Антика философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 20:44, реферат

Краткое описание

«Антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберге келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. VII—VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады.

Файлы: 1 файл

Антик философиясы.docx

— 34.06 Кб (Скачать)

«Антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберге келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. VII—VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII—V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. IV ғ.); эллиндік-римдік философия (б.з.д. III ғ. - б.з. V ғ.)- Ал Дж.Реале мен Дантисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:

1. Б.з.д. VI және V ғасырлар  аралығын қамтитын физис және  космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мүның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.

2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері - софистер және әсіресе Сократ.

3.  Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.

4. Александр Македонский  жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.

5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі — неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.

6. Христиандық ойдың қалыптасуы  және грек философиясының категориялары  тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.

Ежелгі Грекия дүниетанымның  жаңа формасы - философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады.

Грек философиясы «физис» философтары немесе натурфилософтар болған милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анаксимандр және Анаксимен), Гераклиттен және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.

Түпнегіз (архэ) - бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олардың  мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор — сандық қатынастарға аса мән береді. Бұлардың арасында Анаксимандр түпнегізді неғүұлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа және отты физикалық-химиялық элементтердің немесе үрдістердің бір бөлігі ғана деген ой туындамауы тиіс, себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен байланыстырылады. Бұл шексіз бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және бұзылмайды. Сократ философиясынан бастау ала отырып, екі түрлі бағытты ұстануға болатьн еді: бір жағынан білместік принципі («мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін») ғылымды теріске шығаруға әкелгендей, екінші жағынан нағыз жоғары білімге жол сілтейді; оның афиналықтарға бағыштаған арнауы (Платонның «Сократ апологиясы») бір жағынан қарапайым моральдық уағыз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан платондық , метафизикаға кіріспе ретінде бағаланады; оның диалектикасы бір жағынан софистика мен эристиканы еске түсірсе, екінші жағынан ғылым ретіндегі логиканың негізі болып табылады; оның ілімі бір жағынан афиналық полис қамалымен шектелсе, еқінші жағынан тұтас әлемнің космополиттік кеңістігі ашылады). Платон мен сократшылдар деп аталатындар осындай әр-түрлі жолдармен жүрді.

Сократка дейінгі алғашқы  философтар осы құдіретті түпнегізді әлемнен бөліп алмай, керісінше, әлемнің мәні ретінде түсіндіргендіктен «натуралистер» деп аталады. Сондықтан Гомер және антик дәстүрімен салыстырғанда бұл ұғым пантеистік типтегі түсінік болып табылады. Мысалы, Фалес «бәрі құдайға толы» деп айтқанда барлық нәрсенің өн бойын түпнегіз қамтиды дегенге меңзейді. Ал өмір бастапқы болғандықтан, бар тірі нәрсенің де жаны болады (гилозоизм).

Алғашқы грек ойшылдары әлемдегі бір-біріне үстемдік етуге ұмтылған қарама-қарсылықтарды аңғара білді (суық пен ыстық, құрғақтық пен ылғалдық және т.б.). Анаксимен барлық өзгерістер мен трансформацияларды түсіндірудің негізі ретінде өзінің үнемі өзгермелі табиғатына орай универсалдық стихия түрінде ауаны түпнегіз етіп алғаны белгілі. Ол сонымен қатар, «тығыздалу» мен «сиректелу» үдерістеріне динамикалық себеп принципін енгізгендіктен, себептіліктің түпкі бастаумен жетілген үйлесімділігін түсіндіріп бергендіктен милеттік ақыл-ойдың қатаң және логикалық көрінісін айшықты түрде көрсетеді. Кейінірек, бұл парадигмаға, иониялық ақыл-ойдың үлгісіне айналып, әсіресе Гераклитте барлығын басқаратын логос түріндегі түпнегіз - от ретінде өзінің заңды жалғасын табады. Гераклит сонымен қатар, түпнегіздің универсалды динамизмі тақырыбын онан әрі дамытты. Оның «бәрі ағады, бәрі өзгереді» деген атақты тезисі осы ағын образынан туындайды. Осыған байланысты Гераклит мынадай терең де батыл түйіндерге тоқталады: бір қарама-қарсылықтан екіншісіне үнемі алмасу ретіндегі қалыптасу идеясы, олардың тұтастығы мен күресі идеясы, олардың үйлесімділікке бірігуі, ақиқат пен танымның көп қырлылығы. Гераклиттің дәл осы тұжырымдарын Гегель жоғары бағалап, өз еңбектерінде пайдаланды.

