Ертедегі үнді философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 21:58, реферат

Краткое описание

Философияның пайда болуы, оның дамуы белгілі логикаға сүйенеді.Мәселен,антик философиясы екі негізден туындайды:бірі – мифология, екіншісі – жаңа туындап келе жатқан ғылым.Орта ғасырда философия дінмен тығыз байланыста болды.ХV-ХVІ ғасырлардағы қайта өрлеу дәуіріндегі эстетикалық ой-пікірлердің әсері арқылы дамыды.Реформация дәуірі адам тағдырын,оның ішкі дүниесін зерттеуді алға қойды.

Оглавление

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Ертедегі үнді философиясы
2.2. Ежелгі Қытай философиясы
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Файлы: 1 файл

Философия.docx

— 28.96 Кб (Скачать)

                                               Жоспар

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1.Ертедегі үнді философиясы

2.2. Ежелгі Қытай философиясы

3.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Кіріспе

Философияның пайда болуы, оның дамуы белгілі логикаға сүйенеді.Мәселен,антик философиясы екі негізден туындайды:бірі – мифология, екіншісі – жаңа туындап келе жатқан ғылым.Орта ғасырда философия дінмен тығыз байланыста болды.ХV-ХVІ ғасырлардағы қайта өрлеу дәуіріндегі эстетикалық ой-пікірлердің әсері арқылы дамыды.Реформация дәуірі адам тағдырын,оның ішкі дүниесін зерттеуді алға қойды.Философия өзінің зерттейтін объектісін ерекше қарастырады.Алғашұы грек философтары дәстүрлі мифологияны сынаудан, айталық, Гомердің поэмасындағы оқиғаларды, оның тұрақсыздығы мен әділетсіздігін сынаудан бастады.Бәрақ сол сынды ьастай отырып, олар өздері өмір сүрген қоғамдық құрылыстың әдет ғұрпынан, мәдени дағдарысынан қол үзіп кете алмады.Дегенмен философтардың тарихи тағдыры қашанда ауыр, қайғылы болатын.Өйткені олар қалыптасқан діни, мәдени,көркемдік,саяси, құқылық, дағдыланған болмыстық әдет-ғұрыптарға , егер олар прогрес талабына сай болмаса, қарсы шығып,өз пікірін ашық, батыл айта алған.Философтардың бұлай істейтінтіні неліктен?Себебі –шындықты білу, оған жету, көз жұмып, құлау сенуден бас тартып, әр нәрсенің байыбына жетіп, жүрек әмірі тұрғысынан әділ шешімін айтып, неліктен деген сұраққа жауап іздеу.Өмір сүрудің мәні неде? Юолмыс деген не? Оның үстіне философия алғашқы пайда болған кездерден бастап-ақ дүниеге көзқарас ретінде қалыптасады.Ол ертедегі грек философиясы бұған дейінгі дағдыланған мифологиялық дүниетанымға қанағаттанбағандықтан басталды.Оған себеп болған, сана-сезімнің ояуына әкелген: экономикалық жағдайлар, теңіз саудасы арқылы гректердің басқа елдерге барып, олрадн көп нәрсе көріп, үйренуі,оған ой жүгіртуі.Осыдан келіп жаңа өмір тұрғысы, жаңа қоғамдық сана қажет болды.Содан бастап арнайы ұстаздық ететін философтар шықты, сондай-ақ оның пікірін қабылдап, одан дәріс алатын Платон академиясы, Аристотель лицейі, Эпикур бауы деген оқу орындары болды, соған сәйкес жаңа ұғымдар қалыптасты.Сократта ешқандай мектеп болған жоқ, бірақ оның төңірегінде де шәкірттер жиналды.Солардың бірі – Платон, ал Платонның шәкірттерінің бірі Аристотель болса, ол атақты Александр Македонскийдің ұстазы.Байқап отырғанымыздай бірі бір заманда өмір сүрген.Тек Сократ  ойын қағазға түсірмеген.Әркіммен сөйлесіп, сұхбаттасып жүріп, философияны дамытқан.Ертедегі грек ұстаздары былай жаса, былай бол демейді.Олар өздерінің ойын, пікірін, болжамдары мен топшауларын айтқан.Шәкірттері олардан ой өрнегін құруды үйренген, қорытындыны әрікм өзінше шығарған.Философия солай дамып отырды.Оның пайда болып, дамуы нақты жағдайларға, оның талаптарына байланысты.Оны тудырған – өмір. Не істеу керек деген сұрау.Философтар соған жауап іздеген, пікір айтқан.

