Антика философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 20:44, реферат

Краткое описание

«Антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберге келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. VII—VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады.

Файлы: 1 файл

Антик философиясы.docx

— 34.06 Кб (Скачать)

Білімнің тарауына , азаматтардың ағартушылықпен айналысуына ықпал  етті.Адамзаттың жақсылық пен жамандық, махаббат , ар сияқты мәселелеріне жауап  іздеді.Қазіргі таңғы білім беру жүйесін де қолданылатын майевтика  әдісінің негізін қалады.Шындықты табудың  диалогтың әдісін енгізіп еркін  дауда оның дұрыс екенін дәлелдеу жолымен.Көптеген оқушыларын тәрбиелеп  һз қызметінің жалғастырушыларын қалдырды. Сократтық мектептің қайраткерлері  болған. 

2.     Сократтық мектептер – Сократ ойының әсерінен қалыптасқан және оның оқушыларымен дамыған философиялық ілім.

1.     Платон академиясы-б.э.д. 385 ж Платон мен қалыптасқан, философияны – діндік мектеп. Мақсаты философияның мәселелерді зерттеу, құдайлар мен музаларды қадірлеу болған. Ол б.э. 6 ғ дейін өмір сүрді.

2.     Клиниктер – еркіндік идеясын қоғамнан тыс қалыптастырған, философикалық мектеп. Бұл мектептің қайраткерлері өз философиялық зерттейтін өздеріне өойып тексерген. Клиниктер паразиттік, қаңғыбастық өмір сүрген, жанұясыз  мемлекетпен заңға, мәдениетке қарсы келген. Бұл мектептің ең   әйгілі қайраткерлеріне – Антисфен, Диоген, Синаский (Плотон, Сократ есінен таңға деп атаған.)

3.     Кирендік мектеп- Сократтың оқушысы  Киреннен  шыққан. Аристиппен  негізделген 4 б.ғ.д.ғ өмір сүрген

Осы мектеп қайраткерінің  көзқарасы табиғатты зерттеуге  қарсы болған.Ең жоғары деп лязатты есептеген.Сәйкесінше өмір мақсаты ляззат деп есептеп, бақытты лязаттың  жиынтығы,  байлықты – ляззатқа жету құралы  деп есептеген.

4.     Мегар мектебі. Б.э.д 4 ғ Мегарлық Сократтың оқушысы Евклидпен негізделген. Қайраткерлері Евбулид, Диодор, Крон.

Ерекшеліктері   

Мегарлардың ойынша  абстрактілі өте жоғары игілік бар, ол нақты суреттеуге жатпайды деген – құдай, ақыл өмірлік энергия. Жоғарғы игілікке қарсы ештеңе жоқ.Мегорлықтар философиялық ілімдік зерттеулерімен қатар, белсенді түрде тәжірибелік қызметпен айналысып  дауласушылар деген атқа ие болған.Мегорлық мектеп қайраткерлері Евбулид бірқатар әйгілі парадокстардың  авторлары атанды-Куча Лысый. Олар арқылы санның сапаға  ауысу диалектикасын  түсіндіруге  тырысқан.Куча  апориясы   : Егер жерге бір бидай тастап, оған  бір бидайдан қосып отырсақ, қанша уақыттан кейін бұл  жерде  үйінді болады ?  Бидайлар жиынтығы бір бидай қосқаннан кейін үйіндіге айнала ма ? Лысый апориясы : Егер адам  басынан біртіндеп аман түсетін болса,  қанша  уақыттан кейін ол таз болады. Әлі таз емес және әбден таз арасын бөлетін шекара қоюға бола ма ?

5.     Элидтік –эритрий мектебі.

 

Антик философиясы  

 

Кіріспе

   «Антик философиясы»  деген мың жылдан аса тарихы  бар грек-рим философиясын білдіреді.  «Антик» сөзінің латын тілінен  аударғанда «көне» деген мағынаны  білдіретінін ескерсек, бұл жалпы  философиялық ой дамуының бастапқы  кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан  дәстүр бойынша  антик дәуірі тек батыстық  көне заманын білдіріп, осы грек-рим  әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық  щеңберіне келетін болсақ, антик  философиясын өзнің бастауын  б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың  айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы.

   Ежелгі Грекия  дүниетанымының жаңа формасы  – философияны қалыптастырған  негізгі үш мәдени орталықтың  бірі болып табылады. Оның қалыптасуы  да Ерте Үнді және Ежелгі  Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға  сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық фиософиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері бар. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.

    Атомистер ілімі.

    Ежелгі грек  ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур  және ежелгі рим өкілі Лукреций  Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылдардың  шығармаларында кейін матералистік  бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық  көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар фиософиялық  ілімге айналды. Атомистік бағыттың  қалыптасуына үлкен үлес қосқан  ойшыл Левкипп болды. Ол әлем  бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар  бос кеңістікте алақұйын қозғалыста  болады да, бір-бірімен байланысқа  түсіп, денелерді құрайды. Космостың  өзі шексіз көп әлемдерден  тұрады, олар бір-біріне ауыспайды,  бірақ әр қайсысы жеке алғанда  пайда болып, даму шыңына жетіп  , жоғалып жатады.

    Демокриттің ілімінше,  дүниенің бастамасы – атомдар  (шын болмыс)және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс – сансыз көп  ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Атомдардың  негізгі қасиеті: мәңгі, бөлінбейді, өзіне- өзі тең, қозғалмайды.  Бұл қасиеттер атомдардың ішкі  мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне  өзіндік пішін, түрлерінің және  көлемінің болуы жатады. Атомдар  бұрыш, шар, қармақ, оймақ, т.б.  тәріздес болады. Атомдар бос  кеңістік болып тұрады.

