Оқу танысу тәжірбиесін өту бойынша есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 13:35, отчет по практике

Краткое описание

Оқу-танысу тәжірибе біткеннен кейін мен оны рецензиялау және қорғау үшін ұсынамын. Тәжірибе бойынша есеп мекемедегі тәжірибе жетекшілерімен тексеріліп, қолдары қойылып, мөрі басылды. Тәжірибем туралы есепті, жетекшілердің пікірі және күнделікті кафедраға тәжірибе біткен соң тапсырамын.
Есепте оқу-танысу тәжірибе процесіндегі жасалған нақты жұмыстар және жеткен нәтижелерім мен оны орындағанда пайдаланған әдістер көрсетілді.

Оглавление

Кіріспе

1-бөлім. «Тамур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның құрылу тарихы
1.2 Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы
1.3 Кәсіпорын қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер
2-бөлім. «Тамур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау және бағалау.
2.1 Кәсіпорынның балансының құрамы мен құрылымын талдау
2.2. Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерін талдау
2.3. Кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігін бағалау
Қоcымшалар

Файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 103.91 Кб (Скачать)

    Кәсіпорынның   қаржылық   жағдайы   оның   қалыпты   өндірістік,   коммерциялық   және   басқа   қызмет   түрлерін   жүзеге   асыру   үшін   қажетті   қаржылық   ресурстармен   қамтамасыз   етілуі   мен   оларды   тиімді   орналастыру   мен   пайдаланумен,   басқа   шаруашылық   субъектілерімен   қаржылық   өзара   қатынастарымен,   төлемдік    қабілеті   мен   және   қаржылық   тұрақтылығымен   сипатталады.   Кәсіпорынның   өз   уақытында   төлемдерін   жүргізіп   отыру   қабілеті   оның   қаржылық   жағдайының   жақсы   екендігіне   дәлел   болады.

    Кәсіпорынның   қаржылық   жағдайы    өндірістік,   коммерциялық, қаржылық    қызмет   нәтижелеріне   байланысты.   Үздіксіз   өнім   шығысы   мен   жоғарғы   сапалы   өнімді   өткізу   кәсіпорынның   қаржылық   жағдайына   тиімді   әсер   етеді.   Ал   өндірістік   процестегі   үзілістер,   өнім   сапасының   төмендеуі,   оның   өткізумен   байланысты   қиындықтар   кәсіпорынның    есеп – шотына    түсетін   қаржылардың    түсетін   көлемінің   азаюына    әкеледі.   Нәтижесінде   оның   төлемдік   қабілеті   төмендейді.

    Ақшалай қаржылардың болмауы материалдық  ресурстармен   қамтамасыз  етудегі  үзілістерге   әкеледі.

    Кәсіпорынның  практикалық жұмысында жақсы  жұмыс істейтін   кәсіпорындарда да қаржылық ресурстарды тиімді орналастыру  мен   пайдалану   жеткіліксіздігімен    байланысты қаржылық   қиындықтар   болуы мүмкін. Сондықтан қаржылық қызметі  қаржылық    ресурстардың   тиімді   пайдалануы    мен   жүйелі   түсімін    қамтамасыз   етуге,   есептік   және   несиелік   тәртіп    сақтауға,   өзіндік   және   қарыздық   қаржылардың    тиімді   қатынасына   әкетуге,   кәсіпорынның  -   тиімді   жұмыс   жасау   мақсатында   қаржылық   тұрақтылыққа   бағытталуы   тиіс.  

    Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайы тек  өндірістік- экономикалық факторлар  жиынтығы ғана емес, сондай–ақ оның қаржылық    қатынастарының барлық элементтерінің өзара іс-әрекет жасау  нәтижесі    болып  табылады.

      Қаржылық   жағдай  -  ағымдық   және   перспективалық   төлемдік   қабілеті,   айналымдылық,   өзіндік   және   қарыздық    қаржылар   мөлшері,   оларды   пайдалану   тиімділігі   және   тағы   басқалар   сияқты    көрсеткіштер   жүйесін   сипаттайды.

      Қаржылық   жағдайдың   ішкі   және   сыртқы   талдауын   бөліп    айтамыз.   Ішкі   талдау  -  кәсіпорынды    басқару   қажеттері   үшін   жүзеге   асырылады.   Оның    нәтижелері   қаржылық   жағдайды   жоспарлау,   бақылау   мен   болжамдау   үшін   пайдаланылады.    Сыртқы   талдау  -  жарияланатын   информацияны   пайдаланушы   талдау   субъектілерінің   барлығымен   жүргізіледі.    Бұл   талдау   мазмұны   қаржылық   ресурстар   меншік   иелері   мен    бақылаушы    органдар     көзқарастарымен    анықталады.