Сондықтан да философтар тарыдай шашылған жеке дара емес, шоқ жұлдыздардай болып дүниеге келген дедік.Олардың пікірлері де біріне-бірі жалғасып жатты.Ертедегі Шығыс философиясы ол біздің заманымызға дейінгі Х ғасырда басталды. Бұл қола дәуірінен темір дәуіріне көшу, рулық-тайпалық құрылымның ыдырауы, тауарлы ақша қатынасының қалыптасуы, мемлекеттің пайда болу кезеңдері болатын -  ды.Сондай-ақ ертедегі Шыңыс философиясы соған дейін қалыптасқан мифологияны, одан соң діни көзқарасты сынаудан, ғылыми сананың қажеттігін сезінуден басталды.Ертедегі Шығыс философиясының қалыптасуы екі түрлі поблема төңірегінде жүргізіледі.Бірі –Аспан,Ай,күн,жер, осылардың шығу тегі, өзара байланысы, әлемдегі барлық тіршілікке әсері жайлы болса, екіншісі адамгершілік, адамдық қатынас төңірегінде қалыптасқан.Бұл мәселелер мифологиялық ұғымдар негізінде  де болды.Бірақ мифология олардың себептерін ашуға тырыспайды, тек сенуді қажет етеді.Философия қашанда олардың себептерін іздестіреді.Әрине, оны екі түрлі материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады.Ол өз алдына жеке проблема.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Негізгі бөлім

                          2.1.Ертедегі үнді философиясы

Ол брахманизмге оппозициядан басталды.Ертедегі Үндістан 4 кастаға бөлінген.Бірі –әскери,аристократиялық каста (кшатрий), екіншісі – абыздар ( бархман), үшіншісі – басы бос қоғам мүшелері ( вайшилер), төртіншісі- төменгі каста ( шудра).Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Олар да меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады.Брахмандар үстемдің құрып кетті.Өйткені брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген былайша айтқанда, онық 4 түрлі ведасына негізделген.Б.з.б. VІІ-VІ ғасырларда брахманизм ішінен түрлі ағымар пайда болды.Олардың ішіндегі бастылары – джайнизм және буддизм. Джайнизм – этикалық ілім. Оның негізі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату.Джайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады.Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеңістік,уақыт, қоз,алыс кіреді. Ал жанның басты белгісі – сана. Жан мәңгі, онығ мүмкіндіктері шексіз.Бірақ ол денемен бірге өмір сүреді.Сондықтан джайнизмнің басты мақсаты – жаны денеден ажырату, оған еркіндік беру.Джайнизмнің ұстанған принциптері буддизмнен де қатаң.

