Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 15:41, реферат
Осы жұмыстың тақырыбы «Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметі». Бұл жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде мемлекеттің экономикалық қызметінің жалпы теориялық аспектілері туралы, яғни мемлекеттің экономикалық қызметінің рөлі мен маңызы туралы айтылған. Екінші бөлімінде әлеуметтік мемлекет түсінігі және қызметтері жайлы сөз қозғалған. Үшінші бөлімінде мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметті одан әрі жетілдіру туралы айтылған.
Әлеуметтік мемлекеттің үшінші
функциясы - әлеуметтік қорғау. Оның
пайда болуы, ең алдымен,
Әлеуметтік мемлекеттің бесінші
функциясы – еңбекпен
Әлеуметтік мемлекеттің барлық
жиынтығы – негізінде
Әлеуметтік мемлекеттің жетінші функциясы – мемлекеттік саясат жүргізу. Бұл функция әлеуметтік мемлекет дамуындағы жаңа құбылыс. Ол интеграциялау негізінде әлеуметтік мемлекеттің механизмі арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік саясатты жүргізу құрылымдағы өзгерістерге, олардың материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты топтар арасындағы қоғам мен оның мүшелерінің өзара арақатынасына қатысты мемлекеттің жалпы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ынтымақтастық принциптерін жеке жауапкершілік принциптерімен толықтыруды, оларды біріктіруді ұсынады. Орталық және аймақтық билік органдары өзара көмек көрсету мен қорғау, әлеуметтік қамсыздандырудың қажетті құрылымын құруға қабілетті әлеуметтік топтарды қолдауға өз күшін жұмсауға міндетті. Мұндай топтар кәсіби құрылымдарды, жергілікті қауымдарды, коопертивтерді, аймақтық ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді т.б. біріктіреді. Практикалық тұрғыда мемлекет, ең алдымен, жеке жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етуге тиісті. Жеке меншікті тануға негізделген экономикалық салада адамдардың іскерлік белсенділігін арттыруға қажетті жағдай жасау қажет.
3.
Мемлекеттік экономикалық
және әлеуметтік қызметтерін
жетілдіру жолдары
Соңғы жиырма жылдың бедерінде, Қазақстанда мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан реформалар, дамыған мемлекеттердің кадрларды басқару тәжірибесін саралаудың өзектілігін арттыруда.
Оған қоса Еліміз Президентінің Жолдауында Қазақстанның әлемдегі дамыған және бәсекеге қабілетті ең алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына қосылу қажеттігін алдымызға мақсат етіп белгіленді.
Демек, Қазақстанды алда әлеуметтік экономикалық және саяси демократиялық жандандырудың жаңа дәуірі күтіп тұр.
Ол үшін, аталған Жолдауда Қазақстанның даму барысының басымдылықты жеті бағыты айқындалды. Яғни, серпінді түрде дамуға заманауи, бәсекеге қабілетті, ашық экономикасы, демократиялық қоғамы бар, барлық тұрғындардың өмірі жоғарғы талаптағы әлеуметтік стандарттармен қамтылған, құқықтық нығайған, басқа ұлттармен келісе отырып мемлекеттік тілі және қазақ халқының мәдениеті дамыған, геосаяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігі қамтылған халықаралық қауымдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде қалыптасуымыз керек.
Әрине, бұл мақсаттарға жетуіміз үшін өзімізден көш ілгері алда тұрған елдердің тәжірибесін жете зерделеп ел басқару, экономика, әлеуметтік саланың қайсыбір түрінде болсын заманауи тәсілдерді енгізуге тиіспіз. Қызметшілер мен мамандарды және басқару кадрларын даярлауға қажетті халықаралық стандартқа сай академиялық орталықтар, шет мемлекеттердің ұлттық оқыту ұйымдарымен біріккен басқару мектептерін ашуға, ондағы оқытушылардың сапалық құрамын жоғары талапқа сай қалыптастыруға жуық уақытта қол жеткізуіміз керек.