      Ішкі  және  сыртқы талдаудың негізгі  міндеттері   ретінде  есептелінеді:

  • қаржылық  жағдайдың  жалпы бағалануы және  оның   өзгерістерінің   факторларын   зерттеу;
  • қаржылары   мен   оның    көздері   арасындағы,    олардың   тиімді    орналасуы   мен   тиімді   пайдаланылуы    арасындағы   сәйкестікті    зерттеу;
  • қаржылық,   есептік   және  несиелік тәртіпті   сақтау;
  • кәсіпорынның өтімділігі   мен   қаржылық   тұрақтылығын  анықтау.
  • қаржылық   жағдайдың   тұрақтылығын   ұзақ   мерзімдік   және   қысқа   мерзімдік    болжамдау   т.б.

      Бұл   міндеттерді   шешу   үшін   келесіні   зерттеу   қажет:

  • кәсіпорынның   қаржыларының   құрамы   мен   құрылымы;
  • олардың   өзгерістерінің    себептері мен   зардаптары;
  • кәсіпорынның   қаржыларының    көздерінің    құрамы   мен  
  • құрылымы;
  • олардың    өзгерісінің    себептері    мен    зардаптары;
  • ұзақ    мерзімдік    активтердің   құрамы,    құрылымы    мен    өзгерістерін   зерттеу;
  • өндіріс   пен   айналым   сферасындағы    ағымдық    активтердің    құрамы   мен   құрылымы,    оның   өзгерістерінің    себептері    мен    зардаптарын    зерттеу;
  • дебиторлық    қарыз     ликвидтілігі    мен    сапасы;
  • қаржы   көздері    құрамы    мен   құрылымы   және    оның    өзгерістерінің    себептері   мен   зардаптары;
  • төлемдік   қабілеттілігі   және    қаржылық    бейімділігі;
  • активтердің   пайдалану   тиімділігі   мен    инвестициялар    қайтарымдылығы.

          Кәсіпорынның    қаржылық   жағдайын    талдау    үшін    информацияның    негізгі    көзі    ретінде    бухгалтерлік   баланс    есептеледі.    Қазіргі    кезде    пайдаланылатын    кәсіпорын    балансы   нарықтық    экономика     жағдайында    өз    мазмұны    бойынша    мемлекеттік    отандық    стандарттарға      жақындатылған.

     3.1.1  кестеде    «Тамур»     жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің     қаржы  құрамы   мен   құрылымын   талдау    деректері    берілген.  

          Кесте   деректері   бойынша    кәсіпорынның   жалпы  қаржы көлемі   2008  жылы   90 609  мың   теңгеден   2009   жылы   98 767   мың   теңгеге   дейін өсті.    2008  жыл мен    2009   жылдарды  салыстырсақ, онда     8 158  мың   теңгеге,   яғни  9% - ға өскенін байқаймыз.   Ұзақ   мерзімді   активтер   сомасы   өткен   жылмен   салыстырғанда   4 201   мың   теңгеге   өскен.  Ағымдық   активтер   3 956   мың   теңгеге,   4,4 %- ға    өсіп   отыр.   
 
 
 
 
 
 

2.2  Кәсіпорын активтерінің      қалыптасу   көздерін   талдау

     Кәсіпорын негізгі, айналым қорларын  және  материалдық емес    активтерін меншіктік және қарыздық  (кірістірілген)  қаржы көздері  есебінен    алады. Оларды бағалау үшін баланс пассивіндегі деректері     пайдаланылады.

      Меншіктік  айналым   қаржылары  -  бұл    кәсіпорын    қарамағындағы    және    өзіндік    ресурстар   (пайда және тағы  басқа)  есебінен  құралатын    қаржылар.  Меншіктік  айналым  қаржыларының  қозғалысы  процесінде    олар   өзіндік  қаржылардың      бір   бөлігі    ретінде     авансіленген    еңбек    ақы, бірақ    уақытша    бос    жүрген    қаржылармен    берілуі    мүмкін.

Бұл    қаржыларды    меншіктік    қаржыларға    теңестірілген   немесе  тұрақты    пассивтар    деп    атайды.

      Қарыздың    айналым    қаржыларына  -  банк несиелері,   кредиторлық    қарызы   (коммерциялық    кредит    және  басқа   пассивтер    жатады.

      Кәсіпорынның    тиімді    жұмысы  -   бұл  минимальды     шығындармен      максимум    нәтижелерге    жету    болып    табылады.      Шығындарды     минимализациялау   -   бұл    ең    алдымен    кәсіпорынның    айналым     қаржыларының    қалыптасу    көздерінің    құрылымын    оптимизациялау    есептеледі,    яғни   өзіндік    және    қарыздық     ресурстардың    тиімді    сапалы      түрде     үйлесуі     есептеледі.

      Кәсіпорынның     айналым    құралдары    үнемі     қозғалыста  болады     және    айналым    жасап    отырады.     Айналым    сферасынан     олар    өндіріс    сферасына    өтеді,    содан   кейін    өндіріс    сферасынан     қайтадан    айналым    сферасына    өтеді.