    Атомдар бос  кеңістікте өз табиғатына тән  үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен  соқтығысқанда өздерінің қозғалыс  бағыттарын өзгертеді. 

Атомдарды бояу түрлері, иіс  дыбыс т.б. сияқты сезімдік қасиеттер  жоқ. Бұл қасиеттер атомдар түйсітерімен кездескенде ғана пайда болады. Демокрит-алғашқылардың  бірі болып сезімдік қасиеттердің субъективті  түрде болатындығын айтқан ойшыл.

Тіршіліктің шығуы Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп  түсіндіреді. Бұл жерде ешқандай да жоғары күштердің әсері жоқ. Барлық тіршілік иелері, оның ішінде өсімдіктердің  де жандары бар. Жандар шыққан қайнар көз бар тіршілікті тудырған-жылылық. Жандар әр түрлі болады. Космостық  жаны жоғары деңгейде емес одан гөрі жануарлардың жаны жылылықты көбірек қабылдағандықтан әлде қайда жоғарырақ. Ал адамның  жаны болса, ол ең жоғары сатыда тұр, себебі, онда жылумен қоса от та бар. Демокриттің  іліміне ақылды жан – «сана» ұғымы  мен синонимдес ұғым.

өмір сүрудің қажетті  жағдайы – дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы қоршаған ортадан  өздеріне керекті от  атомдарын  қабылдаса, дем шығарғанда, жанның кейбір атомдары денеден шығады, оның толық  шығып кетпеуіне қайтадан алған  дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене өледі, себебі жан атомдары денеден толығымен  шығады. Днеден шыққан жан атомдары ауада шашырап кетеді сөйтіп денемен  бірге жан жа өледі.

 Демокрит қоғамның  дамуы және мемлекет мәселелері  туралы пікірлер айтқан. Адмдар  аңға ұқсас кезінде аңдар сияқты  өмір кешті, ал аң сияқты  қалыптан мұқтаждықтың арқасында  өркениетке өткенде, олар бір-біріне  көмектесіп, бір жерде жинақталып, үңгірлерде, ағаштың қуысында өмір  сүрді. Бұл кезде олар патшасыз, әскербасыларсыз, бір-бірмен соғыспай, ұрлықсыз, қарапйым да, еркін өмір  кешті. Кейінірек келе отты  пайдалана алатын болды, қулық  – сұмдықтар да көбейді, осымен  қатар өнер де пайда болды.  Осы айтқан жағдайға адамдарды  мұқтаждық пен өздерінің тәжірибелері жеткізді. Адамдар әлім сақта сөйлей алмайтын-ды. Адамдардың бір-бірімен араласып қарым-қатынасқа түсуінің арқасында түсініксіз дыбыс шығарудың орнына сөз арқылы қатынас орнады. Сөйтіп, тіл пайда болды. Тіл көп турлі болып, адамдардың тұрған ортасына қарай қалыптасты.

Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған. Діннің шығуына себеп болған –  адамдардың табиғаттың дүлей күштерінің себебін білмей қорыққандығы. Құдай  деп жүргеніміз шын мәнінде құдай  емес, тек олар туралы қалыптасқан  бейнелер ғана.

Демокриттің атомистік ілімдарін  әрі қарй жағастырған ежелгі грек философы Эпикур (шамамен б.д.д. 342-271/270ж.ж.)болды. Эпикурдың еңбектері сақталмаған, бізге тек үш хаты мен шығармаларының кейбір фрагменттері ғана жеткен. Эпикурдың  ілімінше, атомдар – дуниенің алғашқы  бастамасы. Оларға Демокрит атған қасиеттерден басқа көле, салмақ сияқты мәнді  қасиеттер тән. Салмақтың арқасында  атомдар «құлайды» және жолдан ауытқиды. Осындай «өздігінен ауытқитын атомдар» қозғалыстың себебі және қайнар көзі. Солардың арқасында атомдар өзара  байланысқа түсіп, жекелеген денелер  пайда болады. Космоста сансыз көп  жекелеген әлемдер бар. Осы әлемдердің арасындағы бос кеңістікте мәңгі  өлмейтін бақытты құдайлар өмір сүреді. Олар әлем және адамдар жағдайын ойламайды. Өмірге келіп және одан кететіндер тек тіршілік иелері мен жаны ғана. Жан жіңішке, жеңіл, домалақ және тынымсыз атомдардан тұрады.

 Эпикур жолын ұстап,  оның ілімін ары қарай дамытқан  ежелгі Рим философы және ақыны  Лукреций Карр болды. Негізгі   еңбегі «заттардың табиғаты туралы»  Лукреций Эпи кур сияқты атомдардың  қозғалыс барысында ауытқуы материалдық  денелерді қалыптастырады, ал олардың  пайда болуы және өзгеріп дамуы   қатал себептілік заңына бағынады  дейді. Бұл заңдылық адам тағдырына  бейтараптылықпен қарап, олардың  қайғы қасіретін көбейтеді. Осыған  қарамастан, адамдар тағдырға мойын  бірге ұсынбаулары, керісінше,  қолдарынан келгенше тағдырдың  тәлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары  керек. 

Лукреций әлемдегі заттардың  бәрі себептілік заңына бағынады десе де оларда себептілік заңынан басқа  жасырын күштері бар екенін мойындайды. Бірақ  ол құдайға байланысты емес, себебі, құдай жердегі өмірге араласпайды.

Қорыта айтқанда, атомистік ілім табиғат құбылыстарын табиғи себептермен байланыстырып адамдарды табиғаттың дүлей күштерінен қорықпауға, тіршілік те құмарыңнан шығып, қуанышты өмір сүруге шақырды.  

 


Информация о работе Антика философиясы