Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:37, лекция
Жергілікті өкілді органдар (депутаттар Құқықтық мемлекет құру тұжырымдамасына орай, қаржылық бақылауды жүзеге асырудағы заңшығару органдарының рөлі күшейе түседі. Сондықтан да, бақылау субьектісі ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің функциялары мен тиісті бақылау түрі – парламенттік (депутаттық) бақылау түрі бөліп көрсетіледі. Мемлекеттік шығыстар: мемлекеттік бюджеттің шығыстарын туғызатын, кез келген іс-шараны бекіту кезінде; бюджетте көрсетілген шығыстардың қабылданған заңдардың мақсаттарына сәйкестігін тексеру кезінде аталған бақылау обьектісі болып қатысады.
Дамыған мемлекеттердегі Парламенттік, президенттік және үкіметтік бақылау-тексеру жүйелері параллель және өзара тығыз байланыста жұмыс жасайды.
РФ-ның қолданыстағы заңнамалары мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына бірқатар министрліктер мен ведомстваларды жатқызады, бірақ та оған Ресей Федерациясының қаржы Министрлігі мен Есеп палаталары кірмейді, оларды бақылаушы органдарға жатқызуға болмайды, өйткені олар, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, өздерінің бақылау функциялары бөлігі бойынша, басты түрде, өз ведомсволық мүдделеріне қызмет етуі мүмкін. Қаталдау түрде айтатын болсақ, Ресей қаржы Министрлігінің бақылау-тексеру қызметін де ведомстволық орган деп есептеу көзделеді. Бірақта ол дәстүр бойынша, негізінен, жалпы мемлекеттік функцияларды орындайды.