     Ақша    қаржылардың    айналысы     кәсіпорынның   өзінің    материалдық     ресурстарын    және    басқа    элементтерін    сатып    алу    сәтінен    басталады     және    осы    шығындардың    өнімді    өткізуден    түскен    түсімі      түрінде     қайтарылады.     Содан    соң   ақшалай     қаражаттар    қайтадан     кәсіпорынмен     материалдық      ресурстарды    сатып    алу    үшін    және    оны    өндіріске    еңгізу    үшін     пайдаланылады.   

Кесте  3.2.1

Меншіктік  және  қарыздық  қаржы  көздерінің  құрамы  мен

құрылымына  талдау 

Көрсеткіштер 2008жыл 2009жыл Ауытқу

2008/2009

мың

теңге

% мың

теңге

% мың

теңге

%
1. Барлық  кәсіпорын қаржысы, оның  ішінде 133759 100 155230 100 21 471 16
1.1. Меншікті  капитал 31653 23,71 40998 26,4 9 345 29,5
1.1.1. Жарғылық  қор 82 0,08 2480 1,6 2 398 -
1.1.2. Қосымша  төленбеген капитал 107738 79,07 107738 68,1 - -
1.1.3. Бөлінбеген табыс (зиян) -74167 -55,4 -67220 -43,3 - -
1.2. Қарыздық  капитал 102108 76,29 114232 73,6 12 126 11,8
1.2.1.Ұзақ  мерзімді 

несиелер

- - - - - -
1.2.2.Қысқа   мерзімді  несиелер 2525 1,9 2070 1,3 -475 -18,8
1.2.3.Кредиторлық  қарыз 99581 74,39 112182 72,3 12 601 12,6

 

    Кәсіпорынның    меншіктік    және    қарыздық    қаржы     көздерінің     құрамы    мен    құрылымына    талдау     жасайтын   болсақ     3.2.1.    кестенің      мәліметтері    бойынша  талданушы  мерзім ішінде кәсіпорынның  барлық    қаржы    көлемі     16, % -ға    өсіп   отыр,   оның    ішінде    меншікті    капитал     көлемі    29,5%-ға,    қарыздық    капитал  көлемі 11,8 %- ға   өсіп   отырғанын   байқаймыз.    Меншікті капитал  құрамында  жарғылық қор көлемі 82 мың тенгеден 2008 жылы 2480 мың теңгеге  дейін 2009 жылы өскен.  Бұл кәсіпорынның өндіріс ауқымын ұлғайту мақсатында жасалған шараларының бірі болып  табылады. Қосымша төленбеген капитал  көлемі екі жылда да 107738 мың тенге  құраған. Кәсіпорында өткен жылдардың  бөлінбеген зиян мөлшері жыл сайын  алынған табыс есебінен кішкене  азайған. Талдау    мәліметтеріне   қарай    отырып,   2007    жылы    меншіктік   қаражат  құрамында басым үлес салмаққа қосымша  төленбеген капитал 79,07 %  - дан 2003 жылы 68,1%-ға дейін 2009жылы  төмендеп,   құрағанын көреміз.      Ал   жарғылық   қор   көлемі  үлесі 0,08%дан 2008 жылы 1,6% - ға дейін 2009 жылы  ұлғайғандығын байқаймыз.    Бөлінбеген зиян көлемі 74167 мың тенгеден 2008 жылы 67220 мың теңгеге дейін 2009 жылы  төмендеген. Жалпы кәсіпорын қаражаты көлемінде меншікті капитал үлес салмағы 23,71%-дан 2008 жылы 26,4%-ға дейін 2009 жылы артқан, бірақ қарыздық капитал көлемі одан басым үлес алған. Оның үлес салмағы 76,29%-дан 2008 жылы 73,6%-ға дейін 2009 жылы өскен. Яғни кәсіпорынның сыртқы қарыздық көздерге тәуелділігі артып отыр. Қарыздық қаражат құрамында ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар орын алмаған, яғни кәсіпорын кірістірмеген, ал қысқамерзімдік қарыздары мен несиелері орын алған.

    Меншіктік көздердің оның жалпы сомасына қатынасы меншік    коэффициенті деп  аталады. Бұл коэффициент кәсіпорынның  меншік иелері   мен акциялар, қарыз берушілер,  кредитор  иелері  арасындағы  көзқарастар қатынасын  сипаттайды.  

    Км = МК / ЖК 

    мұндағы: МК-меншікті капитал;

            ЖК- жалпы капитал. 

    2008 жылы    Км =31653 : 133759 = 0,23

    2009 жылы     Км =40998 : 155230 = 0,26 

    Талданушы кәсіпорында бұл көрсеткіштің мәнi соңғы екі жыл ішінде кішкене  өскенмен, бұл шама өте төмен болып  табылады. Оның тиімді мәнісі 50 пайыздан жоғары болуы тиіс. Ал біздің кәсіпорында  оның шамасы өте төмен, яғни бұл кәсіпорынның  қаржылық жағдайының нашарлығы жөнінде, қаржылық тұрақтылығының төменгі дәрежесі жөнінде дәлел болады.

Информация о работе Оқу танысу тәжірбиесін өту бойынша есеп