Философия дүниеге келісімен  құдіреттілік (Ксенофан) пен ақиқатқа (элеаттар) қатысты ғасырлар бойы қалыптасқан  наным-сенімдерді бұзып, өзінің жаңашылдық күш-қуатын байқатты. Элейден шыққан ойшылдардың жаңашылдығы былайша сипатталады: космологияны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту, өзіндік философиялық категорияларды ойлап табу («болмыс», «болымсыздық», «ойлау»), диалектикалық тәсілді енгізу мен пайдалану арқылы (Зенонның атақты апорийлары) философияда дәлелдеудің қажетгілігі мен оның тәсілдерін қолдануды (абсурдқа әкелу принципі) мойындау. Зенонның дәйектері өзіндік заңдылықтың күш-қуатын бекітетін тәжірибе деректеріне күмән келтіретін логос позициясын күшейтуге бағытталған.

«Кіші физиктер» немесе физик-плюралистер  — Эмпедокл мен Анаксагордың көзқарастары элеаттардың осы апорийларын  шешуге талпыныспен байланысты болды. Олардың плюралистік концепциялары  элейліктердің де, иониялықтардың да монизміне қарсы бағытталды. Ал бұл үшін Эмпедокл элемент, немесе төрт «түбір» ұғымынан өзге біріктіруге және ажыратуға мүмкіндік беретін Махаббат пен Дұшпандық деп аталған ғарыштық күштерді де енгізеді. Анаксагор болса (Афиныдағы философияның дамуы оның есімімен басталады) әлемдегі сан жетпес сапалар мен өзгерістердің көп құбылмалы себебін заттардың «ұрықтары» (гомеомериялар) мен ақыл (Нус), олардың бір тәртіпке келуі арқылы түсіндіреді.Бұл мәселені түсіндіруге келгенде ең жүйелі және мақсатты талпыныс Левкипп пен Демокрит үсынған олемнің атомистік картинасы болды. Әлемдегі барлық өзгерісті, қозғалысты түсіндіретін - атом (абсолютті, тығыз, онан әрі бөлінбейтін болмыс), бос кеңістік (болымсыздық) және олардың қозғалыстары. Атомдар формасына, реті мен жағдайына қарай ерекшеленеді, олар сезіммен қабылданбайды, тек ақыл-мен пайымдалады. Элеаттардың апорийларын игеру мақсатында олар әр түрлі сезімдердің болуы атомдардың сыртқы әсерінен, ал ақиқатты түсіну атомдардың өмір сүруін ақылмен ұғыну арқылы іске асады дей отырып, «ақиқатты» да, «пікірді» де сақтап қалды. Демокриттің бүкіл дүниетанымынан байқалатын атомизм принципі ғаламның шексіздігі мен ондағы әлемдердің сан алуандылығы, себептілік пен кездейсоқтылық туралы ілімдерінде, мәдениет тарихына көзқарасында, моральды зерттеуінде және т.б. данышпан ойларды дүниеге әкелуіне мүмкіндік берді. Б.з.д. IV ғасыр Грекия үшін «жоғары классика» дәуірі болып табылады. Бұл дәуірде антиктік философиялық ойдың айшықтық көрінісін беретін екі философиялық жүйе — Платон және Аристотельдің философиялық жүйелері қалыптасты. Сократтың ең ғұлама шәкірті және Академияның негізін қалаушы Платонның ілімі әр деңгейлі және әр алуан қырларымен ерекшеленеді. Оның шығармашылығында философия мифке қайта оралады. Онда миф логосқа бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпін береді. Әр түрлі кезеңдерде оның философиясындағы метафизика мен гносеологияға, діни проблематика мен мистицизмге зор көңіл бөлінсе, қазіргі уақытта платонизмнің мәні ретінде оның ауызша диалектикасына, этикалық-саяси проблематикасына баса назар аударылады. Платон ілімінің шынайы маңызы осы көзқарастардың барлығын жинақтағанда ғана көрінеді. Платондық метафизиканың кең ауқымды ерекшелігі, онда жаңа шындықтың ашылуымен байланысты, яғни физис философиясында бұрын-соңды сөз қозғалмаған сезімнен тыс, физикалықтан тыс кеңістіктің ашылуымен байланысты болды.  Платонның дәл осы жаңалығы философия дамуындағы маңызды кезең болып саналды және батыстық даналықтың дамуындағы материалдылық және материалдылық емес, сезімге тән және сезімнен тыс деген айырмашылықтардың негізін қалады. Осы категориялар түрғысында табиғат пен ғарыш өз алдына заттар түрінде емес, тек олардың құбылысы түрінде ғана көрінеді. Нағыз және нақты болмысқа заттардың мәнін, олардың парадигмасын білдіретін идеялар ғана ие болады. Платонның идеялар әлемі — бұл сатылы түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлем) және Жаратушы (демиург) — үлгіге сәйкес көшірменің авторы.

