Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 13:39, реферат

Краткое описание

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 70.50 Кб (Скачать)
p>Жұмыс дәптерінде берілген шығармашылық тапсырмалар педагог пен ата-аналардың арасындағы өзіндік бір тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған жұмыстың бір қыры болып табылады.

 

Мысалы: «Отбасы» аялдамасында тақырыбында ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Менің отбасым»газетінде баланың сәбилік шағынан, ересек жасына дейінгі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая түседі, балаға деген ата-ана жауапкершілігі артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен айтқанда отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады.

 

8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қатысты. Олар анаға байланысты мақал-мәтелдер жаттады.

«Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» — демекші қыздарымыз түйме тігіп, өз шеберліктерін көрсетті.

 

Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің балабақшада ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Топтағы қабылдау бөлмесінде ата-аналар бұрышы жасалған. Онда «Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата-аналарға кеңес», «Кел жаттайық бәріміз» деген бұрыштар бар.

 

Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге тақырыптары: «Балаға көркемдік тәрбие беру», «Психологические особенности возрастных особенностей родителей» ашық сабақтарға, ойын-сауық кештері, ата-аналарға арналған сауалнамалар, басқа шаралар ұйымдастырылып отырады. Әр ата-ананың бала бақшадағы болып жатқан іс-шараларға деген қызығушылық білдіруі де әр қалай.

 

Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз. «Сөзді кішірейтіп айт», «Кәне сөз іздейік», моншақтан жасалған әріптерден сөздер құрастыру.

 

Осы ойындарды ойната отырып, ата-ана өзін балаша сезінгенін айтады. Ата-аналарға арналған мерекелік шаралар өтті. «Менің Қазақстаным», «Жаңа жыл мерекесі», «Бәйшешек бүр жарғанда атты» аналарға, әжелерге арналған мерекеміз және «Қош бол балабақшам» атты үлкен кештер өткіземіз.

 

Ата-аналармен жүргізілген әңгіме-кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып ұяда көргенінен өнеге алатындығы сөз болды.

 

«Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем»- атты ашық сабақ өтті. Бұл сабақта балалар патриоттық сезімдерін тәрбиелеу туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру мақсаты болды.

 

Балабақшада ата-аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады. Балалардың жасалған жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырылып тұрады. «Отбасы» тақырыбына байланысты «Отбасы-алтын ұям» атты ашық сабақ, ата-аналар қатысуымен өткізіліп, үлкен жұмыс жүргізілді.

 

Балалар туған ұялары жайында, анасымен диалог түрінді сөйлесіп, өз пікірлері мен ойларын еркін білдіре алды. Балалар сабақтармен ғана шектелмей, сабақтан тыс уақытта алуан түрлі шаралар өткізіледі. Мысалы, С. А. Назарбаеваның туған күніне байланысты «Сара апамыз-анамыз, өз анамыз» атты тәрбие кешін ұйымдыстырылды.

 

Бұл кеште Сара апайға арнап өлең, тақпақтар айтылып, ойындар ойналды, құттықтау сөздерімен жалғасты. Балалар кештің соңында өздерінің шығармашылық жұмыстарымен толықтырды. «Құмыраға гүл салу» жұмысында балалар өз қолдарымен әр түрлі гүлдерді жасап, Сара апайға ой түпкірлерінен шыққан шынайы, жылы-жылы лебіздерін білдірді.

 

Сонымен қатар «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеппен» — дегендей халқымыз балалармен «Әдептілік-әдемілік» атты тәрбие сағаты да өткізілді. Осы кеште балалар әдептілік туралы мақал-мәтелдер айтылып, қойылымдар көрсетілді.

 

Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.

 

Ересектер тобында «Мен елімнің азаматымын» тақырыбына қосымша «7 мамыр — батырлыр күні» мерекесіне арналған «Ел қорғауға әзірміз» атты көңілді жарыс өткізілді. Осындай сайыстар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұландарымызды Отанды қадірлеп қорғай білуге баулытамыз. Балалар осы жарыста өздерінің шапшаңдылығымен, батылдығымен өз Отанының жас ұландары екенін көрсетіп, дәлелдеді. Жарыстар жас жеткіншіктердің бойында адамгершілік қасиетін оятып, патриот болуға тәрбиелейді.

 

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

 

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

 

«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.



Информация о работе Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы