Мемлекеттің экономикалық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 15:41, реферат

Краткое описание

Осы жұмыстың тақырыбы «Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметі». Бұл жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде мемлекеттің экономикалық қызметінің жалпы теориялық аспектілері туралы, яғни мемлекеттің экономикалық қызметінің рөлі мен маңызы туралы айтылған. Екінші бөлімінде әлеуметтік мемлекет түсінігі және қызметтері жайлы сөз қозғалған. Үшінші бөлімінде мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметті одан әрі жетілдіру туралы айтылған.

Файлы: 1 файл

реферат.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

     Қызмет  түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік  ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы мүмкін.

     Қызмет  түрін ерікті таңдауға қойылатын шектеудің мәні мынада, адам сауда жасауға заңды тыйым салынған заттарды ста алмайды, адамдарды заңсыз емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен айналысу және т.б.

     Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек  қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Оның қарастырылған “Азаматтық құқық” тарауындағы азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті – қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек.

     Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан  уақытша шеңберде әрекет етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер  шарттың әрекет етуі мерзіміне байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды.

     Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.

     Егер  қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді.

     Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге  оның атқаратынынан артық талап  қоя алмайды. Қызметкер еңбек  шарты бойынша өзіне алған  міндеттерді орындаудан жалтара алмайды.

     Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен  денмаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы  тиіс.Қызметкердің толық қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін  қанағаттандыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға(жалғастыруға), т.б. мүмкіндігі болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына(сұранымдарына) сәйкес белгіленеді.

     Жұмыс уақыты. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар. Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады.. 
 Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:

     - экономиканың қызмет ету үшін  құқықтық негіздерді құру мен  реттеу;

     - монополияға қарсы реттеу;

     - макроэкономикалық тұрақтандыру  саясатын жүргізу;

     - ресурстарды орналастыруға ықпал  ету; 

     - табыстарды бөлу аясындағы қызмет;

     - мүліктік қатнастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.

     Заңдық  базаны құру – бұл барлық тауар  өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің  өзі іс - әрекетінде жетекшілікке алуға  тиісті экономикалық агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және мемлекет арасындағы өзара қатнастарды анықтайтын заңдар мен нормативті актілерді атап өтуге болады.

     Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен,  жұмыспен толық қамтамасыз етілуімен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.

     Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты  болуы мүмкін. Әрбір нақты  жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу және т.б. – құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.

     Бәсекелестік  тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу - әлеуметтік топқа жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қолданылған, табыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына алады.

     Мемлекеттік меншік – сату-сатып алу объектісі  болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік  меншіктің қалыптасу көзі мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.

     Қазақстанда жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуына орай, ашық-құқылы институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси  өзгерісті қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау.

     «Қазақстан  дамуының жаңа белесіндегі «Қазақстан-2030»  Стратегиясында» біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың және мемлекеттік  қызметті және кадрлық саясатты қайта  құрудың 30 маңызды бағыттары анықталды. Аталмыш маңызды тарихи құжатта мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буыны корпусын жаңартуға арналған дәйекті бағам, біліктілігі дәрежесіне орай талаптар орнату, іріктеу, дәуірлес кезеңде кадрларды мемлекеттік аппарат қажеттілігін және болашағын есепке ала отырып оқыту сияқты бағыттарға басымдылық белгіленген.

     Реформа Қазақстанда тиімді, заманға сай  мемлекеттік қызметті және сауда  экономикасына оңтайлы басқару  құрылымдарын құруға бағытталған.

     Мемлекеттік басқармаларды реформалаудың басым  бағыттарының бірі кадрларды алу, даярлау әрі алға жылжыту. Мемлекеттік қызмет беделін құру және қолдау стратегиялық мақстын қою қажет.

     Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасының маңызды бөлімі басқарма жүйесін кадрлармен бекіту болып  табылады. Бұл жерде  Халықаралық конференция қатысушыларының 21 ғасыр шегіндегі мемлекеттік басқарманы жетілдіруге қатысты ұсыныстары маңызды рөлді ойнады.

     Бірыңғай  кадрлық саясатты жүргізу үшін, республикалық  және жергілікті деңгейде, Қазақстан  Республикасы президенті арқылы, ақпараттық-аналитикалық қамту қызметімен және оның аймақтағы сәйкес құрылымдық бөлімшелерімен берге, кадрлық саясат және мемлекеттік қызмет мәселелеріндегі мемлекеттік органдар қызметінің координациясын қамту, мемлекеттік қызметкерлер туралы мәлімет банкін құру және оларға дәрежелік категорияларды беру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік орган құру қажет деп танылды.

     Органдардың есеп жүйесін және органдардың дерек  есептілігін құру, мемлекеттік қызметкерлерді дайындауға және қайта даярлауға  бірыңғай мемлекеттік қалып орнату, оқу орындарының міндетті түрде лицензиясы болуын қадағалау және меншіктік қалпына қарамастан сондай қызметтерді енгізетін орталықтар құру; кәсіби деңгейін, басқару персоналы жұмысының сапасын анықтайтын жүйені жетілдіру және енгізу, жұмысшылардың мемлекеттік қызметі барысында әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік басқару тәжірибесінде ұлттық нақышты ескеру, әйелдерді мемлекеттік басқару аясына белсендірек тарту, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту барысында орталық-азиялық елдердің ықпалдастығын дамыту және т.б. ұсынылды, осының барлығы Қазақстан Республикасында мемлекеттік кадрлық қызметтің ары қарай жетілуіне, мемлекеттік қызмет институтының дамуына септігін тигізеді.

     Мемлекеттік аппаратты жаңартуға себепші  болатын келесі батыл шаралар, азаматтарды әкімшілік қызметке алуда міндетті түрде іріктеу конкурсын енгізу және қызметте алға жылжуы болып табылады. Бұл жерде кадрлық саясат азаматтардың конституциялық құқығы бойынша қоғамның барлық қабаттарында тіреуіш болатын мемлекеттік қызметке теңдес рұқсаты механизмін жетілдіруге бағытталады.

     Мемлекеттік қызметті Реформалаудың маңызды  бағыты жемқорлықпен күрес болуы  қажет. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында тұлғалардың лауазымына қарамастан аясуыз жемқорлықпен күреске аса  назар аударылады. Кадрлық саясат пен мемлекеттік тәжірибеде аталмыш бағыттың жүзеге асу механизмі азаматтардың құқы мен бостандығына бағытталған, мемлекеттік қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың, лауазымды және басқа тұлғалардың нәтижелі қызметін қамтамасыз ету, және кінәлі жақты жауапкершілікке тарту жолдарымен шешілетін болады. Жемқорлықпен белсенді күресуде, басқару корпусының үнемі жаңартылып отыруы, мемлекеттік аппараттың кезекті қысқартылуы, тікелей яки жанама жемқорлыққа жол беретін жағдайлардың алғышарттарын әшкерелеуге стратегиялық курс алу қажет.

     Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық үлгісін  жасауда өзіміздің және шетелдің жақсы нәтиже берген тәжірибелерінен  біртіндеп жинақталған. Бүгінде мемлекеттік қызметтің бірыңғай мемлекеттік биліктің заң шығаратын, іске асырушы және соттық салаларға бөлінуіне қарамастан барлық ұйым түрлеріне бірдей негіз бен ұстаным құрудың қажеттілігі анықталуда. Бұл бағытта саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдар тізілімін, қызмет пен мамандықтың сәйкестігін, іріктеу рәсімін, кадрларды орынды пайдалану, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуы мен еңбегін ынталандыру механизмін, кадрларды оқыту бағдарламасын жасау, мемлекеттік қызметкерлердің тәжірибесінде адекватты қажеттілікті анықтау; мемлекеттік органда кадрлық құрылым санының өсуін тұрақтандыру; мемлекеттік аппарат кадрларының аспандатылуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қабілеттілігі мен еңбек нәтижесінің бағалануын қамтамасыз ету алдыңғы саптағы маңызға ие.

     Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасы жаңа экономикалық шарттарға  икемделген, мемлекеттің ішкі, сыртқы саясаттың жүзеге асуын сапалы жаңа деңгейде қамтуға қабілетті кадрлық  потенциалды жаңартуға бағытталуын; іскери қасиетіне сәйкес мемлекеттік қызметкерлерді ашық және жабық процедурасында іріктеу мен алға жылжытуды енгізуді, кадрлардың біліктілігін үнемі көтеруді әрі олардың әлеуметтік-құқықтық қорғанысын қамтамасыз етуді атап көрсету тиіс. Бұл ретте мемлекеттік қызметкерлер кәсіби дайындығының барлық талаптарына жауап бере жүріп қоғамның қожайынынан құлға айналуға бейімделеді. Осы себепті ел Президенті өзінің «Қазақстан-2030» атты Қазақстанға Жолдауында «жаңа генерация шенеунігі – ол ұлттың қызметшісі, патриотты әрі әділ, өз ісіне адал кәсіпші», - деп атап өтті. Қазіргі мемлекеттік қызметтен қоғамның күтетіні де осы.

     Біздің  өз алдымызға қойған мақсатымызға жету қосымша жасақ күшін жиюды  және көп жағдайда іске кездейсоқ  қатынас пен биліктің барлық органдары  мен институттары, іскери, ғылыми және сарапшы қоғамдастық тарапынан келуді талап етеді.

     Ең  бастысы: кешенді жетілдіру үдерісі  еліміздің барлық тұрғындарының, қоғамның барлық қабаттары мен институттарының  тікелей қатысуы мен мүддесі  тұрғысынан қаралуы тиіс.  
 

1.3. Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер 

      Қоғамдық  тауарлар, игіліктер және қызметтер - өндіріске және тиісінше белгілі  бір тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға сонымен  бірге мемлекеттік тікелей қатысу нұскалары болуы мүмкін алады. Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдімгі рыноктық тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидасының іс-әрекетіне ұшырамайды.

  Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға кол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.

        Шығарып тастау қағидасы тұтынушыны  егер ол тауардың рыноктық  бағасын төлей алмаса немесе  төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді.

        Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені  олар жеке сатып алушыларға  бөлшектеніп сатылмайды және  пайдаланушыларды әдеттегідей оларды  пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау  қағидаты іс-әрекет өтпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады. Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде- құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады.

        Бірқатар қызметтер көрсету шығарып тастау қағиданың ықпалына түсіп кетеді, яғни оларға баға белгілеуге және оларды кәсіпкерлік құрылымдар аркылы өткізуге болады. Мысалы, бірқатар медициналық кызметтер, білім деңгейін көтеру, қағида бойынша, бұл қызметтер көрсету мемлекет белгілеген кепілдікті ең төменгі деңгейден жоғары камтамасыз етіледі. Бұл қатарда мұражайлардың, кітапханалардың, қогамдық теледидар мен радиохабарын тарату қызметтері, жол желісі және басқалары. Оларды құйылымдардың елеулі пайдасын жаңғырту ерекшелігі біріктіреді, мұның нәтижесінде жеке меншік сектор оларды жеткілікті көлемде өндіруге бармайды. Сондықтан ресурстарды бөлудегі үйлесімсіздікті болдырмау үшін мемлекет едәуір дәрежеде оларды өндіру мен каржыландыруды камтамасыз етеді; бұл - «аралық» қоғамдық қызметтер немесе қоғамдық сыңайлы (мемлекеттік сыңайлы) тауарлар.

Информация о работе Мемлекеттің экономикалық қызметі