Платон таным мәселесін  жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық майевтика болып табылса, ал «диалектика» термині онда жаңа мағынаға ие болады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау ретінде қарастырса, ал эротика - абсолютке жетудің логикалық емес жолы. Платонның адам концепциясы дуалистік болғандықтан (жан мен тон), таным тазару ретінде, ал диалектика бетбұрыс ретінде қарастырылады. Жанның мәңгілігі Платон үшін ең маңызды мәселе болғандықтан метемпсихоз ұғымы әр-түрлі мифтер түрінде сипатталады. Платондық дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарым қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы болып табылады. Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса (және керісінше), онда Ақиқат пен Игіліктің жоғары құндылықтарына негізделген шынайы мемлекет қалыптастыруға болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңірегінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң Платон өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі — Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға ұмтылады.

Платондық Академияның ең қабілетті шәкірті Аристотельдің  рухани дүниесін платонизм мен метафизикадан  бас тартып, натурализм мен эмпиризмге бет бұру деп түсінуге болады. Яғни, ол ұстазының жолын қайталамай, оның ілімін алға жылжыта отырып, оның теориясы шеңберінен шыға білген. Аристотельдің таланты мен ғылыми рухы оны тәсілдер дифференциациясына, органикалық синтез бен жүйелеуге алып келді. Ол философиялық білімдердің — метафизиканың, физиканың психологияның, этиканың, саясаттың, эстетиканың, логиканың даму жолдарының негізін қалады.

 

 

Софистер мен  Сократтың философиясы. 

 

1. Софистиканың  жалпы түсінігі.

Софистер бұл 5-6 ғ.б.э.д  өмір сүрді. Ежелгі Грецияда өмір сүрген философиялық мектеп. Бұл философиялық мектептің қайраткерлері теоретик философ болып қана емес, азаматтарды  философияға, орталық өнерге басқа  да білімдер түріне үйреткен, оқытушы  философияға орталық өнерге басқа  да білімдер түріне үйреткен , оқытушы  философ ретінде де болған.

Софистердің қайраткерлері 

Үлкен софистер (5ғ б.э.д) Протагор, Горгий,Гипий, Продик, Антифонт, Критий. Кіші софистер- Ликфрон, Алкидамант, Трассимах.Сократ – көрсетілген топтарға ресми  түрде жатпайды, бірақ софистердің  ойларын бөліп, софистиканың өзін өзінің тәжірибесінде қолданған.

Ерекшеліктері.

