Декарт философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 21:13, доклад

Краткое описание

Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.
Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады.

Файлы: 1 файл

жана заман философиясы.docx

— 42.78 Кб (Скачать)

1.Барлық білімді екі түрге: «ақыл ақиқатына», «акт ақиқатына» бөлді,

2.«ақыл ақиқаттары» ақылдан  тарайды, логикалық тұрғыдан дәлелденеді, қажетті және жалпы сипатқа ие;

3.«факт ақиқаттары» - эмпириялық (тәжірибелік) жолмен алынған  білімдер (мысалы, магнит тартылысы,  судың қайнау температурасы, түрлі  металдардың балқу температурасы); әдетте ондай білімдер фактіні атағаны, нақтылағаны болмаса, себептерін түсіндірмейді және болжамдық сипатта;

4.Тәжірибелік (эмпириялық, «факт  ақиқаттары») тәжірибелі білім  «ақыл ақиқаттары» сияқты емес, болжамдық сипатта болғанымен, оны  білім ретінде ескермеуге болмайды.

Осылайша, таным не рационалды не тәжірибелік  болып білімнің бір түрімен ғана шектелмей, оның екі түрін де қажет етеді және олардың бірі – рационалды (ақыл негізінде алынған) – шын білім де, ал екіншісі – эмпириялық (тәжірибеге негізделген) болжамдық сипаттағы білім.

 

 

 

 

 

 

 

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір фиодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. 15 – ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңлықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандылық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғыпып өлтіртті. Сондай – ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 – 1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: “Не

табиғаттың өзі – Құдай, не Құдай – заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш”, деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі – сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл өте қауіпті тұжырым болатын – ды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды:“Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласынжарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл ьолаалмайды”. Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: “Бәрібір жер айналып тұр” деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 14665)салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шнгі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеледі.


Информация о работе Декарт философиясы