеттемелерінен басым болуы кәсіпорынның төлемдік қабілеттігі жөнінде дәлел болады. Ал төлемдік қабілетсіздігі жөнінде есептегі және банктегі басқа есеп - шоттарында ақшаның болмауы, мерзімі өтіп кеткен банк кредиттері, қарыздары, қаржылық органдарға қарыздары, еңбек ақы бойынша төлем мерзімдерінің бұзылуы куә бола алады.
Кәсіпорынның төлемдік қабілетін анықтау үшін өтімділік көрсеткіштері пайдаланылады. Өтімділіктің екі концепциясы бізге белгілі:
I - сі бойынша қысқа мерзімдік өтімділік (1 жылға дейін) деп кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімдік міндеттемелерін төлеу қабілеті.
II -сі бойынша өтімділік - бұл ағымдық активтердің ақшалай қаржыларына айналу жылдамдығы деп түсінеміз. Мұнда жылдам оларды өткізу нәтижесінде ағымдық активтердің құнсыздануы деңгейі де ескеріледі.
Қысқа мерзімдік ликвидтілік болмауы кәсіпорынның өзінің іскерлік мүмкіндіктерін пайдалануға қабілетсіздігін білдіреді.
Өтімділіктің төмен деңгейі - бұл әкімшіліктің еркін іс - әрекетінің болмауы болып табылады. Өтімділіктің басқа күрделі зардаптарына кәсіпорынның өзінің ағым- дық қарыздары мен міндеттемелерін төлеуге қабілетсіздігін жатқызамыз. Себебі, бұл өз кезегінде кәсіпорынның ұзақ мерзімдік қаржылық бөлулері мен активтерін мәжбүрлік сатуына әкеледі, ал тіпті нашар жағдайларында - төлемсіздіктер мен банкротқа әкелуі мүмкін.
Тұрақсыз қаржылық жағдай тұтынушыларға да, жабдықтаушыларға да әсер етуі мүмкін. Бұл әсер жабдықтаушылармен контрактінің орындалуымен, оларды жоғалтумен мазмұндалады.
Өтімділік шараларының бірі ретінде айналым капиталы (ағымдық активтер) саналады. Ол бірнеше өтімділік көрсеткіштерін есептеу үшін пайдаланылады. Бұл ең алдымен таза айналым капиталы - ол ағымдық активтердің, ағымдық пассивтерден басым болуы мен беріледі. Егер ағымдық пассивтер ағымдық активтерден басым болса, онда айналым капиталы дефициті пайда болады.
Таза айналым капитал көрсеткіші ішкі және сыртқы талдау субъектілерімен пайдаланылады. Себебі ол кредиторлар қауіпсіздігін және күтпеген шығындарды қаржыландыру үшін резервті қамтамасыз етеді.
Ағымдық қатынастар - бұл ағымдық активтердің ағымдық пассивтерге қатынасы болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдық өтімділігін бағалау барысында үлкен көңіл бөлінеді. Оның кең пайдаланылуының негізгі себептеріне :
1 – ден ағымдық қатынас ағымдық активтердің ағымдық пассивтерді жабу деңгейін бейнелейді, бұл шама неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым қысқа мерзімдік міндеттемелерді төлеу сенімділігі көбірек болады. Сондықтан бұл көрсеткішті жалпы жабу коэффициенті деп те атауға болады.
2 – ден ағымдық активтердің ағымдық пассивтерден басымдылығы ағымдық активтерді сату немесе өтімділігі барысында зиянның пайда болуына кедергі жасайды.
Өтімділіктің келесі көрсеткіштерін есептейміз :
- ағымдылық өтімділік коэффициенті (ағымдық қатынас);
- қатерлі (жылдам) өтімділік коэффициенті ;
- абсолютті өтімділік коэффициенті.
Ағымдық
өтімділік коэффициенті
келесі түрде анықталады
:
Кағ.
