Ғылым және мифология

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 11:20, реферат

Краткое описание

Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.

Оглавление

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
І. Тарау
2.1. Миф және мифология ұғымы, оның зерттелуі
2.2. Қазақ халқының мифологиясы мен оның өзіндік табиғаты
2.3. Қазақ мифологиясының тарихы және классификациясы
ІІ. Тарау
2.4. Ғылымның пайда болуы, негізгі даму кезеңдері
2.5. Ғылым үш топқа бөлінеді
2.6. Ғылымды зерттеу аспектілері
2.7. Ғылым динамикасы. Ғылымдағы дәстүрлер мен жаңалықтар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Мож фило.doc

— 156.50 Кб (Скачать)

    Ғылым тарихы. Ғылым тарихын және оның пайда болған уақытынан бастап қазіргі заманға дейін зерттейді. Ол ғылыми дамудың заңдылығын негізінен тарих ғылымының деректеріне сүйеніп, ғылымның дамуындағы жекелеген құбылыстар мен оқиғаларды сараптап, сондай-ақ ғылымды зерттейтін басқа пәндердің – ғылым логикасы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы, ғылым социологиясы, ғылым экономикасы және тағы басқалардың жетістіктерін пайдалана отырып ашады. Ғылым тарихы бойынша жазылған Джон Берналдың «Қоғам тарихындағы ғылым» еңбегі осы ойдың жақсы мысалы бола алады және бұл еңбектің жазылғанына жарты ғасыр уақыт өтсе де, әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Ғылым тарихында ғылыми ойдың дамуының барлық байлығы жинақталған, сондықтан да оны зерттеу аса қажетті. Ғылым тарихының мақсаты тарихи-ғылыми оқиғаларды 
хронологиялық жағынан тізбелеп сипаттап қою емес. Оның мақсаты – ғылым мен техниканың даму заңдылықтарын ашуға ықпал ету. Ғылымды біз әдетте адамның дүние туралы жалпы білім жинауға 
бағытталған қызметі деп түсінгендіктен, бір қарағанда ғылыми процесте дәстурге, өткенге қайта оралуға орын жоқ секілді көрінеді. Бірақ тереңдеп тексерсек, дәстүрлер ғылым дамуының және ғалымдардың ізденістік қызметінің негізі. Бұл қағиданы барлық ғылымдарға ортақ деуге болады. Ғылымдағы дәстүрлер проблемасының негізін қалаушы американдық физик-философ Т. Кун. Гарвард университетінде стажировкадан өткен үш жыл ол үшін ғылым тарихын А.Койре, Э.Мейрсон, Е.Мецгер және А.Майердің еңбектеріне сүйене отырып еркін зерттеуге арналған кезең болды. Кейінірек әлеуметтік ғылым өкілдері мен жаратылыстану саласының ғалымдарының арасында ғылыми проблемаларды қою мен оларды шеше білу мәселелері бойынша туындаған көзқарас алшақтығы Т.Кунды ғылымдағы дәстүрлер тақырыбын жан-жақты зерттеуге, ғылым динамикасының парадигмалық концепциясын жасуға итермеледі.

    Бұл концепцияның мәні ғылымды сипаттау үшін «ғылыми қоғамдастық» және «парадигма» (бұл ұғымды Т. Кун кейінірек «дисциплинарлық матрица» деген ұғыммен ауыстырды) ұғымдарын қолдану керек. 
    Ғылыми қоғамдастық дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмалар немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы. 
    Т. Кун парадигма ұғымын тандау себептерін түсіндіреді. Әдетте бұл ұғым қабылданған модель, үлгі дегенді білдіреді. Бірақ Т. Кун бұл түсініктер парадигманың анықтамасын толық ашпайды деп есептейді, себебі бұл мағы-нада парадигма бұрын жасалып біткен жұмыс дегенді білдіреді, сонда ғалымдардың келесі тобы немен айналыспақ? Кунның пікірінше, парадиг-маларды жалпы заң ретінде қолданылатын, бірақ сонымен бірге жаңа және қиын жағдайларда одан әрі жетілдірілетін және нақтыланылатын объект деп түсінген дұрыс.