Бұл ретте, мемлекеттік қызмет саласында сыртқы тәжірибелерді саралаудың маңызы ерекше екендігі сөзсіз. Дегенмен де, мемлекеттік қызмет барлық әлемде экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды бір құрамдас бөлігі болып қалыптасқан, ал атқарушы биліктің әрекетке қабілетті аппаратын құрудың өткір проблемасы көптеген елдердің алдында тұрған мәселе.
Басқарудың мемлекеттік әкімшілік жүйесі дамыған елдерде олардың мемлекеттік қызмет институттарын ұтымды ұйымдастыруымен, шенеуніктердің кәсіпқойлығы мен құзыреттілігі және көп реттерде олардың қызметін бақылаудың жақсы жолға қойылғандығымен айқындалатын жоғары тиімділігімен ерекшеленеді.
Сондықтан да, Қазақстан үшін басқару саласында едәуір нәтижелерге қол жеткізген АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония сияқты мемлекеттердің тәжірибесі ерекше қызығушылық танытады.
Дамыған елдердің мемлекеттік басқару саласында, кадр әлеуетін басқару мемлекеттік басқару теориясында да іс жүзінде басым бағыт болып табылады. Мемлекеттік қызметті реттейтін заңнамалар экономикада, саясатта және әлеуметтік салада болатын ауытқулардың әсерінен өзгерістерге ұшырап, толықтырылып отырады.
АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Францияда заманауи мемлекеттік қызметтің негізі мәселен бізден бір ғасырдан астам уақыт бұрын қаланған. Бұл, барлық дамыған елдерде мемлекеттік қызметтің ірге тасының қаланып, керегесін тіктеу процесінің ұзақ уақыттар бойы жүретіндігін көрсетеді.
Халықаралық тәжірибені саралау нәтижесі негізінен әлемде екі анық белгіленген мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасқандығын көрсетеді – бірі мансаптық жүйе — Германия, Жапония, Австрия елдерінде қалыптасса, келесісі позициялық модель — Ұлыбритания, АҚШ, Канада елдерінде қалыптасқан.
Жапонияның
мемлекеттік қызметшілерінің
Қазақстан үшін АҚШ-тың мемлекеттік қызметке мамандарды іріктеу тәжірибесі актуальды және тиімдірек деп ойлаймын. Іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізіледі: басшылар үшін арнайы оқу бағдарламаларынан табысты өту, басқару тәжірибесі және кәсіби машықтарының болуы. Барлық кандидаттар ғылыми-зерттеу орталықтарының, мемлекеттік билік органдарының және жеке компаниялардың ең тиімді қызмет атқаратынының жұмысын зерделеу негізінде, сонымен қатар персоналдарды басқару саласының мамандарынан және мемлекеттік қызметшілердің өздерінен түсетін ұсыныстар негізінде жасалынатын басқарушылық құзыреттілігі моделіне сәйкес бағаланады. Бұл модель басқарудың барлық деңгейі үшін ортақ және әлеуетті лидерлерді анықтау, оқу бағдарламаларын жасау, басшылардың кәсіби даму жоспарын құру үшін методикалық негіз болып табылады.
Реформалауда
озық нәтижеге қол жеткізген елдердегі
мемлекеттік қызметшілерге
Шетелдердегі мемлекеттік қызметшілерді даярлау және біліктілігін арттыру мәселесіне келсек – көп жағдайда оларды үздіксіз оқыту дәйекті, қатал және тиімді жүйені сипаттайды. Оқытудың жалпы бағыты білімді беру ғана емес, әрбір шенеуніктің нақты қызмет дәрежесіне сәйкес ойлау қабілеті, машықтары, құзыреттілігі және тәртібіне байланысты болады. Осыған сәйкес біліктілікті арттыру мерзімінің басым көп уақыты нақты тәжірибемен танысуға, оқытудың белсенді тәсілдеріне жұмсалады.
