Философия сөздик

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 00:23, лекция

Краткое описание

Абстракция (лат. аbstraction – дерексіздендіру деген терминнен шыққан, оны Аристотель қолданған гр.терминінің аудармасы рентінде Боэций енгізегн ) – таным жақтарының, формаларының бірі, оның мәні заттардың бірқатар қасиеттерінің және олардың арасындағы қатынастардың ойша дерексізденуінде және әлдебір қасиеттерінің немесе қатынастарының бөлініп шығуында, жіктелуінде.

Файлы: 1 файл

философиялық терминдер.docx

— 49.47 Кб (Скачать)

Аксеология (гр. ахіа – құндылық және logos - ілім, сөз) – құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан  зерттеу. Аксиология философияда 19 ғасырдың аяғы – 20 ғасырдың басында философияның жалпы «құндылық проблемасына» қатысты кейбір күрделі мәселелерін шешуге  тырысқан әрекет ретінде дүниеге келді.

Абстракция (лат. аbstraction – дерексіздендіру деген терминнен шыққан, оны Аристотель қолданған гр.терминінің аудармасы рентінде Боэций енгізегн ) – таным жақтарының, формаларының  бірі, оның мәні заттардың бірқатар  қасиеттерінің және олардың арасындағы  қатынастардың ойша дерексізденуінде  және әлдебір қасиеттерінің немесе қатынастарының  бөлініп шығуында,  жіктелуінде.

Августин  Аврелий Әулие (354-430) – гиппона епископы (Солтүстік Африкада), христиан дінбасы және неплатонизмге жақын тұрған философ – мистик, патристиканың ықпалды өкілі. Оның дүниетанымы фидеистік сипатта, «Нанымсыз білім жоқ, ақиқат жоқ» деген принципке бағынады.

Адам – Жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің тарихзи процесінің, дамуының субъектісі, өмірдің басқа формаларымен генетикалық жағынан байланысты, еңбек құралдарын өндіру қабілеті арқасында олардан бөлініп шыққан, анық сөйлей алатын, ойлай алатын, санасы бар – биологиялық-әлеуметтік тірлік  иесі (homo sapiens түрінің өкілі).

Ақиқат – өмір шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, әлеуметтік процесс, практика, сайып келгенде оның өлшемі болып табылады. Ақиқаттың сипаттамсы заттарға емес және олардың тілмен тұжырылымдалу тәсіліне емес, нақты ойға  қатысты.

Будда (нұрланған, оянған) - Буддизм дінінің негізін қалаушының аты; кең мағынасында арамдаушы сезімдерді, білместікті жеңу жолдарын көрсеткен және құбылыстардың абсолюттік  және  салыстырмалы табиғат туралы  білімдерді толық меңгеруге жеткен адам.

Априори (лат. а priori – бастапқы) – философиялық термин, апостериоридан өзгеше тәжірибеден бұрын және оған тәуелсіз алынған, әуелден-ақ санаға тән білім дегенді білдіреді. Априори мен апестриориді қарама-қарсы қою Кант философиясына тән, ол сезімдік қабылдау арқылы алынған білімді реттелмеген және жалған білім деп есептеп, оған шынайы білімнің шарттары  ретінде сезімталдықтың априорилік формаларын (кеңістік пен уақыт) және пайымдауды (себеп, қажеттілік және т.б.) қарама-қарсы қойды.

Болмыс – санаға тәуелсіз өмір сүретін объективті дүниені, материяны адамдардың материаллық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым. Материалистік философияда ол сезім – түйсікпен қабылданатын материаны, материалдық объектілердің өмір сүруін,  олардың пайда болуын  және жойылуын  білдірді. Ал идеалистік философияда болмыс идеялардың жалаң мәні,  ұшы-қиырсыз жиынтығы ретінде логикалық категориямен  жалаң қызмет ретінде көрінеді, сөйтіп материализмде болмыс – табиғат болмысы, ал идеализмде  - табиғаттан бөліп қарастырылатын  дербес ұғым.

Гуманизм (лат. һumanus – иманды) – адамның қадір-қасиеті мен құқын құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның игілігіне, оның  жан-жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.

Гносеология немесе танымдық теориясы – танымдық қызмет процесіндегі субъект пен объектінің арақатынасын, білімнің шындыққа қатынасын, адамның дүниені танып-білу мүмкіндігін, білімнің ақиқаттығы мен айқындық критерийлерін зерттейтін  философия тарауы.

