Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 18:26, реферат
Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған: mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Олар әр нәрсенің түбіріне үңіліп, сол туралы әр қилы пікір айтты. Ондайларды философ деп атады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sophia – даналық, екеуі қосылып «философия» деген сөзді туғызды). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп «фәлсафа» деп атаған.
I. Кіріспе
“Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым”.
II. Негізгі тақырып
1. “Орта ғасырлар және қайта өрлеу философиясы”
2. “Қайта өрлеу кезеңіндегі философия”
III. Қорытынды
“Философия – бүкіл адамзаттың даналық ой-пікірі,
толғамы, дүниетанымы, көзқарасы”.
Жоспар
“Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым”.
1. “Орта ғасырлар және қайта өрлеу философиясы”
2. “Қайта өрлеу кезеңіндегі философия”
“Философия – бүкіл адамзаттың даналық ой-пікірі,
толғамы,
дүниетанымы, көзқарасы”.
Кіріспе
Философия – ғылым. Ол ғылым ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Ол қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениеттің ажырымас бөлігі. Әрине, оған әр халықтың өзіндік (біреудің көп, біреудің аз) үлесі бар. Әрбір ұлттың өзіндік не физикасы, не химиясы, не басқа ғылымдары болмайтыны сияқты өз алдына оқшау философиясы да жоқ. Философия, менің ойымша, толып жатқан өзендерден нәр алған, тамшылардан құралған үлкен терең ой теңізі. Өзендердің бұлақтардан құралғанындай, философия да әрбір халықтың ой тұжырымдарын, дүниетанымын, қоғамдық көзқарасын бойына сіңірген әрбір ұлттың тарихи және қоғамдық ой-сана даму деңгейінің көрсеткіші. Өйткені, бұл абстрактылы оймен ғылыми өрнек құратын қиын, шым-шытырық құбылыстардың жүйесін табатын, белгілі талдау жасай алатын, болжам айта білетін ілім.
Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған: mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Олар әр нәрсенің түбіріне үңіліп, сол туралы әр қилы пікір айтты. Ондайларды философ деп атады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sophia – даналық, екеуі қосылып «философия» деген сөзді туғызды). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп «фәлсафа» деп атаған.
Философия – адамзат дамуының қайнарынан
бастау алатын ғылым. Ол біздің
заманымызға дейінгі мыңжылдықтың
басында дүниеге келді. Сол кезден
бастап ол үнемі даму үстінде.
Адам баласының ой-өрісі кеңіген
сайын философия да тереңдей түсті.
Философия - өз алдына ғылым. Ол,
ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық,
методологиялық ғылым. Философия бүкіл
әлемді оның басты салалары: табиғат,
қоғам, адам санасын тұтас құбылыс
ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын
ашады, объективтік шындық жөніндегі
белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады.
Бұның барлығы бірнеше кезеңдер арқылы
жүзеге асты. Орта ғасырлар және
қайта өрлеу кезеңдерінің философиясына
тоқталсақ...
Орта
ғасырлар және қайта
өрлеу философиясы
Орта ғасырлар деп аталатын
кезең Европа тарихында Рим
империясының күйреуінен
Схоластикалық пікірталас
Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (адам оған лайықты болмаса да) немесе азаптарға (жазықсыз
болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын олардың бойына енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік берген. Адамзат тарихы да осы заңдылыққы бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің негізі – құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің деген танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Ол құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндер мен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы дегенде жердегі оның өкілі – Рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі пенделердің бәрі де бағынулары керек.
Августинизм теологиялық-
Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы-схолосты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.ж.) болды. Негізгі еңбегі – “Бар және жоқ”.
Абелярдің пікірінше, шынайы өмір сүретін – жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. Бұл жалпылар шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойында есепте тұр әрі ол жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де, жалпылардың шын екеніне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеулері керек. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.
Абеляр осындай екіұшты пікірлері үшін номиналистер жағынан да, реалисттер жағынан да сынға түсті.
Христиандық діни ілімді
Аристотельдің философиясымен
байланыстырып, шіркеудің
жолмен негіздеуге тырысады. Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар – түр мен материя жеке заттар әлемін тудырады. Адамның өзі де жан (түр қалыптастыратын принцип) мен дененің қосындысынан пайда
болған. Жан “таза түр” ретінде күйреуі, жоғалуы мүмкін емес. Бірақ ол жерде тіршілік пайда болғанға дейін жеке өмір сүрмеген, оны құдай жаратқан.
Рух пен материяның табиғаты
туралы пікірталас жалқылар
мен жалпылардың (
Заттардың мәні олардың түпнегізі – құдайдың бойындағы жалпы идеялар болғандықтан, адамдардың мақсаты – соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек.
Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан. Жердегі тіршілік о дүниедегі болашақ рухани өмірге дайындық болғандықтан, патшалық билік рухани (діни) билікке бағыну керек. Рухани билікті жүргізетін, аспанда – Христос, жерде – Рим папасы. Аквинскийдің ілімі ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасқан қазіргі кездегі философияда өзіндік орын алып отырған неотомизмнің теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.
Дунс Скотт (1268-1308 ж.ж.) шотланд схоласты, Аквинскийді іліміне қарсы сын айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан да құдайдың жігері не істеймін десе де абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі – игілік. Құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Осындай рух адамда да бар. Адамның рухы (жаны) мәңгі, ал оның денесі кеңістік пен уақытта шектеулі. Рухтың негізгі мақсаты – танып-білу. Адамдар сезімдік түйсіністер арқылы заттардың қасиет, сипаттарын таныса, ақыл-ой осы алынған мәліметтер негізінде жалпылықтың (универсалий) мәнін түсінуге
ұмтылады. Жалпы ұғымдар таза ақыл-ойдың туындысы емес, әр заттың мәні, түпнегізі. Олар әр уақытта болған және мәңгі бола береді. Тек адамдар таным процесі кезінде оларды заттардан бөліп алады да, “жалпы” ұғымын қалыптастырады. Ақыл-ой да, сезімдік түйсіністер де өз алдына рухани түпнегізді танып-біле алмайды, себебі олар сезім мүшесіне әсер етпейді. Олай болса, таным процесінде белсенділік көрсететін сезім мүшелері де, сана да емес, тек жігер ғана. Себебі жігердің өзі жалпы рухтарға тән, ал рухтың жігері құдайдың жігерінен
нәр алады. Скоттың пікірінше, философия қарастыратын негізгі мәселе
болмыс болғандықтан, ол рухани түпнегізді танып біле алмайды, ал діннің пәні – рухани түпнегіз болғандықтан, бірақ оны нақты түрде дәлелдей алмайтынына қарамастан, оның айтқандарына күмәнданбай сену керек.