Буддизм – б.з.д. VІ-V   ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді.ОЛ брахманизмге қарсы, әділдік көксеген таптар арасында пайда болды.Бірақ кейін үстем таптар оны өзінің құралы ретінде қолдады.Брахманизм беделді абыздарға сүйенсе, буддизм құлдық қоғам пайда болған соң ірі үстем таптарға сүйенді.Буддизм христиан,ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады.Онығ негізін салған – Сиддхартха Гаутама Будда ( б.з.д. 623-524 жж.). Ол Гималай таулары етегінде тұрған шакья тайпасы патшасының отбасында дүниеге келген.КЕйін патша сарайын тастап, жеті жыл жер кезіп, тоғай аралап, жапада жалғыз арып-ашып жүрген кезде бңр ағаш түбінде шаршап отырғанда оның санасына даналық нұр енеді.Сол кезден бастап, будда дінінің негізін салушыға айналды.Бұл дін Шығыс елдеріне (Қытай,Жапония) кең тараған.Буддизм теориялық философиядан гөрі діни этикаға негізделген.Мақсаты – адамдарды түрлі рухани азаптан босату және оған жетудің жолын іздестіру.Буддизмде 4 мәселе бар: 1.Өмір азапқа толы; 2. Ол азаптардың себебі бар; 3.азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;4. Азаптан құтылудың кезі бар. ОЛай болса, бұл дін бойынша адам өмірі оның рахат, ләззатқа ұмтылуы азаппен қабаттас болады.Ол үшін адам талабын, нәпсіні тарту керек. Оны «нирвана» деп атайды.Буддизм кейін бірнеше ағымдарға бөлінді. Ертедегі үнді философиясында материалистік ағым да болды.Оны локаята дейді. Локаята бұл дүниеден басқа о дүние бар дегенге сенбестік білдіреді.Табиғаттағы заттар ауа, от,су, жерден тұрады дейді.Өлген организм ыдырап, алғашында өзін құрған бөлшектерге айналады.Олардың түсінігінше ләззат пен азап бірлікте, азапты жою мүмкін емес, бірақ жеңілдетуге, азайтуға болады.Локаята ағымындағылар жұмақ,тозақ дегенге сенуді бос қиял, жалған сенім деп ұғындырады.Локаятаның шығу себебі – ежелгі рулық қоғам ыдырап, таптық қоғамның, мемлекеттің пайда болуы.Сөйтіп үндң философиясы сол кезден бастап осы заманға дейін буддизм,джайнизм,локаятадан басқа 6 бағдарда өмір сүрді.Олар: ведена, санкхья, йога, ньяя, вайшешик, миманса.

1. Санкхья – болмыс ұстанымдары арқылы емделу, қарапайым көзқараспен ойлану деген мағынаны білдіреді.КЕйбір деректерде бұл мектепті оның негізін қалаушының мәртебесіне орай Капила деп те атайды.Санкхья материяның кезеңмен, яғни психикалық және материалдық белгілер дейгейінде дамитынын көрсетеді:

  1. Материя дамуының бірінші  кезеңінің нәтижесі махат, яғни таза сана;
  2. Махаттан аханкара туындайды;
  3. «мен» 11 ағзаны туындатады – 5 қабылдау ағзасы, 5 іс-әрекет және 11- байланыстырушы және басқарушысы ағза  - ақыл;
  4. «мен» сондай-ақ тағы 5 нәзік сезіммен қабылданбайтын субстанция шығарады.Осылардың барлығының жиынтығы  эмпирикалық жеке тұлғаның ішкі негізін, оның материалдық жанын – лингамды құрайды.

2. Йога жүйесі санкхья философиясымен байланысты. Патанджалидің 185 афоризмінен тұратын классикалық «Йога-сутра» еңбегінде санкхья философиясының онтологиясы және гнеосологиясы көрсетілген.Йога тәжірибесі заттардың шынайы мәнін, құтқару жағдайын өажетті ақыл қызметінің 5 түрін көрсететін құрал ретінде байқалады.Ол адамға сана мен рух біріктіретін денені береді, « йога» сөзінің өзі «бірлік», ал батыстық түсінікте «бүтін» деген мағынаны білдіреді.

Йоганың қадыптары дененің сауығуы мен күшеюіне, сезімдердің тынышталуына және ақылдың айқындалуына арналған.Йога тәжірибесінің негізгі элементі медитация болып табылады.Медитацияның мәні ақылды, күшті іске асыруға үнсіз шоғырланған бақылауды бағыттау.Бұл бақылаулар адамның өзімен-өзі үнсіз, ақылмен қалыпты жағдайда қалуына себеп болады.Мұндай жағдайда адам өзінде, айналасында не болып жатқанын анық сезеді.Күнделікті йога мен медитацияның әсерінен адам сергектікті, күштілікті сезінеді.Йога физикалық босаңдық пен психикалық тыныштықты орнатады.Йогалық жаттығулар адамға физикалық,рухани күшті дамытуға көмектеседі.Йога жаттығулары физикалық күшті, төзңмдңлңктң, медиативті рухани техникаға қажетті тәжірибеге, қуат пен рухты күшейтуге көмектеседі.