Құдай – дүниені жаратқан  және оны басқарып отыр деп саналатын  табиғаттан тыс құдіретті тіршілік иесінің қиялдағы бейнесі; иудаизмде – Яхве, Исламда – Алла, христиан дінінде  - «қасиетті үшеу» (әке құдай, бала құдай және қасиетті рух құдай) және т.с.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Материя – адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін объективтік шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз  көп объектілер мен системаларды  қамтиды, қозғалыстың алуан түрлі қасиеттері мен формаларының субстанциялық негізі болып табылады. Материя сансыз көп нақты формаларда, түрліше объектілер мен системаларда  өмір сүреді.  Материя жойылмайды және жаралмайды, уақыт жағынан мәңгі, кеңістікте. Өзінің құрылымы мен көрінісі де шексіз, мәңгі қозғалыста болатын өзбетінше дамуға қабілетті.

Микрокосмос (басқаша: микрокосм) – (гр., микрокосм – кіші әлем деген сөзінен) – Адам мен Универсумды (ғарыш, ғалам), сондай-ақ олардың арақатынасын білдіретін ұғым.

Метафизика – ойлаудың  антидиалектикалық тәсілі, заттар мен құбылыстардың   өзгеріссіз және бір-бірінен тәуелсіз қарастыратын, табиғат пен қоғамдағы дамудың қайнар көзі  болып табылатын ішкі қайшылықтарды жоққа шығаратын дүниетанымдағы  сыңаржақтықтың  нәтижесі.

Онтология (гр. ontos және  logos ілім, сөз) - Көне дәуір және жаңа мән философия сынды жалпы болмыс, оның жеке түрлеріне тәуелсіз нағыз болмыс туралы ілім – Онтология, яғни «бірінші философия» деп түсіндірілді.

Өмір  философиясы – бурж.философиясындағы субъективтік – идеалистік бағыт. Алғаш рет 19 ғ. соңы мен 20 ғ. Басында Германияда (Ницше, Дильтей,  Зиммель) және Францияда (бергсон)  негізі қаланды. Бұл философияның басты приципі – материя мен санаға қарағанда белсенді, көп түрлі, және мәңгі қозғалыста болатын дүниенің абсолюттік , шексіз  бастамасы ретінде саналатын өмір ұғымы.

Психоанализ – З.Фрейд ұсынған жүйке және психикалық ауруларының жалпы теориясы  мен емдеу әдісі, фрейдизмнің теориялық негіздерінің  бірі. Психоанализдің негізгі қағидалары мынадай: адам психикасын билеп алған санасыздық қоғамдық тыйымдар  жүйесінің ықпалымен құрылған психикалық инстанция психикалық «цензура» болып, психиканың тереңінде қалып қояды.

Перипатетизм (гр. рeripatetikos – серуен кезінде жасалатын) – Аристотель философисын ұстанушылар. Перипатетикалық мектеп мың жылдай (б.з.б. 529 жылға дейін) жұмыс істеп, ежелгі ғылымның аса ірі орталығы болды.

Платон (б.з.б. 428/427 – 348/347) – ежелгі  гр.философы, Сократтың шәкірті, объективтік идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диалогтардың  авторы (Софист «Парменид», «Теэтет», «Мемлекет» және т.б.)

Позитивизм (лат. рositives – оңды) – шетел философиясының нақты (эмперикалық) ғылымдарды нағыз, шынайы білімнің бірден-бір көзі деп жариялайтын және филос. зерттеудің  танымдық маңызын теріске шығаратын бағыты. Позитивизм өкілдері психологизмді бекерге шығарып, «ғылым логикасын» математикамен жақындастыру жолына, гносеологиялық мәселелерді формализациялау жолына түсті.

Рационализм (лат. rationalis – «зерделі») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. Онтологиялық 2. Гносеологиялық 3. этикалық рационализм

Субстанция (лат. substantia – мән)  ішкі бірлік тұрғысынан барлық формалармен оның дамуының табиғат пен тарихтың барлық алуан түрлі құбылыстарының, соның ішінде адам мен оның санасының  объективті  реалдылығы, сол себепті ғылымдық танымның, нақтының теориялық бейнеленуінің (абстрактілі және нақты) іргелі категориясы.

Софистер (гр. sophistes – өнерпаз, дана) – «даналықтың», «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде көрінген ежелгі гр.филососфтарын осылай атаған (б.з.б. 5 ғ.). Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалқ және әлеуметтік релятивизм – олардың ортақ көзқарасы болып табылды.

Спекуляция – тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу.

Суфизм (араб. суф – жүн; суфи, суфий – жүннен тоқылған шекпен) исламда 8 – 9 ғасырларда пайда болған және Араб халифаты елдерінде кең таралған діни мистикалық  ілім. Суфизмнің көрнекті өкілдері әл-Ғазали (1059-1111), орта азиялық философ Суфи Алаяр және т.б.

Үміт – өмір құрылымының ішкі элементі.

Уақыт және кеңістік – материаның негізгі өмір сүру формалары.  Идеалист философтар  уақыт пен кеңістіктің материяға тәуелділігін жоққа шығарарып, оларды не жеке адамның санасының формасы ретінде (Беркли, Юм, Мах) немесе сезімдік  қабылдаудың тәжірибеге  дейінгі априорлық формасы түрінде (Кант), не болмаса абсолюттік рух категориясы ретінде (Гегель) қарастырады.