    Парадигмаларды қолдану ғылыми ізденісті жеделдетеді, себебі ғылыми мәселелерді шешудің басқа бәсекелес жолдарын қолданғаннан гөрі қабылданған парадигмаларды қолданған қолайлы және нәтижелі. 
Парадигма ұғымының элементтерінің анықтамасын Т.Кун толық бермесе де, оларды жалпы түрде төмендегіше сипаттауға болады: 1) математикалық формада жазылған, бастапқы ұғымдар мен заңдарды қамтитын фундаменталдық теориялар; 2) табиғат туралы жалпы философиялық түсініктер және қазіргі ғылымда қабылданған ұғымдар мен олардың жүйесін бейнелеудің логикалық тәсілдері; 3) ғылыми қоғамдастықтың әрбір мүшесі өзіне қойылған ғылыми міндеттерді шешу үшін ұстанатын үлгілер мен эталондар. 
    Ғылымның жағдайын, Т. Кунның пікірінше, екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: ғылымға дейінгі кезең (бұл кезеңде парадигмалар әлі қалыптасып үлгермеген) және ғылыми кезең (ғылыми қоғамдастық парадигаманы құрастырып, қабылдаған кезең).

    Ғылыми кезеңдегі ғылымның жағдайы екі түрде сипатталады: қалыпты жағдай (оны Т.Кун қалыпты ғылым деп атайды) және дағдарысты жағдай. Қалыпты ғылымда ғылыми қоғамдастық белгілі бір парадигманы қабылдайды және оны танымның белгілі бір саласындағы міндеттерді шешу үшін тиімді қолданады. Парадигмаларды зерттеу жас ізденушіні белгілі бір ғылыми қоғамдастықтың мүшесі болуға дайындайды, ол өзі таңдаған, 
ғылым саласын кезінде нақты үлгілерге сүйеніп зерттеген адамдардың қатарына қосылады және ғылыми практикада олардың дәстүрлі теориялары мен методтарын қолданғандықтан фундаменталдық принциптерден аса алшақтамайды. Мұндай дәстүрлілік, өзара келісімділік ғылымның қалыпты дамуына ықпал етеді. Жалпы қабылданған парадигмалардың болуы осы ғылым саласының жеткілікті дамығандығының белгісі. 
Бірақ парадигмаларға негізделген қалыпты ғылымның бір ерекшелігі – ол үлкен жаңалықтарды ашуға онша бағытталмаған, оның нәтижелері көбіне-көп алдын-ала, парадигмалар шеңберінде болжанған. Мұндай жағдайда ғалымның ізденістік қызметінің мәні жоқ болып көрінуі мүмкін. Кунның пайымдауынша, қалыпты ғылым саласында жұмыс жасайтын ғалымның алдына қоятын негізгі мақсаты – «жаңылтпаштарды шешу», немесе парадигмаларға негізделген теориялық білімді іс жүзіндегі факт-материалдармен рационалды сәйкестендіру. Ғылымның дағдарысты жағдайында ізденіс процесінде қабылданған парадигмалар шеңберіне сыймайтын фактілер пайда болады да, парадигманың тиімділігі күмән туғызады, одан 
бас тартып, шындықты мүлдем жаңа көзқарас тұрғысынан түсіндіретін жаңа парадигмалар жасау қажеттілігі туады. 
Бұрын қабылданған парадигмадан бас тартуды Т.Кун ғылыми революция деп атайды және Кунның пікірінше, жаңа парадигманы ғалымдардың жаңа легі психологиялық деңгейде мойындап, мақұлдауы қажет. «Ғылым логикалық емес, психологиялық» дейді Кун. Яғни, парадигманы сыни эксперименттен өткізіп қажеті жоқ, ғалымдарыдң аға буыны ыдырап, жаңа легі жаңа парадигмамен жұмыс жасап дағдыланса болғаны. 
    Ғылым динамикасының «кумулятивтік теориясының» авторы, 
француз ғалымы Пьер Дюгемнін пікірінше, ғылымның дамуы кірпіштен қаланған қабырғаның біртіндеп биіктеуі секілді, бұрын танылған нәрсенің біртіндеп өсуі. Ғалымның жұмысы – осы ғылым ғимаратының, оның 
теориясының кірпіштерін іздеп тауып, орнына қалау. Оның бастауын ғылым-ның бұрынғы тарихынан табуға болады. Дюгемнің осы көзқарастарына жүгінсек, дүниенің ғылыми бейнесі өзгермейді, тек кеңейе түседі, ғылым дамуында түбегейлі теңкеріс дегендер болмаған. Мұндай көзқарастарға қарсы шыққан Кун ғылымның дамуы ескі білімнің үстіне жаңа білімнің қалануы емес, бұрынғы беделді деген, жетекші түсініктердің мүлдем жаңа түсініктермен трансформациялануы, ауыстырылуы, яғни белгілі бір кезендерде болып отыратын ғылыми революциялар деген теорияны ұсынады. 
Негізінен алғанда, Т.Кунның теориясын қабылдауға болады. Ғылымның дамуы міндетті түрде өзіне дейінгі дәстүрлерге сүйене отырып дамитындығы күмән тудырмайды. 
    Дәстүрлер көзге көрінетін (явное) немесе вербальді және көрінбейтін (неявное) немесе вербальдік емес болып бөлінеді, ғылыми таным процесінде өзара орын ауыстырып отырады. Көрінетін білімдерді кейбір ғалымдар басты, орталық білім деп те атайды, бұл білімдер басты назарда болады, негізінен алғанда оқулықтар мен ғылыми монографияларда мәтін-текст түрінде болады. Т.Кунның парадигмаларын білімнің осы түрінің мысалы ретінде қарастырған дұрыс. 
    Көрінбейтін білім ( философиялық әдебиетте бұл білімді сипаттауға 