Қоршаған шындыққа сындық қатынас.Бәрін тәжірибеде тексеруге  тапсыру, белгілі бір ойдың дұрыс  бұрыстығын тексеру.Көне дәстүрлі цивилизацияның негізін қабылдау.Дәлелсіз білімге  негізделген көне түсініктерді, ережелерді жоққа шығару.Мемлекет пен құқықтың нақтылықсыздығын дәлелдеуге тырысу.

Софизм Софистердің  негізі логикалық әдісі ретінде.

Бұл философиялық мектептің  қайраткерлері өздерінің дұрыстығын софизмдер логикалық әдістері арқылы  дәлелдеу.Бұл мүйізді софизмнің мысалы Сен жоғалтпаған нәрсеңе иесіз, сен мүйізіңді жоғалтқан жоқсың , яғни сен оған иесің бұл нәтиже софизмнің логикалық ауырлығынан емес логикалық мағыналардың дұрыс қолданбауынан болады. Көрсетілген софизмде алғашқы мысал өтірік, бірақ дұрысқа беріледі, осыдан нәтиже шығар.

Софистердің қызметтерінің  мәні.

Қоршаған шындыққа сындық көзқараспен қарады. Грек азаматтар  арсында философияның және басқа  да білімдерді таратты.  

2. Протогордың  философиясы.

Протогор (б.э.д. 5 ғ) үлкен  софистердің белгілі қайраткерлері.

Ерекшеліктері.  

Протогор өз философиялық кредосын мынада айтқан: Адам барлық тірі заттардың өлі екенінің, ал өлі  заттардың тірлігін өлшеуші шама деген. Яғни бұл дегеніміз, қоршаған шындықтың жақсы, жаман екенін бағалаушы- адамның субъективті пікірі деген.Қайраткерлері  Екі түрлі сөз шығармасының негізін  қалаған. Және жас адамдарды кез  келген дауда жеңуге үйреткен (Ауру адамдарға жаман, ал дәрігерлерге жақсы.,)

Сол кезеі үшінПротогорлардың құдайларға деген көзқарасты революционды болған.Құдайлар туралы біле алмайтын , олар бар ма, жоқ па, себебі оны  білуге  көптеген кедергілер бар.    

Протогор философиясының негізгі жағдайлары.

Адам санасынан тыс  ештеңе жоқ.Белгілі бір нәрсе  мәңгі емес.Адам үшін бүгінгі күнгі  жақсының бәрі, шындықтың жақсы екенін көрсетеді.Егер бүгін жақсы болған нәрсе ертең жаман болса,онда ол шындықта да жаман, кері болған.Барлық қоршаған шындықтың адамның сезімдік қабылдауына байланысты.

Қоршаған орта қатыстылық сипатқа ие.Объективті таным мүмкін емес.Тек қана пікірлер әлемі бар.  

 

  1. Сократ философиясы        

Сократ (б.э.д 469-399ғ) Софистикаға  қатынасы бар, ең қадірлі философтың бірі.

Ерекшеліктері:   

Сократ мағыналы шығармалар қалтырғанмен  тарихқа әйгілі полемист, ойшыл оқытушы философ ретінде қалды.Сократ жасап , қалданған негізгі әдісін  майевтика деп атаған. Оның мәні – логикалық әдістер арқылы қойылған сқраққа әңгімелесушінің өздігінше дөрыс жауапқа келуіне көмектесу.Сократ өз  философиясын, ағартушылық  жұмысын ең  өзекті мәселелер бойынша, қалың халықтың, базарларда ашық әңгіме базар құрып жүрген. Жақсылық пен жамандық махаббат, бақыт, адамдық т.б тақырыптарға.Сократты ресми билік органдары мойындамаған, оны қарапайым софист , яғни жастар арасына бүлік салып  жолдарын басқа жаңа бұрып , қоғамның тыныштығын бұзушы  деп қараған. 

Сократ  қызметінің тарихи мәні.

Информация о работе Антика философиясы