Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 20:33, реферат
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Иммануш Кант (1724—1804 жж.) бүкіл өмірін Кенисберг қаласында өткізген. Негізгі еңбектері: «Әлемнің әмбебаптық табиғи тарихы мен теориясы», «Практикалық ақыл-ойды сынау», «Таза ақыл-ой шеңберіндегі дін», т.б. Әдетте, Кантты «сыни кезеңге дейінгі» және «сыни кезеңдегі» деп екіге бөліп қарайды. Сыни кезеңге дейіңгі Канттың күн жүйесінің аса зор газ тектес тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлес емес, жалпы дүниетанымдық методологиялық маңызы бар жаңалық болды.