-жасырын», «имплициттік», «перифериялық», «үндемейтін», «менталитет» 
және тағы басқа терминдер қолданылады) назардан тысқарырақ, көбіне практикалық білім саласында кездеседі. Ғалымдардың әдеттерінде, мінез-құлқында кездеседі, оларды ауызша, вербалды түрде толық жеткізу қиын. Мысалы, белгілі химик-философ Марк Полани химик студенттердің 
практикалық сабақтарға кеп уақыттарын бөлу ерекшелігін практикалық білімдердің ұстаздан шәкіртке ғылыми дәстүр ретінде берілу деп есептейді. Олар ғалымнан оның ғылыми кадрларына ауызша емес, тек жеке үлгі-өнеге арқылы жетеді, яғни білімнің тұлғалық сипатымен тығыз байланысты. 
Көрінбейтін ғылымның бір түрі – ғылыми мектеп, ғалым мен оның шәкірттерінің белгілі бір географиялық мекеңде орналасқан қауымдастығы. Ғылыми мектеп шеңберінде ғалымдар арасында тығыз байланыс-араласу орнайды, тәжірибе алмасу, теориялық пікірталас-дискуссиялар үнемі жүріп отырады. 
    Ғылымның дамуында ғалымның тұлғалық ерекшеліктерінің белгілі бір рөл атқаратынын жоққа шығармасақ та, көрінбейтін білімді М.Полани секілді тым әсірелеуге болмайды, бұл білімнің иесі ұжымдық субъект екендігін ұмытпаған дұрыс. Білімді тек жеке білім деп түсіну – қате. 
Әрине, тек дәстүрлерге сүйенсе, ғылым дамымай қалар еді. Ғылыми білімнің құрылымында жаңалықтар да ерекше рөл атқарады. Ғылыми субъект парадигма-дәстүрлерді басшылыққа алып қана қоймай, оларды жаңалықтармен үнемі толықтырып отыруы тиіс. 
Ғылымның дамуындағы ғылыми жаңалықтардың рөлін көрстеу үшін алдымен ғылымның онтологиясын анықтап алған дұрыс. Ресей ғалымы В.В.Ильин ғылымының онтологиясын: 1) ғылымның алдыңгы шебі; 2) ғылымның мығым ядросы; 3) ғылымның тарихы құрайды деп есептейді. 
Ғылымда ғылыми ақыл норма-ережелері бойынша ұйымдастырылған қызмет рационалды қызмет болып саналады. Бірақ нормалардың да шегі 
бар, оны практика көрсетіп анықтайды. Ғылыми нормаларды сипаттау күрделі, себебі олар көп және жан-жақты, себебі, ғылым сантүрлі, бір-біріне ұқсай бермейтін, әрқайсысының өзіндік зандылықтары бар салалардан және ғылыми субъектілерден тұрады. Сондықтан ғылыми қызметтің барлық ерекшеліктерін қамтитын, ғылыми субъектілердің бәрі бірдей мойындап, қабылдайтын нормалар ұсыну, әрине, қиын. Біздің ойымызша, ғылым нормалары туралы әр түрлі концепциялардың арасында ағылшын социологы Р.Мертон ұсынған вариант назар аударарлық. Оның пікірінше, ғылым нормалары мынадай төрт құндылықтың төңірегінде топталады: 
1) универсализм – ғылыми тұжырымның ақиқаттылығы ғалымның жасынан, жынысынан, беделінен, ғылыми дәрежесінен тәуелсіз бағалануы керек. 
2) жалпылық – ғылыми білім оның авторының жеке меншігіне айналмай, жалпыға ортақ, сынға ашық болуы қажет. 
3) жеке бастың пайдасын көздемеу – ғылыми ақиқат жолындағы ізденіс ғалым үшін басты мақсат болуы тиіс, атақ-даңқ, жеке бастың пайдасы,          материалдық марапат ғылыми қызметтің мақсатына айналмағаны жөн. 
4) ұйымдасқан скептицизм – ғалымнан өз әріптестерінің ғылыми қызметін сыни, объективті бағалау талап етіледі. Олардың ғылыми 
нәтижелерін ғалым-ізденуші өз қызметінде пайдаланған болса, жақсы жақта-рын атап, еңбегіне құрмет көрсете білуі тиіс, бірақ жіберілген қателіктерге де автормен бірдей жауап береді. Сонымен бірге ғалым өз тұжырымдарын, қол жеткізген жетістіктерін батыл қорғап, өз қателіктерін мойындай білуі қажет. 
Бір жағынан алып қарағанда, нормалар қорғаныс белдеуінің рөлін атқарады, ғылымды шектен шығып кететін нәрселерден сақтандырып отырады. Осы тұрғыдан қарастырғанда, нормалар ғылым дамуында өте қажет. Екінші жағынан алғанда, нормалар ғылымның бұрынғы кезеңінің жемісі, олар ғылымының болашақ дамуы үшін көбіне жарамай жатады. Нормалар консервативті, ғалымнан өзінің қызметін белгілі бір қабылданған                  ережелерден, инструкциялардан, бұйрықтардан ауытқымай ұйымдастыруды талап тетеді. Бұл жағдайда ғалымның еркіндігі шектеулі, ол ғылымның мығым ядросы шеңберінде ғана қызмет ете алады. 
Ал ғылымның алдыңғы шебіндегі ғалымның жағдайы мүлдем басқа. 
Ол нормалар - үлгілер шеңберінен шығып, еркін қызмет ете алады, бұрын қалыптасқан құбылыстардан тыс жаңа идеяларды, ғылыми жаңалықтарды дүниеге әкеледі. Ғылыми жаңалықтар - ғылымның алғы шебі мен мығым ядросының арасында шекістер туғызады, бұл занды процесс. Оны шешудің бірден-бір дұрыс жолы – ғылыми жаңалықтарды негіздеу және дәлелдеу. Сонда ғана ғылыми жаңалық ғылымның алдыңғы шебінен мығым ядроға көшеді.