Бүгінгі күні еліміздің мемлекеттік қызметі интенсивті қарқында дамуда. Әрине, техникалық және экономикалық прогрестің өсуіне сәйкес оның ұйымдастырушылық тетіктерінің де дами түсетіндігі заңды құбылыс.
Қазақстанда
мемлекеттік қызметтің
Демек,
бәсекеге қабілетті ең үздік 50 мемлекеттің
қатарына ену үшін Қазақстанда заманауи
мемлекеттік қызметшілердің корпусын
басқарудың тиімді моделін жасауда
әлемдік тәжірибелерді
Алдағы бес жылға арналған ЖІӨ өсуі бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді көрсететін индикатор ретінде Үкімет өз алдына 2009 – 2013 жылдары ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуін 5,5 % қамтамасыз ете отырып 2015 жылға дейін индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ-ді үш еселеуді қойып отыр.
Қазақстанның
ашық экономикасы жағдайында сыртқы
инфляциялық қысымға қарсы
Экономикалық саясаттың мақсаты - монетарлық, фискалдық, сондай-ақ құрылымдық саясаттардың құралдарын тиімді пайдалану арқылы экономиканың теңгерімді және сапалы өсуін қамтамасыз ету.
Қойылған міндеттерді орындау үшін ақша-кредит, фискалдық, сондай-ақ құрылымдық саясаттардың құралдарын теңгерімді пайдалануды қамтитын макроэкономикалық саясатты іске асырудың біртұтас жүйесін қалыптастыру қажет.
Ақша-кредит саясаты баға мен қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын әлемдік және отандық экономикалардағы ахуалдың өзгеруіне байланысты қалыптастыратын болады. Қысқа мерзімді ноталар шығару, ЕДБ депозиттерін тарту, барынша аз резервтік талаптар ақша-кредиттік реттеудің негізгі құралдары болып қала береді. Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкалар ақша нарығындағы қалыптасатын ахуалға байланысты реттелетін болады.
Ішкі валюта нарығында Ұлттық Банк теңгенің айырбас бағамының қысқа мерзімді шұғыл құбылуына жол бермейтін болады.
Фискалдық саясат макроэкономикалық орнықтылыққа зиянын тигізбей экономиканың дамуын ынталандыруға бағытталатын болады. Жұмыспен қамтудың, өндіріс пен кірістердің өсуін қамтамасыз ететін мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдығы мен тұтыну сұранысының елеулі өсуін туындататын және инфляциялық қысымды күшейтетін мемлекеттік шығыстарды шектеу бойынша міндеттер арасындағы оңтайлы теңгерім сақталатын болады.
Осы мақсаттар үшін, бюджет шығыстарын шектеу емес, номиналды ЖІӨ-нің өсу қарқыны деңгейінде бюджет шығыстарының өсуін көздейтін мемлекеттік шығыстардың қалыпты саясаты жүргізілетін болады, бұл жиынтық сұранысты іскерлік белсенділіктің өсуіне кедергі келтірмейтін деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Шығыстардың жоспарлы деңгейін ұстап тұру, бюджет кірістерінің төмендеуін (ұлғаюын) бірдейлеу Ұлттық қордан кепілді трансферт мөлшерін және бюджет тапшылығын реттеу арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Әзірленетін жаңа Салық кодексі шеңберінде бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканы жаңғырту үдерісін жеделдету мақсатында экономиканың шикізат емес секторының салықтық жүктемесін төмендету көзделген.
Құрылымдық
саясат капитал ағынын әртараптандыру
және экономиканың салаларын құрылымдық
реттеу есебінен экономиканың шикізаттық
емес «саудаланатын» салаларының үлесін
ұлғайтуды көздейтін прогрессивті құрылымдық
ілгерілеуді жүзеге асыру үшін негізгі
капиталдың жалпы жинақталуының жеткілікті
үлесін қолдау арқылы сапалы экономикалық
өсуді қамтамасыз етуге бағытталатын
болады.