3. Миманса данышпан Джаймини тарапынан ережелер жүйесі сияқты игерілге еді.Онда негізінен ведалық мәтіндер және салттар түсіндірілуге тиісті болатын.ОЛ Веданың барлық ұйғарымдарын орындай отырып, адам қылығына қарай жазалардан және қайта туу заңынан азат етіле алады деп бекітті. Миманса қолдаушылары Веданы Құдайландырды, оларды әмбебап субстанция, мәңгі абсолют және Брахмаға теңеді. Миманса Ведаларды мәңгі және ешкімге тәуелді емес деді.Веда дәстүрлерін марапатталық үшін емес, шын көңілмен,парызың ретінде атқаруың қажет деп түсіндірді.

4. Веда аяқталғаннан кейін Упанишадтан пайда болған ведант жүйесі. «Брахма-сутрада» Упанишад оқуы қалыптасып, оған түсініктемелерді ведант мектебінің бірнеше негізін салушылар Бадараяна,Шанкара және Рамунджалар берді. «Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де, оның бүгінгі таңда да көпеген жақтаушылары бар. ХІХ ғасырда Ведант мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал ХХ ғасырда Р.Тагор, тіпі мемлкет қайраткері Д.Нерудің өзі де айналысқан.Бұл күйді Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады.Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қата жаңғырады.Бұл оқуда теологиялық білімі бар адам үшін Алланың бары ақиқат, күнделікті өмірдегі ақиқат немесе шындық ол елес қана дейді.

5. Вайшешика мектебінде локаятиктер мияқты материалистік көзқарас дамыды: дүние материалданған, үнемі өзгеріп отырады және бұл үрдіс өмірлік, ауыспалы сипатта – бәрі дамиды және құлдырауға әкеліп соғады.Өзгеріссіз тұрмыстың алғашқы кезеңі  -  ешкім жасамаған, түрлі сапалы атомдар қалады. Атомдардың әр түрлі уақытта бірігуінен сезім деңгейінде танылатын жанды және жансыз заттар пайда болды.Бұл мектеп өкілдері онтологиялық шеңберінде категориялық аппаратты ойлап табады.Барлық түсінікті екі категорияға бөледі – жалпы және жеке категориялар.Категория заттардың өзіндік ерекшеліктері, яғни құндылығы мен сапасын көрсетеді.

6. Ньяя – Вайшешика  мектебімен қатар туындаған логиктер  мектебі.Бұл мектептер бір-бірін  толықтырады.Бұл мектептің негізін  салған – Готаму және оның  шәкірттері, олар ауқымды білім  мен логикалық негізді басшылыққа  алады.Басқаша айтқанда, логика және  гносология мәселелерін қарастырады.Категориялы аппаратты жасай отырып, Ньяя таным көздерінің түсінігін негізге алады.Локаяттылықтардан айырмашылығы ньяялықтар ауқымды білім тек эмпирикалық заттар дүниесінен  алынатын сезімде ғана емес, сондай-ақ логикалық қорытындыдан тексеруден өткен болса, олар мәтінде мазмұндалған куә дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         2.2. Ежелгі Қытай философиясы

Қытай өркениеті – Шығыстың ең ежелгі өркениеттерінің бірі. Зерттеушілер ақылды адам бұдан 200 мың дыл бұрын қазіргі Қытай жерінде пайда болған дейді. Ежелгі Қытайдағы философиялық ойлау барлық табиғат жанды, жанның жетекшісі аспан болып табылады,ал адам- табиғаттың бөлігі және дүние орталығы деген мифтен өз бастауын алады.Тең құқықты ғаламның бір бөлігі әлемге үндес.Олардың алдында мынадай мәселе тұрды: дүниемен, қоғаммен және өз-өзімен бірге өмір сүру. Бұл – барлық қытай мифологиясының негізгі идеясы және ежелгі мәтіндердегі дәлелдеу алған басты философиялық қағида.

Біздің дәуірімізге дейінгі ІХ-VІІ ғғ. Қытай мифтерінің барлығы даналар жазған « Таулар мен теңіз кітабында» енгізілген. ОЛ « қытай білімділігінің класикалық кітаптарына», тарих, этика, поэзия, философия, заңдылықтар негізі бойынша мәліметтер жиынтығына кезек берді.