 

   

   

 

 

 

 

 

Қорытынды

    Қорыта келгенде, сөз өнерінің рухани жағынан  толысып өркендеуіне адамдардың  түйіндеп сөз айтып, түйсініп ой бөлісуіне мифтің тигізген игі әсері мол. Қазіргі кезде де байырғы мифтерге мән беріп, үлгі етуге тұрарлық адам өмірінің маңызды бөлігінен хабардар ететін дүние бар екенін ұғыну керек.

    Әрбір халықтың  өзінің шығу тегі мен жаратылысты тану туралы мифі болады. Миф қарабайыр халықтың өркениеттерінде ауыстырары жоқ функцияны атқарған: ол сенім – нанымды көрнекілеп көрсетеді; ол абырой ұстанымдарын тағайындайды және қорғайды; ол күнделікті өмірге адамзаттың өркениетіне қажетті ережелер ұсынады. Миф адамның болмысты тануға ұмтылуындағы бірінші бастауы болып табылса, дүниедегі барлық негіздер мен бастаулар, білім мен эстетикалық түсініктер көпқабатты, көп қырлы мифтердің астарында жатыр.

    Адам баласының  психологиялық көңіл-күйінің тұңғиық  мәні мен тылсымдығын ашу мифологияның ойлаудан кейінгі туындаған қажеттілігі. Мифтің санадан логосқа (ақыл-ойға) өтудің аяқталуымен ғылымның танымдық алғышарты пайда болды десек, мифологиялық түсініктен бас тарту шындық дүние рухани емес, сезім мен санадан тәуелсіз, заттық объект екенін көрсету, онда шындық құбылыстарының «негізін» өз болмысынан, өз ішінен іздеу керек деген түсінікке келу болашақ ғылымның негізін құрды.

    Ғылым процесіндегі  басты тұлға – адам, адамның  қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы  мүмкін емес, сонымен бірге өзін  түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға  табиғат пен қоғамның ғана  емес өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді және бұл процесс жалғаса бермек.

    

   

   

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Х.А.Тұрғынбаев «Философия» Алматы «БІЛІМ» баспасы;
  2. Ә.Тұрғынбаева, С.Кенжебаев, Т.Есімханов «Ғылым тарихы мен философиясы»  Алматы «Білім» 2006 ж;
  3. Серік Мырзалы «Философия» Алматы «Бастау» 2010 жыл;
  4. С.А.Қасқабасов «Қазақтың халықтық прозасы» Алматы, 1984 жыл;
  5. Қазақ энциклопедиясы;
  6. Серікбол Қондыбаев «Қазақ мифолгиясына кіріспе» Алматы баспасы.

   

   

   

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 




Информация о работе Ғылым және мифология