Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 00:23, лекция
Абстракция (лат. аbstraction – дерексіздендіру деген терминнен шыққан, оны Аристотель қолданған гр.терминінің аудармасы рентінде Боэций енгізегн ) – таным жақтарының, формаларының бірі, оның мәні заттардың бірқатар қасиеттерінің және олардың арасындағы қатынастардың ойша дерексізденуінде және әлдебір қасиеттерінің немесе қатынастарының бөлініп шығуында, жіктелуінде.
Демокрит (гр. Δημόκριτος; Абде
Гераклит (б.д.д. шамамен 544- 483)- көне грек
философы, материалист, диалектик. Дүниенің тегін отта
Пифагор Самосский (еж.-грек. Πυθαγόρας ὁ Σάμιος, лат. Pythagoras; 570—490 жж. б.з.д) — ежелгі грек философы және математигі. «Философия» (пәлсапа) сөзін алғаш рет қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор болған. Ұлы ғалым Пифагор б.з.д. 570 жылы Самос аралында туған. Пифагордың әкесі Мнесарх зергер болған.
Парменид (б.д.д. VI г.) Элея қаласында дүниеге келіп, V г. орта шенінде қайтыс болады. Осы қалада ол өзінің кейін өте ықпалды болган мектебін ашады. Аңыз бойынша, оның философиямен айналысуына Аминий деген пифагоршыл себепші болады. Парменидтың саясатқа да араласып, өз қаласының қоғамдық тірлігін реттеу үшін заң шыгарғаны да мәлім.
Гоббс Томас (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.
Гоббс Томастың негізгі еңбектері "Азамат туралы ілімнің философиялық бастауы", "Левиафан, әлде материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттік билік, оның түрлері".
Гоббс Томас өзінің ілімінің
негізіне жеке адамның жаратылысы туралы
белгілі бір кәзқарастарды
Гоббс Томас шексіз билік, суверен билігін жақтады.
Иммануел Кант IPA: [I:manuəl kant] (1724 жылғы сәуірдің
22-сі –1804 жылғы ақпанның
12-сі) — 18-ші ғасырда Пруссия
патшалығының Көнигсберг қаласында тұрған неміс философы. Ол қазіргі заман Еуропасының және Ағарту
дәуірінің ең ықпалды ойшылдарының бірі
болып саналады. Жалпы қалыптасқан пікір
бойынша, ол пәлсападағы Аристотелден кейін
Иммануил Кант 1724 жылы Көнигс
Жас шағында Кант тиянақты,
бірақ ерекше жетістік көрсете қоймаған
студент болатын. Ол шынайы діни сенім,
кішіпейілдік және Киелі
кітапты көп зерттеуге баса назар аударатын пиетистік көзқараста
Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либера
Сенсуализмның тарауына әсер етті.
Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.
Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі.
Ертедегі шығыс философиясы
Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде
– Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.
Ертедегі Қытайдың философиялық ойлаудың бастапқы негізі Дао термині түсіндіру төңірегінде болды. Бұл терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез келген болмыстың заңнын, ұйымдастыру сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың табиғи жолмен бірге, аспандағы «табиғаттан тыс» күштің әмірін, ғарыштың үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайындағы ілім алғашында бес элементпен тығыз байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол жайындағы түсініктер догматтық сипатқа ие болды.
Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі, негізі. Осыдан кейін «дао – аспан мен жердің түп тамыры», «барлық заттардың анасы» деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін екі бастаманың: қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің, жұбайлардың (инь мен ян) әрекеттесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтарға бөлінуінің, олардың бірігуі мен терістеуінің шиелініскен түрін құрады.
Ертедегі Қытай ойшылдарының
пайымдауларында адамның
Қытай ойшылдарының алдында философияның негізгі мәселелері мен даму мәселелері кең көлемде және айқын формада қойылмады. Дегенмен, Конфуцийді, Лао- Цзыны идеалистер қатарына, ал Сюнь- Цзы, Хан Фэй, Ван-Чундыт.б. материализмге бейімдер қатарына жатқызуға болады. Лао-Цзы мен Хан Фейдің көзқарастарынан диалектиканың кейбір элементтері байқалады.
Ертедегі Үнді философиясына
тән негізгі сипат- адамгершілікке,
риханикалыққа баса назар аудару.
Қазіргі кезде «иоганы» жаттықтыру,
денені машықтандыру мағынасында түсіндіру
орын алуда.
Ертедегі үнді философиясы үшін адамның
«өз басқа барлық нәрседен және басқа
барлық нәрселерді өзінен» көре білудің
зор маңызы болды. Сондай-ақ адамды рухани
жағынан жетілдіру мәселесін барлық философиялық
пайымдаудың өзегі етіп қою арқылы ертедегі
үнді философиясы адам танымға және бай
тұрмысқа талпынуымен қатар, терең рухани
өмірге, рухани дүниеге де талпынуы тиіс
деген талап қойды.