Философия (гр. рheleo – сүйемін, sophia – данышпандықты) – адамның қоршаған дүниеге қатынасының жалпы формаларымен заңдылықтарын зерттейтін ілім. Философия қоғамның экон.қатынастарынан туындайды және қоғамдық  сана фломаларының бірі. Философияның негізгі мәселесі – сананың материяға, ойлаудың болмысқа қатынасы.  Осы тұрғыдан философия адам проблемасын зерттейтін адамзат мәдениетінің ерекше саласы.Философия термині алғаш рет Пифагордың  еңбектерінде пайдаланылған, ал айырықша білім саласы ретінде Философияны Платон енгізді.

Эстетика (гр. аisthetikos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғыоым. Эстетика осыдан ғасырымыздан 5 мың жыл бұрын, құлиеленушілік қоғам дәуірінде - Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келді. Ежелгі Греция мен Римде кеңінен дамыды.

Эмпиризм – (гр. empeiria – тәжірибе) – сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп есептейтін, барлық білім тәжірибеге сүйенеді және тәжірибе арқылы алынады дейтін таным теориясындағы бағыт.

Эпикур (б.з.б. 341-270ж.) – гр. материалист –философы және эллинизм дәіріндегі атеист. Эпикур құдайлардың дүние ісіне араласуын теріске шығарды және ішкі қозғалыс көзі  бар материяның мәңгілігін мойындауды негізге алды.

Этика (гр. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу объектісі мораль болып табылатын ежелгі теориялық пәлдердің бірі. Этика құл иеленушілік құрылыстың қалыптасу кезеңінде пайда болып, қоғамның стихиялы-дағдылы моральдық сана-сезімінен философияның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі ретінде нақтылдық туралы нағыз теориялық білімнің өзгеше, нестеу керек екені туралы «практикалық» ғылым ретінде бөлінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фромм Эрих (1900-1980) - неміс- американдық 

философ; психолог, социолог, неофрейдизм негізін салушы, гуманист-ғалым, әлеуметтік прогресті жақтаушы. 1933 жылы АҚШ-қа қоныс аударды. Философия, психология

антропология, тарих және дін социологиясының дамуына зор үлес қосты. Өзінің ілімін «гуманистік психоанализ» деп атады. Фромм индивид психикасы мен коғамның әлеуметтік құрылымының арасындағы байланысты анықтау барысында Фрейд биологизімінен алшақтады. Психоаналитикалық «әлеуметтік және дербес» терапия негізінде үйлесімді «дені сау коғам», жобасын АҚШ-та гуманистік позицияда ұсынды.

Сёрен Кьеркегор (1813- 1855)- дат философы мен теологы. Ол сыртқы әлемге сілтеу мен таянудағы әрекетке қарсы (мұндай эстетикалық мінез бола алады), ол өз алдындағы ішкі, яғни эстетикалық жауапкершілікке сенбей, индивид өзінің жеке басын тәңірдің еркіне беруді ұсынады. Кьеркегор үшін бұл өмір діни және пародоксальді. Осылай бола тұрып, ол христиан халқының дінін толық теріске шығарды. Оның ойынша экзистенциалды ойлау, яғни абсолюттікке сәйкес өмір сүру, азапты өлім төнетін болса да христиан ақиқатына шексіз сену.

Сократ (грекше: Σωκράτης c. 469 / 471 BC–399 BC[1]), — ежелгі грек пәлсапашысы. Батыс пәлсапасының негізін қалаушылардың бірі болып есептелетін[1] ол Платонға қатты ықпал жасап, оның әсері Платонның шәкірті болған Аристотельгеде етті. Сократтың ілімі қазіргі заман пәлсапасының маңызды бөлігі болып қалып отыр.

Ол этика саласына жасаған үлесімен белгілі, Сократтық мысқыл және Сократтық әдіс атты ұғымдар оның атымен аталған. Сократтық әдіс әлі де түрлі пікірталастарда жиі қолданылатын құрал болып отыр, ол құралды мәнісі мынада: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Сократ эпистемология және логика салаларына да маңызды үлестер жасап, батыс пәлсапасы мықтап орналасқан негізді қалады.

Платон (Platon) Афиналық (б.з.б. 427 — 347) — ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі — Аристокл. Платонның ойынша, адам — әрі қоғамдық, әрі парасатты, әрі мемлекеттік азамат. Платон өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе, саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырған сұхбаттарында адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның қоғамдық іс-әрекетіне де талдау жасады. Платонның көптеген ой-пікірлері кейінгі философтарға үлкен ықпалын тигізіп, осы күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.

Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар)— грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде  физика,   метафизика,   ақындық   өнер,    театр, 

музыка,логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, 

биология және зоология. Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс философиясының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды.

Информация о работе Философия сөздик