Инновациялық маркетингті қолданудың маңыздылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:06, доклад

Краткое описание

Бүкіл әлемде экономикалық дамудың маңызды қозғаушы күші ретінде қабылданған ғылыми-техникалық прогресс, көбіне отандық және шетелдік әдебиеттерде инновациялық процесс түсінігімен байланыстырылады. Соңғы кездері инновация теориясының мәселелеріне қызығушылық күрт өсті, мұны осы тақырыпқа қатысты шығарылып жатқан жарияланым мен басылым көлемінің көбейіп жатқандығынан айқын көруге болады.

Файлы: 1 файл

Бейжанова Ахметова.doc

— 69.50 Кб (Скачать)

Инновациялық  маркетингтің дәстүрлі маркетингтен басты  ерекшелігі – инновациялық маркетинг  нақты қолда бар тауармен емес, идеямен, жаңашылдықпен жұмыс істейді. Негізгі міндет – аталған идея мен жаңашылдық инновацияны қолдауға кеткен шығындарды өтеу үшін жеткілікті пайда әкеле алатындығына көз жеткізу, яғни анықтау.  Сондай-ақ инновациялық маркетингтің ерекшеліктеріне келесілер жатады: біріншіден, бұл ғылыми-техникалық жұмыс нәтижесінің салааралық сипаттамасын есептеу қажеттілігі. Аталған қағида  бірнеше салада нақты бір жаңашылдықтарды қолдану қажеттілігін зерттеу арқылы жүзеге асады.  Екіншіден, ғылыми-техникалық өнімді сату барысында тәжірибесі бар, ұжымдық тұтынушыға сүйенген дұрыс. Себебі мұндай өнімдерді таңдау қиын және ұзақ уақытты, арнайы келіссөздерді қажет етеді. Үшіншіден, ғылыми-техникалық өнімді сату үшін жарнама кампаниясын жүргізу қажет, мәселен тұтынушыға инновация мәнін толық түсіндірмесе, ол аталған өнімді сатып алмайды, өйткені тауармен мүлдем таныс емес. Инновациялық өнімнің техникалық күрделілігі өндіруші фирманың сатудан кейінгі сервистік қызмет көрсетуін талап етеді. Бұл төртінші ерекшелік. Мұнда қысқаша айтсақ: сервис жоқ болса – инновациялық тауардың коммерциялық сәттілігі жоқ. Соңғы бесінші ерекшелік – ғылыми-техникалық өнімді сату тұтынушының инновациялық әлеуетінің сапасы мен көлеміне байланысты.

Инновациялық  маркетингтің негізгі терминдеріне кәспорынның инновациялық әлеуеті, яғни инновациялық мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін іс-шараларды жасауға дайындық деңгейі, инновациялық қызмет, инновациялық жоба жатады.

Инновациялық  қызмет жаңа технологияларды қолданумен байланысты қызмет ретінде қабылданады. Көптеген мекемелер инновациялық қызметті өз бетінше, яғни арнайы құрылатын инновациялық өнімді жылжытуға және қодануға бағытталған инновациялық орталықтар, еншілес ұйымдар құру арқылы жүзеге асыруға тырысады. Сонымен қатар инновацияларды коммерциялық қолдану үшін қажетті арнайы мамандарды жалдайды. Нарыққа жаңа тауарды сәтті енгізу нәтижесінде мекеме өзінің тауар желісін кеңейтеді немесе атына жаңа тауар категориясын бекітеді.  Осылайша, нарықта жаңа тауар ұсыну арқылы, яни инновацияларды қолдану арқылы үлкен табысқа қол жеткізіп, жаңа тауар категориясы бойынша көшбасшы позициясына қол жеткізуге болады.

Мұндай тәжірибені шетелдік нарықтарда байқауға болады. Әсіресе АҚШ-та, Жапонияда, Үнді мемлекеті  және Қытайда ғылыми-техникалық зерттеулерге, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға  қомақты қаржы бөлініп, мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. Бұл елдер әлемдегі «инновация лидерлері» деген мәртебеге ие. Мәселен, соңғы бес жылдың мәліметтері бойынша инновацияларға қомақты қаржы жұмсайтын әлемнің ең ірі, әрі жетекші компаниялары осы мемлекеттерде орналасқан. Мысал ретінде Жапониядағы: Sony, Honda Motor, Toyota, АҚШ-тағы: Ford, General Motors, Microsoft, IBM, Intel сияқты трансұлттық компанияларды айтуға болады. Сәйкесінше әлемдегі озық технологиялар, инновациялық өнімдер, заманауи құралдар мен әдістер осы аталған елдерден шығарылады. Біздің елдің де осындай озық мақсаттарға жететіндей потенциалы мен перспективасы бар.

Инновациялық  маркетинг елімізге алдынғы қатарлы  мемлекеттермен бір қатарда тұру, жоғары бәсекеге қабілетті инновациялық өнімдерді ұсыну үшін және халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін қажет.

Күннен күнге  күшейіп бара жатқан бәсекелестік нарықтың барлық қатысушыларынан жеңіске  жету жолында қатаң күресті талап  етеді. Осы орайда атақты жазушы Льюис  Кэрролдың айтып кеткен нақыл сөздері еске түседі: «Өз орныңды сақтап қалу үшін де үнемі алға жылжып отыру қажет» [2].

Инновациялық  маркетингті қолдану арқылы шағын  және орта компаниялар өз қызметін, тауары ен өнімдерін жетілдіріп, дамуға мүмкіндік алады. Сәйкесінше бұл нарықта бәсекелестік деңгейі көтеріліп, сәйкесінше өнім сапасы артып, бағасы төмендеуіне мүмкіндік туады. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы нарықтағы басым билікті өз қолына алып, нарыққа жаңадан енуші әлсіз шағын және орта бизнес өкілдеріне дамуына жол бермейтіні белгілі болды. Ал егер оандық компаниялар инновациялық маркетингті белсенді түрде енгізіп, тиімді қолданатын болса, бұл әр компанияға уникалдылық, яғни жаңа өнім береді, нарықтағы ұсынылатын өнім ассортименті, саны, жалпы бәсекелестік күрес деңгейі артады. Бұл монополисттің, өзге бәсекелес компаниялардың бағалық және өзге де саясаттарын қайта қарастыруларын әкеліп, бағаның төмендеуіне мүмкіндік береді. Еліміз ілгері жылжып, озық технологиялы көшбасшыларға жету үшін үнемі қозғалыста, жаңашылдыққа құмар болуы тиіс.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Тасмаганбетов А.Б., канд. дисс. авторефераты: «Инновациялық маркетинг кешені». Алматы, 2009. – 28б.
  2. Багиев Г.Л.,  Богданова Е.Л. Маркетинг инноваций. Оқу құралы.  – М., 2004.
  3. http: // www.5ballov.ru/ / Инновации: теория и практика

Информация о работе Инновациялық маркетингті қолданудың маңыздылығы