өтім =
Мұндағы : ОК - ағымдық активтер, теңге
ТО
- ағымдық міндеттемелер, теңге
Оның теориялық жеткілікті деңгейі 2-2,5 шекарасында болады. Қатерлі өтімділік коэффициенті ақшалай қаржылар, жеңіл өткізілетін құнды қағаздар, дебиторлық қарызы сомасының ағымдық пассивтерге қатынасы арқылы есептелінеді. Оның теориялық жеткілікті деңгейі ≥1,0 шекарасында болады. Бұл коэффициент сондай – ақ өндірістік запастар мен шығындарды шегергендегі ағымдық активтердің ағымдық пассивтерге қатынасы ретінде анықталады.
Бұл жағдайда ликвидтерге дайын өнімді, түсірілген тауарларды жатқызамыз.
Абсолютті өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін құнды қағаздардың пассивтеріне қатынасы ретінде есептеледі . Бұл көрсеткіштің теориялық мәні - жеткілікті деп 0,2-0,5 тен жоғарғы мәні есептеледі.
Сонымен қатар жалпы активтер сомасындағы ақшалай қаржылар мен жеңіл өткізілетін құнды қағаздардың үлес салмағын есептеген де дұрыс.
Қатерлі өтімділік коэффициенті келесі формуламен анықталады:
Кқат
өтім =
Мұндағы : ДҚ - дебиторлық қарыз
АҚ-
ақша қаражаттары
Абсолютті өтімділік коэффициенті келесі формуламен анықталады:
Кабс.өтім
=
Мұндағы:
АҚ- ақша қаражаттары
1.
Ағымдық өтімділік
коэффициенті
2008 жылы Кағ. өтім = 90074 мың теңге /102108 мың теңге = 0,88
2009 жылы Кағ.өтім = 94010 мың теңге /114232 мың теңге = 0,82
Бұл
көрсеткіштің деңгейі өзінің нормативтік
деңгейінен әлдеқайда төмен (≥2-2,5),
яғни талданушы мерзім ішінде 0,88-ден
0,82-ге дейін төмендеу тенденциясына
ие болған. Кәсіпорын өзінің ағымдық
міндеттемелерін ағымдық
2. Қатерлі өтімділік коэффициенті
2008жылы Кқат.өтім =18903+508мың теңге/102108мың теңге = 0,19
2009жылы Кқат.өтім =9280+1540мың теңге/114232мың теңге= 0,09
Қатерлі
өтімділік коэффициенті көрсеткіші
талданушы мерзім ішінде қатты төмендеп
кеткен, және оның мәнi нормативтік
деңгейінен әлдеқайда төмен (≥0,7-0,8),
бұдан біз кәсіпорынның төлемдік
қабілеттілігі деңгейіне қатер
төніп тұр деп қорытындылаймыз.
3.
Абсолютті өтімділік
коэффициенті
2008 жылы Кабс.өтім = 508 мың теңге / 102108 мың теңге = 0,006
2009 жылы
Кабс.өтім = 1540 мың теңге /114232
мың теңге =0,013
Абсолютті өтімділік
коэффициенті талданушы мерзім ішінде
кішкене өскен, бұған себеп –
ақшалай қаржының көлемінің өсуі
болып отыр. Бірақ оның мәнi нормативтік
деңгейінен (0,2-0,5-тен жоғарғы
мәні есептеледі) төмен. Бұл көрсеткіштің
төмен өтімділік деңгейі
- бұл әкімшіліктің еркін іс-әрекетінің
болмауы болып табылады. Өтімділіктің
төменгі деңгейінің әсері кәсіпорынның
өзінің ағымдық қарыздары мен
міндеттемелерін төлеуге
4.
Ағымдық активтердегі
ақшалай қаражаттардың
үлесі
d = ақшалай қаражат
ағымдық активтер
2008 жылы d = 508 мың теңге = 0,007
90074 мың теңге
2009 жылы d = 1540 мың теңге = 0,016
94010 мың теңге
Ағымдық активтердегі ақшалай қаражаттардың үлесінің талданушы мерзім аяғына қарай өсуі ақшалай қаражат мөлшерінің өсу тенденциясымен түсіндіріледі.
3.3.1. кестеде
жауапкершілігі шектеулі
Ағымдық
пассивтер көлемі 12126
мың теңгеге өскен, кредиторлық
қарыз мөлшері де
15601 мың теңгеге өскен.
Кесте 3.3.1.