Бұл кітаптың қытай мәдениетінде алатын орны ерекше, тіпті күні бүгінге дейін ұытай халқы осы кітапқа жүгінеді. Бұл трактаттың алғашқы фразасы – « ... не Ин, не Ян – бұл жол және солай айтылады» - барлық қытай философиясының негізін салушы ұстамына айналды.

Ин және Ян – дүниенің бастауында тұрған мәндер.Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Ин және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына ұқсайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Ин енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі – диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды.Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан,жер,адам – бұлар үштік бірлікте белгілі бір даму жолымен тіршілік кешеді.

Көне Қытай философиясындағы негізгі мектептердің бірі – Конфуцишілдік – адамды әлеуметтік өмірдің өзекті мәселесі деп қарастыратын ежелгі философиялық мектеп. Конфуций – б.д.д. 551-476 жылдары өмір сүрген.Оның негізгі шығармасы – «Лун Юй» - «Сұхбаттар мен пікірлер» еңбегі 6 кітаптан тұрады.Ескіні елеп, жаңаға жақындау – Қытайдың көне дәстүры.Ескіні дәріптеу Конфуций дәуірінде өзіндік мақсатқа айналды.Конфуций ілімінің түп тамыры адам және қоғам мәселесіне тіріледі.Адам табиғаты Конфуций философиясында басты мәселелердің қатарына жатады. «Аспан адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын құрайды». Табиғат – адамның алғашқы қасиеті.

Конфуций немесресінің оқушысы,оның ізін кесуші Мэнцзы жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру негізінде «Басқарудың 12 ұстанымын» құрастырды:

  1. Рақымшылық негізінде басқару
  2. Халық үшін дүниені анықтау
  3. Ақылдыны сыйлау және қабілеттіні пайдалану
  4. Салық пен беретін төлемді төмндету
  5. Халықты жұмысынан бөлмей пайдалану
  6. Халықтың жүрегін жаулау, халық не қалайды, соны жинау және оған беру, халық жақсы көрмеген затты жүзеге асырмау
  7. Халықты бағалау
  8. Сыйлыларды  сыйлау
  9. Адамның табиғатын ысырапқа ұшыратпау
  10. Халықты қайырымдылыққа шақыру
  11. Санадан жоғалғанды іздеу
  12. Әділдікті есте сақтау

Ең ғажабы, Конфуций ілімі – жасырын дәстүр, белді әулеттердің « меншігі» болды да.ОЛ атадан балаға мирас болып қалдырылып отырды.Әулет ақсақалы оны үлкен ұлына аманат ретінде тапсырып кететін болған.

Даосизмнің негізін б.д.д. V-ІІІ ғғ. Өмір сүрген Лао Цзы салды.Қайнар көзі – «Дао-Дэцзин» деп аталатын философиялық трактатта көрсетілген. «Дао» - «жол, алғашқы бастама,алғашқы түп негіз» деген мағынаны білдіреді.Дао – заттардың табиғи өсу, өнуімен бірге, дүниенің негізін құрайды. Бүкіл әлем Дао заңына бағынады. Даосизм философияныі негізгі мәселесі – ұлы Дао туралы, жалпылама заң және абсолют туралы ілім.Даоны ешкім жасаған жоқ, бірақ бәрі де содан тараған.Дао барлық жерде әрқашан әр уақытта шексіз өз үстемдігін жүргізеді.

Дао дәстүрлері сонымен қатар барлық қытай мәдениеті «Өзгерістердің кітапарына» шығады.ОЛар одан өте белгілі екі классикалық шығармалар «Дао дэцзин» және « Чжуан цзы» қатарда айтылған оқушыға мұғалімнен ауызша таратылды.Басты мақсат ежелгі және өазіргі даос – бұл үшін рухтың іздестіруі, бұқара қабаластың бас тартуы және майда ланулары дүние жүзі өзіне сыйғызғандай етіп.

Информация о работе Ертедегі үнді философиясы