Ертедегі үнді философиясына тән екінші бір ерекшелік – онда салт-сана (дәстүрлік) мәдинеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдинет ұстаздың бет-бейнесін (көзқарасын ғана емес) толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-әрекетіне, сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап етеді.
Көне Қытай философиясы
Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся дәуіріне, яғни б.д.д. III – II мыңжылдықтың саясына жатқызады. Б.д.д. XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді. Шан-Инь дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса бастаған. Шан-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді. Ван шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы басшы болды. Ванның билігін шандықтар дәріптеп, оны тәңірге теңеген. «Шан-ди» деген титулға ие болған ван өзін «Мен-адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын. Жалғызбын» деп жариялады. Шан — жер кіндігінің Ұлы қаласы, Қытай — жердің Ұлы орталығы деген уағыздар таралды.
Өте көне дәуірде, аспан мен жер де болмаған заманда, әлем түрсіз хаосқа ұқсаған. Сол түрсіз тұңғиықта, делінген мифте, екі рух (немесе екі құдай) – инь және ян пайда болды да, дүниені реттейді. Кейіннен ян рухы аспанды, инь рухы жерді басқаратын болды. Ян – еркек бастамасы, күн нұрындай жарық, ашық бекем және күшті. Ян жалпы жағымды нәрсенің бастамасы. Инь - әйел бастамасы, аймен байланысты, сондықтан көлеңкелі, күңгірт және әлсіз. Екі бастама өзара байланыста болған, сол үйлесімділіктің нәтижесінен күллі мәнді нәрселер туындайды. Дүниеге деген осы қосжақты көзқарас кейінгі чжоу дәуіріндегі философиялық тексте усин бағдарламасымен толықтырылды. Усин бағдарламасы бес алғашқы элементтердің немесе бес субстанцияның – оттың – судың – жердің – металдың - ағаштың өзара байланысымен өзара алмасуына негізделеді, соған сүйенеді.
Қытайдың көне текстері – философиялық толғаныстың шежіресіндей. Көне текстерде «Өзгерістер кітабында» («И цзин»), «Өлеңдер кітабында» (Ши цзин»), «Тарих кітабында» (Шу цзин») және т.б. ертедегі мифтер мен рухани қайнар көздерге толы шығармалар болып табылады.
Көне Қытай философиясындағы
негізі мектептер
Конфуцийшілдік – адамды әлеуметтік өмірдің
өзекті мәселесі деп қарастыраты ежелгі
философиялық мектеп.
Конфуций (Кун- Фу-Цзы) – б.з.д. 551-479 жылдары
өмір сүрген. Оның негізгі шығармасы –
«Лун Юй» - «Сұхбаттар мен пікірлер», ол
6 кітаптан тұрады. Ескіні елеп, жаңаға
жақындау - қытайдың көне дәстүрі. Ескіні
дәріптеу конфуций дәуірінде өзіндік
мақсатқа айналады. Конфуций ілімінің
түп тамыры адам және қоғам мәселесіне
тіреледі.
Адам табиғаты Конфуций философиясында
басты мәселелердің қатарына жатады. «Аспан
адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын
құрайды». Табиғат — адамның алғашқы қасиеті.
Адам өмірге немен келсе, сол бастама оның
табиғатын құрайды.
Бірақ адамның табиғатын тек табиғатпен салыстыру шеңберінде анықталынбайды. Адам мәнісі - табиғилықтан тыс, әлеуметтік - мәдени жетістік. «Адамның бәрі де байлық пен беделге ұмтылады. Адамның бәрі де кедейлік пен жамандықты жек көреді» — дейді ұлы Ұстаз. Екі қасиет те адамның табиғатына тән ерекшелік. Адамға үнемі тыныштық бермейтін төрт ұмтылысты Конфуций тізіп өтеді. Олар — жасын ұзартпақ, даңққа ұмтылған, қоғамда орнын таппақ, байлыққа деген ұмтылыс. Осы атақты нәрсеге жеткендер, рухтан тартынады, күштен сескенеді, адамнан қорқады, жазадан қауіптенеді. Бәрінен жоғары тұрған қасиет – «адамды сүйе білушілік» (жэнь). Ұлы Ұстаз адамды сүйе білудің жолы мен жөнін (дао) талдайды. Дао Конфуций үшін адамды шынайы жолға салатын, адамға оң ықпал ете отырып, оны басқаруға кажетті бүкіл идеялардың, амал-әрекет пен қағидалардың жиьнтығы. Адамның табиғатын үш тұрғыдан саралайды: қайырымды ер (цзюнь-цзы), шағын адам (сяо-жэнь), адамсүйгіштік (жэнь). Адамсүйгіштік-тің мәнісі - өз олқылығын жеңіп, сөзі мен іс-әрекетінде дұрыс жолға түсуде. Даоның осы идеясы «вэнь» термині арқылы жеткізіледі.