Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 17:54, дипломная работа
«Қазақстан республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің Жарлығында 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығындағы «Қазақстанда екі денгейлі банк жйесі бар» деліген. Ұлттық банк –мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төмегі (екінші) денгейіндегі банктер делінген.
Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.
Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
Кіріспе
1.Банк жүйесінің теориялық негіздері
1.1 Банк жүйесі түсінігі және экономикалық мәні
1.2 ҚР банк жүйесінің қалыптасу тарихы
1.3 Банк жүйесі дамуының шетелдік тәжірибесі
2.ҚР банк жүйесінің қазіргі жағдайына талдау және қаржы дағдарысынан кейінгі даму тенденциялары
2.1 ҚР банк жүйесінің қазіргі кездегі жағдайын талдау
2.2 2009-2011 жж аралығында ҚР екінші деңгейлі банктерінің қызметін ұйымдастыруын талдау
2.3 ҚР банк жүйесіндегі АҚ «Темірбанк» рөлін бағалау
3.Қазіргі жағдайда банк жүйесінің даму мәселелері мен жетілдіру жолдары
3.1экономикалық тұрақсыздық жағдайында банк жүйесінің мәселелері
3.2Қаржы дағдарысының салдарын жою мақсатында банк жүйесін жетілдіру және тұрақтандыру бағдарламасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша
Банктік жүйе-нарық эканомикасының ең қажетті және бөлінбейтін құрлымы. Банктер қаржылық делдалдар есебінде шаруашылықтардың қаржысын, халықтың сақтаған ақшалары мен шаруашылық әрекеті негізінде босайтын ақша құралдарын тартып, оны уақытша несие алушыларға береді, ақша есептеулері мен экономикаға қажетті өзге де түрлі қызметтерді жүзеге асырады, сол арқылы өндіріс тиімділігіне оңды әсерін тигізеді.
Елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформа банк ісін дамытуда жаңа кезеңге жол ашты. Нарық жағдайына өтуде банктерді дамыту мен оны тәжірибеде жүзеге асыру мәселелері басты назарға алынып отыр.
Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстандық және шетел банктері жұмысын жете зерттеп, ең тиімді деген жолдорды тәжірибеде орындау қажет. Банктің жоғары асқаушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрсағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және басбугалтері мен олардың орыбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес банктің Басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады. әдетте оладың банк үйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қыметкерлер Ұлттық бактің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.
Акционелердін жиналысы кезекті және кезектен тыс блып бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың , қадағалау кеңесінің , Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.
Банктің Ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндетер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.
Жалпы кез келген банктің ұйымдық
құрылымы банктік оерацияларды атқаратын
міндеттерін ескеріп
1.2ҚР банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекетпен кәсiпорындардың . Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жәзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияны жәргiзедi.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюркбергте саудагер клиентте арасында қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалан ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздеінің ос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияарға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады /3/.
Дегенмен осы декектерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Банк италян сөзiнен Bank – орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны туарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың жекелеген тұлғалардың әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монетаар кедескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртінде, банкирлерге айналды,
Біздің түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, оар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіпи отырған.
Тарихшылардың пайымдауынша алғашқы банктік операцияларды жекелеген тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары елгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Сөйтіп, алғашқы банктер жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз жатуға болмайтындығын, оарды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Банктер несиелік оерациялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.
Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Алғашы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.
Мұның өзі алғашқы бактердің капитализмнің мануфакиура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда блғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын ғана сипаттайды.
Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму денгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін бітұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.
Ежелгі Римде нормалары болан, ол нормаларға сәйкес б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған. Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің жалпы операциялары мен қызметтерінің банктедің дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің дамуына кееті болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден тұрды:
Бірінші кезең; 1917 ж.мен 1930 жылдар араығында патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең: 1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебеп қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсеті.
Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік мамандандырылған банктердің құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік банкі банктердің банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басыда кооперативтік әне коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан қазірі уақытқа дейін нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі денгейлік банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.
Осы кезеңдерді сипаттаманы келе келесі кестеден көруімізге болады.
Кесте 1
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері
1930 жылға дейінгі банк жүйесі |
1930-1987 жылдар (одақтық бір денгейлі банк жүйесі) |
1988-1990 жылдар (одақтық бірденгейлі маманданған банктер жүйесі) |
1991 жылдан бастап (дербес екі денгейі банк жүйесі) |
Ресей Мемлекеттік банкі және көптеген несие банк мекемелері |
1КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі). 2КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі. 3 КСРО Сыртқы сауда банкі. |
1банк жүйесін қайта ұйымдаст-ыру:КСРО Мем-банкі және маманданды-рылған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі, КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы экономика банкі. 2 Жаңадан кооперативтік және коммерциялық банктердің құрыла бастауы. |
Егемен Қазақстанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. Екі денгейлі банк жүйесі Ұлттық банк және коммерциялық банктер. |