Қайта өрлеу филасофиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 18:26, реферат

Краткое описание

Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған: mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Олар әр нәрсенің түбіріне үңіліп, сол туралы әр қилы пікір айтты. Ондайларды философ деп атады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sophia – даналық, екеуі қосылып «философия» деген сөзді туғызды). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп «фәлсафа» деп атаған.

Оглавление

I. Кіріспе
“Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым”.
II. Негізгі тақырып
1. “Орта ғасырлар және қайта өрлеу философиясы”
2. “Қайта өрлеу кезеңіндегі философия”
III. Қорытынды
“Философия – бүкіл адамзаттың даналық ой-пікірі,
толғамы, дүниетанымы, көзқарасы”.

Файлы: 1 файл

Қайта өрлеу философиясы.doc

— 106.00 Кб (Скачать)

       Рене Декарт  философиясы  зерделі ойдың негізінде дүниені екі субстанциядан (латын тілінде – негіз деген мағынада), яғни  материалдық және  рухани  негіздерден тұрады  деп  есептеді. Бұл  екі  субстанцияның  мәнісі – басқа  заттың  бар  болуынан  тәуелсіз  өмір  сүріп  тұрған  зат  бір-біріне  бағынышты  емес, бір-бірінен  келіп  шықпайды.

Декарттың  ойынша, адамның  сезім  мүшелері  үнемі  алдайды, олар  нақты  білім  жасауға  дәрменсіз.  Олай  болса  біз  ойлау  процесінде  тек  ақылға, зердеге  ғана  сенуіміз  қажет. Декарттың  рационализмі таным  процесіндегі  тәжірибе  мен  сезім  мүшелерінің  рөлін  анықтай  алмағандықтан  әдістегі  сыңаржақтылықты  тудырды. 
 

Қорытынды

   

      Жалпы  алғанда, Қайта өрлеу философиясы антика  философиясындағы гуманистік  дәстүрді, орта  ғасырлық  шығыс мәдениетінің  алдыңғы қатарлы ойларын өз  заманының талап-тілегіне  қарай жаңартып, Жаңа заман ғылыми  көзқарасының қалыптасуына  зор ықпал етті. Жаңа  заманға жаңа  ғылыми  жаңалықтар, жаңаша  дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен  ғылымның  пайдалы деп табылған  жаңа  салалары  тез дами  бастады. Гидростатика, оптика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар  саласында  қол  жеткен  табыстар  табиғаттану, философия  ғылымдарына  үлкен  әсер  етіп, философияда  механикалық  көзқарасты  және  метафизикалық  ойлау  тәсілін  қалыптастырды. Тіпті, қоғамдық  өмірді  де, адам  табиғатын  да  механика  тұрғысынан  қарастыру  әдетке  айналды.  Міне, осылай  философия жаңа  заманға көшті.

      

       Адам  философияны  оқи  келе,  философия – алдымен  жалпылық  ғылым  екенін  түсінеді. Жалпы   қашанда  жекеге  бағдарлық   рөл  атқарады. Бұл  әсіресе   қазіргі  ғылымдарға  қажет. Өйткені, олардың  көбісінің  зерттеу  объектісі  тереңдеп, қамтыған  көлемі  тарылып  барады. Қазіргі  нақты  ғылымдар, тіпті  кішкентай  бір  құбылысты  да  бүтіндей  алып  қарамайды, оның  тек  бір  қырын, бір  көрінісін  ғана  зерттейді. Оны  нақты  білу  осындай  абстрактылы  танудан  тұрады. Өйткені, әлгі  құбылыстың  басқа  қырларын  қалған  ғылымдар  зерттейді. Сонымен, нақты  ғылымдар бір  затты  толық, нақты  білу  үшін  басқа  ғылымдардың  көмегімен, әсіресе  жалпылық  ғылымның жәрдемін  қажет етеді. Сөйтіп, жалпылық  ғылымдар  нақты  ғылымға  жетекшілік, етодологиялық  рөл  атқарады.

       Сондай-ақ, философия – дүниеге   көзқарас  қалыптастыратын  ғылым.  Қандай  да  бір  адам  болмасын,  ол  дүниеге  белілі  көзқарассыз   өмір  сүрмейді. Былайша айтқанда  әрбір адам  дүниеге, әрбір құбылысқа белгілі пікір айтады, өзінің  өмірлік позициясын  белгілейді. Әрине, көзқарас  әр қилы  болады: ғылыми, ғылыми  емес, дәйекті, дәйексіз, т.б. Философия сол көзқарастың жүйелі  болуын  қамтамасыз  етеді. Әрине  көзқарас  іштен  тумайды. Оны  қалыптастыратын  өмір. Өмірді  танып, білу  арқылы  адам  белгілі  бір  қорытындыға  келеді: қабылдайды  теріске  шығарды, қолдайды, ұнатпайды  т.б.

       Сонымен, философияның  негізгі   мәселесі  ойдан  шығарылған  пікір  емес. Оны  дүниеге  алып  келген  өмір, адамзат  ой-санасының  дүниетанымдық  дамуы.  Менің  ойымша, философияны  сүйсене  оқыған  адам  жартылай  болсын  философ бола  алады.

       
 
 

Пайдаланған әдебиеттер 

1. Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов – “Философия”

    Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1994 ж.

2. Ж.Алтаев, Т.Ғабитов, А.Қасобек, Қ.Мұхамбеталиев

     “Философия  және  мәдениеттану”

     Алматы, “Литера” 2001 ж.

3. Ә.Нысанбаев, Т.Әбжанов

     “Қысқаша философия тарихы”

     “Қазақ энциклопедиясы”, Алматы, 1999 ж. 

Информация о работе Қайта өрлеу филасофиясы